Қаржы – экономикалық дағдарыстан кейінгі Қазақстанның қаржы секторының жағдайы: банк жүйесі проблемалары және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 20:58, доклад

Описание

«Бүгінгі таңда әлемдік қаржы - экономикалық дағдарысынан кейінгі Қазақстанның қаржы секторы, оның ішіндегі негізгі үлесті алатын банк секторының жағдайы қандай деңгейде және банк жүйесі ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстан шықты ма?» - деген сұрақтарға жауапты осы мақалада талқылап өтсек. Қазіргі қаржы нарығының біркелкі болмауы және де ұлттық банк жүйесінің тарихы, осы қойып отырған сұраққа біркелкі жауап беруге болмайтынын көрсетіп отыр. Отандық банк жүйесінің, тарихи жағынан қарасақ, ұлттық қаржы с

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.39 Кб (Скачать документ)

       Қазіргі кезде, аталған мәселе бойынша, жағдай қиын болып тұр, жұмыс жасамай тұрған, нашар несиелердің жалпы көлемі 30%-ға жетіп отыр. Қазір бағдарламаның жүзеге асуына байланысты оң белгілер байқалуда, портфельдер жақсы көрсеткіштер көрсетуді бастап келеді, дегенмен, үдеріс біз ойлағаннан баяу жүруде. Банк секторындағы портфельдердің сапалылығы мәселесі біркелкі емес, бүгінгі күні бастысы – несиелендіруді жандандыру. Ал несиелендіруді жандандыру үшін, банктердің несиелік портфельдері жақсаруы қажет, егер де, банктер САҚ – 2-нің құнды қағаздарын алу арқылы, қордан нақты ақша алса, ол тіпті жақсы болар еді. Бағам бойынша, бұл схеманың жұмыс жасауы үлкен мүмкіндікке ие, ол өзінің тиімділігін көрсетуі керек. Осыған байланысты, бір жағынан САҚ – 2 арқылы сауықтырудан өтіп, нашар активтерден құтылып, портфельдерінің сапасын жақсартып алса, кәсіпорындар үшін бағдарламаның жүзеге асуы арқылы, олардың қарыз мөлшерлері де азаяр еді. Осы екі бағыт жұмыс жасаса, несиелендірудің жаңа толқыны басталады деген ойдамын. Бұл әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған жоба, Қазақстан бұл жағынан жетекші болып тұр. Еске сала кетейін, бірінші Стресстік активтер қоры (САҚ – 1) өзінің басты миссиясын орындады, ол орта және шағын бизнес секторымен еліміздің өндіріс саласын және жылжымайтын мүлік нарығын толық қолдап шықты. Ол қордың ресурстары бітті, онымен оның негізгі функциялары аяқталды, қазір САҚ – 1 бұрын берілген несиелердің жұмыс жасауын мониторинг жасап, бақылап отырады. Көлемді жобаны іске асыруда, кәсіпорындардың баланстарын тазартуда Үкіметпен Ұлттық Банктің келісіп жұмыс атқарғаны дұрыс, олар осы істі келісіп атқаруда. Бағадарламадағы негізгі мақсат - әлеуметтік сала, әлеуметтік бағытты дамыта отырып, жұмыссыздық санының артуына жол бермеу. Проблемалық қарыздарды біртіндеп жабу үшін барлық жағдай жасалып отыр. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, проблемалы несиелердің кепілдемелері ретіндегі мүліктерді жаппай сату орын алып отырған жоқ. Олардың көлемі, жалпы проблемалық несиелер көлемінің 1%-да жетпейді. Сонымен бірге, жаппай банкрот болу, қарыз кәсіпорындардың жаппай жабылуы да жоқ, бұл позитивті нышан.

     Пайдаланылған әдебиет:

  1. Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003ж
  2. Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001ж.
  3. Финансы в вопросах и ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова, д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 г.
  4. www.nationalbank/kz
  5. www.daf.kz
  6. www.minfin.kz

Информация о работе Қаржы – экономикалық дағдарыстан кейінгі Қазақстанның қаржы секторының жағдайы: банк жүйесі проблемалары және шешу жолдары