Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 10:54, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Басталды.doc

— 685.00 Кб (Скачать документ)

Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады.

Несие беруге байланысты тәуекелді тәуекелді сақтандырудың 3 түрі қолданылады:

-         қарыз алышының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;

-         қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;

-         қарыз алушының өмірін сақтандыру.

Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кеілдік беріледі.

Берілген несиеге қарыз алушы кепілдікке қойған мүлікті сақтандыру объектісіне құрал-жабдықтар, станоктар, көлік құралдары, шикізат және материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі ретінде әдетте әртүрлі апат салдарынан (өрт, топан, су, найзағай) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, басқа да жағдайлар, үшінші біреудің қылмыстық әрекеті алынады[10].

Банктің сақтандыру өтесін алу құқығы біріншіден есие толық немесе ішінара қайтарылмағанда, екіншіден сақтандыру шарты күшінде тұрғанда кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде сақтандыру оқиғасы бола тұра несиені өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге емес, мүлік иесіне төленеді.

Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығын жоғалтып, несиені қайтару мен пайызды төлеу міндеттемесін орындау мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін жағдайда жүргізіледі. Сақтандыру шарты несиені толық қайтарып беру мерзімі аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы туындаса, сақтандыру команиясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.

Қарыз алушының өмірін сақтандыруда несие шарты бойынша міндеттемені орындау сақтандыру компаниясының жауапкершілігіне өтеді, егер қарыз алушы қатыс болса сақтандыру команиясы қарыз өтеуді өз мойнына алады. Мұндай сақтандыруды өмірді сақтандыру деп те атауға болады.

Қарызды синдинцерлеу қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды әдістеріне жатады.

Синдинцирленген несиелерді беру бұл несиелік тәуекелдің бірнеше банктер арасында бөлінуін білдіреді.

Синдинцирлеуге негізгі және айналыс құралдарын сатып алуға арналған несиелер, жобалық қаржыландыру, лизингтік мәмілелер, несиелік желілер, аккредитив және т.б жатады.

Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері:

-         несиелерді әртараптандыру;

-         несие алушының несиелік қабілеті мен төлем қабілеттілігін талдау;

-         берілген несиенің немесе несиелік портфельді классификациялау және қажетті мөлшерде ровизия құру;

-         концепционалды және параллельді несиелеу.

Концепционалды неселеу дегеніміз – бірнеше банктің ресурстары бірігіп, арасынан алдыңғы қатарлы банк менеджерлерін таңдау болып табылады. Ол банк несие алушының несиелік қабілеттілігін анықтау, несиелеу, несиені пайдалану процентімен оны қайтаруды бақылау және түскен пайданы банк қатысушылар арасындабөлу сияқты қызметін атқарады.

Параллельді несиелеу дегеніміз – әртүрлі банктің шартты бір объектіні несиелеу болып табылады.

-         мониторинг;

-         несиелік тәуекелдің табыстылыққа әсерін бағалау;

-         шығынсыздық  нүктесін есептеу;

-         келесі коэффициенттерді есептеу.

Несиелік тәуекелді төмендету әдісі мынандай:

1.Тәуекелдерді бөлу - яғни тәуекелдерді инвестициялық жобаның қатысушылары арасында, несие беруші мен несие алушы арасында бөлу.

2.Тәуекелден қашу - нақты бір қаржылық тәуекелдерді жоққа шығаратын іс шараларды құру болып табылады. Тәуекел деңгейі өте жоғары операцияларды жүзеге асырудан бас тарту, жоғары өтімділіктен бас тарту және тағы басқа.

3.Тәукелді шектеу - кейбір операцияларды жүргізу бойынша белгілі бір шектеулерді қоюды білдіреді.

4.Тәуекелді әртараптандару – қаражаттарды немесе бірнеше қаржылық құралдарда шоғырландыруды білдіреді. Әртараптандыру 3 бағытта жүргізіледі:

1. қарыз қаражаттарын әртараптандыру

2. ссудалық портфельді әртараптандыру

3. қолдағы құралдарды әртараптандыру

5. Тәуекелді сақтандыру – жауапкершілікті 3 тұлғаға аудару, яғни сақтандыру компаниялары сақтандыру жағдайы туған жағдайда сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен банктің мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.

6. Тәуекелді хеджерлеу – валюталық операциялар кезінде шығындардың орнын толтыратын валюталық позиция ашу. Валюталық позиция – талаптар мен міндеттемелер арақатынасымен анықталады. Егер банктің талаптары міндеттемелерге тең болса, жабық валюталық озиция болып табылады. Ао егер тең емес болса, ашық валюталық позиция болып табылады. Егер талаптар міндеттемелерден көп болса, онда ұзақ ашық валюталық позиция болып есептеледі және керісінше болса онда қысқа ашық валюталық озиция болып табылады.

7. Мониторинг. Ақша қаражаттарын клиентке бергеннен бастап, оларды толығымен қайтарғанынша банк активтерін бақылау болып табылады.

8. Қосымша ақпарат алу. Яғни ақпаратты іздеу мен талдаумен және зерттеумен айналысатын бөлімшенің болуы.

9. Сапаны басқару. Тәуекелді басқарудың қазіргі уақытта ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдерді алдын алу болып табылады.  

 

 

2.3. Кепілдік және кепіл болушылық

Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көздел-ген жағдайларда қоспағанда, басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінін орында-луына толық немесе борышқормен ортақтасыпішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдын-да ортақтасыпжауапбереді. Кепілдік шарты болашакта туын-дайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.

Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша борышкор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған кұкықтык катынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге катысты кепіл беруш әрқашан үшінші жақ болады (АК-тін 270-бабы). Кешлді міндеттемесі непзп міндеттемеден туындаи тұрса да непзп борышқор оған тікелей араласа алмайды және кепілдік бой-ынша құқыктық катынасқа қатыспайды. Кепіл беруші мен бо-рышқор арасындағы қатынас кепілдік бойынша күкыктық қатынастан және негізгі міндеттемеден тыс болады әрі оның соңғысы үшін ешқандай маңызға ие емес.

Субъектілік құрамы жағынан да салалық өзгешелігі бар: кепілдік беруші (кез келген тұлға); принципал (кандай бір міндеттемедегі тұлға, несие беруші, жалға беру, мердігерлік жәнет.б.) борышқор ретінде көрінеді; бенефициар (кепілдікпен міндеттемені қамтамасыз ету бойынша принципалдың несие берушісі болады).

Кепілдік шарттары жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысанды_сақтамау кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Егер кепілдік беруші немесе кепіл болушы борышқордың міндеттемені орындауын өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрде хабарласа, ал несие беруші кепілдік берушінің ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болатын қажетті уакыт ішінде бас тартпаса, кепіл шартының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі (АК-тің 331-бабы-ның 3-тармағы).

Кепіл беруші несие берушінің талаптарын қанағаттандыр-ғанға дейін бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепіл берушінің үстінен талап арызы түссе, борышқорды іске катыс-тыруға міндетті. Олай болмаған жағдайда борышқор өзі несие берушіге коймақшы болған барлық қарсылықтарын кепіл бо-лушының қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.

Азаматтық кодекстің 333-бабының 2-тармағына сәйкес кепіддік берушіге несие берушінің талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюына болады, тіпті, борышқор одан бас тартса да немесе кепілдік шартынан басқаша туында-са да, аталған қүқықты жүзеге асыра алады.

Кепілдік беруші несие беруші аддында негізгі міндеттеменің тиісінше орындалмауына немесе міндеттемені борышқордың орындамауынан несие берушіге келген залалға борышкордың Жауапкершілігі тұрғысынан жауап береді. Сонымен бір мез-гілдекепілдіктің шартының талаптарына сәйкес кепіл беруші-нің жауапкершілігі белгілі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін. Сондықтан да кепіл берушініңжауапкершілігі көп жағ-Дайда кепілдік туралы шарттың талаптарына тәуелді болады. Кепілдік шартының тоқтатылуы кепіл болушының кұкығы тоқтатылатындай тәртіпте жүзеге асады (АК-тің 336-бабы).

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышкордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді (АК-тің 330-бабы).

Кепіл болушылық арқылы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдын-да кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады.

Кепіл болушылықарқылы ақшалайміндеттемеқамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туын-дайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады (АК-тің 332-бабы). Бірақ кепіл болушы, егер кепіл болу шарттарында, заңда езгеше көзделмесе, міндеттеме мәні мен әдеттегі іскерлік ерісіне кайшы келмесе, кепіл болу-шылықтағы ақшалай соманы телеуге немесе борышқордын міндеттемесін өз қалпында орындауға құқылы (АК-тің 285-354-баптары).

Кепіл болушылық кезінде борышқордьщ несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болу-шылық қатынастарына үш субъект қатысады. Біріншіден, бо-рышқор өзінің негізгі міндеттемесі бойынша кепіл болушы-мен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні женінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында шарт жасалады. Бұл қатынастардың өзіндік ерекшеліктері сол, несие беруші алдында негізгі міндеттеме бойынша борышқор мен қосымша міндеттеменің кепіл болушысы жауапты болады. Мұндай қаты-настар құрылымы несие берушінін әз міндетін атқаруына үлкен сенімділік туғызады. Бұл орайда кепіл болушылыкты қамта-масыз ету міндеті керініс береді. Кепіл болушылық — міндет-темені қамтамасыз ету әдісінің дербес түрі. Оның белгілері: кепіл болушының міндеттемесі негізгі борышқордын міндетте-месіне толық немесе ішінара қосалқы түрде болады; кепіл бо-лушы несие беруші алдында борышқордың жетпейтін ақшасы көлемінде жауапкершілікті мойнына алады, бірақ ол кепіл бо-лушылық шартында керсетілген деңгейден аспауы керек; не-сие беруші кепіл болушыға талаптар қоймастан бұрын борыш-қордың бұл талаптарды ақылға сыйымды орындау шараларын ойластырып алады; сонымен қатар оны қарсы талаптар мен борышқордың мүлкінен өндіріп алудың белгіленген шартына орай жүзеге асырады.

Кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуы тиіс, егер бұл талап орындалмаса, онда шарт жарамсыз деп есептеледі.

Кепіл болушы мүлікке ие болуға тәуекел ете алатын және мүліктік жауапкершілікті котеретін тұлға болуы керек.

Кепіл болушы несие берушінің қойған талаптарын қанағат-таңдыруға міндетті. Кепіл болушы несие берушінің талабына Қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтар беруге құқылы. Ол ондайқұқығын борышқор қарызды мойындамаған жағдайда да жоғалтпайды.

Кепіл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың не-сие беруші алдындағы міндеттемесін өзі орындаған бөлігінде ие болады (АК-тің 334-бабының 4-тармағы).

Егер міндеттемені борышқордың озі орындаса, онда ол де-реу кепіл болушыға бұл жөнінде хабарлауы керек. Әйтпесе кепіл болушы міндеттемені орындағаны үшін несие берушіден негізсіз алынғанды өндіріп алуға немесе борышкорға карсы талап қоюға құкылы. Соңғы жағдайда борышкор несие берушіден тек негізсіз алынғанды ғана өндіріп алуға құкылы.

Кепіл болушылық:

- өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің (негізгі міндетте-менің) тоқтатылуымен;

- кепіл болушының жауапкершілігін арттыруға немесе өзге де қолайсыз зардаптарға әкеліп соқтыратын осы міндеттеме кепіл болушының келісімінсіз әзгерген жағдайда;

       -кепіл болушылық мерзімінің бітуімен байланысты тоқ-татылады.

Егер мұндай мерзім белгіленбесе, егер несие беруш і кепіл болушылықпен камтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепіл болу-шыға заңды талап коймаса, ол тоқтатылады.

Негізгі міндеттемені орындау мерзімі көрсетілген немесе белгілеуге болмайтын, не талап етуімен белгіленген кезде, не-сие беруші кепіл болушыға кепіл болушылыкшарты жасалған күннен бастап екі жылдың ішіңде занды талап қоймаса, ол тоқ-татылады[3].

Кепілдік -  бұл тек заңды тұлғалардың арасындағы міндеттемені қамтамасыз ету үшін қолданылатын кепілгерлік шарттың айырықша түрі. Онда кепіл субсидиярлық сипатта болады. Банктерді қоса алғанда борышқордан жоғары тұрған ұйымдар (министрлік, ведомость, ассоциация, бірлестік), жалға берушілер құрылтайшылар және өзге де кез келген ұйым ссуда бойынша кепіл бола алады. Бұл жағдайдағы жалғыз шарт – кеілдің қаржылық жағдайы тұрақты болуы керек. Кепілдік несие беруші банк мекемесіне ұсынылатын кепілдік хатпен рәсімделеді. Хатта кепіл мен ссулданы алушы ұйымның атаулары, оларға қызмет көрсететін банк мекемесінің атауы, ссуданың түрі мен оны өтеудің мерзімі, кепілдіктің сомасы мен оның шекті мерзімі көрсетіледі. Ссуданы алуышының есеп айырысу шотында несиені өтейтін қаражат болмаған жағдайда банк кепілге ссуданы өтеу жөнінде талап қояды.

Информация о работе Банктік ссудалардың қайтарылыуын қамтамасыз ету