Еңбекақының экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 17:05, курсовая работа

Описание

еЕңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Еңбек ақының мән Лаураі.docx

— 23.58 Кб (Скачать документ)

 Еңбекақыға, жалақыға жан-жақты сипаттама  беру үшін оның шыққан тегін,  негізін анықтап алу керек.  Ол жалпы табыс (валавой доход), былайша айтқанда жаңа алынған өнім. Оның құрамы екі бөлектен тұрады. Бірі– еңбекақы қоры, екінші – таза табыс.

 Еңбекақы  қоры– қажетті өнім, яки қажетті  еңбектің баламасы, қажетті жұмыс  уақытының туындысы, оның материялдық  болмысы– жалпы табыс. Осы  жалпы табыстың екі бөлімі  бар. Бірі еңбекақы қоры, екіншісі–  таза табыс.

 Еңбекақы (жалақы) осы қордың есебінен өтеледі.  Таза табыс, немесе қосымша  өнім болса, ол қосымша еңбектің, яки қосымша жұмыс уақытының  туындысы. Мұныың есебінен қоғамдық  тұтыну қорлары жасалады. Ол мемлекетке  тиісті алым-салықтар өтелген  соң қоғам мүдесіне, яки еңбекке  баламаланбай, тегін пайдаланылады,  тегін таратылады. Мәскелен, зинетақы (пенсия), жәрдем (пособие), степендия,  ақысыз білім алу, емделу, бала  бақшалар мен мектеп, оқу орындарын  қаржыландыру дене шынықтыру  және туризм мүдделеріне т.б.  қоғам қажеттеріне жаралады. Оны  мұны төмендегі схемадан көруге  болады.

 Қазіргі кезеңде  біздің жалпы табысты бөлудегі  ең үлкен кемістік қажетті  өнім мен қосымша өнімнің, яки,  еңбекақы қоры мен қоғамдық  тұтыну қорларының ара қатнасын (попорциясын) дұрыс белгілемей, реттемей келеміз. Еңбекақы қорларына  жалпы табыстың 20-30% ғана жұмсап, қалғанын, яғни басым көбін қосымша  табысқа (чистый доход) жіберіп  клеміз. 
 
 

 Өркениетті  елдерде жұмыскерлердің жалақысына  жалпы табыстың 70-75% бөлінеді. Сондықтан  да олардың еңбекке деген ықыласы  зор. Демек істелген жұмыстың  да нәтижесі де жоғары, өндірілген  өнім де мол, оның есебінен  өтелетін жалақының мөлшері де  жеткілікті.

 Еңбекақының  арғы атасы– жалпы өнім, яғни  барлық өндірілген өнімнің жиынтығы.Оның  өзі екі түрлі бөлімнен тұратыны  белгілі: Жалпы табыс (ваовой  доход) ен материялдық өндіріс  шығындары (құрал-саймандар-машина, трактор, комбайн, соқа– саймандар  мен жөндеу бөлшектері,ұрық, тұқым,  тыңайтқыш т.б.). Біріншісі, жоғарыда  айтыландай, нақтылы,жаңа (тірі) еңбектің  құнынан тұрады. Екіншісі, өндіріс  шығындары, бұрынғы, заттандырылған  еңбектің құнынан тұрады. Демек,  әлемдегі барлық заттар, өнімдер,  еңбектен жаратылған, еңбектің туындысы.

 Адам да  еңбекпен жаратылған, еңбектің туындысы. Демек, еңбектен сыйлы , еңбектен  қадірлі ешнәрсе жоқ. Ол барлық  дүниенің көзі, негізі, тетігі.

 Сөйтіп, біз  жалақының шығу көзін,шығу тегін  ашып алдық. Енді жалақының  мән – жайы , ішкі дүниесі мен  құрамы туралы сөз етелік .

 Еңбекақы  төлеу жөнінде анықтама жасау  күрделі мәселе болып отыр . Өйткені  , бұл туралы авторлар әр түрлі  пікір айтып жүр . Біреулер  – оны қоғамдық табысты бөлудің  формасы , түрі десе, екіншісі–  мекеме, өнеркәсіппен жұмыскер арасында  есеп айырысу тәсілі, ал үшінші–  жұмысшыға атқарған еңбегі үшін  кәсіпорынның «қайтарма әрекеті»  деп түсіндіреді. Ал, осыған орай  бұл қайтарма әрекетінің негізгі  мәні не деген заңды сауал  туады. Шындығында оның мәні  істелген еңбек үшін оның саны  мен сапаасына қарай ақы төлеуде.  Осы тұрғыдан алып қарағанда  Д.В.Швейцердің жалақыны «жұмысшы  мен қызметшінің жасаған жұмыс  күші үшін төленетін еңбек  ақысы» деген анықтамасы дұрыстау  келсе керек. Дегенмен бұл анықтамада  жалақының өзіне тән ерекшеліктері  мен ринциптері қамтылмағаны  сезіліп тұр . Бұған қарағанда  А.Е. Пашерстиниктің 1949 жылы жарық  көрген «жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбегіне ақы төлеудің құқықтық  мәселелері» деген іргелі әрі  

 көлемді деген  еңбегінде берілген анықтамасын  дұрыс деп қолдағымыз келіп  тұр: «Жалақы дегеніміз еңбектік  құқық қатынастарының элементі  ретінде кәсіпорын, мекеме немесе  ұйым жұмысшылар мен қызметшілердің  еңбегі үшін оеың саны мен  сапасына қарай алдын-ала берілген  норма бойынша төленетін еңбекақысы, еңбектің баламасы».

 Бұл анықтама  дұрыс деп отырған себебіміз  біріншіден , ол жалақыны еңбекақы  деп , еңбектік құқық қатынасының  элементі деп тура айтып отыр . осы ретте ол еңбек құқығының  сабағына жатады .

 Азаматтық  құқық қатынасында ақы телеу  жалгерлік , тапсырма және авторлық  шығармашылық келісімдері бойынша  өтеледі . Оның мөлшері заттың (товардың) құны бойынша өлшенеді. Сөйтіп оған таза, нақтылы еңбекпен  қатар заттандырылған еңбектің  құны енеді. Ал, еңбектің құқық  қатынастарындағы еңбекақы мөлшері  тек таза, нақтылы еңбектің құнымен  есептеледі. Осыған байланысты еңбекақы  ұғымы құқықтың әр салаларының  сабақтық құрамына жатады. Біріншісінде  кооператив құқығына, екіншісінде–  азаматтық құқығына, үшіншісінде–  еңбек құқығына тән. 

 Сондықтан  еңбекақы тек еңбек құқық қатынасына  тән деген А.Е Пашерстниктің  ұғымын дұрыс деп айта алмаймын, өйткені оның мағынасы әр қайсысында  әр түрлі. Мәселен, кооператив  құқығында кооперативке мүшелік  қатынастармен қоса соның құрамында  бірге жүреді. Азаматтық құқығындағы  ақы товарлық, ақша-қаржы қатынастары  арқылы анықталады. Ал, еңбек құқығындағы  жалақы болса, ол жұмсалған  ңбектің саны мен сапасы арқылы  өлшеніп, таза, нақтылы еңбектің  құны деп белгіленеді.

 Енді тағы  бір анықтаманы аңғарып көрейік.  Соңғы кездегі әдебиетімізде  келтірілген анықтаманың бірі  М.И. Палладина осы проблемма  туралы жазған докторлық диссертациясында  кездестірдік. Онда жалақы былай  деп түсіндіріледі: «Негізгі қажетті  өнімнің ақшалай баламасы, кәсіпорын  (мемлекеттік, колхозаралық,колхоз), мекеме немесе ұйым жұмысшылары  мен қызметшілерге еңбегі үшін  оның саны мен сапасына қарай  алдын-ала белгіленген норма бойынша  және мемлекет анықтаған төменгі  мөлшерден кем  

 етпей төленетін  еңбекақының. Ал колхозшылардың  еңбекақысының өндірілген қажетті  өнімді бөлудің негізгі формасы  деп анықтайды. Бұл анықтамаларды  кемістіксіз деп айтға болмайды. Мұнда ауыл шаруашылық қызметкерлерінің  еңбекақысын төлеуді олардың  әр түрлі категорияларына лайықты  келтіріп отыр. Мұндағы келіспейтін  жеріміз колхоздың қажетті өнімі  «негізгі» немесе 

 «қосымша»  түрге бөлінбейді, қажетті өнім  дегеніміз бір тұтас ұғым, ол  еңбекке бөлінуге арналған колхоздың  жалпы табысының бір бөлігі. Ол  барлық қажетті өнімнің жиынтығы  болып колхоздың еңбекақы қорын  құрайды,сөйтіп ол тек қана  еңбекақыға ғана төлеуге арналған. Сондықтан ол тек осыған ғана  жаратылу ы тиіс, соған жұмсалады.

 Ал, қосымша  ақы болса оған жоспардан тыс  артық алынған қосымша өнім  есебінен өтеледі. 

1.3. Жыл қортындысы  бойынша берілетін еңбекақы.  

 Жыл қортындысы  бойынша берілетін еңбекақы жүесіне  тоқталатын болсақ. Еңбекақының  бұл түрі Қазақ ССР Еңбек  кодексінің 87-бабында көрсетілген.  Ол негізгі жалақыдан тыс 1995ж  қарашаның 4-күні СОКП ОК 

 және КСРО  Министрлер Кеңесі қабылданған  еңбекшілердің материялдық ынтлылығын  көрсету үшін жыл қортындысы  бойынша табысты істеген кәсіпорын  және мекемелерде төленетін ақы.  Ақы алынған табыс есебінен  арнайы құралатын қор есебінен  беріледі. Оның мөлшері жұмысшының 1. Табыс алуда қосқан үлесіне; 2. Кәсіпорында, мекемеде істеген  жұмыс уақытының ұзақтығы мен  жұмыс стажына байланысты. Жыл  аяғында алатын ақының мөлшері  жалпы алынған табыстың көлеміне  байланысты.

 Құқықтық  реттеу тәртібі әр кәсіпорын,  мекеме кәсіподақ ұйымымен бірге  қабылданған арнайы ережелер  арқылы жүргізіледі. Демек, бұл  көрсетілген еңбекақының болмысы  кәсіпорын, мекеме, жұмысшы қызметшілерінің  жұмыстарының нәтижелілігінде , табыс көлеміне тығыз байланысты. Мақсат– еңбекшінің жұмыстағы  ынта –жігерін марапаттап  

 көтермелеу. Ал, төмен ақының мөлшері, жоғарғы  және төменгі деңгейлі шектелмеген. 

 Ендігі мәселе  жалақы мен қоғамдық тұтыну  қорлардың ара қатынасы туралы. Жалақы болатын болса, ол өтелген  еңбекпен тығыз байланысты, сонымен  қайнап піскен деуг болады. Ал  қоғамдық тұтыну қорларды алатын 

 болсақ (зейнетақы,  жәрдемақы, степендия және т.б.) олардың еңбекпен тікелей байланысы  жоқ. Көбіне олардың кшкгі өткен  еңбекпен, өтелген еңбек стажына  қарай байланысы болуы мүмкін. Мәселен, зейнетақыны алайық оның  тағайындалуы мен мөлшері кешегі  өтелген еңбекпен, атқарған жұмыс  стажына байланысты. Ол жалақы  сияқты нақтылы еңбектің саны  мен сапасына қарай өлшенбейді. Оқушылар степендиясын алсақ,  оның нақтылы еңбекке ешқандай  қатысы жоқ, тек оқуында дұрыстап, үлгеріп оқысаң болғаны. Сондай-ақ  ауырып қалғандар үшін, екі қабат,  бала туған әйелдер үшін берілетін  жәрдемақы да солай, олардың  еңбектің саны мен сапасына  қатысы жоқ, нақтылы еңбекпен  өлшенбейді, тек еңбек ұжымында  мүше болсаң болғаны, тиісті  жәрдемақы алуға құқылысың.

Информация о работе Еңбекақының экономикалық мәні