Шпаргалка по дисциплине "Экономическая теория"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 11:00, шпаргалка

Описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Экономическая теория" на казахском языке.

Работа состоит из  1 файл

ekonom_teoria_shpory.docx

— 80.36 Кб (Скачать документ)

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

37. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

-жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

-кәсіпкерлердің машиналар мен  жабдықтар сатып алудан тұратын  және құрылыстар мен айналым  қорларының өзгертуге жұмсалатын  барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

-тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

-таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;  G – мемлекеттің сатып алуы;  І – жалпы  инвестициялар,

             Х – таза экспорт.

Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық  төлемдер; I – жинақ капиталының  пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

38. Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық  ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың  сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй  шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға  деңгейінде  жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу  қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. 

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін  тигізеді:

  • Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
  • Нарықтық құрырылымы.
  • Өнімділік.
  • Құқық  заңдылық  нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю  нәтижелері жиынтық ұсыныс  қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.   

39. Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

  • ЖҰӨ есептеу арқылы.
  • ЖҰӨ-ң  жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу- ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен %- пен  есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады.  Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

-қоршаған ортаның ластатуына  әкеледі;

-кейбір тұрғындарда болашаққа  деген сенімсіздікті тудырады;

Экономикалық өсу көптеген факторлермен анықталады: ұсыныс факторлері, сұраныс факторлері және бөлу факторлері.

Ұсыныс факторлері: жиынтық ұснысқа әсер ететін факторлер.

Сұраныс факторлері: жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлер.

Бөлу факторлері: ресурстар өнім артуын қамтамасыз ететіндей бөлінуі тиіс.

Өсу факторлеріне экономикалық өсудің екі моделі қарастырылады:

Көп факторлы модель: аталған факторлерінін барлығының әсерінен болған экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл модельді өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Екі факторлы модель: еңбек және капитал арқылы болған экономикалық өсуді сипаттайды.

40. Циклділік-  экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

   Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

   Экономикалық цикл-  ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын  бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және  өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа  келесілер тән:

  • қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:
  • еңбекке сұраныс азаяды:
  • тауарлар бағасы төмендейді:
  • пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

  Ең төмеңгі  дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

          2 фаза-депрессияға келесілер тән:

  • өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;
  • тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;
  • процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

  1. фаза-жандануға келесілер тән:

-нарықтың жаңа жағдайларына  бейімділген кәсіпорындар тауар  өндірісін арттыра бастайды;

-жұмыссыздық қысқара бастайды;

-инвестициялық процестер жанданады;

-баға және процент ставкасы  артады.

  1. фаза-өрлеу келесілер тән:

-ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

-жұмысыздық толығымен жойылады:

-баға және процент өсуде.

41. Әлеуметтік мәселелерді реттеу  ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге  мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық,  мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

42. Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмыс бастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі- жұмыссыздар санының  жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады. 

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында  сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

 Циклдік жұмыссыздық -  экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық- экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде (алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі=жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

43. Инфляция- орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) –бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық  және жабық –біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (жорғалап жүруші) -баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200 % дейін.

Гиперинфляция-  баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.

Күтілген және күтпеген.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық  сұраныстың)  артықшылығынан пайда болады. 

Шығындар инфляциясы- өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.

Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.

Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол немесе болатындығына байланысты. Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, бұл байланыс Филипс қисығы (АD).  Жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі.

44. Экономиканы мемлекеттік  реттеу (ЭМР)- мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен  байланысты:

1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;

2-шісі   қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

1.Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін  бақылау.

2.Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

1.2. жанама:  несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

45. Өндіріс факторларының  нарығы –жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының сферасы. Кез- келген тауардың нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасын, солардың әсерінен қалыптасатын бағаны туындайды.

Өндіріс факторлерінің нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары жүзеге асады.

Өндіріс факторларына сұраныстың   ерекшелігі:

1. соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда екіншілік сипатта,  демек оларға сұраныс тұтыну тауарларын өндіруге қажет болғанда ғана туындайды.  

2. өндіріс факторларына сұраныс  осы фактор көмегімен өндірілетін  тауарға сұраныстың көлеміне  байланысты жоғарлайды немесе  төмендейді. Мысалы: бидайға сұраныстың артуы оны егетін жерге деген сұранысты арттырады.

3. өндіріс факторлеріне сұранысты кәсіпкер және мемлекет білдіреді.

Нарықта іс жүзіндегі баға деңгейінде ұсынылатын өндіріс факторлері - өндіріс факторлерінің ұсынысын туындайды. Өндіріс факторлерінің ұсынысын оса факторлерге сұраныс тудырады. Бірақ оның ерекшеліктері бар:

1. экономикалық ресурстардың щектеулігі, мысалы жер ұсынысы.

2. өндіріс факторлерінің ұсыныс  нарығы ресурстар шектілігі заңының  арқасында қызмет етеді. Егер олар шексіз болса, олар су сияқты ақысыз болар еді, тұиынушылар қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған болар еді.

46. Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Оның типтері: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Экономическая теория"