Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялық нарық капиталды (инвестицияларды) сату механизмін білдіреді. Осыған сәйкес ол нарықтың негізгі қатысушылары (мемлекет, тұтынушы-кәсіпорындар, инвестициялық және қаржылық делдалдар, тұрғындар және т.б.) жағынан сұраныс пен ұсыныстың әсер етуінде, сонымен бірге нақты және нақты емес нормалар мен ережелер жүйесі арқылы көрсетілетін нарық субъектілерінің қызығушылығын келістіру негізінде оның қызметін реттеу тәсілдері қалыптасады. Инвестициялық нарық несиелік және қор нарығының құрылымын және элементтерін қосатын кіші жүйе ретінде қалыптасады.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІКТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
1. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы
инвестицияның рөлі............................................................................................5
1.1 Инвестициялық қызмет. Инвестициялық қызметтің объектілері мен
субъектілері.....................................................................................................5
1.2 Инвестициялық қызмет тиімділігі және инвестицияның жіктелуі............8
1.3 Қазақстанда инвестициялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы.............12
2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері...................................18
2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні......................................18
2.2 Инвестициялық тәуекел түрлері..................................................................20
2.3 Инвестициялық тәуекелділікті бағалау және басқару әдістері................24
2.4 Тәуекелдерді басқару жүйесі.................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................32

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері.doc

— 270.50 Кб (Скачать документ)

Машиналар мен жабдықтар үлесінің, яғни болашақ кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының белсенді бөлігінің көбеюі оның өедірістік күштілігінің көбеюіне, содан инвестициялық өнімнің бір-біріне төмендеуіне септігін тигізеді. Экономикалық тиімділік еңбектің механизация және автоматизация деңгейін жоғарлату және өнім бірлігіне шартты-тұрақты шығындарын төмендету есебінен жетуге болады. Капиталды салымдардың технологиялық құрылымын талдауында ғылыми жоспарда сияқты, практикалық жоспарда да маңызды мағынасы бар.

Қайта өндіру құрылымы – сол сияқты инвестицияларды пайдалану тиімділігіне маңызды әсер етеді.

Инвестициялардың қайта өндіру құрылымында олардың негізгі өндірістік қорлардың қайта өндіру формалары бойынша жалпы сметалық құнда бөлінуі және сәйкестендірілуі түсіндіріледі. Инвестициялардың жалпы көлемінде олардың қай үлесі жаңа құрылысқа, әрекет етуші өндірістің қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына бағытталуын анықтауға болады. Теория және практика өндірістің қайта құрылуы және техникалық қайта қарулануы көптеген себептерге байланысты жаңа құрылысқа қарағанда көбірек пайдалы екенін куәландырады.

Біріншіден, қосымша өндірістік күштердің әрекет етуіне енгізу мерзімі қысқартылады.

Екіншіден, маңызды шамада үлестік инвестициялар қысқартылады.

Негізгі капиталға нақты инвестициялардың қайта өндірістік құрылымның өзгеру динамикасы позитивті жоспарда да, негативті жоспарда да белгілі бір қозғауларды немесе тенденцияларды көрсете алады. Негативті аспект жаңа құрылысқа нақты инвестициялар үлесінің жоғарлауы олардың өндірістің кеңйтілуге, қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына бағытталатын үлестің төмендеуіне әкелуі мүмкін, қайсысы өндірістің техникалық деңгейіне және инвестициялардың тиімділігіне, сонымен бірге толығымен экономикаға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Позитивті аспект бұл тенденцияда талданатын кезеңде, мысалы кіші кәсіпорындарды құру процесі тым қарқынды өтіп жатқанында және бүның есебінен жаңа құрылысқа бағытталған инвестициялардың үлесі өскенінде көрінеді. ҚР-да кіші бизнесті құру және экономикада оның ролін арттыру қажетті және прогрессивті процесс болып табылады.

Республиканың экономикасы үшін маңызды мағына сонымен бірге ҚР экономикасының салалары бойынша нақты инвестициялардың бөлінуінде бар, өйткені осы бөлінуден маңызды дәрежеде оның болашағы байланысты болады. Инвестициялардың экономикалық тиімділігі олардың салалық және шекаралық (аймақтық) құрылымдарынан тәуелді болады.

Салалық құрылымда - өнеркәсіптің және толығымен экономиканың салалары бойынша олардың бөлінуі және сәкестендірілуі түсініледі. Оның іске асырылуы пропорционалдылығын қамтамасыз етуінде және ұлттық экономикалық жүйенің тұрақты дамуын қаматамасыз ететін салалардың тез дамуында шоғырланады.

Инвестициялардың салалық құрылымын жоспарлауынан біріншіден барлық салалардың дамуында тепе-теңдік, оның салалық құрылымының оптималдылығы, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдатылуы және республиканың барлық экономикасының қызмет етуінің тиімділігі тәуелді болады. Мемлекет, мысалы, бюджеттік қаражаттардың және басқа құралдардың көмегімен прогрессивті бағытталуда инвестициялардың салалық құрылымының өзгеруінің тенденциясына әсер етуі мүмкін.

Экономикада инвестицялардың тиімділігі үшін маңызды мағынаға қаржыландыру көздері және меншік формалары бойынша инвестицияның құрылымы ие болады.

Меншік көздері бойынша инвестициялардың құрылымында қаржыландыру көздерінің қиылысында олардың бөлінуі және сәйкестендірілуі түсініледі. Инвестициялардың бұл құрылымының іске асырылуы оптималды деңгейіне дейін бюджеттен тыс қаражаттар үлесінің көбеюінде шоғырланады. Жылдар бойынша өзгеру динамикасының негізінде негативті және позитивті қатынастардағы факторлардың әсер етуінде болған өзгерістерді елестетуге және талдауға болады (мысалы, қаржыландыру көзі ретінде амортизациялық есептен шығарулар үлкен роль атқара бастады).

Кәсіпорында инвестицияларды пайдалану тиімділігі, оның қаржылық жағдайы маңызды шамада кәсіпорында олардың құрылымына байланысты болады. Кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымында нақты және портфельді инвестициялардың арасындағы сәйкестендіру түсініледі. Оның іске асырылуы портфельді инвестициялардан сияқты, нақты инвестициялардан да максималды берілуін алуында шлғырланады. Бұл инвестициялардың үлесі аса тиімді жобаларда максимумға ұмтылуы керектігін білдіреді. Қазіргі кездегі шарттарда кәсіпорындар үшін маңызды мағынаға нақты инвестициялардың да, портфельді инвестициялардың да құрылымы ие болады. Портфельді инвестициялардың құрылымында кәсіпорындармен сатып алынатын бағалы қағаздардың түрлері бойынша, сонымен бірге басқа кәсіпорыедардың активтеріне салымдар бойынша олардың бөлінуі және сәйкестендірілуі түсініледі.

Жоғарыда айтылғандарды жалпылай отырып, қортында жасауға болады – түрлі бағыттары бойынша инвестициялардың құрылымын талдау ғылыми және практикалық мағынаға ие болады. Берілген талдаудың практикалық мағынасы оның инвестициялар құрылымының өзгеру тенденциясын анықтауға және бұл негізде тым әрекет етуші және тиімді инвестициялық саясатты жасауға мүмкіндік беретінінде шоғырланады. Инвестициялардың құрылымын талдауының теориялық мағынасы бұл талдаудың негізінде алдында аталмаған инвестицияларды пайдалануының инвестициялық қызметіне және тиімділігіне әсер ететін жаңа факторлардың анықталуында шоғырланады, сонымен қатар инвестициялық саясаттың жасалуы үшін өте маңызды.

Отандық инвесторлардың болмауынан немесе оның қаржылық жағдайының нашарлығынан, шетел капиталын маңызды деп шығарып, инвестицияны қаржыландыру көздерін таңдағанда өндірушілердің қайта бағытталуы шартталады. Кейінгі жылдары республика бойынша саланың ішінде біздің аймақта жалпы инвестицияның көлемінде шетел инвестиция үлесінің ұлғаюы байқалуда. Жалпы инвестицияның көлемінде шетел инвестициясының үлесінің және көлемінің күрт өсуі бір жағынан, ерекше мемлекет жағына отандық инвесторлардың капитал салымдарының төмендеуімен байланысты, екінші жағынан, аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды (Карметкомбинат және Джезказганцветмет) шетел инвесторларына басқаруға берумен байланысты және бұл кәсіпорынның барлық инвестициялары шетелдікке жатады...

«Шетел инвестициялары» - жарғылық капиталға ҚР-ң заңды тұлғаларының қатысу нысанында жүзеге асыру, инвестициялар, сонымен қатар, ҚР-ң заңды тұлғаларына несие беру, оларға қатысты шетел инвесторлары мұндай заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқықтары бар.

«Шетел инвесторы»:

-         шетелдің заңды тұлғалары;

-         шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шеиелде тұратын ҚР-ң азаматтары;

-         шетел мемлекеті;

-         халықаралық ұйымдар;

-         ҚР-ң заңды тұлғалары, оларға қатысты шетел инвесторларында мұндай заңды тұлғаның қабылдайтын шешімдерін анықтауға құқықтары бар.

«Тікелей шетел инвесторы» - қайта құрылған және қызмет ететін ҚР-ң заңды тұлғаларымен және оларға қатысты заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқығы бар шетел инвесторларымен жүзеге асырылатын инвесторлар.

«Портфельді шетел инвесторы» - шетел инвесторымен жүзеге асырылатын басқа да инвесторлар.

Көптеген мемлекеттің әлемдік тәжірибесі шетел капиталын тарту және оларды қолдануды мемлекетті реттеу экономикаға позитивті (жағымды) әсер етеді. Шетел инвестициялары экономиканың даму деңгейлері орташа немесе төмен елдердегі жеке кәсіпкерліктің қалыптасуына және нығаюына әсер етеді, біріккен кәсіпорынды құру үшін және ірі ауқымды жобаларды жүргізу үшін капиталды шоғырландырады, қаржы нарығының қалыптасуына және оның инфрақұрылымының дамуына әсер етеді. Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыста қаншалықты сәтті бірігуіне байланысты, толық шаруашылық қатынастарға ауысу стратегиясы мен тактикасы тәуелді болады.

Қазақстандағы шетел несиелерінің негізгі массасы байланысты болып табылады және сауда балансында сақталатын дефицит тудырып импортты ұлғайтуға жіберіледі. Сондықтан осы жабдықтаушыдан түскен түсімдер толық түрде республиа экономикасы үшін саңызы бар салаларға және экспортты өндіріске инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін қолданыла алмайды.

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы шетел несиелері осы сферадағы қысқа мерзімді жоспардағы ақша айналым жылдамдығынан және жоғары пайдалылықтан халықтық тұтынудың импорт тауарлары үшін қолданылған. Бірақ республика экономикасы үшін шетел несиелерін тікелей инвестиция ретінде қолдану жағымды болып табылады. Тікелей шетел инвестициясын тарту бір жағынан, мемлекеттің қаржылық міндеттерін ұлғайтпайды, екінші жағынан инвестициялық ресурстағы жетіспеушілікті қаржыландырудың ішкі көздерінен толтырады. Егер өнеркәсіптік өндіріс сферасында тікелей инвестициялар аралас компаниялар және біріккен кәсіпорын нысанында қолданылса, онда шағын және орта бизнес сферасында инвестициялар коммерциялық қарыз түрінде түседі.

Біздің республиканың экономикасына жағымды өзгерістерді қамтамасыз ететін шетел инвестициясын тарту, бір жағынан, инвестициялық сектордағы арнайы мәселелерді тудырады. Оларды шешу ерекше назар тартады. Біріншіден, бұл кейінгі жылдардағы Қазақстанның сыртқы қарызының өсуі. Шетел капиталын тарту және қолдану кейін сыртқы қарызды қалыптастыратын амортизациялық, пайыздық және басқа да төлемдерді төлеуді талап етеді. Қазіргі кезде Қазақстанның жиынтық сыртқы қарызына келесілер енеді: үкіметпен кепілденген тікелей мемлекеттік қарыздар, үкіметтің кепілдігісіз несие бойынша тартылған қарыздар, сонымен қатар Қазақстан кәсіпорынның басқа елдер кәсіпорындарына кредиторлық қарызы.

Екіншіден, шетел инвестициясын қайтар және тиімді қолдану мәселелері бар. Осыған байланысты мемлекеттің абсқару және реттеу органдары инвестициялық жобаларды жүргізуге аз назар аударады. Олардың көбісі пайда табуды қамтамасыз етпейді. Несиелерді қолданудың және бөлудің әкімшілік әдістері, қарыз алушы мемлекеттік компаниялардың қайта ұйымдастыру және басқа да субъективті факторлар несие қаражаттарын қайтаруын қиындатады. Қарыз алушы кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде сыртқы міндеттерді ауыстыратын маңызды субъектіні анықтамау бойынша, механизмнің жасалмауы дефолттың пайда болуына әкеледі. Қажетсіз экспортты несиелер қарыз алушының мүмкіншіліктерісіз оларға қызмет етудің маңызды бюджет қаражаттары жұмсалатын сыртқы қарыз пайда болады.

Үшіншіден, шетел инвестициясына кедендік, салықтық жеңілдіктер, валюталық-саудалық ерекшеліктер бергендіктен отандық өндірушілердің бәсеке қабілеттігі төмен және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы шетел монополизмінің күшеюіне әкеледі және салық салу жеңілдіктері үшін бюджеттің төмендеуіне әкеледі.

Инвестицялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Әлемдік деңгейге жабдықтың  тек 2-3% зы ғана сәйкес келді, ал матералдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.

Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды.

Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражааттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сайкессіздікке әкелді.

Бұл  қоғамның  әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл  процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі  нәтижелерге жетуге жұмылдырымады.

Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді.

Республиканың әлеуметтік–экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай- ақ, республиканың қаржылық ресуртарын пайдалану мен шетел иевестицияларын тарту жөніндегі  өзіндік саясатты құру қажет болды.

2. Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері

 

2.1 Инвестициялық тәуекел түсінігі және оның мәні

 

Инвестициялық тәуекел – бұл инвестициялық шығыны қаупі, салымдардың құнсыздануы. Тәуекел – бұл  экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде болуы және болмауы жағдайларын көрсетеді. Егер осы жағдай пайда болса, онда үш экономикалық нәтиже: теріс (жеңілу, залал, зиян); нөлдік; оң (ұтыс, пайда, табыс). Тәуекелден құтылуға болады, бірақ кәсіпкери тәуекелден құтылмайды, өйткені бұл  пайданың жоғалуын білдіреді. Көптеген экономикалық процестердің дамуы және функцияналдануына белгісіздік белгілері жатады. Тәуекелдің ситуациясын – белгісіздік мәнінен айыру керек. Тәуекелдің мәнін белгісіздік әртүрлілігі сияқты сипаттауға болады, егер жағдайдың мүмкіндігі анықталады. Яғни жағдайдың ықтималдығын бағалауға объективті мүмкіндігі бар, шаруашылық қызметтің нәтижесінде іске асырылады.

Қаржылық қаражаттарды жұмсаумен байланысты халықаралық бизнес саласындағы инвестициялық шешімдердің айтарлықтай бөлігі болашақ шығындар мен табыстардың тұрақты анықтала алмай, бизнесмендер мен менеджерлер осындай шешімдерді негіздеу барысында өз әрекеттерінің анықсыз нәтижелерімен қақтығысатынымен сипатталады. Осыны сипаттайтын негізгі факторлар нарықтық экономиканың мәнімен байланысты, яғни оның шеіберінде болашақ нәтижелер, мысалы, инвестициялық немесе өзге де кәсіпкерлік іс-әрекеттен түсетін нәтижелер, бір жағынан, кәсіпкердің өзінің күш-жігері мен оның ықпал ете алатын факторлардан тәуелді болса, екінші жағынан, аталмыш нәтижелерге жеке кәсіпкер, бизнесмен немесе фирма ықпал ете алмайтын нарықтық конъюнктурамен байланысты сыртқы факторлар ықпал етеді. Сонымен қатар, өндірістік іс-әрекет нәтижелеріне, экономикалық процестер барысы мен дамуына нақты бағалау мен болжамдауға беріле беретін көптеген сыртқыэкономикалық факторлар ықпал етеді.

Информация о работе Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері