Ежелгі унді мадениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:03, курсовая работа

Описание

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 385.05 Кб (Скачать документ)

 
Эпикалық «Рамаяна» поэмасының да үнді-будда мәдениетінде алатын орны айрықша. Мұнда өзінің сүйген қызы Ситаны құтқа- ру жолындағы Рама патшаның басынан  кешкен уақиғалары баяндалады. Сонымен  бірге, бұл баға жетпес мәдени мүрада көне замандағы үнді халқының өмірі  кеңінен сипатталып, олардың салт-дәстүрлері, тіршілік-түрмысы туралы құнды мәліметтер беріледі. Міне, сондықтан да болар, француздың белгілі тарих- шысы Мишле  «Рамаяна» поэмасы туралы былай  деп толғана жазды: «Батысқа қарасам  көңілім толмайды, тіпті ежелгі мәдениеттің  ошақтарының бірі болған — Грекияның  өзі де мені онша қанағаттандырмайды, түншығып бара жатқандай эсер ала- мын, өйткені олардың идеялары әрі  жүтаң, әрі әсерсіз. Ал ұлы Азия мен  дана Шығысқа көз жіберіңізші. Онда менің жүрегім, менің сүйікті  поэмам жатыр. Бұл әдеби туынды —  кең байтақ Үнді мүхитымен пара-пар».

Ведалар, упанишадтар, «Махабхаратта» және «Рамаяна» поэмалары үнді халқының даналық энциклопедиясы болып саналады. Бұл мәдени мұралардың өміршеңдігі  — ондағы адам өміріне тікелей  қатысты даналық қағидаларға, тәлім-тәрбиелік  ойларға, философиялық толғауларға  және т.б. толы болуында болар. Бүл ойымыз дәлелді болу үшін көне үнді афоризмдерінен бірнеше үзінділер келтірейік: «Адам сәні — даналық, даналық сәні — тыныштық, тыныштық сәні — батырлық, батырлық сәні — қайырымды л ық». Әйелдердің мың кемшілігі және үш адамгершілік қасиеті бар: олар — шаңырақты үстау, үрпақты жалғастыру және ерімен бірге о дүниелік болу. «Қонған маса- ларды қууға жарамайтын иттің құйрығынан, пайдаға аспайтын білімділіктен не пайда?», «Махаббат рахатын көрмесең денсау- лықтан, табандылығың мен ұлылығыңнан не пайда?», «Арыс- танды шатқалда, құсты аспанда, балықты суда үстауға болады, ал әйелдің беймаза жүрегін еш уақытта да үстай алмайсың». Үндінің көркемдік мәдениетінде махаббат мәселесі мен әйел- дер табиғатына ерекше орын берілген. Әйелдердің жаратылуы жайындағы мифтерде ойнақылық — мысқылдау сарыны айқын аңғарылады. Мына бір әңгіме осы бір пікірімізді дәлелдей түссе керек. «Еркекті жаратуға бүкіл материалдарды жүмсап қойған- дықтан, әйелдерді жаратуға материал таппай жаратушы Твашт- ри құдай қатты сасады. Біраз ойланғаннан кейін ол әйелді жа- ратудың жолын да, әйелдердің бойына лайық қасиеттерді де табады. Олар: гүлдің әсемдігі, жапырақтың жеңілдігі, сәуленің құбылмалығы, желдің өзгергіштігі, бүлттардың жыласы, қоян- ның жасқаншақтығы, тотының паңдығы, жолбарыстың қаһарлығы, оттың қызуы, қардың ызғары, балдың тәттілігі, ал- мастың қаттылығы, жабайы үйректің адалдығы, торғайдың сөз- уарлығы, тырнаның залымдығы және тағы да басқа қасиеттерді араластырып жасап еркектің қолына берген екен».

 
Махаббат құдайы Кама мен оның әйелі Рати үнді ақындары мен жазушыларының ерекше құрметіне бөленген. Карма өмірдің қызығын қызықтауға тыйым салмайды. Тіпті қолдарынан өнер тамған әрі өнерлі, әрі ақылды «махаббат оттары» куртизанка- лармен көңіл көтеруді күнә деп санамайды. V ғасырда өмір сүр- ген үнді ақыны Махараши Вацияна өзінің «Кама-Сутра» деген өлеңмен жазылған шыгармасында жыныстық қатынастар мәдениеті, әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынастар, сезімдік рахаттану мен дене сүлулығын жақсартатын әдістер мен тәсілдер кеңінен сипатталып, баяндалган. XIX—XX ғасырларда бүл кітап Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарады және ол бойынша бірнеше кинофильмдер түсірілді. Мүндай діни-эроти- калық мазмүндағы шығармалар XVII—XIX ғасырлар аралығында Үнді елінде көптеп жазылды. Олардың авторлары: Бихари Лала (XVII г.), Чинтамани (XVII ғ.), Бхаратчандро Рая (XVIII ғ.), Рангина (XIX ғ. басы), Джан Сахаба (XIX г.).

 
Буддизмде мұндай эротикалық сарындағы  еңбектер жазуға жол берілмеді. Мүнда  адамзатты қоршаған тіршілік дүниесіне  көзқарастар былай сипатталды: «Тіршілік  иелерінің ешқайсысын да өлтіруге болмайды, үрлық жасауға, әйелінің немесе ерінің көзіне шөп салуға болмайды» (монахтарға әйелдерге жақында- уға мүлде  рүхсат етілмеді). Өтірік айтуға, арақ-шарап  ішуге қатаң тыйым салынды. Бірақ, буддизм джайнизмнің тағылыққа  дейін жетіп, киім киюден бас тартушылыққа дейін жететін аскеттік қылықтарын өткір сынға алды. Үндістанда театр  мен драмалық әдебиет кең түрде  дамыды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, театр өзінің тамырын Ведалардағы  гимндер мен диалогтардан алды. Кришна жайындағы көптеген аңыздарды халық  арасында насихаттауда театрға ерекше орын берілді, ал оған Бхаса, Ашвагхоши  сияқты аса көрнекті үнді драматургтері  өз үлестерін қосты. Әсіресе Ашвагхоши  аса ірі үнді драматургтарының бірі болды. Ол діни тақырыптарды өз шығармаларының арқауы етті. Қытай мен Тибетте  кеңінен тараған, қасиетті Будцаның өміріне арналган «Буддачарита»  — оның төл туындысы. Біздің заманымыздың IV ғасырында өмір сүрген Калидастың шығармашылығы Батыс Еуропа елдеріне кеңінен танымал. Ол лирикалық «Облако  — вестник» және «Малявика и Агни- митра», «Мужеством обретенная Урваши», «Шакунтала» сияқты танымал драмалардың  авторы.

«Рамаяна» тақырыбына жазылған «Махабирачарита», «Уттарарамачарита» және «Малатимадхава» драмаларының авторы Бхабабхутидің (VIII г.) мерейі үстем  болды. Аталған драмалардың жазылуы  хинда, бенгал, маратхи, гуджарати, ория, ассам сияқты тағы да басқа үнді халықтарының әдеби тілдерінің қалыптасып, одан әрі дамуына зор ықпал  жасады. Үнді әдебиетінің алып түлғаларының бірі — ауыз әдебиетіне негізделіп жазылған «Рамаяна» және Кришнаға арналып  жазылған «Кришнавали» поэмаларының авторы Ту леи Дас (1532— 1624).

Ағылшын отаршылдығы кезеңінде  үнді-будда мәдениетінің даму қарқыны  бәсеңдей бастағанымен, үлт-азаттық  қозғалыстың басталуына байланысты мәдениет пен өнер қайта жанда- нып, өнер адамдарының шығармашылық белсенділігі жаңа ар- наға түсті. XIX ғасырда Үндістанда мәдениеттің жаңа сатыға көтеріліп, гүлденуіне Динобандху Митро, Б. Чоттопадхайя, А. Навал ар, Р. Айр, Нармадашанкар  және т.б. жазушылар үлкен еңбек  сіңірді. Әдеби туындыларын бенгаль  тілінде жазған, үнді әдебиетінің  ғана емес, сонымен қатар бүкіл  дүниежүзілік әдебиеттің алып түлғаларының бірі — мандай алдыеы Рабиндранат  Тагордың алатын орны айрықша. Оның «Таулар», «Үй мен бейбітшілік» атты романдары  әлемге өйгілі, ал «Джанаганамана»  деп аталатын өлеңі Үндістанның  мемлекеттік гимніне айналды. Рабиндранат  Тагордың әдебиет саласындағы ұланғайыр  еңбегі өте жоғары бағаланып, оған 1913 жылы Нобель сыйлығы тапсырылды.

Үнді-будда мәдениеті  жүйесінде ғылыми білім қалай  дамыды? Осы мәселеге байланысты ұлы  ғалым А. Эйнштейн өзінің бір хатында  былай деп жазды: «Батыс ғылымының  дамуы екі ұлы жетістікке тікелей  байланысты болды. Оның біріншісі, грек философтарының формалды логикалық  жүйесі (Евклид геометриясы) және Қайта  Жаңғыру дәуіріндегі себептік қатынастарды жүйелі тәжірибенің көмегімен ашуға  болатындығы туралы жаңалықтар болды. Мен қытай даналары бүл жаңалықтарды бүрьш неге ашпады екен деп танданбаймын, менің таң қалатыным — бұл  жаңалықтардың ашылуында» (Социология науки. — Ростов-н/Д., 1968. — С. 21—22). XX ғасырдың ұлы физигінің бүл  пікірінің астарында үнді-будда  дінінің қойнауында жоғары дамыған  ағартушылық пен білімге қарамастан бүл елдегі ғылым өз деңгейінде неге дамымаған, неге ол Батыс Еуропа елдерінен  әкелінген деген орынды сұрақтар бар.

 
Әрине, үнді-будда дінінің білімге  үлкен құрметпен қараған- дығын  ешкім де жоққа шығара алмас. Көне үнді афоризмдеріңце ғылымның маңызы мен мәні жоғары бағаланған. Оған дәлел  ретінде ғылым мен білімге  байланысты мына бір қанатты сөздерді мысалға келтіргенді жөн көрдік: «Адамның ең қасиетті игілігі —  ғылым мен білім, оларға ешбір  баға да жетпейді және олар еш уақытта  да сарқылмайды», «Билік пен білімділікті салыстыруға болмайды», «Патшаны өз елінде ғана сыйласа, ғалым барлық жерде  де құрметке ие», «Білімсіз адам малмен тең» және т.б. Үнді математиктері, дәрігерлері  араб, парсы және Орта Азия елдерінде  жоғары бағаланған, сондықтан болса  керек, көптеген адамдар білім бүлағынан  сусындау үшін үнді еліне келетін  болған. Үндістанның кейбір қалаларында  ашылған университет- терде діни-философиялық текстер, астрономия, астрология, математика, медицина мәселелері жан-жақты оқытылатын болған. Бенарес көп уақытқа дейін  үнді мемлекетінің басты ғылыми орталықтарының бірі болған. Көне Үндістанда астрономия мен математика жоғары бағаланған. «Ноль» белгісі мен санаудың ондық  жүйесін ойлап тапқан да үнді ғалымдары  болатын. V—XII ғасырларда Ариабхатта (V ғ.), Брахмагупта (VII г.), Магавира (IX ғ.), Бхаскара (XII ғ.)сияқты дарынды математиктер мен  астрономдардың мерейі үстем болды.

Үнді химиктерінің химия  саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми түжы- рымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті. Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің дәстүрлері рационалистік сипатқа толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің құрылымының логикалық негіздері үнді ғалымдарын онша қызықтырмады. Одан да олар адамзатты қоршаған дүниенің сан құпиялары мен эр түрлі салада жаңалықтар ашумен айна- лысқанды жақсы кәрді. Тіпті, тарихи зерттеулерге де онша мән- мағына бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени же- тістіктері, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмір, патшалықтардың арғы-бергі тарихы сияқты маңызды мәселелер- ге онша назар аударылмады. Соның салдарынан көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі — Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. XII ғ.) «Раджатарангити» атты еңбегі.

Өз тарихына немқұрайлы қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мөдениеттің дамуына нүқсан келтірді. Қоғамдық өмірді түрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім  жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі — тарихи қажеттілік болды. Заман ағымын- да бүл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады  да, асырыла бермек те.

Мында өту: шарлау, іздеу

Үндістан Республикасы 
भारत गणराज्य

Үндістан  туы

Үндістан  елтаңбасы


Координаттар:

28°12′00″ с. е. 35°17′00″ ш. б. (G) (O)

Ұраны: «Satyameva Jayate (Sanskrit) 
सत्यमेव जयते (Devanāgarī) 
"Truth Alone Triumphs"»

Әнұраны: «Jana-Gana-Mana»

Үндістан картада

Тәуелсіздік күні

15 тамыз 1947 (Ұлыбританядан)

Ресми тілі

Хинди Ағылшын тілі

Астанасы

Нью-Дели

Ірі қалалары

Мумбаи, Калкута, Бомбей

Үкімет түрі

Федерациялық  республика

Презіденті 
 
премьер министрі

Пратибха Патил 
(Pratibha Patil) 
Манмохан Сингх 
(Manmohan Singh)

Мемлекеттік діні

Индуизм

Жер аумағы 
• Барлығы 
• % су беті


3 287 590 км² 
9,5

Жұрты 
• Сарап (2010) 
• Тығыздығы

 
▲ 1 210 193 422[1] адам (2) 
364 адам/км²

ЖІӨ 
• Қорытынды (2010) 
• Жан басына шаққанда

 
4,001 трлн $[2] $ (4) 
3,290[3] $ (117)

ЖІӨ (номинал) 
• Қорытынды 
• Жан басына шаққанда

 
$796.1 миллион $ 
$705 $

АДИ

▬ 0,547 (Орташа) (134)

Валютасы

Үндістандық рупия 
(INR, коды 67)

Интернет үйшігі

.in

ISO коды

INR

Телефон коды

+91

Уақыт белдеуі

+5


Үндістан - Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңттүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхан/раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.

Діни құрамы:

  • индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
  • мұсылмандар — 11%;
  • мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;
  • сикхтар — 2,8%, т.б.

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Тілдер
  • 2 Әкімшілік бөлу
  • 3 Табиғаты
    • 3.1 Геология
    • 3.2 Климат
    • 3.3 Гидрология
    • 3.4 Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
  • 4 Тарихы
    • 4.1 Колониалдық дәуiр
    • 4.2 Британдық Индия
  • 5 Тәуелсіз Үндістан
    • 5.1 Қазақстанмен қатынастары
  • 6 Экономикасы
  • 7 Мәдениеті
    • 7.1 Әдебиеті
    • 7.2 Өнері
    • 7.3 Музыка мен би
    • 7.4 Театр мен кино
  • 8 Пайдаланған әдебиеттер

Информация о работе Ежелгі унді мадениеті