Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:28, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің қалыптасу концепциясын қарастыру және оны пайдалануда туындайтын проблемаларды анықтау.

Содержание

Тарау 1 Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2. Бюджеттің атқаратын қызметі және оның құрылымы
1.3. Бюджет процесі
Тарау 2 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасу сипаты
2.2. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау
2.3. Бюджет балансы мен бюджет тапшылығы
Тарау 3 Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.
3.1. Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.
3.2. ҚР дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері.
3.3. Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ 1 КУРС ЭКОНОМ ТЕОРИЯ.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

2) толымдылық  принципi - бюджетте және Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорында  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистiк  принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк  принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;

5) дәйектiлiк  принципi - мемлекеттiк органдардың  бюджеттiк қатынастар саласында  бұрын қабылданған шешiмдердi  сақтауы;

6) нәтижелiлiк  принципi - мемлекеттiк органдардың  стратегиялық жоспарларында көзделген  тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге  қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару.

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Бюджет  процесі

Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.

Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік коммиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

Бюджеттік коммиссиялардың құзырына мыналар кіреді:

- алдағы үш  жылдық кезеңге орта мезгілді  фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар  талдау жасау;

-тиісті қаржы  жылына арналған бюджеттер жобаларының  көрсеткіштерін айқындау жөнінде  ұсыныстар талдап жасау;

-алдағы үш  жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыруы механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап жасау;

-республикалық  немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап жасау;

-тиісті қаржы  жылына арналған бюджеттерді  нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап  жасау;

-бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау                нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап жасау және өзге де өкілеттіктер.

Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі  мынадай кезеңдерді кіріктіреді:

1)Алдағы қаржы  жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;

2)Ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар мен бюджеттік  даму бағдарламаларына арналған  шығыстардың лимиттерін айқындау;

3) Республикалық  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік өтінімдерді жасауы;

4) Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

5)Алдағы қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңның жобасын  әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады. 

 

Тарау 2  Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының  ерекшеліктері

2.1. Бюджеттік  құрылымның қалыптасу сипаты

Қаржылық байланыстардың орасан зор әралуандығына жеке ортақ  ерекшеліктерімен көзге түсетін  оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге  болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды.

Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқалы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінд көрінеді.

Мемлекеттік бюджеттің  сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюжетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау    оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.  Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Шығындар мен  салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (Сурет 2):

14.2 сызба. Қазақстан  Республикасының жүйесі

    


 



 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

-республикалық  бюджет;

-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджеті;

-ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше  немесе соғыс жағдайында төтенше  мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

1991 жылы Қазақстан  Республикасының бюджет жүйесі  түбірлі өзгерістерге ұшырады.  Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік  бюджеті, басқа одақтас республикалардың  мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне  кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Бюджет кодексіне  сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер  кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.

  2.2 Бюджеттің кірістері мен шығыстарының  құрамы мен құрылымын талдау

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен  шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдардағы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы төмендегідей мәліметтермен сипатталады (кесте).

 

 

 

Кесте. ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері.

ЖІӨ-ге мемлекеттік  бюджет кірістері %-бен

Көрсеткіштер  атауы 

2009 жыл 

2010 жыл 

2011 жыл 

2012 жыл 

2013 жыл 

Кірістер 

13,4

12,0

11,5

11,2

10,9

Салықтық  түсімдер

12,7

11,3

10,9

10,6

10,3

Салықтық  емес түсімдер

0,4

0,4

0,3

0,3

0,3

Негізгі капиталды сатудан түсімдер

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

Е с к е  р т у.

Информация о работе Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері