Қызмет және бейкоммерциялық іс-әрекеттер маркетингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2011 в 16:20, лекция

Описание

Соңғы үш онжылдықта осы заманғы экономикалық даму бағытының бірі болып өте тез кеңейіп келе жатқан қызметтер саласы танылады. Мамандардың айтуынша қызметтер саласындағы маркетингті бағыттау болса тағы да маркетингтің үш «Р» қолдануды талап етеді: персонал (people), материалды куәліктер (physical evidenze) , қызметтерді ұсыну тәсілі (prozess).

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

    Ұйым  маркетингі оның қол жеткен бейнесін (образ) бағалауды және оны жетілдірудің маркетингтік жоспарын өңдеуді алға тартады.

    Атқарылып жатқан іс-қимылдардың оның бейнесін жақсартуға әсері бар –жоғын анықтау үшін ұйым ара-тұра өзінің аудиторияларын зерттеуін қайталап отыруы керек. Қаражат-құралдардың тапшылығынан және бейненің тұрақтылығынан өзгеріс тез бола қоймайды. Егер прогресс болмай жатса, онда не ұйымның іс-қимылында, не коммуникацияда қандай да бір ақау болғаны.

    Жеке  тұлғалар маркетингі – бұл нақты тұлғаларға деген көзқарастар мен қылықты қалыптастыру, қолдау немесе өзгерту үшін атқарылатын іс-қимыл.

    Бұл қызметтің ең көп тараған екі  түрі-атақтылар маркетингі және саяси кандидаттар маркетингі.

    Атақтылар маркетингі бүгінгі таңда «жұлдыздар»  шеңберіндегі шуды елестетеді. Пресс-секретарь  «жұлдыз» туралы ақпараттық материалды  БАҚ-да орналастырады және актердің шығуын ерекше назар аударылатын  орындарға байланыстырып жоспарлайды. Осы маркетингтің үздік шебері импресарио Брайан Эйштейн болған, ол «Битлз» ансамбліне даңқ жолын ашты да және квартет мүшелерінің кез-келгенінен артық қаражат тапты. Менеджерлер болса «жұлдыздардың» өміршеңдік циклі ұзақтығы бойынша бірінен бірі ерекшеленетінін және көбіне өте қысқа болатынын мойындауға тиіс.

    Саяси кандидаттар маркетингі - қызметтің орындаушылардан (политехнологтардан) арнайы мамандануды талап ететін, ірі саласына айналды. Сайлаулардың маркетингтік жайларына қызығушылық саясаттық жарнаманың көз ілеспейтіндей жылдам өсуінен өршіп отыр. Қоғамдық пікірді зерделеудің ғылыми әдістері кең тарап барады, сайлаушылардың дауыстарын компьютерлік талдау қолданыла бастады, сайлау науқанын өткізетін маманданған фирмалар пайда бола бастады.

    Орындар маркетингі - өзіне жаңа пәтер іздестіруші немесе демалыс орындарын таңдаушы адамдар орындар маркетингімен таныс келеді. Орындар маркетингі – бұл нақты орындарға қатысты көзқарастарды және қылықтарды қалыптастыру, қолдау және өзгерту үшін атқарылатын іс-қимыл.

    Баспана (тұрғын-жай) маркетингі тұрғын үйлерді  салудан және оларды белсенді түрде  сатуға немесе жалға ұсынудан тұрады.

    Жерге меншіктің инвестициялары маркетингі құрамына жер учаскелерін өңдеуді  және сатуды енгізеді. Әртүрлі елдерде жер саудагерлері ұсынылмақ учаскелерге мүмкін деген капитал салушыларды қызықтыру үшін күрделі маркетингтік бағдарламалар жасайды.

    Демалыс орындары маркетингі демалушыларды  және туристерді курорттарға, нақты  қалаларға, елдің аймақтарына қызықтырып тартуды мақсаттайды. Мұнымен серуендеу бюролары, авиакомпаниялар, қонақ үйлер, мемлекеттік мекемелер шұғылданады. Бірақ кейбір жерлерде, керісінше, демаркетинг жүргізіледі. Финляндия жекелеген аймақтарда туристер демалысын шектеген, өйткені бұл жерлерде адамдардың топырлап келуі пайда емес зиян келтіретін болған.

    Идеялар маркетингі - маркетингтің қай түрі идеялар маркетингі болып табылады, мейлі бұл тіс тазалау идеясы немесе тіс пастасын пайдалану идеясы болса да. Мысалы, темекі шегумен, алкогольмен, наркотикпен күресу-бұл қоғамдық мәнді идея. Бұл саланы қоғамдық маркетинг деп атайды.

    Қоғамдық  маркетинг – бұл қоғамдық идеяны қабылдауға қол жеткізу мақсаты болатын бағдарламаны өңдеу, іске асыру және орындалуын бақылау. Мақсатты топтың қолайлы жауап реакциясына қол жеткізу үшін рынокты сегменттеуге жүгінеді. Тұтынушыларды зерделейді, бағдарламаларды және коммуникацияларды өңдейді. Ұғынуды жеңілдету тәсілдерін және ынта-қозғауыштар өңделінеді, алмасу теориясының тәсілдері қолданылады.

    Қоғамдық  маркетингтің кейбір мақсаттары:

  • түсінікке қол жеткізу;
  • мінез –құлықтық дағдыларды өзгерту;
  • негіз қалаушы ұстанымдарды өзгерту (қарсылық көрсетушілерді жеке меншік құқығына сендіру).

    Қоғамдық  маркетингте маркетинг кешенінің  рөлі мен маңызы дағдылы маркетингке  қарағанда жоғары. Қоғамдық өзгерістерге қол жеткізу стратегиясын өңдегенде маркетингті жоспарлау үрдісінің барлық кезеңдері қарастырылады:

  • мақсаттар қою;
  • мақсатты топтың сенімдерін, қатынастарын, құндылық ұстанымдарын талдау;
  • коммуникацияның нұсқауларын өңдеу және бағалау;
  • коммуникацияны іске асыру;
  • нәтижелерді бақылау және бағалау.

    Қоғамдық  маркетинг әлі жас, бірақ ол қоршаған ортаны қорғау, жол қауіпсіздік салаларында  жемісті  қолданыс тапқан.

    Білім беру маркетинг - білім беру маркетингі өте қарқынды дамуда. Қазіргі заман экономикасында ол екі жақты рөл атқарады. Біріншіден, бұл экономикалық дамудағы білімнің ерекше маңыздылығымен байланысты. Қазіргі заман технологиялары дамыған елдерді өмір сапасына және жоғарғы деңгейге қол жеткізді. Жаңа технологиялардың кімге де болса мүмкіндігі бірдей, бірақ оның тарауы халыққа білім жүйесінен және деңгейінен тәуелді. Осылайша, білім беру маркетингі білім идеясын таратумен байланысты.

    Екіншіден, әлемнің көптеген елдерінде оқу  орындары бюджет қаражаты, демеушілік және білім беру қызметтерден түсетін қаражат негіздерінде ұсталады. Қаржыландыру көздерінің көптігі білім беру жүйесі ұйымдардың көпшілігі үшін маркетинг кешенін кеңейтіп отыруды талап етеді. Отандық экономиканың құлдырау кезеңінде мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы ақылы білім берудің және сәйкесінше білім беру маркетингінің қарқынды дамуына себеп болды. 

    Білім беру маркетингінің ерекшеліктері  бұдан басқа рыноктың білімді  аттестат және дипломдар түрінде  ресми материалды алға тартуды қалайтынына  да байланысты туындалады.

    Білім беру рыноктарының, түрлерінің, технологияларының алуан түрлілігі бұл салада маркетинг кешенінің құралдар және әдістерінің түгел арсеналын пайдалануды шартты қалыптастырады. 

    Ұсынылатын  әдебиеттер: 2 нег. [172-180], 9 нег. [479-486] , 2 қос.[7-27,39-85].

    Бақылау сұрақтары:

    1. «Қызметтер» түсінігіне не жатады, қызметтің тауардан сапалы айырмашылығы  қандай?

    2. Қызметтерді жіктеудің қандай  белгі-негіздерін (признаки) білесіз?

    3. Қызметтерге сұраныс және ұсынысты  үйлестірудің әдістерін атаңыз.

    4. Қызметтерді жылжытудың негізгі тұғырнамаларын атаңыз.

    5. Бейкоммерциялық маркетингтің қандай  ерекшеліктерін білесіз?

    6. Ұйымдар маркетингінің мәнін  түсіндіріңіз?

    7. Білім беру маркетингін сіз  қалай түсінесіз? 

Информация о работе Қызмет және бейкоммерциялық іс-әрекеттер маркетингі