Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:04, доклад

Описание

Біздің баяндамамыздың тақырыбы: «Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары». Жалпы баяндамамызда бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсақ: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлімізде бірнеше тарау қарастырылған.
Баяндамамыздың мақсаты – қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шараларының жүйесінің мәні мен маңызын ашу және негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері
2. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін және сапасын арттыру
3. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Баяндама финанс.doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні бюджеттік  бағдарламалардың  республикалық   әкімшілері  ағымдағы жылдың мамыр  айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  тиісті қаражатты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының   Әкімдеріне аударды (14,2 млрд. теңге). Еңбек министрлігі  барлық өңірлермен  әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және  «жастар практикасын» ұйымдастыруға арналған трансферттер бойынша,  республикалық бюджеттен осы мақсаттарға арналған жалпы сомасы 8,6 млрд. теңгенің  келісімдеріне қол қойды. Бұл өте  үлкен қаражат және оны игеру үшін мақсатты да бағдарлы жұмыс жүргізу қажет.  Әлеуметтік жұмыс орындарына  жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері мен бюджеттік ұйымдарда, атап айтқанда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жастар практикасын батыл пайдалану қажет.

Аталған келісімдер шеңберінде ағымдағы жылдың мамыр айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  жергілікті бюджеттерге - 323,7 млн. теңге аударылды. Мамандарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыруға республикалық бюджеттен 14,4 млрд. теңге көзделген, оның 11,5 млрд. теңгесі өңірлер бойынша  таратып бөлінді. Білім және ғылым министрлігімен қол қойылған келісімдер шеңберінде, ағымдағы жылдың мамыр айына  бекітілген  қаржыландыру жоспарына сәйкес  жергілікті бюджеттерге - 320 млн. теңге, Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған келісімдер шеңберінде – 14 млн. теңге қаражат аударылды. Оқу  жоспарлары мен бағдарламалары әзірленді, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тізімдері  қалыптастырылды.  Қазіргі уақытта жекелеген өңірлерде Жұмыспен қамту стратегиясының  инвестициялық  бағыттарын іске асыру үшін  кадрлар даярлау және  қайта даярлау жөніндегі  жұмыс басталды. Өңірлер  ең қажетті кәсіптің (мамандықтың) тізбесін айқындады. Олардың қатарында, медициналық қызметкерлер,  мұғалімдер, аспаздар,  кондитерлер, шаштараздар да бар екенін  атап өту  керек. Осы тізбелер бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, өңірлер экономикасының  болашақ  қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл орайда,  кадрлар даярлау және қайта даярлау процесінің  салалық және өңірлік құрамдас бөлігін  ескеру қажет.

Үшінші кезекте Халықты жұмыспен қамту,  міндетті әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде  уақытша сипаттағы шаралар да бар. Енгізілген өзгерістер:

  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандары арқылы   азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуді; 
  • нысаналы топтарға енетін адамдардың аясын ұлғайтуды (оқу бітірушілер);
  • жұмыс уақытының толық емес режимімен жұмыс істейтіндерді  кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға жіберу мүмкіндігін;
  • жұмысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемді алудың  ең  ұзақ кезеңін көбейтуді (төрт айдан алты айға дейін);
  • жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды өткізу  рәсімін, оларға  Мемлекеттік сатып алуды   конкурс  тәсілімен  жүзеге асырудың ерекше тәртібін  қолдану жолымен жеңілдетуді көздейді.

Ағымдағы жылдың мамыр  айынан бастап барлық өңірлерде Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде  жұмыс жүргізуге арналған  конкурстарды жариялау басталды. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде  4,8 мың жоба  көзделіп отыр.  Оның  ішінде  көлемі 4 мың АЕК асатын 3,4 мың жоба бойынша  ерекше тәртіп қолданылатын  ашық конкурстар  жарияланады. Қалған 1,4 мың жоба бойынша  сатып алулар  баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта  мемлекеттік  сатып алу өткізу туралы  2 592 хабарландыру  жарияланды,  олар 2 788 жобаны қамтиды, бұл Жұмыспен қамту стратегиясы  бойынша  инвестициялық жобалардың жалпы санының 58%  құрайды. Келесі кезеңде  жергілікті қоса қаржыландыруды ескере отырып, біз бюджет қаражатының  мақсатты әрі тиімді  пайдаланылуын және түпкілікті мақсатты – жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді қамтамасыз етуіміз қажет. Белгіленген жоспардың  нәтижелі іске асуына  жұмыспен қамту  органдарының қызметін кеңейту және  олар көрсететін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс белсенді жүргізілуде.  Өңірлерде  жақсы жетістіктер де  бар: Мысалы, Ақтөбе облысында  халық көп баратын жерлерде (ЦОН-дарда,  оқу орындарында,  әкімдіктерде,  ауруханаларда, базарларда, ірі супермаркеттерде)  жұмысқа орналастыруға және оқытуға жәрдем көрсету мүмкіндіктері туралы  стенділер,  плакаттар, ақпараттық парақтар ілінген. Алматы облысында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі «Демеу» орталықтары ашылған, олардың қызметкерлері жұмыссыз азаматтар, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар болып табылады.

 

Шығыс Қазақстан облысында  ірі білім беру ұйымдарында,  сауда  орталықтарында,  банк филиалдарында жұмылдыру орталықтары ашылып,  ауылдық өңірлерде жұмылдыру топтары құрылған. Маңғыстау облысында «Жұмыс іздеу  клубында» жұмыс істеуге  оқу бітірушілер арасынан 15 адамды тарту жоспарлануда,  «Арман» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жастардың еңбек биржасы жұмыс істейді, соның негізінде түлектерді  жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына  тарту  қамтамасыз етіледі. Бұл орайда,  мұндай жұмыстың  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен барған азаматтар санының көбеюіне, сол сияқты  тіркелген жұмыссыздық деңгейінің де өсуіне әкеп соғатынына түсіністікпен қарау керек.

 Біздің мақсатымыз  – қазақстандықтардың әл-ауқатын  арттыруға қол жеткізу,  гүлденген  және әлем құрметпен қарайтын  мемлекет құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы жұмысымызды қорытындылай келе, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Баяндамамыздың бірінші бөлімінде  қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері туралы айтылады. Екінші бөлімінде зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасы туралы мәселелер қарастырылған және соңғы үшінші бөлімінде жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары мен енгізілген өзгерістер және тағы басқа да мәселелерді қарастырдық.

 

 

 

 

                                       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының және оның аймақтарының статистикалық көрсеткіштері. 2004 ж. №12 ,2005 ж. №12,2006 ж. №12

 

  1. «Қаржы-Қаражат» журналы «Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» Исаева А. 2005ж. №6

 

  1. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның қаржылық жүйесінің мықтылығы және оның факторлары» Искакова З. 2004 ж. №5

 

  1. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуының қаржылық аспектілері » Нурумов А. 2006ж. №2

 

  1.  «Семей таңы» газеті «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Президенттің халыққа жолдауынан үзінді 2005ж.  №8

 

  1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Ресми газет №21,22  Алматы 2004ж.

 

  1. 2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

 


Информация о работе Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары