Тойота Мотор Корпарациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:57, реферат

Описание

Toyota Motor Corporation (トヨタ自動車株式会社) - Toyota Motor Corporation Toyota Group-тің негізгі мүшесі болып табылады. Негізгі өндіріс бағыты көлік шығару: жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, құрылыс техникасы, робот жасау, қымбат коттедждер салу және т.б. салалар.

Содержание

1. Тойота компаниясының тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Тойота компаниясының басқару құрлымы және өндіріс құрлымы . . . 12
3. Тойота компаниясының инновациялық қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
4. Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
5. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

Работа состоит из  1 файл

TOYOTA.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

1962 жылы ішкі нарыққа арналған миллионыншы көлік шығарылады. 1963 жылы сәуiрде Австралияның Мельбурн қаласында "Toyota"-ның шетелде жасалынған алғашқы жеңiл көлiгi конвейерден тұтынушыларға жол тартты.

1966 жылы компанияның болашақ бестселлерлерінің бірі Toyota Corolla бірінші данасы шығады. 1967 жылы Эйджи Тойода(Eiji Toyoda) компанияның президенті болып сайланады, өзінің алдындағы Тойотаның басшылары секілді Эйджи да компания батыс фирмаларынан басқаша жұмыс істеу керек екенін түсінеді. Эйджи алдыңда өндірісті жетілдіріп, ресурс шығындарын барынша төмендету мақсаты тұрды. Компанияның дамуы оның шығарған көліктерінің қаншалықты сапалы құрастырылғаны, қаншалықты сәтті жобаланғанына байланысты екеніне сенімді болады. Осыған байланысты Эйджи өндіріс TMC-дің маңызды бөлігі деген ұран ұстанып, ал инженерлер мен жобалаушылардың міндеті өндіріс персоналының өз міндеттерін барынша жақсы атқаруына мүмкіндік беру болып табылады. Және да компанияда құрастыру жүйесіндегі жұмысшылардың статусы біршама көтерілді. Осы кезде Daihatsu (Дайхацу)-мен екі жақты келісімге қол қойылады және Hino Motors Тойотаның бір бөлігіне айналады.

1969 жылы Тойота өзінің миллионыншы көлігін экспорттады және компанияның ішкі нарықтағы компанияның сату көлемі 1 миллионға жетеді.

1970 жылы аты аңызға айналғын Toyota Celica өндіріле бастады. 1974 жылы әлемде мұнай дағдарысы басталған едi. Ал "Toyota"-ға бұл дағдарыс оңтайлы кезең туғызды. Өйткенi олардан шыққан автомобильдер жанар-жағар майды басқалардың өнiмдерiне қарағанда мейлiнше аз пайдаланады екен. Сондай ерекшелiгiнiң арқасында "Toyota" автомобильдерi жоғары сұранысқа ие болды. Аз уақыттың iшiнде талғам-талабы зор Америка нарығын жаулап алды. Американдықтардың ұнатқан көлiгiне айналды. Дағдарысқа қарамастан Тойота тұрақты пайда түсіріп тұрған компаниялардың бірі болды. Бәсекелестері компанияның тұрақсыз уақытта қалай тұрақты пайда түсіріп отқанын түсінуге ұмтылды. Бұл уақытта Тойота сапаның жоғары дәрежесіне(дефектердің аз саны) және еңбек өнімділігіне(1980 жылдардың соңына қарай бір жұмысшыға шаққандағы шығарылатын көлік саны АҚШ және Еуропа елдермен салыстырғанда 2-3 есе артық болды) қол жеткізді. Тойота жоғары бейімділік көрсетіп отырды, аз мөлшердегі әр түрлі модельдерді сапа дәрежесі мен еңбек өнімділігін төмендетпей шығарып отырды. 1978 жылы Toyota Celica XX шығарыла бастады, қазіргі таңда Toyta Supra атымен шығарылады. 1979 жылы марканың экспортының жалпы саны 10 000 000-ға жетеді. 1980 жылы Toyota Celica Camry шығарылады, қазіргі таңда біз оны Toyota Camry деген атпен білеміз. 1982 жылы Эйджи Тойода компанияның директорлар кеңесінің басшысы болып сайланады. Осы жылы "Toyota" компаниясы Американың "General Motors" (GM) компаниясымен бiрлесiп New United Motor Manufacturing Incorporated (NUMMI) бірлескен ұйымын ашты. Ол Калифорния штаты, Фримонт қаласында жақында жабылған GM компаниясының зауытында, Corolla моделінің негізінде көлік шығаруы керек болып келісіледі. 1984 жылы жоба сәтті іске асады және Тойота компаниясының өндіріс жүйесінің батыс елдерінде де сәтті жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Осы 1982 жылы Toyota Motor Co., Ltd. және Toyota Motor Slea Co., Ltd. - Toyota Motor Corporation болып біріктіріледі. Өндіріс және сатылым көлемі тоқтаусыз жоғарылай береді. 1985 жылы экспорттың жалпы көлемі 20 000 000 көлік болады. Ал 1986 жылы ішкі нарықта 50 000 000-шы көлік шығарылады және ішкі нарықтағы сатылым көлемі 2 000 000 миллионға өседі.

«The Machine that Changed the World» (Womack et al., 1990) кітабы жарық көргеннен соң, Тойота компаниясының өндіріс жүйесін «поджарое» өндіріс деп атайды. «Поджарое» (без излишеств(асыра сілтеусіз, артықшылықсыз)) өндіріс жүйесі басқа елдерде және тек көлік өндіріс саласында ғана емес қолдануға болатын ең тиімді жүйе деп ұсынылды.Тойта компаниясының өндіріс жүйесіндегі табысы Жапонияның көлік өндіруші әлемдегі лидер елдердің біріне айналдырады және батыс елдерінде өнімділікті және еңбек өнімділігін арттыруға көмегін тигізеді. Тойта мен GM (NUMMI) бірігіп ашқан кәсіпорынының «поджарое» жүйесіне өтуі, осы кәсіпорында еңбек өнімділігі, сапа және басқа да көрсеткіштер бойынша АҚШ-тағы көлік өндіріс саласындағы ең жоғарғы дәрежеге жетеді. Бұл жүйе фордттық және фордттық емес жаппай фабрикалық өндірісінінен өзгешелеу және одан артықшылықтары көбірек және өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырады.

Көптеген жылдар бойы компанияның логотипі болмады және бұл көптеген қиыншылықтар туғызды. Тойота жазуы көліктерде әр түрлі жазылатын болатын. Ішкі нарыққа шығатын көліктерде екі түрлі эмблема болды, алдыңғы жағында компанияның бас әрпі түріндегі ерекше белгі, ал арты жағында жазудың өзі, ал экспорттық көліктерде тек жазудың өзі ғана болды. 1989 жылы  қазіргі таңда да қолданылатын компанияның логотипі бекітілді. Ол әлемдегі ең танымал логотиптің бірі болып есептеледі. «Т» әрпінің бейнесін құрайтын екі доғал, дизайнерлердің айтуы бойынша екі жаққа да пайдалы қатынас ал ол орналасқан доғал, компанияның алға қойған, бүкіл әлемдік лидерлікке ұмытылған арманын білдірсе керек. Қазіргі таңда Тойотаның бұл арманы жүзеге асып отыр.

1989 жылы АҚШ-та корпорацияның жаңа маркасы, Лексус(Lexus) дүниеге келеді. Бұл автомобиль арнайы АҚШ нарығына және "Cadillas" пен "Mersedes"-ке бәсекелестiк туғызу үшін ашылады, нарыққа үлкен өзгерiстер әкелдi.

1990 жылы Тойотаның еуропалық бөлімшесі Toyota Motor Europe Marketing & Engineering S.A. құрылады. 90-шы жылдары Тойота АҚШ, Еуропа, Үндістан және Азия нарықтарындағы өз үлесін арттыру мақсатында көп көлемде инвестциялар тартады және өзінің модельдерінің санын арттыра түседі. Компания заманауи техникалық шешімдер мен технологияларды өндіріске енгізеді. 1992 жылы Еуропадағы алғашқы зауыты Toyota Motor Manufacturing (U.K.), Ltd. (TMUK Ltd.) іске қосылады. Осы жылы Тойота Daihatsu Motor-дың қалған акцияларын сатып алып компанияның иегері атанады. Осы 1992 жылы Tokyo Design Centr дизайнерлік студиясы ашылады, Тойотаға қарасты Toyota System Research Inc.(Fujitsu Ltd., бірігіп, 1990), Toyota System International Inc. (IBM Japan Ltd. және Toshiba Corp., бірігіп, 1991) және Toyta Soft Ingeneering Inc. (Nishon Unisys Ltd., бірігіп, 1991) зерттеу компаниялары ашылады. 1992 жылы Toyota Guiding Principles корпарацияның негізгі принциптері, корпоративті философияны түсіндіру. Осы кезде Жер хартиясы(The Earth Charter), қоғамда экология туралы ойлардың өрістеуіне байланысты шығарылды. Экология Тойотаның дамуына үлкен үлес қосты, қоршаған ортаны қорғау туралы жоспарлар және бағдарламалар қабылданды. Ал 1997 жылы әлемдегі сұранысқа ең көп ие Toyota Prius шығарыла бастады. 1994 жылы тағы бір әлемдік бестселлер болу тағдыры жазылып тұрған Rav4 моделі жарыққа шығады. Ал 3 жыл өте гибридті қозғалтқышы бар Toyota Prius конвейрден шығады. 1998 жылы Toyota Auto диллерлік жүйесі Netz Toyota деп атын өзгертеді. Осы жылы Тойотаның Индиана және Батыс Вирджиния штаттарында заводтары іске қосылады, бір жылдан кейін Үндістанды Toyota Kirloskar Motor зауыты да іске қосылады. 1999 жылы Тойота компаниясы Лондондық және Нью-Йорктық қор биржаларына шығады, ал ішкі нарықта 100 000 000-шы реттік санды көлік шығарылады.

2000 жылы корпорацияның қаржылық жағдайын бақылау мақсатында Toyota Finacial Services Corporation ашылады. Ал 2001 жылы Францияда Toyota Motor Manufacturing France S.A.S. (TMMF) іске қосылады. 2002 жылы Тойота командасы алғаш рет Формула-1 жарыстарына қатысады. Қытайда Тойотаның тағы бір зауыты ашылады, АҚШ-та 10 000 000-шы реттік номерлі көлік шығарылады. Осы жылы 100 000-шы Toyota Prius сатылады. 2005 жылы Toyota Camry моделінің әлемдік сатылым көлемі 10 000 000-ға жетеді. Осы жылы Еуропада аз литрлі Toyota Aygo өндіріле бастайды және Lexus көліктері Жапонияда сатыла бастайды.     

"Toyota Motor" компаниясы ХХІ ғасырдың басында көптеген дамыған елдердің экономикасына зиянын тигізген және ірі компанияларды тоықрауға ұшыратқан әлемдік қаржы дағдарысының алдында, 2007 жылдың бiрiншi тоқсанында Американың атақты "General Motors" компаниясынан әлдеқайда көп автомобиль шығарып, бәрiн де сатып үлгердi. GM жетпiс алты жыл бойына әлемдегi ең қуатты автомобиль шығарушы атағына ие болып келген едi. Соңғы жылдары бұл компания дағдарысқа ұшырап, өндiрiс орындарын амалсыздан қысқартқан болатын. Ал босаған сауда жүйесiн сұранысқа ие "Toyota" автомобильдерi жаулап алды. Сол жылдың алғашқы тоқсанында компания 2,35 млн. автомобиль сатып, ең жоғары көрсеткiшке жеттi. Содан бiраз жыл бұрын компания өз өнiмдерiн Ресей мен ТМД елдерiне шығара бастаған едi. Қазiр бұл елдерде бiрiккен зауыттар салу қолға алынған.

ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығының соңғы жылдары Тойота үшін сәтсіз болды, 1950 жылдан бері бірінші мәрте компания шығыстар туралы жариялады. Және де ол да қай жылдан екені белгісіз, автомобильдерінің сенімсіздігі туралы сөздер тарады.

Ағымдағы жылдың басында Жапониядағы жер сiлкiнiсi мен теңiз суының он метрге дейiн көтерiлген дүлей тасқынды соққысы жапон халқына зор қасiрет әкелдi. Елдiң экономикасына зор нұқсан келтiрдi. "Фукусима I" атом станциясындағы апат зардабы әлi күнге дейiн жойылмай отыр. Бұл "Toyota" компаниясының жұмысына да көп зиянын тигiзуде. Қазiр онда автомобиль шығару өндiрiсi бәсеңсiген. Алайда елдегi атом радиациясы жайлаған жерлер тазаланысымен, компания өз жұмысын барынша қайта жандандырады деген үмiт бар.

  

2.  Тойота компаниясының басқару құрлымы және өндіріс құрлымы.

 

2008 жылдың желтоқсанында компнаияның негізгі акцияларының иелері: The Master Trust Bank of Japan (6,29 %), Japan Trustee Services Bank (6,29 %), Toyota Industries Corporation (5,81 %), 9 % — қазыналық акциялар.

Компанияның бас хатшысы — Фудзио Тё. Президентті — Акио Тоёда.

Компанияның президенті Акио Тойода (Akio Toyoda) 1956 жылы Нагояда туылған. Оның отбасысы автокөлік бизнесімен айналысқан, оның атасы негізін қалаған Тойота компаниясында. Әкесі, Соичиро Тойода, 1992 жылдан 1999 жылдардың арасында Жапониядағы компанияның бастықтарының бірі болған.

Мектепті бітірген соң, Жапонияның ең беделді университеттерінің бірі, Токиода орналасқан Keio University-де оқиды. Кейінірек Америкаға көшіп, Массачусетс штаты, Уэллсли қаласындағы Babson College жеке бизнес мектебінде оқиды. Осында бизнес саласында магистр дәрежесін алады.

Отбасылық бизнесте өз жұмысын 1984 жылы бастады. 200 жылы директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ал 2005 жылы Тойота компаниясының вице-президенті болып тағайындалды. Сол кездің өзінде Акио компанияның жапондық және бүкіл әлемдік операциялары мен келіссөздерін жүргізді.

2009 жылдың 23 маусымында ол компания президентінің орнына отырды, онымен қатар 4 жаңа вице-президент және 8 директорлар кеңесінің мүшелері бекітілді. Ал оның алдындағы компания президенті Катсуаки Ватанабе (Katsuaki Watanabe) компания басшысы, Катсухиро Накагаваны (Katsuhiro Nakagawa) орнын басты. Оның компанияның президенті болып сайлануы, соңғы онжылдықтағы бірінші отбасы мүшесінің сайлануы болды.

 

Тойота – алпауыт. Қаржы айналымы кішкентай мемлекеттікімен теңдес, пайдасы ондаған миллиардпен есептеледі, ал көліктері аса жоғары сенімділігімен ерекшеленеді. 40 жыл бұрын Тойота жылына жарты миллион көлік шығарса, қазіргі таңда сатылым көлемі 8 000 000-ға жетіп отыр, әлем бойынша бірінші орын!

Тойота – шынымен қала салушы компания. 1938 жылы Киичиро және Ризабуро Тойода Аичи префектурасында бұрынғы Коромо елді-мекенінде өз автокөлік зауыттын салады, 1951 жылға дейін Тойотаның арқасында нағыз көркейген қалаға айналады. Ал 1959 жылы атын Тойота-ситиге ауыстырады және Детройтты өзінің бауырлас қаласы деп жариялағанда, американдықтарға бұл күлкілі көрінген еді, ал қазір- мүлде бұлай емес. Қазіргі таңда Тойота-ситиде 400 000 адам тұрады, компанияның бас кеңсесі, техникалық орталығы және 20 000 адам жұмыс істейтін 7 зауыт орналасқан.

Тойтаның мұндай жетістікке жетуінің құпиясы ол – TPS (Toyota Production System), әйгілі мұқият өндіріс философиясы. Ол туралы жүздеген кітап және мыңдаған монографиялар жазылған, оны бүкіл әлемде зерттейді. Кайзен, андон немесе генти генбуцу туралы естіген фирмалар көп. Алайда дамушы, табысты тек – Тойота.

Таичи Оно (1912-1990) TPS-тің атасы деп есептеледі. 1932 жылдан бастап ол Toyoda Boshoku мануфактурасында жұмыс атқарды, ал 1943 жылы Toyota Motor зауытына ауысып, көлік шығару процесін дамытумен айналысты. Ононың құрастырған принциптерінің бірі – генти генбуцу: мәселенің төркінің міндетті түрде өз көзіңмен көру. «Оно шеңбері» белгілі – Таичи таңертең ерте зауытқа келіп, айналасына шеңбер сызып,айналасындағыны байқап және саралап  кешке дейін ішінде тұрған. Бірақ, бәрін өз көзіңмен көру мүмкін болмағандықтан, аналитикалық байқаудың бір бөлігін қол астындағыларға беруге болады және беру міндетті, ал бұл өз кезегінде «хоренсо» принципі.

1952 жылы Киичиро Тойода қайтыс болған соң, оның ісін ұлы Соичиро мен інісі Эджи Тойода, Ризабуроның ұлы жалғастырады. Олар фирмада реформа жүргізуді шешеді: Эйджи Тойода Toyoda Boshoku-дың басқарушысы Таии Ономен бірге АҚШ-қа, Ford зауыттарына барады.

Сөйтіп  - Toyota Production System (TPS) пайда болады.

Тойоталық зауыттарда станоктарды өзгерту уақыты бірнеше сағаттан бірнеше минутқа қысқартылды. Аралық қоймалар жойылды. «Дәл уақытында» жүйесі енгізілді. «Дәл уақытында» - бөлшектер конвейрге канбан карточкалары жүйесінің көмегімен қажеттілік мөлшеріне қарай жеткізіліп отырады, бұл американдық супермаркеттерден алынған жүйе.

60-шы жылдардың басында  Тойотаның Мотомаси зауытындағы жинақтау конвейрндегі кез-келген жұмысшы конвейрді тоқтату, бұл дұрыс іс екенін білген. Бұл үшін тойоталықтар андон ескерту жүйесін жасады, егер жұмысшы бір қателікті көрсе, осы жіпті тартуы керек болатын. Гайканы бұрап болмадың ба, жіпті тарт, әуен қосылады, сөйтіп конвейр тоқтайды. Бұл өз кезегінде құрастыру кезінде қателітерге жол бермейтін еді. Андон жүйесі Тойтаның G типті тоқыма машинасының тоқтату системасының негізінде жасалынды. Тек ол кезде автоматты тоқтатқыштың рөлін жіптердегі пластинкалар атқарса, TPS жүйесінде бұл рөл адамдарға жүктелген. TPS жүйесінің негізгі термині – джидока екені ашейн емес. «Jido». «джи до», «автомат», ал «ка» біздің «зация» деген мағына береді. «Автоматтандыру» деегн сөз шықты. Джидока деген үш иероглфке жапондықтар «адам» мағынасын білдіретінін қосады. Сонда тойоталықтар бойынша джидока – бұл «адамды автоматтандыру» болып шығады. Әрқайсысы қателікті жібермей, дер кезінде тоқтатқышты басуы керек. «Адамды автоматтандыру», джидока жүйесі персоналды оқытуды талап етеді, Тойота бұл мәселені өте қатаң қарастырады. Тойота-ситиде, зауыттың бұрынғы цехында Глобалды өндірістік оқыту орталығы GPC (Global Production Center) құрылды.

Американдық және Еуропалық көлік өндірісінің негізі болған Ford Production System – фордтық жүйесі сапаны соңғы этаптарда ғана бақылайды. Ал TPS-та барлық жұмыс орнына енгізілген.

Егер андонмен қоса хансей мен кайзенді қолданса андон одан да жақсы жұмыс істейді.

Хансей – бұл тұрақты анализ. Жұмысшы жіпті тартты, гайқаны бұрап үлгермеді. Неге ол үлгермеді? Мүмкін оған ыңғайсыз, сөйтіп ол шаршап жатқан шығар? Андон ескерту жүйесінің соғылуы, қателіктің пайда болу себебін жоятын, шындыққа жеткізетін анализдің бастамасы болуы керек.

Кайзен – бұл тұрақты жетілдіру, рационализация. Жұмысшының өзі өзінің жұмысын қалай жетілдіру керектігін ұсынсын. Мүмкін ол орындық ойлап табар, салон ішіндегі жұмысты атқарғанда тартылып алынатын.

60-шы жылдардың ортасына қарай жаңа TPS өндіріс жүйесі Тойотаның барлық зауыттары мен бөлімшелерінде енгізіледі. Ал 70-ші жылдары бөлшектерді жеткізушілерде де. Бұл TPS-тің тағы бір принципі, серіктестерін сыйлау және олардың дамуына көмектесу. Ғасырдың басында-ақ Сакиичи Тойода өз ақшасына американдық инженер Чарльз Франсисті үлкен ақша жұмсап, өзіненің құрылғыларына бөлшектерді дұрыс құя алмаған металл өңдеушілерді оқытуға жіберген.

Информация о работе Тойота Мотор Корпарациясы