Сіздің фирмаңыздың маркетингтік бағдарламасының мәні неде?
Реферат, 01 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Жалпы тиімді маркетингтік бағдарлама мен дұрыс ұйымдастырылған стратегиялық жоспары жоқ фирманың – болашағы да жоқ. Кез-келген кәсіпорын үшін басты мақсаттардың бірі – тұрақты өнім өндіру немесе қызмет көрсету деңгейін көтере отырып, алға қарай жылжып, жаңа биіктерге қол жеткізу, өсу және жан-жақты даму.
Работа состоит из 1 файл
marketing-plan.docx
— 16.24 Кб (Скачать документ)
Сіздің
фирмаңыздың маркетингтік
бағдарламасының мәні
неде?
Жалпы
тиімді маркетингтік бағдарлама мен
дұрыс ұйымдастырылған
Біздің қонақ үйіміздің маркетингтік бағдарламасының мәні: клиенттердің сұранысын толық қанағаттандыру, ең бастысы – сұранысты арттыру үшін және жалпы пайда көлемін өсіру мақсатында қазіргі жағдайдағы нарықты зерттей отырып қонақ үйдің қызмет көрсетуін өңдеуді, жақсартуды ұйымдастыру.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру әдістері:
- Жарнама. “Vavilon” қонақ үйінің жағымды бейнесін құру мақсатында жасалған көпшілікпен байланысу жүйесін құру. Соның ішінде біз PR-ң (public relations) қызметін пайдаланамыз: халыққа қонақ үй туралы жағымды ақпарат тарату, көпшіліктің ой-пікіріне ықпал ету, фирманың жақсы имиджін құру, беделін көтеру:
- баспасөздерге мақалалар жариялау;
- радио, теледидардан материалдар беру;
- пресс-конференциялар ұйымдастыру, ресми мәлімдеме жасау, компания пікірлерін елге жариялау үшін БАҚ(СМИ) өкілдерінің алдында баяндау;
- Баспа өнімдерін - бланктер, визиткалар тарату;
- Қонақ үй қызметі жөнінде клиптер, презентациялар, деректі фильмдер көрсету.
- Келесі пайдаланатын әдісіміз – жеңілдіктер. Бізде оның келесідей түрлері қарастырылады:
- тұрақты келіп тұратын клиенттерімізге барлық көрсетілетін қызметтерге 10% жеңілдік (бұл оларға жеңілдік карточкасын беру арқылы жүзеге асады);
- демалыс күндері келген клиенттерге берілетін номерлерге 5% жеңілдік;
- люкс номеріне тапсырыс бергендерге номер бағасына кіретін әр күнгі таңғы ас (шведский стол);
- қонақ үйде 10 күннен аса уақыт тұрып жатқан тұрғындарға көрсетілетін жеңілдік: мысалы, қызмет-сапармен келген бизнес-клиент стандарт номерге төлесе, 10 күннен кейін оның сәйкесінше төлемі
арзандайды.
Бұл бизнес-сапармен немесе басқа да
мақсатпен ұзақ уақытқа келген клиенттерге
басқа қонақ үйлермен салыстырғанда Vavilon
қонақ үйін таңдау тиімді екенін көрсетеді.
- Стратегиялық жоспарымызға сәйкес болашақта “Vavilon” қонақ үйінде көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту:
- Сауықтыру кешенін ұйымдастыру, оның ішіне кіретіндер: бассейн, сауна, массаж, тренажер-залы және болашақта фитнес-орталық құру;
- Әуежай мен темір жол вокзалымен байланыс орнатып, клиенттерге қонақ үйде отырып әуе және темір жол билеттеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, сонымен қатар әуежайға жеткізу, ақысыз транспорт қызметі (трансферт из\в аэропорт);
- Қонақ үйдің алғашқы қабатының бір бөлігінде азық-түлік пен басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыратын товарлар сататын шағын-маркет құру;
- Екінші қабатта шағын кино-зал мен әсемдік салоны құрылады, кино-залда соңғы шыққан фильмдер көрсетілімі жүреді;
- Сонымен қатар қонақ үй территориясында жастарға арналған белгілі бір кешкі уақытта жұмыс жасайтын диско-клуб пен балалы жанұяларға арнайы балалар ойын-сауық алаңы құрылысы жоспарлануда; көлемі шағын диско-клубта – тұтынушыларды қанағаттандыратын бар бөлігі мен би алаңы және шағын жай орындар мен бөлек vip-бөлмелер болады;
- Бизнес-клиенттерге арнайы 70 адамдық конференц-зал құру, мұнда клиенттердің әр түрлі конференциялар, бизнес-семинарлар өткізуге мүмкіндігі болады;
Бұл мәселелерді жүзеге асырудағы мақсатымыз – тұтынушылар саны мен жалпы пайда көлемін көтерумен қатар қонақ үй құрылымын да мезгілімен өзгерту, жай көпшілікке арналған қонақ үйден инфрақұрылымды кеңейту жолымен болашақта толық қажеттіліктерді қанағаттандыратын категориясы 5 жұлдызды бизнес-отельге дейін өсу.
- Сонымен қатар интернетте “Vavilon” қонақ үйінің веб-сайтын құрып, клиенттерді барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету (сетевой маркетинг) және олардың қонақ үйге алдын ала интернет көздері арқылы номерлерге тапсырыс беруін ұйымдастыру (сетевое бронирование);