Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:53, реферат

Описание

«Қаржы жүйесі»- белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржылық қатынастар мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада-мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

финанс реферат.doc

— 137.00 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 2 курс 234 «Бағалау» тобы

Байгиреева Алтынай

                                                 

                                                   Тексерген: Смағұлова Р.У

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2012 ж.

 

   «Қаржы жүйесі»- белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржылық қатынастар мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада-мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан  өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен- «мемлекеттік бюджетпен» шектеледі. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін 2 негізгі буын- «мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады». Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға  мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.

Қаржы жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:

1)Қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2)Басқарудың қаржылық аппараты;

3)Ақшалай қорлардың жиынтығы;

Қаржылық қатынастар- Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы.

Қаржылық қатынастар негізінен мына 2 сфераны қамтиды:

1)орталықтандырылған-Мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің  ақшалай қорларын қалыптастырып,пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар.

2)орталықтандырылмаған-Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық

ақшалай қатынастар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қаржылық аппарат- Қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі.

     Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады.

     Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық,бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады. (1.6 сызба)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы институциондық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан-ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді (1.7 сызба).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында макро-және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:

       Мемлекеттің бюджет жүйесі

       Арнаулы бюджеттен тыс қорлар

       Мемлекеттік кредит

       Жергілікті қаржы

       Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

       Халықтың (үй шаруашылықтарының қаржысы).

Қаржылық қатынастардың алғашқы 3 бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу мен ынталандыру үшін пайдаланылады.

      Жергілікті қаржы -мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бірінші кезекте- мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы- қоғамдық өнімінің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты ақшалай қатынастар.

Мемлекеттік кредит- кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнақтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан-бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне жатады деп санауға болады.

      Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды. 2-кі дербес қосалқы буыны болады:

      1) материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;

      2) қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы;

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы-халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты-фискалдық (қазыналық) федерализм.

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді.

     Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналымы  қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі жүзеге асырады.

 

 

 

 

 



Информация о работе Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары