Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:48, статья

Описание

Қазақстандағы зейнетақы қорының аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақықорының динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры- зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Работа состоит из  1 файл

Айман мақала универге.docx

— 23.05 Кб (Скачать документ)

ҚР  жинақтаушы зейнетақы  қорлары: мәселелері, жағдайы және оның шешу жолдары 

Абильдаева  А.Е. –  2 курс магистранты

«Қаржы» мамандығы ХБУ

Ғылыми-жетекшісі  –  э. ғ. к., доцент Тусаева А.Қ.

                Қазақстандағы зейнетақы қорының аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақықорының динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

               Жинақтаушы зейнетақы қоры- зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

               Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады

               Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi : зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

                Ал  жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және  уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

               2011 жылғы 1 қаңтарда 13 жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан əрі – қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. 2010 жылғы желтоқсан айында заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия берілген жоқ. 15 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар, оның ішінде 12 қор зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен бірге, 6 екінші деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетті: «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкі, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

               Жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы жағдайына келетін болсақ, міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 252,6 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 7 989 782 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2010 жылы 257 654 (3,3%) ұлғайды, жинақталған зейнетақы қаражаты да 397,4 млрд. теңге (21,4%) ұлғайды.2011 жылғы 1 қаңтарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны бұрынғыша 4 қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 25,7%, «МЖЗҚ» – 22,4%, «Ұлар Үміт» – 13,9% жəне «БТА Қазақстан» – 9,7% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,7%-ы келеді.

      Ерікті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгемен 39 534 болды. Ерікті зейнетақы  жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2010 жылы 2 148 бірлікке (5,2%) азайды.Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 102,2 млн. теңгемен 4 045 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылы 31 бірлікке (0,8%) азайды.

      Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы  қаражаты 2010 жылы 397,7 млрд. теңге (21,4%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 қаңтарда 2 258,2 млрд. теңге  болды. Жинақталған зейнетақы қаражатының  айлық орта өсімі 2010 жылы 33,1 млрд. теңгені  құрады. Зейнетақы жарналарының жалпы  түсуі 2010 жылы 332,9 млрд. теңгеге (22,4%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 қаңтарда 1 821,7 млрд. теңге  болды.

      Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына  бөлінген «таза» инвестициялық кіріс  сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 571,4 млрд. теңге болды. 2010 жылы «таза» инвестициялық  кіріс 89,7 млрд. теңгеге (18,6%) ұлғайды.2011 жылғы 1 қаңтарда жинақталған зейнетақы  қаражатының ең көп сомасы 4 қорда  жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 712,2 млрд. теңге (31,5%), «МЖЗҚ» – 375,6 млрд. теңге (16,6%), «Ұлар Үміт» – 317,5 млрд. теңге (14,1%) жəне «БТА Қазақстан» – 177,7 млрд. теңге (7,9%), бұл 4 қордың үлесіне  барлық қорлардағы жинақталған зейнетақы  қаражаты көлемінің немесе жиынтығының 71,7%-ы келді.

      Міндетті  зейнетақы жарналарын уақтылы аудармау, жинақталған зейнетақы қаражатын  аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау жəне зейнетақы активтерін тиісінше басқармау үшін өсімпұл  сомасы 2010 жылы 2,0 млрд. теңгеге (17,9%) өсіп, 2011 жылғы 1 қаңтарда 13,2 млрд. теңге болды.

      Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 186,9 млрд. теңге болды  немесе 2010 жылы 54,7 млрд. теңгеге (41,4%) өсті.

      2010 жылдың басынан бастап зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасау жалпы сомасы 11,9 млрд. теңгеге  6 308 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасаудың жалпы сомасы 2011 жылғы  1 қаңтарда 15,7 млрд. теңгені құрады.

              Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару 2010 жылы 397,4 млрд. теңгеге (55,9%) ұлғайып, 1 107,7 млрд. теңгені құрады.

              2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа алынған коэффициенті:

 – 2005 жылғы желтоқсан айынан – 2010 жылғы желтоқсан айы кезеңінде – 43,55% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 61,44%). Номиналды кірістің орташа алынған түзетілген коэффициенті – 41,48%.

– 2007 жылғы  желтоқсан айынан – 2010 жылғы желтоқсан  айы кезеңінде – 16,05% (ұқсас кезеңдегі  инфляцияның жинақталған деңгейі  – 25,36%);

 – 2009 жылғы желтоқсан айынан – 2010 жылғы желтоқсан айы кезеңінде – 4,39% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның деңгейі – 7,80%) құрады.

Жинақтаушы  зейнетақы қорларының номиналды  кірісі коэффициентінің өзгеруі 2011 жылғы 1 қаңтарда 2010 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда мынандай сипатта болды:

- 60 ай  ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 3,97 пайыздық тармаққа азайды;

- 36 ай  ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 5,49 пайыздық тармаққа көбейді; 

- 12 ай  ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 7,56 пайыздық тармаққа көбейді; 

       Қорлардың жиынтық капиталы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 84,2 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 44,2 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 52,5%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 88,2 млрд. теңге болды. 2010 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында 5 қор («Ұлар  Үміт», «АМАНАТ Қазақстан», «БТА Қазақстан», «Қазақмыс» жəне «Республика») жалпы  сомасы 3,3 млрд. теңге шығынға ұшырады, бұл ретте 8 қор жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге пайда алды. Қорлардың  таза кірісінің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 қаңтарда 8,2 млрд. теңге болды.

       Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы  инвестициялары 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 69,4 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 78,7%-ы болды.Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 63,1%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 14,3%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 19,3%, шетелэмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – инвестициялардың жалпы көлемінің 3,3%-ын орналастырды.

                Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, 2011 жылы  зейнетақы  активтерін инвестициялық       басқаруды   жүзеге  асырушы  ұйымдардың саны 7,  ЖЗҚ саны  14 жеткен.  Олармен 10 банк кастодианттар жұмыс істейді ЖЗҚ–лар ЗАИБЖҰ өкілдіктері мен филиалдарының саны 151-ті  құрады.  Барлық ЖЗҚ бойынша есептелген инвестициялық табыс 271 465 765 мың тенге, ал  инвестициялық табыстан  түсетін сыйақы 36284049 мың тенге және зейнетақы активтерінен  түсетін сыйақы 8 577160 мың тенгені құрайды. 2011 ж мәліметтер көрсеткендей ЖЗҚ-ның жалпы зейнетақы жинақтарының  мөлшері 862678747 мың тенге болғандығын көрсетсе, ал  салымшылардың саны: міндетті 8 483608 адам, ерікті зейнетақы төлемдері 33048 адам  және  ерікті  кәсіби зейнетақы жарналары 3737 адам.  ЖЗҚ-ның ішінде ең  алда келе  жатқан  " Қазақстанның халық банкі"  ЖЗҚ АҚ .

              Қорыта келе, дамыған  елдерде  инвестициялық  табыстылыққа  кепілдік  беретін  түрлі  толқулар   пайдаланылатындығын айтқымыз келеді.  Оларға  инвестициялық  портфелдің  құрылымын  оптимизациялайтын   активтер   диверсификациясын,  инвестициялық  процестің    қатысушыларының  кәсібі  жауапкершіліктерін  міндетті сақтандыру   басқарушы  компаниялардың   қызметтерін  заңдастыру,   инвестициялық    процестің  барлық  деңгейінде   толық  шынайылықты  сақтандыру,  олардың  құқықтарын  қорғайтын   ақпараттық  технологияларды  жатқызуға  болады.Осыған  байланысты   басқару  ұйымдарын құра отырып   және  заңмен  қарастырылған  барлық   бағыттар бойынша   нормативтік  құжаттар пакетін   қабылдау және   мемлекет  деңгейінде  зейнетақы  құралдарын  инвестициялау   механизімін өңдеу  аса маңызды болып табылады. 
 

                         Пайдаланылған Әдебиеттер: 

     
  1. http://www.minfin.kz/index.php?uin=1120292383&lang=rus
  2. http://ru.wikipedia.org/wiki/ Жинақтаушы зейнетақы қор
  3. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық іс– әрекеттерінің қазіргі жағдайына талдау.//Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Хабаршысы» 2006.-№ 4.-0,85 б.п.
  4. Жинақтаушы зейнетақы  қорының инвестициялық саясатының қалыптасу  тетіктері.// Ізденіс, 2006.- № 4(2)-0,85 б.п.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  РЕЦЕНЗИЯ 

     Халықаралық Бизнес Университетінің «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті  Абильдаева А.Е 

     «ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары: мәселелері, жағдайы және оның шешу жолдары» 

     тақырыбы  бойынша мақаласын баспаға шығарылуын рұқсат етемін. 
 
 
 

     Ғылыми-жетекшісі –э.ғ.к., доцент Тусаева А.Қ._____________________ 
 
 
 
 
 


Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі жағдайы