Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретіне дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 17:23, реферат

Описание

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Содержание

Кіріспе

1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретіне дамуы

1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері

1.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

2 Аудит түрлеріне сипаттама

2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты

2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

3 Тәуелсіз қаржы бақылауының дамуы

3.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары

3.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы

3.3 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы

Қорытынды

Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа состоит из  1 файл

оспанов реферат.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

      5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар  компанияның есептік жазбаларына   әдетте қолдары жете бермейді  және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;

      6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің  салдары өздері үшін өте маңызды   болуы мүмкін, сондықтан да аудиттер  арқылы алатын ақпараттың толық   болуы мен анықтығы оларға  ауадай қажет.

       Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік  қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. 

       Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты  аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

       Әкімшілікті құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың аарсындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

       Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудіңлердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

       Бизнес  аудитін жүргізу үшін белгілі  бір салалар мен компаниялар  іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.

       Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы  туралы мәліметтерді алу бойынша  бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайды бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастырудақолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық  түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

       Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі ммүкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық  жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да еелулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.  Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 Аудит түрлеріне  сипаттама 
 

    2.1 Сыртқы аудит және  оның ерекшелігі 

     Аудиттің  түрлерін зерттеудің зор әдістемелік  маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект  ретінде ішкі және сыртқы аудит болып  бөлінеді. Зандылыққ тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан  қол жұмысы түрінде және компьютерді  пайдалану болып бөлінеді.

       Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлешн және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершічігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

       Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы  аудиттін атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін  атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

       Жалпы аудит туралы. оның ішінде сьгртқы  аудит туралы осыған дейін  көптеген түсініктер  қарастырылды.   Енді  сол сыртқы   аудиттің   ерекшеліктеріне   тоқталамыз.   Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғаңдығын   дәлелдей,   оның   қаржылық   жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін    аудиторлар    шаруашылық    субъектілеріне,    олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму  бағышн  көрсетіп,  оның  каржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорыннын,    қаржы    жағдаиының    және    төлем    жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

       Сыртқы  аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тадсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік құрылымының тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл белінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекет-ке салық толемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.

       Шаруашылық  субъектілеріне аудит тексеруін  жүргізгеңде, оның негізгі мақсаты  бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу  жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.

       Сыртқы  аудит қызметін атқарушылар —  жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі  мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің жэне кәсіпорын жұмысын. оның қаржылық жағдайын тек кана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықты қатынас жағдайыңда ешқандай фирма, кәсііюрынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.

       Сыртқы  аудитттер өз жүмысын сол елдегі занды түрде қабылданған аудит  стандартына, бухгалтерлік ессп принциптеріне  сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың  балансы басылымға, тек қана аудитор өз корытындысын бергеннен кейін және балансқа морін басқаннан кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана корытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шыгуының үлкен мағынасы бар. 
 

     2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты 

     Ішкі  аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысьмың жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына  ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте кажет  жұмыс тәртібі. Сыртған қарағанда ішкі аудиттің төуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

       Аудит қызметі қалынтасқан елдерде  ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

      1) шаруашынық субъектілерінің басшылары,  әкімшіліктері ішкі аудит қажет   деп тапқан жағдайда өзіне,  ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман   іздейді;

      2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:

      а) аудитор тобының атқаратын  қызметін нақты анықтайды;

      б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс  орны, аудитордың және тапсырушының  міндеті  наклы көрсетіледі;

      в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.

       Бұл келісім-шарттың зандынық қүқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, каржылану, толем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық озіне кажет молімет жинауда кәсіпорын бастыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты —  ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына  бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында  қолданылатын мәліметтің шындыған, дұрыстығын қамтамасыз ету.

       Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

       Ішкі  аудит қызметі қалыптасқан елдерде  аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация күрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгшеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашынығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орьғадалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

       Қорыта  келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында  басқарушылық жұмысын жүргізуге  өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның күрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына. кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты боладьг Ішкі аудит хағдайы өз кезегінле "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының қүқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағанан кәсіпорын басшыларының қүқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі максаты, жұмыс көлемі, іпш бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

Информация о работе Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретіне дамуы