Ежелгі Месопотамия мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:50, реферат

Описание

XIX г. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос озен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардьщ орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүннежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.

Содержание

1. Ежелгі Месопотамия мәдениеті
2. Месопотамиядағы ежелгі мемлекеттер
3. Мәдениеттің Шумер, Аккад елдерінде дамуы

Работа состоит из  1 файл

Месопотамия мадениет.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

 Ежелгі Месопотамия мәдениеті

 

XIX г. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос озен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардьщ орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүннежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.

Жер бетіяде  алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей ө те жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.Й. Грозный сияқты аса көрнекті шыгыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мэдениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.

Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым Л. Вулли: «Дәл осы кезеңде бұлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бұл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде әсер еткен болса керек», — деп жазады.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер.

Өз заманында  іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, тұрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.

Дүние жүзіндегі  алғашқы жазуды ойлап табу да осы  дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жасады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.

Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гильгамеш туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фәлсафалық толғаулар айтылады.

Шумер мәдениетін зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болган. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шуруппак сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған.

Қос өзеннің байырғы  тұрғындары — шумерлердің діни наным-сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз құдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер әлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Ан» — аспан, «Ки» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-кигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б.

Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бұлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Таурат пен Інжілді құдай сөзі, не болмаса құдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының ұшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Таураттың-шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

Қазіргі заман  мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін қолданатынымызды айтсақ та жеткілікті сияқты.

Шумер мэдениетінің тагдырына келсек, шумер елі шапқын-шылыкка үшырап, б.з.д.б. 3-мынжылдыктың аягында семит тайпалары аккадтыктар жаулап алганнан кейін Вавилон, Асси-рия мемлекеттері орныкканнан кейін де бүл өркениет адамзат мэдениетінің теңцесі жоқ үлгісі болып кала береді. Ол өзінің ішкі ртаани куаты мен ізгілік мүратгары аркылы кайтадан жаң-ғырш^үгшгі заыан бейнесінен кайта көрініс таптьь Осы орайда шумерлердіқ байырғы отаны Евразия күрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы женіндегі тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер оркениеті мен түркі өлемі мәдениетінің озара тығыз байланыста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Қазірдің озінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне үксас сиякты толып жатқан ғылыми түжырым-дар осы пікіріміздің айқын дәлелі сияқты.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мүрагері ежелгі Вавилон  болды. Б.з.д. П мынжылдықтың ортасында  Хаммурапин патша-ның түсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық күрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінін қол асты-на біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты зандар жинағы өмірге келді. Хамму-рапи зандарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен корініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави-лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы де-ректер откен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродот-тың жэне тағы да басқа коне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологнялық жаңалық ашып, осы бір үлы мәдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді.

Қос өзен бойының байырғы  түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылык,, бір жағынан ол қүнарлылык, береке козі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді та-лай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек.

Вавилондықтар аспан  жарықтарьгаа жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның қүпия сырларын ашуға  да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және түтылудын кайталану заң-дылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астроноьщар аспан денелерін, яғни жүлдыздарды бақылап зертгеу-де тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астроло-гиялық мектептер болған, ал жүлдыздардың өзара қашықты-ғын көрсететІн таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.

Вавилон абыздарының  ілімі бойынша адамдар күдайға қүлшылык, ету үшін балшықтан жаратылған. Вавилондықтар коп қүдайларға табынған, солардың ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн қүдайы, Син — Ай қүдайы, Адад — Жауын-шашын күдайы, Нергал — Өлім қүдайы, Ирра — Соғыс күдайы, Вильги — От қүдайы. Вавилон қүдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық кдсиеттер табылды. Олар да адамдар сияқты жанүя күрып, ұрпақ жалгастырды, байлық пен мансаптан да бас тартады, күншілдік, даңккүмарлык, өз мүддесін ойлау, түрак.сыздык сияқты жат қасиеттер оларға да тән болды. Адам тағдыры осы қүдайлар қолында болды, ал олардык еркін тек абыздар ғана болжай білді. Абыздар шынында да көп білетін — бүған абыздар ортасында дүниеге келген Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау жөне сикыршылықтың түрлері абыздар мен жүлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болган. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғагган тыс дүние есебінде қүрметгелген.

Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардьщ ең ежелгі және үлы мәдениеттердін бірін гүлдендіріп. одан өрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Грек-рим модениетінің арасындағы озара байланыс қандай болса, ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі коршілері вавилон-дыктарға қатысы да сондай болды. Олар Вавилонньщ дінін, мәдениеті мен онерін кабылдап, оны одан өрі дамытты. Ғалым-дар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал (б.з.д. 665—635 ж.) са-райының кирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса құнды шыгарма-лары бар кІгапхана тапты. Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондык, әдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен гылыми еңбектер де жинақталған. Ал осы сарайдан табылған «өліп бара жатқан үрға-шы арыстан» (б.з.д. VII ғ. Лондон. Британ музейі.) — дүниежүзілік маңызы бар онер туындыларының қатарына жа-тады. Денесіне садақ қадалып, енді ең соңғы күшін жинап алып орнынан көтерілуге әрекет жасап түрған бүл үрғашы арыстан трагедиялық үлылыққа бөленген. Жан тапсырар алдындағы аласапыран сотті мүсінші оте әсерлі де, нақты бере білген.

Б.з.д. Ассирия  енері патшаның билігін, оның қүдіретін дәріптеді. ІІ-Сарон патшаның (б.з.д. VII ғ.) сарайында адам бейнесіндегі аса зор, әрі айбынды қанатты бүлақтар бейнелен-ген. Әрбір бүқаның тура бес аяғы бар. Осы бейнелерді корген-де: «Артык аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сүрак еріксіз оііға келеді.

Белгілі ғалым  Л. Любимовтың пікірінше, «Бүлар қайырым-ды кемеңгерлер, патшалардьщ салтанатты сарайларын жаулар-дан қорғаушы күзетшілер, сарайға кіруші оркім жанынан өтіл бара жатканда — ауыр салмағымен, козгалысынан, ал алдынан қарағанда —одан да кем соқпас аіібарлы сабырлылығымен зәреқұты қалмай корқып түруы үшін оған артык аяқ жасалған».

Ассириянъщ  Алдыңгы Азиядағы үстемдігі тым  үзакқа созыл-ған жок, б.з.д. VI г. Вавилон мен Ассирияның орнын куатты Иран империясы басты. Осылай алдыңғы Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет орнықты. Оның күра-мына Вавилон мен Ассирия, Кіші Азия мен Египет, Мидня, Армения, Сирия және Орта Азия да енген болатын. Өзі бағын-дырған халыктардың мәдениетінен сусындаған Иран мәдениеті негізінен Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. Олай болса «Иран шумерлік мәдениетІнің екінші үйі болып табылады» де-ген А. Тойнбидің пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ. Иран мәдениетінің шарыктаған кезеңі — Ахменидтер династиясының үстемділігімен (б.з.б. VI—IV ғ.) түспа-түс келеді.

Ахменидтік  иран өнері, галымдардың пікірінше, нағыз сарай-лык онер болды. Бірақ Ирандық онерде сабырлылык, пен бай-салдылық сарын болды, ассириялықтардың өмерінде байкала-тын мейірімсіздік — қайырымсыздық қасиеттер кездеспейді де-сек те болады. Ең бастысы — мәдени мираскорлық дәстүр бүзыл-май сақталған. Ирандық бейнелеу өнеріне аңдарды, олардың ішінде қанатты бүқаларды, арыстандар мен барак иггерді (үзын жүнді итгің бір түқымы) беннелеу — осы өнер саласындағы басты элемент болып қала береді. Мысалы, Ассирия сарайын-дағы сияқты Пасаргадыдағы, Персопольдегі және Сузыдағы са-райлардың қакласының алдында айбынды қанатты бүқалар ор-наласты. Баска мәдени мүраларға еліктей отырып, парсы сәулетшілері өнері саласында талай тамаша жаңалыктар ашты. Солардың бірі — «ападана» болатын, яғни түрлі-түсті тастардан жасалған, түтас орман тәрізді жүздеген жеңіл, тіп-тік көп ко-лонналы тақ залы. «Патша сарайларының сән-салтанаты откен ғасырларда басқа мемлекеттерде жасалғаннын. бәрін дерлік ба-сып өтгі», — деген ғалымдар пікірініқ ақикаттыгына сәулетшілік өнердің әрі әдемі, әрі үйлесімді ескерткіштері айқын дәлел бола алады. Иранның сарайлық өнері — мерекелІ де, салтанатты онер болды, тіпті жеңістерді дәріптегеннің өзінде де қатыгездіктен ада таза өнер екендігін көрсете білді.

Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қол-дау тапты. Зороастризм тек қана діни наным*сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдык жүйе бо-лып табылады.

Зороастризм ежелгі заманның философиялык жүйелерінің калыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдык ілімдерге де зор әсер еггі.

Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның  өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптаскан. Ғалым-дардың айтуынша, Заратуштра грекше «Зороастр» деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан «түйелі адам», «түйе жетекте-ген адам» деген магына береді. Зороастризмнің қасиетгі кітабы — эдеби және мәдени жәдігер «Авеста». «Киелі Авеста кітабы» ежелгі мәдениеттен хабардар етіп кана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлүматтар беріп, көне тарих бетгерінен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ен ежелгі, ең қүнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. «Авестаның» зороастризм жайындагы коп нүскдулары бізге толык жетпеген. Оның ең көне бөлігі «Гат» деген атпен белгілі. «Кнелі кітапты» — энииклопедиялық туынды деп карастырсақ та болатын сияқты, өйткені мүнда түрлі гылым салаларымен қатар, зандар туралы, адамгершілік хакында толып жатқан кьізыкды дерек-тер кездеседі. Сонымен қатар «Авеста» тарихи ескерткіш те бо-лып саналады. Мүнда үлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталган зороастризм діні туралы маглүмаггар осы «Авеста» ар-қылы біздін заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітапта» адам-ның акыл-ойы, оның өсіп-жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыс-тарға жетуі және т.б. омірлік мәселелер жырға косылады. Со-нымен катар, әділ патша билігі, жарқын емір сүру, тату-тәтгі қарым-катынастар орнату, іс-эрекетті ақылмен жасау, адал ең-бекпен күн көру, адамдарга шексіз қайырымдылык. жасау сияқты емірлік мәселелер сөз болады.

Информация о работе Ежелгі Месопотамия мәдениеті