Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:37, лекция

Описание

Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.

Работа состоит из  1 файл

6 Д_рістік кешен.doc

— 370.50 Кб (Скачать документ)

         Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:

- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындықтан  да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;

- сауда – саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Қор биржаның функциялары:

1.Қаржы ресурстардың жинақталуы (сату арқылы);

2.Қаржыландыру (сатып алу бойынша);

3.Өтімділік.

 

Қор биржаның құрылымы

 

 

 

Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әрбір секторында әрекет етуші көп қызметті мекемелер. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар  қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез-келген  несие жүйесінің базалық жүйесі болып табылады.Ссудалық  және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әртүрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады.

Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім негізінде несие-есепті де жүзеге асырады. Коммерциялық банктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар –акционерлік кооперативтік, шетел банк капиталының қосылуымен жеке банк те болуы мүмкін. Коммерциялық банкке салынған алғашқы капитал немесе оның бір бөлігі мемлекетке жатады. Банктің кейінгі атқаратын қызметі тәуелсіз болып , оның қызметі үшін үкімет ешқандай жауапкершілік алмайды.

Коммерциялық банктер универсалды және мамандырылған болады, жүзеге асырылған  операциялар бойынша.

Коммерциялық банктердің келесі операцияларды орындайды:

1.      Депозиттерді қабылдау;

2.      Ақшалай төлемдер мен есептерді орындау;

3.      Несие беру.

 

Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты: жоғары пайда табу, тәуекелділікті төмен деңгейде ұстау, банктік қорларды құру,банк қызметкерлерінің жоғары білікті болуын қамтамасыз ету.

Активтер: Қолма –қол ақша;Депозиттер; Коммерциялық банктің депозиттері; Коммерциялық банктерге талаптар.

Міндеттері: Банктік емес депозиттер; Коммерциялық банктің депозиттері; Орталық банктің ссудалары.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен мөлшерінің басқа қызмет түрлерімен айналысатын өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшеленетін өзгешелікті  сипаты бар. Оның өзгешелігі мынада: банктер меншікті капитал есебінен қаржыларға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызын, ал қалған субъектілер қаржылардың 40-55 пайызын жабады.

Қатыстырылған ресурстардың негізгі үлесін депозиттер құрайды.

Депозиттік операциялар- бұл қайтарымдылық және сыйақы төлеу жағдайына заңды және жеке тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асыратын банктердің операциялары.

Депозиттерді мынадай топтарға топтастыруға болады:

Талап еткенге дейінгі депозиттер-бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шектелмеген депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық немесе жартылай қайтарылады.

Шұғыл депозиттер- бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.

Депозиттік сертификат- әмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын жазбаша куәлік. Фирмалар немесе жеке тұлғалар сертификат сатып алып, оны капиталға инвестициялауға мүмкіндігі және де қажет болса, оны қолма –қол ақшаға айналдыруға болады. Депозиттік сертификат – бұл ақша нарығының өтімділік инструменттердің бір түрі.

Лизингтік компаниялар

Коммерциялық банктер белгiлi бiр кiрiстер әкелетiн делдалдық сыйақылар, алымдар алатын әртүрлi қызметтер көрсетедi. Соңғы жылдары банк қызметiнiң көлемi мен түрлерi өсе түскендiгi байқалады және бұл банктiң алатын пайдасының маңызды көзiне айналуда. Коммерциялық банктердiң қызметi жалгерлiк немесе лизинг (ағылшынша – Leasing – жал) операцияларын қаржыландыруда кең даму алу түсуде.

Лизингтiк операция деп ұзақ мерзiмдi  пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлердi) жалға берудi айтады.

Банктер өнеркәсiп, кәсiпорындарында ұзақ мерзiмге машыналарды, көлiк құралдарын, өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстарды жалға бередi және олармен лизингтiк келiсiмдер жасайды. Сөйтiп, көрсетiлген құралдарды сатып алуға кәсiпорындарға ссудалар бергеннiң орнына банк меншiк құқығын өзiнде қалдыра отырып, оларды өзi сатып алып және жалға бередi. Осыған орай банк ссудалық пайыз емес, жалгерлiк ақы (лизингтiк төлемдер) алады. Кәсiпорындар үшiн лизинг инвестицияларды қаржыландырудың өзгеше формасы болып саналады.

Банк қаржыландыру мәселесiн шешу үшiн клиенттiң кiрiстiлiк деңгейiн зерттейдi, лизинг обьектiсiн дұрыс және тиiмдi пайдалану мүмкiндiктерiне сараптық бағалау жүргiзiледi, нәтижесiнде қосымша кепiлдiктер (фирмалық, банктiк) алу туралы мәселе қойылуы мүмкiн. Контракт жалға беру мерзiмiн, сомасын, валютасын, жалгерлiк ақыны төлеудiң мерзiмi мен басқа да жағдайларын, жабдықтарды дұрыс қалпында сақтау мен қызмет көрсету бойынша жалгерлiк мiндеттемелерiн қарайды.

Лизингтiк келiсiм шарты ұйымдастыру және оны iске асыру әр елдiң заңдылық ерекшелiктерiне байланысты.

Лизингтiк келiсiмнiң жанама және тiкелей қатысушыларына байланысты лизингтiк процестiң түрлерi болады. Лизингтiк процесте лизингтiк келiсiмнiң мiндеттi қатысушыларынан басқа, яғни лизинг берушiмен лизинг алушыдан басқа, басқа да тұлғалар қатысады. Олар:

      Лизингтiк мүлiктi сатушы – лизинг обьектiсi болып табылатын мүлiктi сатушы заңды немесе жеке тұлға (жабдықтаушы);

      Сақтандырушы – жаза негiзiнде өзiне лизингалық келiсiммен байланысты болатын тәуекелдi өзiне алатын жақ;

      Кредитор – лизингберушiнiң келесiде лизингке беретiн мүлiктi сатып алуды қаржыландыратын тұлға-банк,

      Делдал – осы мәмiленiң тараптары болып саналатын тұлғаларға лизингалық келiсiммен байланысты қызмет көрсетушi тұлға.

              Қазақстан мен шетел мамандарының пайымдауынша лизингтiң негiзгi түрлерiне – қаржы лизингi және оперативтiк лизинг жатады.

Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзiмге берiледi. Ол мерзiм машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзiмiмен сәйкес келедi. Бұл жерде мәмiле аяқталмай, күшiн тоқтата алмайды. Онда мүлiктi лизинг алушымен сатып алыну мүмкiндiгiн көрсетiлген.

Қаржылық лизингтiң келесiдей негiзгi белгiлерi бар:

      Үшiншi тараптың қатысуы (өндiрушiлер немесе келiсiм обьектiсiнiң жабдықтаушысы);

      Жалға алудың негiзгi мерзiмi iшiнде, яғни жалға берушiнiң шығындарын өтеуге қажеттi мерзiмде шартты бұзудың мүмкiн еместiгi. Дегенмен келiсiмде лизинг туралы қосымша ескертiлетiн жағдайлар болады, құны маңызды түрде өседi;

      Лизингтiк келiсiм неғұрлым ұзақ мерзiмдi болады (келiсiм обьектiсiнiң қызмет мерзiмiне жақын);

      Қаржылық лизинг кезiндегi келiсiм обьектiлерi, негiзiнен, құнының жоғарлығымен ерекшеленедi.

Қаржы лизингтiк контрактсына – арендаға берушi күрделi қаржысының толық амотизациясының белгiленген мерзiмi кезiнде төленетiн сомасы және оған белгiлi пайданы қамтамасыз ету жатады.

Оперативтiк лизингке (қаржы лизингiне енбеген) содан қалған аренданың iрi құрал-жабдықтары енедi. Бұл жағдайда арендаға алған мүлiк аренданың келiсiлген мерзiмiнде толық амортизацияланбайды.

Лизингті дамыту үшін заңдық құқықтық актілердің қабылдануы банктер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаражаттандырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді.

Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік компаниялардың арасында «Лизинг-центр» ЖШС, «Жалын-лизинг» ЖАҚ, «Алматы-лизинг» ЖШС, «Қазтехлизинг» ОК, «Инвестлизинг» ААҚ, «Агролизинг» ЖАҚ, «Астана-инвест» ААҚ сияқты компанияларды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, «БТА лизинг», «Валют-транзит Банк» сынды банктер де лизингтік қызметтерді ұсынады. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде.

Сақтандыру- әкономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-әкономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп- бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттарды әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру- сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру- азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әдебиеттер: 9,12,16,19,21,59,68.

Бақылау сұрақтары:

1.Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мақсаты қандай.

2.Өзін-өзі реттеу ұйымдарының құрылу тәртібі қандай.

3. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының ұйымдастырушылық құрылымы қандай.

4. Қазақстан Республикасында қандай өзін-өзі реттеу ұйымдары бар.

5. Қазақстан Республикасында өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметінің ролі.

 

Тақырып №14 Қазақстанның қаржы нарығы дамуының стратегиясы

Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студентке талаптар:

              -Қаржы нарығының мемлекеттік реттеу мен қадағалау жүйесін оқып     білу;

              - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеу органдарын білу.

 

Жоспар:

1.      Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының негізгі даму бағыттары.

2.      Инвестициялық салымдардың ынталандыруы.

3.      Қаржы нарығының дамуына мемлекеттік тарапынан көмек көрсету

Қаржылық миссияның өкілдерінің ойы бойынша инвестициялар үшін банктік нарықтың ашық болу деңгейі мен банк бәсекелестің талабы әрекет ететін жағымды макроэкономикалық көрсеткіштерді сақтау талабы арқылы жақсартуға көзделген.

              Жақын жылдары қаржы нарығын реттеудің жаңа принциптері мен стандарттарын шығару болып табылады, бақылау салаларын өзара максималды жақындату мақсатында қаржы ұйымдары мен олардың операцияларына талаптарды нақты белгілеу керек. Ол үшін сәйкес стратегиялық құжаттарды (бағдарламалар, концепциялар және т.б.) қабылдау талап етіледі, яғни олардың бір бөлігіне Басқару Агенствосы рұқсат берген. Қаржы нарығын бақылау мен реттеуді жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарастыру кезеңінде 2004-2006 ж.ж.Бағалы қағаздар нарығын даму бағдарлама жобасы табылады, өндеу кезеңінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму жобасы  жатыр.

              Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2003 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы секторының даму Концепциясы негізінде бақылау механизмі мен Қаржы нарығын реформалау бойынша шаралар қалыптасқан.Осы Концепцияға сәйкес басқа шаралар есебінде 2007 жылы Еуропалық Одақ стандарттары негізінде қаржы ұйымдарын бақылау механизмінің негізгі параметрлерін қайта қарастыру жоспарланған.

              Ары қарай дамудың негізгі міндеті болып аймақтың серіктестердің әр түрлі құралдары арқылы глобалдық процесстерінің басқару жолдарын табу болып табылады. Интеграциондық одақтарды құру елдердің жалпы экономикалық потенциалын нығайтуға алып келеді.

              Қазақстан Республикасы қаржы секторының ары қарай қалыптасуы ұлттық қаржы нарығының тұрақтылығын және тазалығын (дұрыстығын), жоғары деңгейде қызмет көрсетуін тек сапалы қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Әдебиетттер:3,5,6,7,8,9,20,21,22.

Бақылау сұрақтары:

1.      Қазақстан Республикасының қаржы нарығының дамуының негізгі бағыттарын атаңыздар.

2.      Инвестициялық салымдарды ынталандырудың әдістерін атаңыздар.

3.      Қаржы нарығында банк қызметінің басқаруының тәртібі қандай?

4.      Заң шығарушылықты жетілдірудің жолдарын атаңыздар.

 

60

 



Информация о работе Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері