Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

Банктің инвестициялық  қызметі елдің барлық өңірлерінде  және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды  салаларында танытылған. Банктің  қаржыландыру көмегімен енгізілген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосып отыр.

Қазақстанның  Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың  ең басты қатысушыларының бірі болып  табылып, бұдан әрі де серпінді және кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз озаттығын нығайта беретін болады.

Банктің міндеттері:

Экономикаға тікелей  инвестициялар тарту  
- ҚДБ-нің несие рейтингтерi: «ұзын» және «арзан» ақшаларды тарту; 

-Сенімді серіктес: сапалы сараптама және әкімшілік қолдау;

- Елеулі тәжірибесі: мемлекеттiк бағдарламалардың агенті.

Экономиканың  басым секторларының жобаларын  қаржыландыру;        
- Елеулі экономикалық әсер ететін жобаларына назар аудару;  
- ҮИИДБ шеңберiнде Үкіметпен мақұлданған жобаларын қаржыландыру.

Басым салалардағы  ірі жобаларды жүзеге асыру: энергетика, көлік, металлургия, химия және фармацевтика, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, машина құрылысы, басқа да салалар (құрылыс  материалдары, туризм, агроөнеркәсіптік кешені және т.б.).  
Қазақстанның даму банкінің несиелік құралдары

  • Инвестициялық жобаларға арналған қарыздар: 5-тен 20 жылға дейін, ең төменгі сомасы - 5 млн. $;
  • Қаржылық лизинг: 3-тен 20 жылға дейін, ең төменгі сомасы - 1 млн. $; 
  • Жобалық қаржыландыру; 
  • Кепілдерді беру; 
  • Мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.

 

19-тақырып: Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы

 

  1. Биржаның функциясы мен мәні
  2. Қазақстан қор биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

 

Қор биржасы  нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.

«Биржа» терминінің пайда болуы жайлы екі түрлі  түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латын тілінен аударғанда әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде және итальян тілінде де сол мағынаны береді.

Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінін істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.

Қазіргі заман  талаптарына сай сырт көрінісі өзгергенмен, бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.

Егер заң  тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.

Биржаның  табысы мен мүлігі листингтен бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.

ҚР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы — акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерді де аша алады.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:

  • бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
  • бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
  • бағалы қағаздарға баға белгілеу;
  • өз  мүшелеріне ұйымдастырушылық,  ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;
  • жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;
  • құқықтық қатынастар   субъектілері   арасында  клиринг жүргізу.

Қазақстан қор  биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

Бүгінгі таңда  біздің елде Қор биржаларының еуроазиялық федерациясының  мүшесі және Қор биржаларының халықаралық федерациясының корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (КАSЕ) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.

1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: ОрталықАзия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдау тендерінде Қазақстан қор биржасы мен Қазақстандық Банкаралық қор биржасы жеңіске жеткен болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.

1998 жылдың  жазында Қазақстан қор биржасы  листинітік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бұл республикадағы биржадан тыс нарықтық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.

ҚР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелсрінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді биржалық кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды. қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қор биржаеыпың мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде «С» санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР аумағынан тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.

КАSЕ мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:

  • «Р» — ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;
  • «Н»   —  қор  биржасының  сауда  жүйесінің  «листингтік емес бағалы қағаздар» секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға   және   жеке   меншік ұйымдардың   мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;
  • «К» — қор биржасында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;
  • «С» — қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға катысу құқығы бар;
  • «В» — шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.

Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес комитетіне, биржа мүшелерінің жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтердің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.

КАSЕ айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:

  • мемлекеттік;
  • листинг рәсімінен өткен мемлекеттік емес және биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-да айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік заңдылықтарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;
  • ҚР-да  айналымға жіберілген  басқа   мемлекеттің  мемлекеттік бағалы қағаздары;
  • жоғарыда айтылған бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы қағаздар.

Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР заңдарына және ҚР-да айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.

Листинг рәсімін Қазақстан Республикасында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

  • құрылтайшылық құжаттарында бағалы қағазды басқаға беруіне деген ұстаушыларға шектеулер немесе қысымшылықтар туралы нормалар болмауы керек.
  • заңды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленген және тіркелген болуы керек;
  • басқа да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдегі санатта белгіленген шарттармен анықталады.

Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге қосуда заңды тұлғаның өтініші жөне қосымша талап етілетін құжаттары биржаның листингтік комиссиясында қаралып қабылданады.

Сонымен қатар биржа листингтік компанияның алдында мыналарға міндеттеледі:

  • ресми тізімге  енгізілген  бағалы  қағаздардың саудасын уақтылы жүргізуге қажетті жағдай жасауға;
  • бағалы қағаздар бойынша биржалық сауда ережелерімен белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарға сауда нәтижесінің көлемі туралы уақтылы ақпарат беруге;
  • эмитенттің   жасырын   немесе   жариялауға   берілмейтін ақпаратын үшінші тұлғаға бермеу немесе жария етпеуге.

Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасында мынадай  қаржылық құралдар айналыста:

  • шетел валюталары: АҚШ доллары, Еуропалық одақтың валютасы (еуро);
  • мерзімді өзара келісім: АҚШ долларына стандартталған жеткізілімсіздік фьючерсі;
  • ҚР Қаржы министрлігінің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
  • ҚР Ұлттық банкі шығарған бағалы қағаздары;
  • жергілікті атқарушы органның облигациялары;
  • ҚР   Қаржы   министрлігінің   Мемлекеттік   мүлік   және жекешелендіру туралы департаментімен саудаға қойылған мемлекеттік акция пакеттері;
  • екінші  деңгейлі  коммерциялық банктердің  депозиттік 
    сертификаттары;
  • мемлекеттік емес бағалы  қағаздар:  облигациялар, АҚ-ның жай, атаулы, артықшылықты акциялары.

 

20-тақырып: Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі

 

  1. Қаржы нарығын реттеудің мәні, қызметі және қағидалары

      2.  Қаржы  нарығын реттеудің түрлері

 

Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекше атауға болады. Саудаға қатысушылардың қызметін реттейтін өкілетті органдар: эмитенттер, инвесторлар, кәсіби қор делдалдары, нарық инфрақұрылымының ұйымдары. Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешуге бағытталған. Мысалы, Қазақстанда мұндай бекітулер халықтың өмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру, шаруашылық жүргізуде нарықтық және мемлекеттік үлгілерді синтездеу негізінде әлемдік қауымдастықта елдің экономикалық және саяси рөлін қалпына келтіру, экономикаыың нарықтық дамуы және мемлекеттің реттеушілік рөлінін сәйкестігі болып табылады.

Қаржы нарығын реттеу деп — қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастарын реттеу, сондай-ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жүргізу, олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.

Қаржы нарығын  реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын зандар мен басқа да нормативті актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі. Ол бағалы қағаздардың шығарылуын тіркеуден бастап, қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік басқару органдарынын құқықтарымен аяқталады.

Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет мынадай негізгі функцияларды атқаруы қажет:

  • қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру;
  • қаржы нарығын дамыту үшін заң актілерін жасау және жетілдіру;
  • нарықтың қызмет ету нормаларын жасау және оларды жаңартып отыру;
  • инвестициялық   институттардың   қаржылық   жағдайын бақылау.

Реттеу процесі  алғашқы және қайталамалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарықта мемлекеттік реттеудің міндеті айналымға қаржылық құралдарды шығарғанда және оларды тіркегенде біркелкі талаптарды қолдау. Қайталамалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында қызметті жүргізуге құқық беретін лицензия беріледі және нарықтын кәсіби қатысушыларынын аттестациясы жүргізіледі.

Қаржы нарығын  реттеудің мақсаттары:

• қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті үстану және оларға жағдай жасау;

  • қатысушыларды әділетсіз және алаяқ жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан қорғау;
  • сұраныс және ұсыныс негізінде қаржылық құралдарға еркін және ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;
  • кәсіпкерлік   үшін   ынтасы   бар   және   тәуекелге   тиісті сыйақы беретін тиімді қаржы нарығын құру;
  • қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа әсер ету;
  • жаңа нарықтарды ұйымдастыру,  олардың құрылымын, бастауларын қолдау.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары