Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру 32
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Работа состоит из  1 файл

ҚРЕкіншіДенгейліБанктер.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

    - Акциялар;

    - Облигациялар;

    - Депозиттік және жинақ сертификаттары;

    - Ипотекалық куәліктер;

    - Депозитарлық қолхаттар.

     Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық  операциялардың негізгі бөлігі акция  мен облигация негізінде дамып  отырғаны белгілі.

     Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

     Лизингтiң  несиеден айырмашылығы келiсiмшартта  көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.

     Лизингтiк  мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.

     Шұғыл лизингбұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.

     Қаржы лизингуақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесе өзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.

     Лизингтiң  артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.

     Лизингтiң  қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:

     - Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;

     - Лизинг 100 %-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;

     - Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;

     - Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.

     Лизинг  операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:

     - Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;

     - Ұйымдастырудың күрделiлiгi;

     - Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.

     Лизинг  операцияларының техникасы келесi 1 суретте көрсетiлген.

       2

     

          1 3

 4 
 
 
 
 

     Мұндағы, 1 – құрал-жабыққа тапсырыс беру; 2 – құрал жабдық үшiн төлем; 3 –  құрал-жабдықты жеткiзу; 4 – лизингтiк  төлем.

     Сурет-1 – Лизинг операциясының техникасы 

     Коммерциялық  банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезiне таман АҚШ-та пайда болып, кейiннен өнеркәсiбi жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды.

     Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты – кез келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.

     «Фактор» сөзi ағылшын тiлiнен «factor», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция.Факторингжабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

     Келiсiмшартқа  сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге  мiндеттеме алады. Дәл осы жерде  факторинг пен банктiк кепiлдеменiң  арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.

     Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

     1)Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) - өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

     2)Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) – факторинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.

     3)Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

     Фактоинг  мәмiлесiн ұйымдастыру 2-суретте көрсетiлген . 

    Өнiмдi төлеу                                                              Құжаттарды төлеу 

 

      Төлем  құжаттарын Төлем  қабiлетiн

                           сатып алу талдау  

      Жабдықтаушы           Тауарды жабдықтау                     Сатып алуш   

     Сурет-2–  Факторинг ұйымдастыру сызбасы 

     Шектеулi факторинг бiрнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулi факторинг клиент-жабдықтаушы үшiн жөнелткен тауары үшiн берiлетiн несиенi сипаттаса, ал клиент-сатып алушы төлем несиесiн сипаттайды.

     Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiнбұл операцияға салғырттық танытуда.

     Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң  кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген «ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу» ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

     Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.

     Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге  кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу  үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

     - кiрiс кассасы;

     - шығыс кассасы;

     - кiрiс-шығыс кассалары;

     - қайта санау кассасы;

     - кешкi касса;

     - сыртқа шығатын касса.

     Банк  кассасына клиентерден қолма-қол  ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық  және корреспонденттiк шоттар бойынша  есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

     - қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

     - кiрiс кассалық ордер бойынша.

     Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады  және оған қосымша бетте кассаға  өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi. 

     Қолма-қол  ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы  сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке «Кiрiс кассасы» деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.

     Банк  клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк  шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай  құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

     - ақшалай чекпен;

     - шығыс кассалық ордермен.

     Банк  клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде  көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.

     Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүргiзуге мiндеттi:

     1)қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;

     2)құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;

     3)клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

     Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.

     Инкассаторлардан  қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды  тексередi:

     1)келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;

     2)сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;

     3)инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;

     4)қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.

     Инкассалық  сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi.

     Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:

     - банктiк шоттар ашу;

     - ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

     - алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

     - төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;

     - валюталық операцияларға бақылау жасау;

     - шоттың архивiн беру;

     - шоттан қолма-қол ақша беру;

     - ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;

     - банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

     - құндылықтарды жеткiзiп беру.

    Екінші  деңгейлі банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст.

«Траст» ағылшын тiлiнен аударғанда «сенiм» деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.

     Траст операциясыклиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары.

     Траст операциясына қатысушыларға мыналар  жатады:

- Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері