Әлеуметтік адаптация ұғымының ғылыми тұжырымдамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 21:59, реферат

Описание

Әрбір тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы икемделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзаға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаға.
Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы гипотезасын қозғағанда ең алғаш өмір сүру және икемделу түсінігін көрсеткен.

Работа состоит из  1 файл

алеуметтик адаптация.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)

Адам  ағзасы және жануарлар ағзасы қоршаған ортаға туа біткен  және жүре пайда болған акт жиынтықтар негізінен икемделеді. Бұл икемделулер дәлме-дәл немесе дәлме –дәл емес болуы мүмкін, олардың көмегімен  ағза өзінің өмір сүруін жеңіл – желпі ұстап тұрады.

Медицина  дененің кез келген ағзасы қандай да бір функцияны орындауға икемді деп санаса, бихевиорист ғалымдар – біздің ойымыз және мінез – құлқымыздың образы бейімделу ролін алады деген болжам ұсынады.

Психоанализ бейімделу мәселесінің үш түрі мен  түйіседі: эго-психология мәселесі ретінде, терапиялық мақсат және педагогикалық мәселе ретінде.

Эго аймағындағы  қақтығыстан тәуелсіз зерттеуде, нақтылықты меңгеру міндеттері мен өте немесе аз тығыз байланысты функцияларды, яғни бейімделуді аңғара аламыз. Бейімделу  концепциясы қарапайым болғаны  мен, ол едәуір көптеген мәселелерді талқылайды.

Негізінен адамды жақсы бейімделген деп  егер оның іс-әрекетінің өнімділігі, өмірмен  рахаттана алу қабілеті және оның психикалық теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алдымен  ағза мен қоршаған ортаның өз ара  байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өзара байланыстан туады деп айта аламыз.

Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу  құралының және осы бейімделу  процесінің арасындағы өзара қарым–қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.

Бейімделу өзгеріспен болуы мүмкін, яғни индивид  ойы оның психо физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды болып табылады.

Жануарлар белсенді және мақсатқа бағытталған  түрде өзінің қоршаған ортасын өзгертеді (ұя, ін салуда). Бірақта аллопластикалық бейімделу кең түрде тек адамға ғана тән. Бұл жерде екі процесс мәнді болып табылады: адам іс-әрекеті қоршаған ортада адамды функциялауға бейімдейді; ал одан кейін (екіншілік) ол құруға көмектескен қоршаған ортаға адам бейімделеді. Ал үшіншіі бір түрі ол аллопластикалық және аутопластикалық түр пішінге байланыссыз және онымен толығымен бірегейлі емес, ол ағзаның функциялануы үшін қолайлы болып табылады. Парр өзінің «адаптациогенез» теориясында осы түр пішінге «шешуші ролді» екіргізеді.

Адам  ағзасындағы бейімделудің сыртқы құрылымы қандай? Деген сұрақта, әлеуметтік концепциядан биологиялық концепцияны бөлектей алмаймыз. Баланың алғашқы әлеуметтік қарым – қатынасы оның биологиылық  тепе – теңдігін сақтау үшінде маңызды, сондықтан адамның бейімделу міндеті адамға туғаннан бастап тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға адамдармен және өзі мен құралған бөлікпен бейімделеді. Адам қоғамға тек бейімделіп қана қоймайды, ол өзі бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады. Жаңа әлеуметтік жағдай бейімделушінің жеке басына көптеген талаптар қояды – яғни ортаға сәтті, жекелеген түрде сәтті, сәтсіз енуіне байланысты.

Ф.Е. Эмери  және Акофаның «мақсатты әрекеттер  жүйесі» мақаласында индивидті  қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста  қарастырады, яғни ортаға бейімделу денгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.

Жағымсыз  әсерлерге ағзаның бейімделу  реакциясының қарқындылығы бірқатар жалпы  арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу  синдромы деп аталады. «Бейімделу синдромы» - стрессордың – яғни жағымсыз әсерлердің созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар мен адамдар ағзасының бейімделу реакциясының жиынтығы. Стрессор әсерінен дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық физиолог Г. Селье «бейімделу синдромының» негізгі симптомдары болып бүйрек үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады. Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық денгейін ескермеи кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші өзгеріске ұшырап, басқада бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. 
 
 
 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Туршинский  З. Многоликая адаптация / З.  Туршинский // Биология в школе.  – 1996. – № 5. – С. 77-80.

2.  Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – № 1. – 49-51 б.

3. Соляренко  Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997.

4.  Чичулин А.А. Социальная психология / А.А. Чичулин. – Новосибирск: Наука, 1992.

5.  Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. -  СПб.: Питер, 2002.

6.  Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма / Н.А.Агаджанян. – М.: Физкультура и спорт, 1983.

7.   Ямбург Е.А. Школа для всех / Е.А. Ямбург. - М.: Новая школа, 1997.

8. Караленко  Ц.П. Вселенная внутри себя / Ц.П.  Караленко; Отв. ред. А.Н.Кочергин. – Новосибирск: Наука, 1979.

9. Кучер  Т.В. Медицинская география / Т.В.  Кучер, И.Ф. Колпашикова. - М.: Просвещение, 1996.

10. Жайтапова  А. Әлеуметтік–педагогикалық бейімделу  / А. Жайтапова // Ұлағат. – 2001. - № 1. – 12-16 б.

Информация о работе Әлеуметтік адаптация ұғымының ғылыми тұжырымдамалары