Қазақстан Республикасы банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 06:52, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya_BANK.doc

— 271.00 Кб (Скачать документ)

Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің  лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.

Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк  тiркеумен және банк операцияларын  жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 

Банкiнiң ресми  мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды  немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық  банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін  банктер. Бұл олардың  басқа арнаулы  несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің  банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты  неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің  жарғылық қоры оның  міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің  негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің  құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің  акциясын төлеуге оның  несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің  акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның  көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің  оның  құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының  елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.

Жарғылық қорды  молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша  акцияларды шығару, оның  ішінде банктің  пайдасын капталдандыру және банктің  облигациясын оның  акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің  қызметтерi:

    • уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
    • кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
    • ақша айналымын реттеу;
    • айналымға несие құралын шығару;
    • экономикалық, қаржылық кеңес беру;
    • эмиссиялық қызмет атқару.

Банк өзiнiң  жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде  қызмет жасайтын заңды тұлға болып  табылады. Мемлекеттiк банк осы заң  бойынша қызмет атқарып жоғарғы  кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың  басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың  акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.

Екіншіден акцияның  көрсетілген құнын өсіру жолымен.

Банктің  жоғары асқаушы органы акционерлердің  жалпы жиналысы, оның  ағымдағы қызметін банктің  басқармасы жүргізеді. Банктің  басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің  төрағасы және оның  мүшелері, Басқарманың  төрсағасы және оның  орынбасарлары, банктің  бас бухгалтері және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың  орыбасарлары саналады. Банктің  заңға сәйкес банктің  Басқармасының  төрағасы және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің  келісімімен тағайындалады. әдетте оладың  банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың  орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің  келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс  блып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма  жыл есепті жылдағы банк балансы  жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек,  ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының  талабы бойынша  шақырылады.

Банктің  Ұйымдық  құрылымы әрқайсысы белгілі бір  міндетер мен талаптарды атқаратын  қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің  ұйымдық құрылымы банктік  оерацияларды атқаратын міндеттерін  ескеріп қалыптасады.

 

1.3 Қазақстан  банк жүйесінің ерекшеліктері

 

ТМД елдері және Қазақстанның банк жүйесі өзіндік ерекшелігімен  сипатталады. Көптеген ТМД елдерінде несие - қаражаттық жүйе  ескі, қатаң және монополизацияланған жүйе (Мемлекеттік банкі – мамандандырылған банкілер – бөлімдер)  мен екі деңгейлік жүйе (Ұлттық банкі – коммерциялық банктер).  аралығында орналасқан. Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі құрылып, қазіргі таңда жұмысын атқарып жатыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұрынғы мамандандырылған банктер өзінің тұрақты клиенттеріне (негізінен, мемлекеттік мекемелер және өндірістік кәсіпорындар) және акционерлерге белгілі бір жеңілдіктермен несие береді. Осы жағдай қуаты азырақ коммерциялық банктерге өз салымшыларын сақтап қалу үшін күресте салыстырмалы түрде жеңіл несие беруге мәжбүрлейді.<Халықтың  90% - ға жуық салымы ұлттық сақтандыру банкінің есепшотына келеді, себебі халықоған өте сенеді. Тек осы банкте ғана  салымның сақталуының кепілдігін мемлекет береді және жалғыз осы банк жеке тұлғаларға несие берумен айналысады. Жаңа коммерциялық банктер шағын клиенттермен айналыспайды, әрқашан халықпен  жұмыс істей бермейді. Халықтың салымдары үлесі коммерциялық банктер пассивінде тұрақты түрде 0,5% аспайды. Бірақ, кейінгі кезде  олар да тәуелсіз қаражат іздеу барысында жеке салымшылардың назарын аудару үшін жұыстың жаңа формаларын: жедел салымдар, депозитті және сақтандыру сертификаттары, акциялары, вексельдер, облигацияларды қолдана бастады.

Заңды тұлғалармен  есеп айырысу қызмет көрсету сферасы  аз монополизацияланған. Қазіргі таңда, өз есепшоттарында көп қаражат сақтайтын  немесе өткізетін ірі клиенттер  үшін нағыз бәсекелескен күрес өтіп жатыр.   

Қазақстандың  коммерциялық бактерінің негізгі активті  опреациялары –заңды тұлғаларды несиелеу болып табылады (активтің 35-37%-ы). Банктың  осы іс-әректіне тән мынадай заңдылықты атап кетуге болады. Біріншіден, қысқа  мерзімді несиелердің үлес салмағы өте жоғары (95-96%), осы көрсеткіштің өсу тенденциялары да өзгермеген. Несиелердің орташа мерзімі 3-4 айға созылады, бұл үлкен тәуекелге баруды қажет етеді және кризис пен инфляция уақытында белгілі бір белгісіздік жағдайын тудырады.  Екіншіден, мемлекеттік мекемелерге берілетін несиеге ставка мөлшері экономиканың баламы салаларына берілетін несиеге қарағанда әлдеқайда аз болып келеді, ал сауда жасауға берілетін несие ставкасы  кәсіпорынды кеңейту және дамытуға берілетін несие ставкасынан көбірек. Меншіктің түрлі формаларындағы мекемелерге несие берілгенде қарызды қайтарудың түрлі кепілдігін қолданады: сақтандыру, қайтадан сақтандыру, кепілдік, кепіл, қардарлық. Коммерциялық банктердің жүргізетін басқа операцияларына тәуелсіз конверсияланатын валютаға салымдар (активтердің 40%-ы) және банкаралық неие беру (активтердің 2%-ы) жатады.  Банк операцияларының жаңа түрлері – бағалы қағаздарға және пайларға салымдар (активтердің 0,5-0,6%-ы), сенімдік операциялар, лизинг  әлі кең етек жая қойған жоқ. Шаруашылық кәсіпорындарға және банктерге берілетін несиеден басқа коммерциялық банктердің қаражатының көп бөлігі Ұлттық банктің корреспонденттік, резервтік есепшотында орналасқан (15-16%). Банктің қаражат көздері - кәсіпорындардың ағымдағы есепшоттары, басқа банктердің несиелері, банктің өзіндік қаражаты. Депозиттердің минималды және максималды ставка соммасы 100%, ал коммерциялық банк несиелері 180% құрайды.Пайыздық ставкалардың өсуіне Ұлттық банктің есеп жарнасын өсіруі себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстан банк мекемелері арнайы маманданусыз әмбебап банк ретінде жұмыс атқарады.

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің

   дамуын талдау

 

2.1 Орталық банк  және оның міндеттері мен   қызметтері 

 

Ұлттық банкінің  республикадағы банк жүйесінің  жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің  1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк -  заңды тұлға, дербес балансы  бар, өзіне тікелей бағынатын  төменгі бөлімшелері мен бірге  тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың  кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің  басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес,дәл сол сияқты,егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің  өкілдік және атқарушы органдарының  Ұлттық банк пен оның  құрылымдық бөлімшелерінің  заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ.

Орталық банктiң қызметтерi:

  • ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;
  • орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың  құрамдас элементi;
  • орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
  • орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
  • орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;

Мемлекеттiк борышты басқару деп - орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жәргiзу.

Орталық банктiң операциялары:

Олар  екi тұрге бөлiнедi: актив - ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив - ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып  банктер ресурстарын құру операциялары.

Сонымен:

    • мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның  саясатына шексiз ықпал етедi;
    • орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
    • ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
    • әкiметтiң экономикалық саясатының  негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң тәйiнi болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы банк жуйесі