Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:49, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
Вексельдер арқылы есеп айырысу
Чектермен есеп айырысу
Төлем карточкаларымен есеп айрысу
Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түр.doc

— 788.00 Кб (Скачать документ)

         Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің  талап етуі бойынша салынатың  салықтың шот-фактуралары және  төлемдердің мақсатың растайтын  басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қолданылады.Төлем құжаттарын электронды түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электронды көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

          Төлем тапсырмасын толтыру кезінде  келесі реквизиттері (көрсеткіштері)  көрсетіледі:

  • төлем тапсырманың нөмірі;
  • төлем тапсырманың жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды (ЖТК немесе ИИК)
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шотындағы нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан тұрады:біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк–алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен–жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасыа келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (иденфикациялан-ған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдар-дың коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соңын негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификңациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттілген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

      Төлем құжатына кез келген  жөндеудің түрін жасауға рұқсат  етілмейді. Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің арасындағы жасалған  келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін деп айта кеттік.

     Жедел мерзімді төлем мынадай  нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:  аванстық төлем, яғни тауар  тиелгенге дейін;тауар тиелгеннен  кейін,яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

      Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі  ақша қаражатты (зейнетақы, алимент,  жалақы, іс – сапар шығындары,авторлық  қаламақы) жекелеген азаматтардың  атына; жалақы  төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атың, онда ол орналасқан банктің сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны қөрсетіледі. Байланыс қәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдағы жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

                              

                                

                        2.   Кассадағы  қолма-қол ақшаның  есебі

       Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасыиың 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген "ҚР х/ш касса операцияларын жургізудің уақытша тәртібіие" сәйкес жузеге әсырылады.

      Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Ол касса операцияларын жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа жа төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

  Кассир  ақша қаражаттарын банк мекемелерінен  ақша чектері бойынша алады.

  Кассалық  ордерлер кассадағы ақшалай операциялар  бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО № 1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емөс.

  Кіріс касса ордері (ККО) мен оның түбіршегі, ШКО мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және тусінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, өшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау және беру тек олар жасалған куні жүргізілуі мүмкін.

  ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін  бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО № 3 нысаны) тіркелінеді. Операцияләр жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ол оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе куні көрсетілген "төленді" жазуымен өтеледі.

  Ақша қаражаттарының келіп тусуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиіс. Ондагы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтерлердің қолдарымен расталған болу керек. Жумыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы жазулар кешіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі.

  Екінші  даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мумкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бул сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражәт-тарының колда бары мен қозғалысын есепке алу ушін активтік  1010, 1020-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша - берілуі көрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне үқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол акша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға "Кәсіп-орынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы" арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда көлік пен байланыстың объектілері 1010-шотта мынадай субшоттар аша алады: 1010/1 - субъект кассасы, 1010/2 -операциялық касса.

      Жоғарда атап өткендей кассадағы операциялар есебі 1010 « Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

      1010- « Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша» және 1020 - « Касссадағы шетелдік валюта  түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында  жүргізіледі.

  Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы  учаскелердің, аялдама, өзен өткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 1010/2-шотта ескеріледі.

1010-1020-шоттар бойынша шаруашылық операциялары

  1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражаттары түсті Д-т 1010,1020 К-т 1220
  2. Вексель бойынша түсті Д-т 1010, 1020 К-т 1130
  3. Алынған  қарыздар  бойынша  келтірілген  залал  үшін жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 1010, 1020 К-т 1252.
  4. Еншілес кәсіпорындардан және езге серіктестіктерден берешектің түсуі Д-т 1010, 1020 К-т 2120 -2140

  5. Банк   шоттарынан   қолма   қол   ақшаның   түсуі   (чек бойынша) Д-т 1010,1020 К-т 1050,1040

  1. Қолма-қол ақшалардың құрылтайшылардан тусуі Д-т 1010, 1020  К-т  5310
  2. Займдар қолма қол ақшамен алынды Д-т 1010, 1020 К-т 4020,4030
  3. Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да төленгендер Д-т 1010, 1020 К-т   3520
  4. Өнімдерді. құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол- ақшаға сату Д-т 1010, 1020 К-т 6010
  5. НҚ, МЕА, БҚ қолма қол ақшаға сату Д-т 1010, 1020 К-т 6210
  6. Акциялар бойынша дивидендтер келіп тусті Д-т 1010, 1020 К-т 6110
  7. Оң бағамдық айырма Д-т 1020 К-т 6250
  8. Алынған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары  Д-т 1010, 1020  К-т  6130
  9. Есеп беретін сомалар кассадан берілді Д-т 1251 К-т 1010, 1020
  10. Сақтандыру полистері сатыл алынды Д-т 1620 К-т 1010,1020
  11. Болашақ кезеңдер ушін төленген жалдық төлемдер Д-т 1620 К-т 1010,1020
  12. Аванстар берілді Д-т 1610,  К-Т 1010, 1020

    18. Қолма-қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма-қол салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 1050, 1040 К-Т 1010, 1020

  1. Займды қайтару Д-т 4020 К-т 1010, 1020
  2. Дивидендтерді төлеу Д-т 3520, К-т 1010,1020

   21. Жөткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма қол 
ақшамен төленді Д-т 3310 К-т 1010,1020

  1. Жәләқы берілді Д-Т 3350, К-Т  1010,1020
  2. Теріс бағамдық айырма Д-т 1620 К-т 1020

  24. Кассаға  тугендеу жургізген  кезде  анықталған   ақша қаражатта-рының жетіспеушілігі Д-т 1260 К-т 1010, 1020

  а)егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Д-т 7210 (7410) К-т 1260

б) егер кінәлі адам анықталса Д-т 1250 К-т 1260

      «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операциларды жүргізілу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

       Кассаға ақша қабылдау кассаның  кірісі ордерлері бойынша жүзеге  асырылады, оған бас бухгалтер  мен кассир қол қояды. Кассаға  ақша саған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир « Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.

     Кассадан ақша беру кассаның  шығыс ордерлермен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлерін қоса тіркелген құжаттарда субьект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қолы қоюы міндетті емес. Жекеленген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмерін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері жоғарыда келтірітеді.

     Сенімхат бойынша берілген ақша  жағдайында касса шығыс ордеріне  ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем мізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: « Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.

     Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттары бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікшк қаламмен жазып береді.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі