Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:27, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3-4

1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері ................................................................................................................5

1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ...................................................................................................................5-12

1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері

............................................................................................................................................12-17

1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары

............................................................................................................................................17-20

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау................21

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................................21-27

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау....................27-30

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау......................................30-35

3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары

.................................................................................................................................................36

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану................................................................................................................36-44

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

.............................................................................................................................................44-48

Қорытынды........................................................................................................................49-50

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................51

Работа состоит из  1 файл

инвест мемл реттеу.doc

— 458.50 Кб (Скачать документ)

     lс-тәжiрибеде  әр түрлi зерттеушiлер инвестиция  түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде  инвестицияны жер сатып алуға,  қозғалмайтын мүлiк, акциялар  сатып алуға, құрылысқа, техникаға,  пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.

     Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын  құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта  құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды. 

Жаңа  өндiрiстi құруға бағытталған инвестиция-лар   Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар   Тиiмдiлiктi арттыруға  бағытталған инвес-тициялар   Мемлекеттiк  басқару

органдарының  талаптарын орындауға бағытталған  инвестициялар

 
 
 

Тәуекелдiлiктiң  жоғары   Тәуекелдiлiктiң төмен

   деңгейi      деңгейi 

     1-сурет.  Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк  деңгейi арасындағы байланыс. 

     Сонымен қатар, тiкелей және жанама инвестициялар болады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар – бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар, деп көрсетiлген.

     Инвестициялардың  барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.

     Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет  екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

     1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған  инвестициялар. Олардың мақсаты  ең алдымен құрал-жабдықтарды  ауыстыру, персоналды оқыту немесе  өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

     2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

     3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

     4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.

     Инвестициялардың  осылай топтастырылу себебi, олармен байланысты тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң әртүрлiлiгi болып табылады. Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы тәуелдiлiктi келесi сурет түрiнде көрсетуге болады .

     Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. 

     Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.

     Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.

     Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

     Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде  жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

     Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа  да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк  және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:

  • күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
  • инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады потенциал iске асырылады;
  • қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер).

     Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн  жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады. 

Қаржы ресурстары Кәсiпорындағы  инвестициялау көзi
1 2
1. Жеке
    1. Амортизациялық қаржы бөлiнулер (негiзгi қорлар мен материалды емес активтерге салынған тозу қаржылары)
    2. Жалпы пайда
      1. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден түскен пайда (кәсiпкерлiк табыс.
      2. Басқа да өткiзулерден түскн табыс.
      3. Өткiзуден тыс нәтижелердiң (табыстар) сальдосы.
      4. Резервтiк қор
    3. Жөндеу қоры.
    4. Сақтандыру резервтерi
    5. Бақалар
 
Өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн) 
 
 

Өткiзуден түскен табыс

Басқа да өткiзулерден түскен табыс 
 

Өткiзуден тыс табыстар 

Жалпы табыс

 

Таза табыс

2. Тартылған қаражаттар.

2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.

2.2. Бағалы  қағаздарды эмиссиялаудан түскен  қаражаттар.

2.3. Еңбек  ұжымының мүшелерiнiң жеке және  заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары.

2.4. Сақтандыру  төлемдерi.

2.5. Франчайзинг,  селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi

2.6. Басқалары

Сәйкес инвесторлардың қорлары
3. Бюджеттiк қаржы  бөлiнулер Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары
4. Бюджеттiк емес  қорлардан түскен  түсiмдер Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары.
5. Қарыздық қаражаттар.

5.1. Банк несиесi

5.2. Басқа  да қаржылық институттардың несиелерi

5.3. Бюджеттiк  несие

5.4. Коммерциялық  несие

5.6. Басқалары

Несие берушiлердiң  қорлары
6. Тартылған қаражатар 

6.1. Аығмадағы  инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.

6.2.Бағалы  қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар.

6.3. Еңбек  ұжымының мүшелерiнiң жеке және  заңды тұлғалардың пайдалық және  басқа да жанрлары.

6.4. Сақтандыру  төлемдерi.

6.5. Франчайзинг,  селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi.

6.6. Басқалары

Сәйкес инвесторлардың қорлары
7. Бюджеттiк қаржы  бөлiнулер. Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары
8. Бюджеттiк емес  қорлардан түскен  тұсiмдер. Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары
 

    1 – кесте. Қаржыландыру көздерiн топтастыру.

     Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.

     Кәсiпорында  инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер  жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады.

     Табыстан  төленетiн салықтар мен басқа  да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында  таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн  өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн. Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге тырысады.

     Инвестициялаудың  бағыттарының бiрi ретiнде лизингтi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды.

     Бюджеттiк  қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк  қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан  Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз  негiзде мемлекеттiк орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.

     Инвестициялаудың  әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану  мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк  реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.

     Реттеу  дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен  анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.

     Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын  нарықтық экономиканың iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына әсер етедi.

     Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi – инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi.

     Елде  ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны  құрудың мұндай факторлар қатынасын  нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.

     Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм  ақыны реттеу тек дамушы елдерде  ғана емес, сонымен қатар экономикасы  дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АҚШ  төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн  қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.

     Бiрақ  мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым  емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi.

     Мемлекеттiк  реттеу проблемасы мына себептер бойынша  реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде  қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.

Информация о работе Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу