2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Қолданылған әдебиет

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі2.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар 

  Кіріспе

1. Ақшаның мәні және қызметтері

   1.1 Ақшаның  шығу тегі

   1.2 Ақшаның  қажеттілігі мен экономикалық  мәні

   1.3 Ақшаның  қызметтері және олардың қазіргі  жағдайдағы дамуы 

2. Ақша айналысы және ақша жүйесі

    2.1 Несие  ақшалар 

    2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы

    2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша                                              қаражаттарының құрылымы 

3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

   

     Қолданылған әдебиет

     

     Қорытынды

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан  Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен  тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

      Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандарының  төлемділігін анықтау және оларды айырбастау тәртібін белгілейді әрі бұл жөнінде баспасөзге жарияланады.

      Егер  банкнот бетінің жартысынан көбі сақталған болса, Қазақстан Ұлттық банкі тозған және бүлінген банкноттарды шектеусіз айырбастайды. Жоғалған немесе жойылған банкноттар мен тиындарға  өтем жасауға міндетті емемс.

      Қазақстан Ұлттық банкі тозған және бүлінген банкноттарды өзі белгіленген ережеге  сәйкес айырбастайды.

      Банкноттар  мен тиыцндарды құқыққа қайшы  жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы  ақша қаражатының санкциясын эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар қолданып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық және мүлікітік жауаптылыққа тартылады.      

      Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (Ұлттық валютасы) Қазақстан ттеңгесі болып табылады. Қазақстан теңгесі жүз тиынан тұрады.  Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттар мен тиындардан тұрады.

      Банкноттар  мен тиындардың көрсетілген құнының  құрылымын Қазақстанның Ұлттық банкі  белгілейді.  Қазақстан Республикасында бірден –бір заңды төлем құралы Қазақстан теңгесі болып табылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақша қаражатты шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алу бірде – бір Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындарды аудару баламасын ала отырып, банктерге сату нысанында жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылады және оның барлығы активтерімен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Ұлттық банкі алтын – валюта резервінің көлемі туралы бұхаралық ақпарат  құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.

      Қазақстан Ұлттық банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың  белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге енгізу және ақша аудару үшін қабылдауға міндетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсталынады және айырбасталады.

1. Ақшаның мәні және қызметтері 

    1. Ақшаның шығу тегі
 

   Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасыланған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбасқұны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өзбетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.

   Әрбір ерекше таар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауалар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бірін-бірі табады және өзара бір-біріне ауысады.

   Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылды (1 балта=5 құмыра, 1 қап бидай және т.б.).

Тауар өндірісінің дамуы барысында  кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы  тауар массасының ішінен барынша  жиі айырбасталатын тауардың бөлініп  шығуымен құнның жай формасы толық  формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

   Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

   Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде падаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латының сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “”рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун,  старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

   “Капитал” сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

   Солтүстік халықтапры ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлмде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алып орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 рубль жүн табылды.

   Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулардың сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардыңқызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.

   Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізгі дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдардың басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылады.

   Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Ява аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәселесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

   Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер  мен жер игерушіліердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік  мінездемелері бар эквиваленттер  пайда болды. Бұл аз бұзылатын  өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.

   Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылады. Рим императоры  Дионисий Сиракуз және ортағасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылады. XYII ғасыр Солтүстік Америкада (Массчусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

   Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесінақтылана түсті.

   Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

   Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бір уыс шеге” деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

   Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

   Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. 

    1. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
 

  Ақшаның өмір сүруіндегі обхективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді.     Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

   Бірақ XVI ғасырдың басында (1546ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің “Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап” деген еңбегінде: “Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру зағ тәртібімен қатағ жазаланатын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмтылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді”.

Информация о работе 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер