Инвестициялық жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:32, курсовая работа

Описание

Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыдан зардап шегуде. Әр түрлі ой – толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, онда Қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді.

Работа состоит из  1 файл

инвест жоба жоспары.docx

— 36.93 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

     «Инвестиция»  термині экономикаға жаңа келгендердің ұғымдарында кейде шатасуға дейін апарады. Бұл шатасу мынадан туады – жеке адамның инвестиция дегені тұтастай экономика үшін олай болмай шығуы мүмкін.

     Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестиция туралы» Заңында: «Инвестиция дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқық».

     Бұның өзі «инвестиция» деген терминді спецификалық функционалды жүктемесінен айырып, оны «капитал жұмсау» деген жалпы ұғымға айналдырады.

     Өйткені, инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды, сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жағдайына көрнекі түсінік беруге болады.

     «Инвестициялар» санатының заңды түрде айқын жазылған анықтамасының болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз қолданады. Сонымен, халықаралық практикадаинвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдаланылуын айту қабылданған:

• Нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;

• Қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

     Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыдан зардап шегуде. Әр түрлі ой – толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, онда Қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді.

     Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі капиталды ұсыну жағдайына қарағанда күрделірек. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның күрделі қаржы жұсауды қаржыландырудың бірнеше парапар көздері бар. Олар бірін-бірі жоймайды, көбінесе олар бірге пайдаланылады.

     Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін оның экономикалық тартымдылығы, бір жобаның басқаларынан қаржылық артықшылығы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін әр түрлі өлшемдерін пайдаланылуы мүмкін.

     Ұзақ уақыт бойы елімізде шаруашылық шешімдерді экономикалық негіздеу мақсатында келтірілген шығындардың ең аз болатын өлшеміне негізделген әдіс кеңінен пайдаланып келеді. Экономиканы орталықтан қатаң бақылау жағдайында оңтайлы халық шаруашылығын жоспарлау мақсатында сүйенген мұндай әдіс шаруашылық шешімдердің ғылыми негізделуінде маңызды рөл атқарып, экономикалық дамудың ғаламдық халық шаруашылығы мақсатында болады. 
 
 
 
 

  1. Инвестициялық жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі

     Болашақ инвестициялық жобаның бизнес – идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте мынандай критерийлерді қолданад:

  • Саланың пісіп-жетілуі;
  • Кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).

     Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген.

     Екінші  критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.

     Кәсіпорынның  пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік  қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті  сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай  дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

     Жобаны  талдаудың алдын ала кезеңінің  соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер  бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты «торға» жататындығын білдіреді.

     Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша  ұзақ болмауы керек және алдын  ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:

  • Стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынныңбәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
  • Егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

     Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден  тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы  бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен  аяқталуы керек.  Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы  шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет, Сонымен  қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан  өзгеруі мүмкін және жаңартылған  жобаны талдау басынан басталуы керек. 
 
 
 

    1. Дисконттау  әдісі

     Шаруашылық  субъектілердің экономикалық әрекет аясында  әр түрлі уақыт мерзімінің кезеңінде  төленген немесе түскен ақша санын  өлшеу проблемалары үнемі туындапотырады. Мысалы, бос ақша қаражаты бар коммерциялық ұйымның оларды тауардың сатылатын  көлмін көбейту және қосымша пайда  алу алу мақсатымен өндірісті  инвестициялауға, не болмаса осы  қаражатты банктік депозитке  салып, банктік пайызын алып отыру  немесе табыс әкелетін құнды қағаздар сатып алу мүмкіндігі бар. Осыған көбінесе ұқсас мүмкіндіктер үй шаруашылығында да болады.

     Ақша  қаражатын пайдаланудың бірнеше  баламасы болған жағдайда, әрине инвестор болашақта ең мол табыс әкелетін ең жақсы нұсқаны қалайды. Бірақ  көп жағдайларда мұндай мүмкіншілік  бола бермейді. Бұл мәселені шешу үшін белгілі бір уақыт ішіндегі ақша мөлшерін өлшеуге мүмкіндік беретін  қандай да бір өлшеу шамасы немесе мөлшері қажет.

     Экономикалық  өлшеулерде әр мезгілдік ақша көлемін  салыстыру дисконттау жолымен жүргізіледі, демек әр мезгілдегі ақша табыстар мен төлемдерін бірыңғай уақыт сәтіне келтіруге бағытталған рәсімдеу арқылы орындалады. Дисконттау дегеніміз  болашақта әр түрлі уақыт кезеңдерінде төленген және немесе қабылданған ақша қаражатының бүгінігі ағымдағы қаржыға ұқсастығын байқататын есептеу.

     Дисконттауды  жүргізуде пайдаланылатын есептеу  тәртібінің мәнін анықтау үшін функция  қасиеттері туралы бірқатар болжамдар жасау керек.

     Оның  біріншісі – ағымдық кезеңнің ақша сомасы оған тең болашақтағы  сомадан жоғары бағаланады. Шынында  да инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында бұл ереже дау тудырмайды. Бірақ, егер инфляция жоқ деп болжамдасақ, бұл жағдайда жа экономикалық іс-әрекеттің  нәтижесі құн түрінде көрсетілген  келешектегі табыстың баламасы болады, яғни «бүгінгі күн» табыстарының сомасы түрінде көзімізге елестейді. Осыған сәйкес, болашақ табыстар ағымдық сәтке бірден кем дисконттық көбейткішіне q көбейту арқылы есептеледі, бір жылдан сон алынатын ақшалық бірліктің құны осы бірліктің ағымдық сәттегі құнынан неше есе кем екендігін көрсетеді. Бұл кезде көбейткіш q, әдетте, келесі өрнекпен анықталады:

    q = 1 / (1+ R),

мұнда: R – дисконттау мөлшері.

     Кері  дисконттап рәсімдеу арқылы бүгінгі  сомаға барабар болашақ соманы анықтауға  болады.Онда бүгінгі сома 1/q = (1 + R) коэффициентіне көбейтіледі.

     Мұндай  тәсілді әбден жөнді деп санауға  болады және бұл тәсіл қызмет жасап  жатқан кәсіпкерлерге несие беру арқылы тұрақты табыс табу көзі болатын  банк жүйесінің бір нысаны болып  саналады, ал кәсіпкерлер болса жұмыс  істеу уақытында сол қарыздарды қайтару үшін табыстар табуға тырысады.

     Капитал нарығында пайдаланатын есептік  мөлшерлемеге байланысты дисконттаудың  негізі болып есептік рәсімдеулер  жатады, олардың мәнін қысқаша сипаттап өткен дұрыс.

     Пайыз деп қаржыларын қарызға кез келген түрде беруден алынатын табыс  сомасы деп түсіндіріледі. Несиелік келісім – шарт жасау кезінде  екі жақта пайыздық мөлшерлемесімен  келісуге тиісті. Ол белгілі бір  уақыт мерзімі ішінде төленетін  пайыздық ақша сомасының несие шамасына қатынасымен анықталады. Белгіленген  уақыт мөлшері ретінде әдетте бір жыл алынады.

     Пайызды санаудың негізгі екі тәсіл бар  – жай және күрделі пайыздар. Бұлардың айырмашылығы тез пайыз  санаудың бастапқы негізін таңдауға байланысты.

     Жай пайыз – бұл ақша қаражатының  тек бастапқы инвестициялық сомасына ғана пайыз санау. Мұндай тәсілде  ақша қаражатының бастапқы сомасына T рет пайыз саналып, PV белгілі  бір уақыт ішінде FV шамасына жетеді:

    FV = PV * (1 + R) * T,

мұнда: R – белгілі бір уақытқа тән пайыз мөлшері.

     Күрделі пайыз – белгілі бір T уақытта  бастапқы инвестициялық сомасы болашақ  құнының деңгейіне жету үшін пайызды  санау тәсілі.

    FV = PV * (1 + R)

Бірінші тәсілден ерекшелігі – қаржыға алдыңғы  кезең үшін төленетін пайыз сомасы да кіретін қосындыға пайыз сомасы саналады. Бұл тәсіл пайыздық төлемдердің  барлығы да қайта инвестицияланады және дәл осындай табыс пайызын  әкеледі деген ережеге сүйенеді.

     Қарастырылған әдістерді кез келген қаржылық операцияларды  бағалау сомасына да қолдануға болады, ал күрделі пайыздар формуласы әр түрлі уақыттағы ақша мөлшерін дисконттауға пайдаланылады. Шынында да, егер капитал  иеленушінің PV ақшалай қаражат сомасы болса, онда, оны қандай да бір капитал  жинақтау көзіне сала отырып, оған жылына - R пайыз төленіп отырса, ол T уақыт  кезеңінен кейін белгілі табысқа  ие болар еді.

     Бұдан шығатын қорытынды: меншік иесі үшін PV сомасы T жылдан кейінгі FV сомасының  ақшалай баламасы болып табылады:

PV = FV : (1 + R),

мұнда ағымдық құны PV болашақ FV ақша қаражатының  көлемі мен Т уақыт кезеңіне ғана емес, қабылданған пайыздық мөлшеріне  де тәуелді екендігін айтып өту  керек.

     Инвестицияны  жүзеге асырудың басты қозғаушы күші – пайда, дәлірек айтсақ, инвестицияның  табыстылығы. Егер инвестицияның күтілген табыстылығы пайыздық мөлшерлемеден  жоғары болса, онда инвестициялық жоба табысты, тиімді болып табылады. Басқаша  жағдайда инвестиция шығындары пайдадан жоғары болса, немесе, инвестициялық  жобаны өз есебінен қаржыландыру көзделсе, онда мұндай пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда инвесторға өз қаржысын пайда  мөлшерлемесі жоғарырақ болатын  басқа жобаларға салған тиімді болады.

     Демек, инвестициялық жоба нұсқаларын таңдау кезіңде пайыздық мөлшерлеме экономикалық сүзгі рөлін атқарады.

     Дисконт мөлшерлемесін таңдау инвестицияның  мақсаты, инфляцияның өсу қарқыны, коммерциялық тәуекелдіктің шамасы, капитал салымының басқа да мүмкіншіліктері  сияқты факторларға байланысты болады.

     Сонымен, кейбір инвестициялық жобалар үшін таза қаржылық пайда табу жобаны таңдауда басты өлшем болмауы мүмкін. Мұндай жобаларды сан жағынан бағалау  үшін кәсіпорын басшысының немесе кәсіпкердің  стратегиялық сезімталдығы мен тәжірибесіне сүйенуі керек болады.

     Кәсіпкерліктің  тәуекелдік факторын ескеру үшін дисконттаудың  түзету коэффициентін енгізу қажет, оың шамасы инвестиция қауіптілігінің өсумен қатар арта түседі.

Информация о работе Инвестициялық жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі