Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Менің бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым - өркендеген елдер мен банктік секторы қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.

Содержание

Кіріспе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде
1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5
1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.
2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32
2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45
Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47

Работа состоит из  1 файл

дипозит.doc

— 530.00 Кб (Скачать документ)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 

Экономика және бизнес факультеті 

Макро-микроэкономика кафедрасы 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс 
 

Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру 
 
 
 
 
 

                                                  Орындаған:Кубашева Ғ.

Тексерген:Зейнолла С. 
 
 
 
 
 

Алматы  2008 

Мазмұны

Кіріспе... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 

1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде

  1.1.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары . . . . . . . . 5

  1.2.Депозит түрлері... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  9 

 2-бөлім: ҚР депозиттер және оларды сақтандыру.

  2.1.«Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру Қоры» АҚ-ның қайраткерлігі туралы... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  21

  2.2.Депозиттерді кепілдендірудің теориялық және тәжірибелік негіздері: әлемдік және қазақстандық тәжірибе... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . .32

  2.3.ҚР депозиттерінің қазіргі жағдайы... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . .  43  

Қорытынды... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45

Пайдаланған әдебиеттер... . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 47 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

    Мен өз курстық жұмысымды жазғанымда Қазақстан Республикасының «Ұлттық банкі туралы» туралы, «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлықтары және солар негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелерді басшылыққа алдым. Себебі, менің жұмысымның тақырыбы, яғни «Қазақстандағы депозиттер және оларды сақтандыру» жоғарыда аталып өткен заңдармен тығыз байланысты.

    Менің бұл тақырыпты таңдаудағы  басты мақсатым - өркендеген елдер  мен банктік секторы қарыштап  дамып келе жатқан республикамыздың  коммерциялық банктерінің операциялары, соның ішінде депозиттік операцияларының қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау, олардың батыстық нарықтық үлгісін қазақстандық үлгімен салыстырып, айырмашылықтарына көз жеткізу және қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының жұмысына тоқталу болып табылады.

    Курстық жұмысымды жазғанымда мен мынадай мәселелерге тоқталдым:

  1. Депозиттер туралы жалпы мағлұмат беру
  2. Депозиттердің ерекшеліктеріне және сақталу мерзімдері мен сыйақы мөлшерлемесіне баса назар аудару
  3. «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-ның жалпы атқаратын қызметтеріне және екінші деңгейлі банктер мәжбүрлеп таратылған жағдайда атқаратын қызметтерін айқындау
  4. Жалпы халықты Депозиттерді Кепілденліру Жүйесі туралы мәліметтендіру  және банк секторына деген халықтың сенімділігін арттыру
  5. Қазақстандық депозиттерді сақтандыру тәжірибесін АҚШ тәжірибесі негізінде салыстыру
  6. Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы депозиттердің жағдайына тоқталып өту.

    Курстық жұмысым 2 бөлімді қамтиды:

  1. Банктер қаржы делдалдары ретінде
  2. ҚР депозиттер және оларды сақтандыру

    Бірінші бөлімді, мен , ең алдымен коммерциялық банктердің, соның ішінде уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту қызметіне, тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттерге тоқталдым. Бұнда депозиттердің пайда болуын, оның бір-бірінен айырмашылықтары мен бөліну ерекшеліктерін қарастырдым.

    Ал, екінші бөлімде, теория мен  практиканы үйлестіру мақсатында  «Қазақстандық Депозиттерді Кепілдендіру  Қоры» АҚ-ның құрылымы мен халыққа  қызмет көрсету, оны мәліметтендіру  және банктердің күйреуі жағдайында  атқаратын қызметтерін қарастырдым. Сонымен қатар, қазақстандық депозиттерді сақтандыру тәжірибесін АҚШ мысалында қарастыру және қазақстандық депозиттік ұйымдардағы депозиттердің қазіргі жағдайына тоқталмақпын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-бөлім: Банктер қаржы делдалдары ретінде. 

1.1Коммерциядық банктердің қызметтері мен            операциялары 

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан  ажырататын функцияларды орындаудан көрініс  табады.

Банк  қызметін – банктің клиент мүддесі  үшін белгілі бір іс–әректтерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге  бұрынғыша салымдар тарту мен  қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің  және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық  банктердің желісі ақша нарығының қалыпиасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пйдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. /1/

Коммерциялық  банктер негізінен өз клиенттерінің  шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • Ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • Клиенттер мен банк–корреспонденттерінің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • Заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
  • Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
  • Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • Клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
  • Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай–ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
  • Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық  банктің арнайы лицензиялары бар  болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).

Осы операцияларды  топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

    • Уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
    • Экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
    • Қолма– қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
    • Инвестициялық қызметі;
    • Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос  ақшалай қаражаттарды жинақтау –  коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі–базалық қызметі. Банк ресурсы банктің пассивтік  операцияларды жүргізуінің нәтижесінде  пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.

Банк ресурстарын  банктердің өзіндік қаражаты, қарыз  қаражаты және тартылған қаражат  құрайды. Банк олардың жиынтығын  активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

Пассивтік және активтік операциялар бір–бірімен  тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты кең жағынан  банктің активтік операцияларды  жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

Банк ресурстарын  қалыптастырудың негізгі көздеріне  банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды  тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие  берушінің сенімді болуы үшін қажет.

Банктің өзіндік  қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай–ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінеһген пайда жатады.

Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капитаолдың қалыптасуы әр түрлі болады. /2/

Банктің ұйымдық – құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қаллыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі–беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.

Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.

Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын  кезегі мен тәртібі акциялардың  түрлерімен және шығарылатын шарттарымен  байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).

Банкке  түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша  дивидндтерді есептеу резервтік  қордың  есебіен жүргізіледі.

Коммерциялық  банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебіен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.

Коммерциялық  банктерде резервтік қормен қатар  пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.

Банктегі  өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды  орындау арқылы қалыптастыратын  сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.

Банктегі  өзіндік қаражаттың маңызды функциясы– банктің өз салымшылары арасындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс–тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгіллейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй–ғимаратты, машинаны, құрал–жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек–жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатаын қор жатады.

Информация о работе Қазақстан халқының депозиттері және оларды сақтандыру