Төлем балансы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:39, курс лекций

Описание

Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауралармен жасалынатын операцияларды экспорт пен импортты, қызметтер көсретуді жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері, техникалық көмек, қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар, транферттер, ізгілік көмек, техникалық жәрдемдесу гранттар. Қызметтер көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар дивиденттер пайыздар басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.

Содержание

Кіріспе
І Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем балансының түсінігі
1.2. Төлем балансындағы әрекет ету бойынша қатынастарды реттеу
ІІ Қазақстандағы төлем балансының тенденциялары
2.1.Қазақстан Республикасының төлем балансының қазіргі даму ерекшілігі
2.2.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері
ІІІ Қазақстан Республикасының төлем балансын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттің төлем балансы.doc

— 135.50 Кб (Скачать документ)

   Қарыз алған елдердің экономикасының жылдам дамуына жағдай жасай отырып, халықаралық несие маңызды экономикалық күйзелістер мен шиеленіскен қайшылықтарды да туындатуы да ықтимал.

      Ұсақ  төлемдер жүйесі төлемдер құралдарына  тәуелді клирингтік цикл аралығында аздаған соманың үлкен көлемдерін өңдеуі керек. Бұл жерде ірі төлемдер жүйесі арқылы есеп айырысуды келесі күні жүргізумен нетто – есеп айырысу қағидасын ұсынады. Ол бойынша басқа аймаққа арналған және ұсақ төлемдер жүйесінде бір айға ендірілген төлемдер – алушының аймағындағы шоттарда ғана көрініс алады.

      Әрбір тікелей қатысушы үшін  ағымдағы мерзім мен есеп айырысу  мерзімі сәйкес келетін барлық  төлем және берілген аймақ бойынша таза позиция есептелінеді. Егер қандай да бір банк өзінің өкілетті филиалына ірі төлемдерге қол жеткізуіне құқық беретін болса онда өкілетті филиал есеп айырысу шотындағы қосалқы шотқа ие болады. Сөйтіп, барлық банктер бойынша позиция бақыланып отырады, ал ірі төлемдер жүйесінде төлемдерді жіберуге оның өкілетті филиалдары құқықты болады.     

      Қазіргікезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір ппрогрессивтік құрал екенін әлемдік тәдірибе дәлелдеді. Олардың көпптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.  

     Ірі төлемдер жүйесі гросс  – есеп айырысу қағидасына  жұмыс істеу керек. Жүүргізілген  операциялардың бухгалтерлік есебі  Ұлттық банкте күн соңында  бір рет жұмыстарының нәтижесі бойынша тікелей қатысушылардың өздерінің қызметтерін тікелей қатысушылар арқылы есеп айырысу шоттарында жүзеге асырылады.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ  Қазақстан Республикасының  төлем балансын жетілдіру  жолдары

      Әлемдік экспорттық құрылымды сараптау, ондағы дайын өнімдер басым екендігін ал шикізатың үлесі 13% құрайтынын көрсетіп отыр. Сондықтан да Қазақстанға бүгінгі күнде енді ғана аяқтарына тұрып келе жатқан отандық өнім шығарушыларды қорғау өзекті мәселеге айналуда. Осы ретте тарифтерді төмендетумен қатар өзінің ішкі рыногын қорғау үшін басқа да құралдарды пайдаланудың өзектілігі өсе түсуде. Соның  бірі импорттың тауарларды экскалацияландыру болып табылады, ал оның мәні тарифтік бағамдарды өсірудің алып келіп жатқан өнімнің өңделу  дәрежесіне  сай болуына негізделеді. Яғни, импорттың әкелініп жатқан өнімдердің өңделу дәрежесі жоғары болған сайын, тарифтік бағамдар да және оның бағасы да соғұрлым жоғары. Осы реттегі тағы бір шара оларды республикаға импорттау мүмкін емес, аса сезімтал тауарлар тізімін келісіп алуға тиіс. Осы тізімнің құрамдас бөлігін ауыл шаруашылық өнімдерін құрайды. Қазақстан үшін ауыл шаруашылығын қорғау мәселесі өзекті мәселелердің бірі, өйткені ел тұрғындарының 43% ауылдық жерлерде өмір сүреді және ауыл шаруашылығымен байланысқан. Демек, осы жағдайда мемлекеттік дотациялардың төмендеуі өндірістің төмендеуін, қалаларға миграциялық көшкіннің ұлғаюын және осының салдары ретіндегі әлеуметтік тұрақсыздықтың өрши түсуіне алып келеді.

      Қазақстанда бастапқыдан соңғы мағынасына дейінгі импорттық кедендік төлемдердің бағамдарын біртіндеп төмендету бойынша өтпелі кезеңдер белгіленген. Қазақстан сонымен қатар тауарлық рынокқа ену бойынша Республиканың міндеттемелік тізімінде қалыптастырды. Келіссөздердің нақ осы сатысында қазіргі күнде әрекет етіп отырған 8,2% тарифтің орташа бастапқы бағамын 19,5% деңгейінде, соңғы бағамын 14% байланыстыру ұсынылып отыр. Өнеркәсіп бойынша қазіргі күндегі әрекет етіп отырған 7,8 %-да, бастапқы орташа бағам 16,3%, ал соңғы бағам 11,7%. Ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша Қазақстанның максималды бағамы 90 пайызды құрайды. Қазақстанның ұсыныстары ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың орта мерзімдегі бағдарламасы бар кезде қалыптастырылады. Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығын ішкі субсидиялауға құқық алу үшін, ол онсыз да аз болғандықтан, ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаудағы субсидядан бас тартқан дұрыс.

      Өнеркәсіптік  өнімдер бойынша Қазақстанның максимальды  бағамы 60 пайызды құрайды. Ең төменгі  бағам 5 пайыз және 0 пайыз негізінен  Қазақстанда өндірілмейтін өнеркәсіптік тауарларға арналған. 2007 жылдың сәуірінде оның мақсаты экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, және осылайша дамудың шикізаттың бағытынан қол үзу, ұзақ мерзімдік жобада сервистік-технологиялық экономикаға өтуге дайындық болып табылатын 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

      Әлемдік экспорттық құрылымды сараптау, ондағы дайын өнімдер басым екендігін, ал шикізатың үлесі 13% құрайтынын көрсетіп отыр. Сондықтан да Қазақстанға бүгінгі күнде енді ғана аяқтарына тұрып келе жатқан отандық өнім шығарушыларды қорғау өзекті мәселеге айналуда. Осы ретте тарифтерді төмендетумен қатар өзінің ішкі рыногын қорғау үшін басқа да құралдарды пайдаланудың өзектілігі өсе түсуде. Соның  бірі импорттың тауарларды экскалацияландыру болып табылады, ал оның мәні тарифтік бағамдарды өсірудің алып келіп жатқан өнімнің өңделу   дәрежесіне  сай болуына негізделеді. Яғни импорттың әкелініп жатқан өнімдердің өңделу дәрежесі жоғары болған сайын, тарифтік бағамдар да және оның бағасы да соғұрлым жоғары. Осы реттегі тағы бір шара оларды республикаға импорттау мүмкін емес, аса сезімтал тауарлар тізімін келісіп алуы болуға тиіс.

      Қазақстанда бастапқыдан соңғы мағынасына дейінгі  импорттық кедендік төлемдердің бағамдарын біртіндеп төмендету бойынша өтпелі кезеңдер белгіленген. Қазақстан сонымен қатар тауарлық рынокқа ену бойынша Республиканың міндеттемелік тізімінде қалыптастырды.

Қорытынды

      Мәнжазбамды қорытындылай келе төлем балансының экономика үшін маңызы зор екендігін айтуға болады. Экономикалық қоғамда төлем балансы мен  банктер маңызды рөл атқарады, оларды экономиканың бауырлас жүйесі деп те атайды.

      Қазақстанның  монетарлық үкіметі валюта тәртіптемесін  ырықтандыру тұжырымдамасын және оны жүзеге асырудың 2004 жылға дейін әрекет ету бағдарламасын айқындады. Менің ойымызша осы тұжырымдаманы валюта саясатын ырықтандырудың алғашқы сатысы ретінде қарастыруға болмайды. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асыру болып саналады.

      Электронды  төлем концепциясының мәні – байланыс сымы арқылы сәйкес безендірілген және берілген хабарлама бір немесе бірнеше  операциялардың орындалуына негіз болатындығымен қорындыланады. Бұл операциялардың орындалу барысында  – қандай қағаз құжат қажет етілмейуі. Басқа сөзбен айтқанда, байланыс сымы арқылы жіберілген хабарлама жіберуші өзінің есебіндегі кейбір операцияларды орындағаны, және алушы хабарламада анықталған операцияларды орындау керек екендігі туралы информацияны тасиды. Мұндай хабарлама негізінде ақшаны жіберуге және алуға, несие ашуға, ақша төлеуге болады. Мұндай хабарламалар электронды ақша, ал мұндай хабарламаларды жеткізу және алу кезіндегі банк операциялары – электронды төлем деп аталынады. Әрине, электронды төлемді жүзеге асыру процесі жүзеге асырылды. Әйтпесе банк және оның клиенттерін ұнамсыз жағдайлар күтіп тұр. Электрондық төлемдер банкаралық, сауда және жеке есептесулерде қолданылады. Банкаралық және сауда есептесулері мекемелер арасында (заңды тұлғалармен) жүргізіледі, сондықтан оларды кейде корпоративті деп аталады.

      Осы жұмысты қорытындылай келе төлем балансын дамыту жағдайында мынадай ұсыныстар айтқым келеді:

  • төлем балансының мәнін аша отырып, дамыту;
  • төлем айналымының жүйелерін қамтамасыз ету:
  • төлем балансының жай күйін анықтап отыру;
  • ақша –несие саясатын дамыту;
  • валюталық саясаттты тұрақтандыру;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

  1. С. Құлпыбаев  Қаржы  Алматы, 2003
  2. Лунц Л.А. Деньги и денежные обязательства  в гаржданском праве  Москва, 1999
  3. Л. Давыдова, С. Райманова Қазақстан Республикасының банк құқығы Алматы, 2007
  4. В. Мельников Қаржының жалпы курсы   Алматы, 2003
  5. С. Мақыш Банк ісі Алматы, 2005
  6. Г. Смағұлова Қаржы, ақша айналысы және несие Алматы, 2008
  7. Н. Қадерова Корпоративтік қаржы Алматы, 2008
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша

Атауы 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж
1. Ішкі жалпы өнім млрд  1733,3 2016,5 2596,0 3285,4
2. Экспорт, млн АҚШ долл. 5870,6 5988,5 9615,4 8646,9
3. Импорт, млн АҚШ долл. 6671,5 5648,3 6849,8 6363,0
4. Сауда баланс сальдосы ҚР 800,9 343,7 2765,6 2283,9
5. Теңгенің бағамы (кезең аяғында) 83,8 138,2 114,5 153,2
Кезең бойынша орташа 78,3 119,5 142,1 146,7

Информация о работе Төлем балансы және оның мәні