Үндістан мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:13, реферат

Описание

Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.

Содержание

Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ежелгі Үндістан
Үндi-будда мәдениетi
Әдебиеті
Өнері
Музыка және би
Театр мен кино
III. Қолданылған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР.docx

— 63.69 Кб (Скачать документ)

 
Үндістанда алғашқы фильм 
1913 жылы түсірілді (“Раджа Харишчандра”, реж. Д.Г. Пхалке). 1931 жылы бірінші дыбысты кино “Алам Ара” (реж. А.Ирани) қойылды. 20 ғасырдың 40-жылдарының 2-жартысында, әсіресе, тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін (1947) ұлттық кинематография құру мүмкіндігі пайда болды. 1947 ж. ақпарат пен радио хабарын тарату министрлігі жанынан кинематография бөлімі ұйымдастырылды. Халық өмірін шынайы бейнелеген алғашқы фильмдер пайда болды — “Жер балалары” (1946, реж. Х.А. Аббас), “Құр қалғандар” (1949, реж. Н.Гхож). 50-жылдары шығарылған бірқатар фильмдер де маңызды әлеум. мәселелерге арналды. Олардың ішінде “Серік” (1953, реж. Аббас), жерге деген өз құқықтары үшін күрескен шаруалар жөніндегі “Екі бигха жер” (1953, реж. Б.Рой), белгілі бір мөлшерде “Қаңғыбас” (1951, реж. Р.Капур), т.б. фильмдері бар. Реж. С.Рейдің кинотрилогиясы (“Жол жыры” — 1955, “Жеңілмегендер” — 1957, “Апу дүниесі” — 1959) тек қана үнділік емес, дүниежүзінде кино өнеріндегі елеулі құбылыс болды. Үнді фильмдеріне тұрмыс көріністері мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты бейнелеу, оқиғалардың баяу дамуы тән. Үндістан кино өнімдерінде көбінесе тарихи сюжеттерге арналған музыкалық фильмдер елеулі орын алады. Олардың көпшілігінде фильм мазмұнына қатысы жоқ әндер мен билерге шамадан тыс көңіл бөлінеді. Ел өмірін жан-жақты суреттейтін деректі фильмдер шығару жолға қойылған. 1960 жылы Пунада кинематография институты ашылды. 1954 жылдан Бомбей қаласында бүкілүнділік кинофестиваль өткізіліп тұрады. Кино өнері жөнінде бірнеше журнал шығарылады. Үндістан — дүние жүзінде жылына ең көп көркем фильмдер шығаратын мемлекет. Үнділік кино фабрикасы — Болливуд деген атқа ие болған, ол Бомбей қаласының түбінде орналасқан. Бұл қаланың түсіру павильондарынан күн сайын екі жаңа фильм шығарылады. Фильмдер хиндибенгалмаратхи, т.б. халықтардың тілдерінде түсіріледі. Дүние жүзіне есімі танымал үнділік кино актерлерінің қатарына, Б.Сахни, Д.Ананд, Д.КумарРадж КапурШиши КапурНаргис, С.Сен, М.Кумари, Б.Ран, В.Рахман, Ш.ТагорЗинат АманАмитабх БаччанАмриш ПуриМитхун ЧакрабортиШри Деви, т.б. жатады.

 
 

Қолданылған әдебиет :

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005
  2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007
  3. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
  4. Ивашенцов Г. А. Индия — М.: Мысль, 1989. — 160 с.
  5. Антонова К. А., Бонгард-Левин Г. М., Котовский Г. Г. — История Индии -М.: Изд.центр А3,МСК, 1999

Информация о работе Үндістан мәдениеті