Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 15:39, курсовая работа

Описание

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің табыстары мен шығындары арқылы болып отырады. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады. Бюджеттік шығындар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөлінсе, бюджеттік түсімдер осы бөлінетін орталықтандырылған ресуртардың құрылуын қамтамасыз етеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2 Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы
1.3 Шет елдердегі бюджет жүйесінің ерекшелігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі
2.2 Бюджет түсімдері мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау
2.3 Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға әсерін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік бюджет жүйесі.docx

— 174.73 Кб (Скачать документ)

     Шығыстарды  қамтамасыз ету үшін сәйкесінше табыстар болу керек. Ресейдің бюджеттік табыстары, негізінен салықтық, салықтық емес және қайтарымсыз аударымдардан  тұрады (кесте 2 ).

     Ресей Федерациясының бюджеттік түсімдердің  басым бөлігін салықтық түсімдер алады (80 проценттен жоғары). Оның ішінде:

     - пайдаға салық                 104 870        14,7 %

     - жеке табыс салығы         75 235          10,6 %

     - қосымша құн салығы      182 812         25,7 %

     - Акциздер             64 407          9,0 %

     - мүлік салығы                  47 773           6,7 %

     Қосымша құн салығы және акциздер 35%-ке жуық. Егер оларға импорттық және экспорттық баждарды қоса, олардың үлксі 40 процентке  дейін өседі. Өндіріспен байланысты салықтар мөлшері онша жоғары емес және бүкіл түсімдердің 15 процентке  жуығын алады. Оларға кәсіпорынның мүлік  салығын қосқанның өзінде жиынтық  түсім 22 процентті құрайды.

     Салықтық  емес түсімдер бюджеттік түсімдердің 10 процентінен аспайды. Олардың ішінде неғұрлым маңызды арнайы бюджеттік  қорлардан түсім (6%) және мемлекеттік  мүлікті сатудан түскен табыс (3%) болып табылады. Ал ішкі экономикалық қызметтен түскен табыс небәрі 1,5 процентті құрайды.

     Швеция  үкіметі басында экономикалық болжамға және қаржылық саясатқа сәйкес келесі үш жылға бюджеттік ресурстардың жалпы көлемін белгілейді, кейін  оларды бағыттар арасында бөледі. Бұл  кезде бағыттар бойынша сомма  жалпы бюджет соммасынан кем болды. Бұл айырмашылық болжамдық қателіктердің  ауытқу шегін көрсетеді, егер бірінші  жылы бұл ауытқулар 1,5% шамасында  болса, екінші - 2%, үшінші - 2,5% болды.

     Швециядағы  мемлекеттік басқару жүйесінің  маңызды ерекшелігі заңда бекітілген функционалдық агенттіктердің автономдығы. Министрліктердің өздері негізінен  өзінің саласындағы саясатты қалыптастырумен  айналысады, кішігірім штаты мен  бюджеті бар. Барлық мемлекеттік  қызметтермен бюджеттің негізгі  бөлігін шығындайтын 300 жуық агенттік (мемлекеттік қызметкерлерінің 99% шұғылданатын) айналысады. Агенттік кадрлық саясат пен ішкі ұйымдастырушылық жөніндегі шешімдерді жеке қабылдайды.

     Мемлекеттік функцияларды толық қаржыландыру үшін бюджет арқылы бөлінетін   ЖІӨ көлемін кем дегенде ЖІӨ-нің (кесте 1) 35 %-і деңгейіне дейін ұлғайту қажет. Салыстыру үшін, мемлекеттік зейнетақы қоры  мен әлеуметтік қор шығыстарын есепке алмағанда, мемлекеттік шығыс Еуропа елдерінде орта есеппен ЖІӨ-нің 47 %-ін (1970 ж. - 35 %), АҚШ-та - 34 %-ін, Жапонияда - 35 %-ін құрайды. [23, 24б] 

Кесте 1 – Шет мемлекеттердегі ЖІӨ - дегі мемлекеттік бюджеттің үлесі, % 

Ел ЖІӨ-дегі мемлекеттік  бюджеттің үлесі, %
Финляндия 56
Швеция 63
Ресей 32
Қазақстан 31,8
Қытай 17

 

     ЖІӨ-дегі салық түсімдерінің үлесі, мәселен, АҚШ-та –      ЖІӨ-нің шамамен 31,7 %-і, Ұлыбританияда – 34,1 %-і, Австрияда – 42,8%-і, Бельгияда – 46,6 %-і, Германияда – 39,9 %-і, Италияда – 41,7%-і, Түркияда  - 22,2%-і, Португалияда - 33%-і және Жапонияда – 27,8%-і. Қазақстанда республикалық бюджетке салық түсімдерінің үлесі 2005 жылы ғана 30,3% болды. Сонымен қатар бұл көрсеткіштерді көңіл жұбатарлық деп есептеуге болмайды, себебі ол тұтас алғанда ғана кейбір дамыған елдердің цифрларына біраз жақындайды, жекелеген баптары, әсіресе әлеуметтік салаға бөлінетін шығыстар халықаралық стандарттардан едәуір қалып қойған.

     - Президент алға қойған әлемдегі  бәсекеге неғұрлым қабілетті  50 елдің қатарына кіру туралы  мақсатқа жету үшін  ең алдымен әлеуметтік саланы дамытуға көңіл аудару керек.

     Денсаулық сақтауға арналған шығыстар туралы. Ел дамуының әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейі халықтың денсаулық жағдайына байланысты. Халықтың әл-ауқатының орнықты және тұрақты дамуы үшін денсаулық сақтау елдегі негізгі және басым салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің денсаулық сақтауға арналған шығыстары жылдан жылға ЖІӨ-нің 1,9-2,4%-інен аспады, ал 2007 жылға арналған бюджет жобасында 4,7% мөлшерінде көзделген, бұл да жеткіліксіз, әрі Еуропалық стандарттардан (кемінде 6%) және дамыған елдер мен Шығыс Еуропаның және ТМД-ның бірқатар елдері шығыстарының нақты деңгейінен айтарлықтай төмен. Атап айтқанда, дамыған елдерде – Германияда, Жапонияда, Норвегия мен Швецияда – денсаулық сақтауға арналған шығыстар 1,5-2 есе жоғары, ЖІӨ-нің 6,2-ден 10,7%-іне дейін, ал Англияда – 7,6%, Францияда – 9,5%, АҚШ-та – 13,9%. Шығыс Европаның Чехия және Венгрия сияқты елдерінде ол 1,2-1,5 есе жоғары, тиісінше 6,7 және 5,1%. ТМД-ның бірқатар елдерінде де денсаулық сақтауға арналған шығыстардың нақты деңгейі Қазақстанға қарағанда анағұрлым жоғары екені байқалады: Беларусьта ол - 4,8%, Ресейде – 3,7%, Украинада – 2,9%.

     Халықаралық стандарттар бойынша білім беруге арналған мемлекеттік шығыстар ЖІӨ-нің 8%-ін, Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та ЖІӨ-нің  4 %-ін құрайды. Бұл ретте, 2-кестеде келтірілген деректер көрсетіп отырғанындай, осы шығыстардың үлесі барлық елдерде дерлік  өсіп келе жатқандығы байқалады.[7, 8б]

     Дамыған елдерде  негізгі қаржыландыру  мемлекеттің үлесіне тиеді (70-100 % ). Соңғы жылдары Ұлыбритания мен Францияда білім беруге арналған шығыстар екі есе өссе, Испанияда 10 есе өсті. Қазіргі уақытта АҚШ пен Франция  білім беруді  мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемі  бойынша бірінші орында тұр. 

Кесте 2 – Ірі дамыған елдерде білім  беруге арналған шығындар ЖІӨ-нің %-і. 

     Елдер
Жылдар: АҚШ Жапония Германия Франция Англия
     1990      7,20      3,18      3,46      5,43      4,92
     1995      7,30      4,76      4,77      6,06      5,33
     2000      7,10      5,53      3,35      6,24      5,12

 

     Дүниежүзілік  Банктің  деректері бойынша, өнеркәсібі дамыған  елдерде міндетті мектеп білімін беруге арналған шығыстар  қазіргі уақытта  басым болып табылады, оның білім беруге арналған  жалпы шығыстар құрылымындағы үлесі: АҚШ-та – 67 %, Германияда – 70 %,  Францияда – 73 %,  Ұлыбританияда – 74 %, Жапонияда – 89 % болады. Аталған елдерде жоғары білім беруге арналған шығыстардың үлесі 8%-тен (Жапонияда) 27 % (АҚШ-та) және 34% (Канадада) аралығанда болса,  мектепке дейінгі білім беруде 0,3 %-тен (Канада) 11 %-ке (Франция) дейінгі аралықта, Канадада мұндай шығыстар жеке қаржы көздерінен қаржыландырылады.

     Білім беру саласы өте жоғары дамыған осы  елдермен салыстырғанда  Қазақстанда білім беруге арналған шығыстардың деңгейі  қазіргі уақытта өте төмен күйінде қалып отыр. Дамыған елдер қатарына жету үшін  ЖІӨ сомасының 4-%-тен 6%-ке дейінін барлық деңгейдегі жалпы білім беруге жұмсау қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ 
    2.1 Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі

 
 

      Бюджет  жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен  реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы  мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының бюджеттерді  жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі  құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар оз алды бюджеттік құқықты  көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  жөнінде» атты заңмен анықталады.

      Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша  анықтама берілген, кірістер мен шығындардың  атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде  есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары  қарастырылған. Мұнда тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздері  мен пайдалану және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік  кодексте анықталған. [25, 36б]

      Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік  органдар құрылымына ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақалау жөніндегі Есеп комитеті, ҚР Үкметі, бюджет жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.

      Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық  бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі  Ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі  бағыттарын анықтау болып табылады.

      Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы – Парламент бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық  бюджетті және оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту. Үкмет пен  Есеп комитетінің республикалық  бюджетті атқару жөніндегі есептерін  қарастыру мен бекіту және басқа  да қажетті уәкілдіктерді атқарады.

      Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі  Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайымдау мен оны іске асыру, мемлекеттік  қаржы бақылау стандарттарын  жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына  мониторинг жүргізу және заңнамалы-нормативтіліктерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді. [23,27б]

      Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкметінің бюджеттік  қатынастар аумағындағы құзіретіне келесі қызметтер кіреді:

  • Әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;
  • Бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау және бекіту;
  • Республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті ҚР Парламентіне ұсыну;
  • ҚР Ұлттық банкімен бірге ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.

     Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі орталық  өкілетті органдар және облыс, республикалық  маңызы бар қалалар, астана мен аудандардың  құқықтары бекітілген.

     «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару жөніндегі» атты Заңжергілікті  мемлекетті басқару аумағындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыруы мен іс-әрекет тәртібін анықтайды. Осы  заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік  басқару – ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік  саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

     Жергілікті  өкілдік орган – ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру  мен баұылау үшін заңнамалар негізінде  шаралар анықтап, қолданатын сайламалы  – Мәслихат. Мәслихат уәкілдігіне  тиісті аумақтардың жоспарлы, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша  сыртқы бақылау жүргізу мен сол  жоніндегі есеп беруді қарастыру  жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын  сайлайды.[23, 28б]

     Жергілікті  атқарушы органдар – әкімгершіліктер  заңнамаға сәйкес тиісті аумақтар бойынша  жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бюджетті жасап, мәслихаттарға бекітуге ұсынады  және олардың атқарылуын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін  келесілер құрады:

  • Жергілікті бюджет;
  • Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;
  • Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік.

     «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару  жөнінде» атты ҚР заңында бюджеттің  кірістері мен шығыстарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелер анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті-құқықтық мәртебесі  негізі – ол осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкілдікті құрайтын дерьестік  бюджет жөніндегі құқық. Биліктің әрбір  деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері  бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады. 
 

Информация о работе Бюджет жүйесі