Инвестиции

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 11:05, курсовая работа

Описание

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Содержание

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
1. Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы.
2. Инвестицияның мәні, қызметі.
3. Инвестиция түрлері мен есептеу әдістері.
4. Инвестицияның қызметі мен операциялары.
5. Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы.
6. Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
7. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.
8. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары.
9. Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер.
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая2.doc

— 286.00 Кб (Скачать документ)

   Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік  инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  • біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

• акционерлеу   жолы   арқылы   кәсіпорындарды   жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;

• банктік мекемелерді инвестициялау.

Қолданылатын  бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:

  • Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып 
алу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық 
қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

  1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

  Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

  • Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

  Оның  өрістеуі белгілі мөлшерде төлем  төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

     Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.

Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске  салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.

    Барлық  елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің, төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

     Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

     Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің  жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

     Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық  жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

     Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық    жағдайының    қажетті     деңгейде     болмауы     себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

     Төртіншіден,     төлемдер     дағдарысы     жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

     Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

     Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі  капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

     Осының  салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.

     КСРО  кезінде де көрініс тапқан техника  мен құрал- 
жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.

  Елдегі  қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.

  Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің  кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел Инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде тартылды.

  Қазақстан Республикасының инвестициялық  саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.

   Тиімді  инвестициялық саясаттың жоқ  болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.

   Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.

   Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. 
 

  1. Қ.Р-ң  инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның

    маңызды мәселелері. 

    Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

    біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

    екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ  өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

    Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға  қол жеткізу жөніндегі нақтылы  макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

    Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

      Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

    Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық- салалық құрылымын  қолдау мақсатында олардың үйлесімін  қамтамасыз  ету – мемлекеттің  инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

    Іс  жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

    Ал  бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық  база , механизмдер ,объекті мен осы  саясатты жүзеге асыру процесінің өзі  де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

    Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

    Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей  мәселелерді қамтуы тиіс:

    - дайын өнім шығару арқылы экспорттық  әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

    - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім  өндірісін кеңейту ;

    - негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық  салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

    - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

    - экономиканың аграрлық секторының  дамуын тездетуге бағытталған  қаржы және несие қорларын  арттыру және т.б.

           
 
 
 

7. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.

 

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

    Кредитор  (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

    Дамытуға  ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

    Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

    Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел  ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен  басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

Информация о работе Инвестиции