Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 21:23, лекция

Описание

Кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды.

Работа состоит из  1 файл

Конспект 4.docx

— 20.10 Кб (Скачать документ)
 

Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары

      Кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

  • несиелеу мақсаты және объектісі;
  • несиенің мөлшері;  
  • ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
  • несиені қамтамасыз ету формасы;
  • несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
  • несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
  • несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі;   

   Несиелік клісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды. Несиелік  қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

   Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Клиент мүліктерінің кепілі:
  • Тауарлы–материалдық құндылықтар кепілі:
  • шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
  • тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
  • валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
  • басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
  • Бағалы да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
  • Сол банктегі депозиттер кепілі;
  • Жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека)
  • Мүліктік құқықтар кепілі.
  • Жалгерлік құқық кепілі;
  • Авторлық құқық кепілі;
  • Жерге құқық кепілі.
 
  • Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
  • Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
  • Келісім-шарт заты;
  • Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
  • Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
  • Талап ету құқықтары;
  • Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
  • Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
  • Тараптардың жауапкершіліктері;
  • Ерекше шарттар;
  • Дауларды шешу;
  • Басқа шарттар;
  • Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері. 

   Кредиторлардың  талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттың рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан «Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы» заңы негізгі құжат болып табылады.

   Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы.

   Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғада, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін «ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.

   Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылғанжағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

   Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

   Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.  Ипотекалық несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді.

   Егер де келісім–шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да құқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, қондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да қол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұрақты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының құқығы ипотекалық куәлік берілумен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады.

   Ипотекалық  куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бұл ипотекалық құқықтың басқа тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқықта берілгентұлғаның толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық тұрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәліктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса, онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол қояды, ал егер де ол бірінші болмаса, онда осының алдындағы жазып берген тұлға қол қояды. Егер де беру жазбасы арқылы құқығын жүзеге асыратын болса, онда онымен бірге, сол берілген тұлғаға негізгі міндеттемесі де, ипотекалық куәлігі бойынша құқығы да өтеді.

   Тұтыну  несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

   Ипотекалық  несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

   Ломбардтық  несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

Информация о работе Банктік несиенің қайтарылуын қамсыздандырудың формалары