Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:38, реферат

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Работа состоит из  1 файл

Акциз.docx

— 30.70 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

  Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

   Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

   Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жұмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

   Нарық жағдайында акциз салығының төлеу шарттарының қалыптасуына байланысты заңдық және істәжиребелік сұрақтарды зерттеудің жетіспеушілігі зерттелетін жұмыстың тақырыбын таңдауды айқындап, мақсатын және қарастырылатын сұрақтардың аясын анықтады.

   Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының салық жүйесі ішіндегі мәнін ашу және оны алудың жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

   Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқан келесі шаралар қатарын шешу керек:

1 салықтың маңызы мен мәнін ашу;

2 салық жүйесінің түсінігін, ерекшеліктерін және принциптерін зерттеу;

3 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ішіндегі акциздің ерекшелігін қарау,

4 акциз салығының құрылу негізін қарастыру;

5 акциз салығының бюджет кірісіндегі орнын анықтау;

6 салық жүйесінің мәселелерін қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.

   Жұмыстың зерттеу пәні болып мемлекет пен салық төлеуші - азаматтар арасындағы қаржылық, қатынастар жүйесі табылды.

   Ақпараттық, базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері, Қазақстан Республикасының салық кодексі, Қазақстан Республикасы Табыс министірлігі мен Қаржы министірлігінің салық жөніндегі инструкциялары, қазақстандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялық әдебиеттері мен ғылыми мақалалары қолданылды.

   Практикалық (тәжірибелік) негізіне Қазақстан Республикасы Табыс министірлігінің жоспарлық және есеп беру мәліметтері қолданылды.

 

Акциз салығы 

 

 Акциздер жанама салықтың  бір түрі, ол Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген және Қазақстан  Республикасының аумағына импортталатын  спирттің барлық түрлеріне, алкоголь  өнімдеріне, құрамындағы этил спиртінің  көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға, темекі бұйымдарына, бензин (авиациялық  бензинді қоспағанда), дизель отынына,  жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге  арналған, қолмен басқарылатын немесе  қолмен басқару адаптері бар  автомобильдерден басқа), шикі мұнай,  газ конденсатына салынады.

   Акциз салығын төлеушілер ретінде акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын, импорттайтын, көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын бұрын акциз төленбеген, акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.Тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, шикі мұнай, газ конденсаты өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

   Акцизделетін тауарларға акциз салығының ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) жэне (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Мысалы: Алкоголь өніміне акциздер ставкасы адволорлық немесе заттай, не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Акциз ставкалары 1 және 2-кестеде көрсетілген.

   Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

   Акциздердің экономикалық мәні және жанама салықтар жүйесіндегі рөлі. Мемлекеттің акциздік саясаты және оның дамуы. Акциздің құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салу объектісі. Акцизделетін товарлар тізбесі және оларды бекіту тәртібі.

   Салық салынатын айналымды анықтау. Отандық акцизделетін товарларды өндірушілер және ойын бизнесіне акциз салығын салу ерекшеліктері. Акцизделетін товарларды акциз маркалары мен таңбалау тәртібі. Импортталып акцизделетін товарлар бойынша акциз сомасын анықтау. Акциз жеңілдіктері. Жеке тұлғалармен акцизделетін товарларды импорттау кезінде акциздік және бажсыз өткізу нормасы. Отандық және импортталатын акцизделетін товарлар бойынша акциз ставкалары, оларды қолдану ерекшеліктері. Акциздерді төлеу тәртібі және мерзімі. Ағымдағы төлемдер және бюджетпен есеп айырысу тәртібі. Акциз салығы бойынша декларация толтыру тәртібі және табыс ету мерзімі.

 

 

 

   Қазақстан   Республикасындағы  акциз  салығының бюджеттегі  рөлі

   Қазақстан   Республикасындағы  акциз  салығының бюджеттегі  рөлін  үш бағытта қарастырылмақшы:

Біріншіден: Акциз салығының  қалыптасу негізі және экономикадағы рөлі.

Екінішіден: ҚР-ның акциз  салығының бюджеттегі үлесіне және Семей қалалық бюджеттегі түсіміне талдау.

Үшіншіден: Қазіргі дағдарыс кезіндегі акциз салығының дамуындағы мәселелерді мемлекет тарапынан  реттеу бағыттары.

   Енді осы жоғарыда аталғандарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Біріншіден:

Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек акциз салығы алғашқыда-ақ жанама салық ретінде қалыптасқан. Жанама салықтар тарихта тұтынуға салық  ретінде қалыптасқан, тарихи тәжірибеде кедендік баждары, акциздер, монополия  түрінде енгізілген. Жанама салықтар, оның ішінде акциз салығы көп ғасырлық тарихи даму кезеңдерінен өткен.

Алғаш рет акциз салығы XVIII ғасырда нанға және етке салынған. 1345 жылы Францияда тұз және шарапқа  акциз салығы салынды.

Англияда акциз салығы бекітіліп, қайта алынып тасталды, бірақ XVIII ғасырдың бірінші жартысынан бастап 1825 жылға дейін акциз салығы үздіксіз аланып тұрды.

Ресей мемлекетінде XVIII ғасырда  акциз салығы нан, ет, тұзға және арақ-шарапқа салыну енгізілді.

Көптеген Еуропа елдерінде  акциз салығы тұзға салық ретінде  сақталды.   

XX ғасырдың басында   өте қажетті заттарға акциз  салығы қант, керосин және сіріңкеге  акциз салығын салу жалғасты. Қазіргі нарықтық экономикада  мұнай өнімдері, темекі, спирт өнімдеріне  акциз салығын салу жалғасын  табуда.

  Акциздер көбінесе мұнай өнімдерін өндіруден және сатудан, белгілі бір тауардың салмақ өлшемінен немесе физикалық көлемінен, спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерінен, сән-салтанат заттарын (бұйымдарын), сирек кездесетін өте дәмді тағамдарды және т.б. сатудан түскен пайдадан немесе құнынан алынады.

Акциздер негізінен халық  тұтынатын жаппай сұранысқа ие тауарлар мен сән-салтанат заттарының бағасына немесе көрсетілетін қызметтің тарифіне қосылатындықтан өзіне тән фискальдык функциясына қоса әлеуметтік функцияны  жүзеге асырады.

Акцизделетiн тауарлар тізбесі:

- спирттің барлық түрлерi;

- алкоголь өнiмi;

- темекi бұйымдары;

- бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

- жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

- шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

Екіншіден:

Қазақстан Республикасының  акциз салығын есептеу тәртібі  мен төлеу механизмі Қазақстан  Республикасының Салық және Кеден  Кодекстерінде белгіленген тәртіптер  негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан  Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын тауарлар түріне акциз салынады.

Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігінің арнайы сайтында, яғни www.minfin.kz және арнайы статистикалық  бюллетенінде жарияланған статистикалық  мәліметтерге сүйене отырып, мемлекттік бюжетке түскен салықтық түсімдер оның ішінде акциз салығының соңғы  жылдардағы түсімін талдау жасауға  болды.

Елімізге акцизделетін тауарлар негізінен жақын және алыс шетелдерден  әкелінеді. Олар мұнай өнімдерін  және спирт өнімдерін өндіріп  сатумен айналысатын кәсіпорындар. 

Қазақстандағы ірі акциз  салығын төлеуші компанияларға  тоқталып өтетін болсақ. Олар, еліміздегі арақ-шарап өндіретін «Бахус»  шарап зауыты, «Жетісу», «Юникс», «PARLAMENT-ICE», әлсіз алкогольді газдалған сусын  шығаратын фирмалар және Алматы арақ-шарап  зауыты, сондай-ақ, АҚ «Филипп Моррис Қазақстан»,  Алматы және Шымкент  темекі зауыттары, Атырау, Ақтау, Маңғыстау  мұнай-газ өндіретін және Павлодар, Шымкент, Екібастұз жанар-жағар май  өнімдерін өткізуші кәсіпорындар. Осы  және тағы басқа кәсіпорындардан  ірі көлемде акциз салығы алынып отырады.

Қазақстан Республикасындағы  жалпы салықтардың ішіндегі акциз  салығының бюджетке түсімінің жылдан жылға өсіп отырғанының басты  себептері, осы салық түрін төлеушілердің  санының жылдан – жылға  өсіп отырғандығы мен сондай-ақ осы  салық түрінің уақытында төленуімен түсіндірілуде.

Жалпы, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің  ішіндегі акциз салығының 2006 – 2008 жылдардағы үлесінің негізгі көрсеткіштерін толығырақ  келесі слайдтан көруге болады.

2006 жылы, болжам 44625 миллион  теңгеге жоспарланса, Қазақстан  Республикасы мемлекеттік бюджетіне  түскен акциз салығының үлесі  47433 болып,  ол 106,2 пайызға орындалған.

2007 жылдағы соңғы мәліметтерге  сүйенсек, акциз салығының түсіміне  жасалған болжам 59500 миллион теңге  болса, оның қазіргі күні  103,7 пайызға орындалғанын, яғни 61702 миллион  теңгенің бюджетке түскенін көреміз.

Өткен, 2008 жылдағы түсім  болжамы 67400 миллион теңге жоспарланса, нақты түсімі 72950 миллион теңгені  құрап, 108,2 пайызға орындалды. Бұл  қаржылық дағдарысқа қарамай, түсімнің бюджетке уақытында түсіп отырғанын  көрсетеді.

Семей қаласының бюджетіндегі салықтық түсімдердің қаражатын  сонымен қатар, салық төлеушілерге салынған өсімпұлдар мен айыппұлдардан  келіп түскен сомалар құрайды. Оның ішінде акциз салығын бойыншада  түсімдер құрайды.

Қаламыздағы 30 жуық акциз  салығын  ең көп төлейтін үлкен  кәсіпорындар қызмет етеді. Оның ішінде жанама салық ретіндегі акциз  салығын төлеушілер жанар-жағар  май станциялары, арап-шарап шығаратын  шағын фирмалар, темекі тағы басқа  акцизделінетін тауарларды өндіру, сату, өткізумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, кәсіпорындар бар. Олар: «Helios», «Қуаныш», «Арғымақ», «ҚазМұнайГаз», «Energy», «Айкен», «Гүлдана», «Атамекен», т.б. мұнай өнімдері мен жанар-жағар майларды тасымалдау және  сатумен айналысатын станциялар, «Ақшың», «Мереке», «ЖаңаСемей», «Аймар», т.б. ірі сауда орталықтарындағы темекі, арақ-шарап және спирт өнімдерін  сатумен айналысатын сауда нүклерін атап өтуге болады.

Қала бюжетінің кіріс  бөлігі жоғарыда аталған акциз салығын  төлеуші өндіріс орындарынан  құралады. Сондықтан да, осы салық  салу объектілері арқылы соңғы үш-төрт жылдардағы Семей қаласының салық  жүйесіне келіп түскен салықтық түсімдердің  ішіндегі акциз салығының түсімінің  көрсеткіштеріне статистикалық  талдау жасап өтуге болады. Семей  қаласы акциз салығы бойынша салықтық түсімдерге статистикалық мәліметтер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары  беттеріне арнайы жарияланған деректердің  негізінен алынып отыр. Семей қаласының  жергілікті бюджетіне салықтық түсімдердің  ішінде акциз салығының ролі жылдан жылға артып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып,  2006-2008 жылдардағы жергілікті бюджетке акциз салығының түсіміне талдау жасайтын болсақ.

2006 жылы салықтық түсімдердің  ішінде акциз салығының алатын 416,1 млн. тенге болса ол көрсеткіш  114,7   пайызға орындалған.

2007 жылдың қорытындысы  бойынша бюджетке келіп түскен  салықтық түсімдердің 546,4 млн.  тенге қаражатты құраса, осы жылғы  болжам 505,9 млн. тенгеге жоспарланған, жоспар толығымен орындалған, ол 108,0 пайыздық үлеске тең. 

Өткен 2008 жылы акциз салығы бойынша салықтық түсімдердің көлемі 695,3 млн тенгенің көлемінде болып  отыр, жоспарланған көрсеткіш   621,8  млн тенге болса ол   110,0 пайызға  орындалған.

Үшіншіден:

Республикамызда алкоголь және темекі өнімдерінің контрабандалық жолмен әкелінуі ішкі нарықтағы отандық  тауар өндірушілердің бәсекелестігіне  елеулі түрде кері әсерін тигізіп  отыр. Соңғы уақыттағы Қазақстанның темекі нарығындағы жағдайы жалпы  көлемнің 10%-ын заңсыз айналым құрайтынын көрсетті. Ал республика нарығындағы бензинның заңсыз айналымы 50%-ке тең, яғни жыл сайын бюджетке шамамен 3,5 млрд.теңге түспей қалады екен.

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні