Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:39, курсовая работа

Описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

қаржы курсовая.docx

— 72.07 Кб (Скачать документ)

       Шаруашылықтық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында кәсіпорынды  реформалауға мүдделілер:

- компаниялардың өздері, өйткені олардың қаржылық-экономикалық жағдайлары жақсарады;

- мемлекеттік билік (бюджеттің кіріс бөлімінің артуы қамтамасыз етіледі, халықтың өмірінің деңгейі жоғарылайды);

- күйсіздік пен банкроттық туралы істер бойынша мемлекеттік басқарманың территориалық агенттігі;

- банктер, инвестициялық қорлар және басқа инвесторлар, өйткені несиелердің қайтарылмау тәуекелі төмендейді.

        Фирманың қаржы табысы көп жағдайда оның жетекшісінің, бас бухгалтерінің және заңгерінің біріккен жақсы жұмысына байланысты болады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері конструктивті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін өте маңызды. Фирма жетекшісінің бүгінгі күндегі байыпты проблемаларының бірі – қолдағы бухгалтерлік ақпараттың негізінде оңтайландырылған басқару шешімін қабылдау мүмкіндігінің болмауы. Осыдан қазақстандық бухгалтердің басты мақсаты – кәсіпорынды айып пұлдан қорғау немесе, болмады дегенде, оны төмендету.

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қорытынды

 

 

       Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

        Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржы тәртібіндегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шараларды дер кезінде қабылдау жөніндегі қаржы аппаратының мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы қызметкерлерінің БАЖ-дан алған ақпараттары оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

        Қазіргі уақытта қаржы органдарның төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтандыруды енгізу көкейтесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейтесті мәселе.

        Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай езгертуге мүмкіндік береді.

        Қазақстандағы бүгінгі жағдайларда, кәсіпорындарға өзінің өміршеңдігін сақтау үшін нарықтағы әрбір қадамын есептеп отыруы керек, кадрлар мен кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновация енгізу қажетті. Ең күрделі жағдайлардан оңтайлы шығудың амалын табуы және тәуекелдікке ойлы баруы қажет. Сондықтанда фирманың білікті менеджерінің және бүкіл командасының білікті, кәсіптік жұмысы өте маңызды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.

3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.

4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.

5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.

6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы: 2005

7. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001.

8. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. - Петербург: 2000.

9. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. - М.: 1999.

10. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.

11. Госшенко Л. Н. Страхование. Учебное пособие. — Алматы: 2003.

12. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИ-ТИ, 2000.

 

 


Информация о работе Қаржыны басқару