Антика мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 20:22, реферат

Описание

«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды.

Работа состоит из  1 файл

Антика мәдениеті.doc

— 57.50 Кб (Скачать документ)

Эллинизм өнері сол қарқынды дәуір адамдарын толғандырған идеяларды суреттеді, ал көркем мәдениет Жерорта теңізінің әр түрлі облыстарындағы өнердің көптеген түрлерін дамыту негізі болды. Б.з. дейінгі 1 ғ. соңынан эллинистік мемлекеттер құри бастағанда антика әлемінде рим өнері жетекші мәнге ие бола бастайды. Ол өзіне Греция мәдениеті мен өнерін сіңіре отырып, зор Рим державасының көркем практикасына үлесін қосты. Гректердің антикалық антропоцентризміне римдіктер парасатты дүниетаным белгілерін енгізді. Ойлау дәлдігі мен тарихилығы, қатаң проза гректердің миф шығармашылығының мәнді поэтикасынан бөлек көркем мәдениет негізі болды.

Римнің көркем мәдениеті алуандығымен және формаларының ала-құлалығымен ерекшеленеді, онда Рим бағындырған елдердің өнеріне тән белгілер бейнеленген. Гүлдену кезеңіндегі рим өнерінде сәулет жетекші роль атқарды, оның ескерткіштері қазірдің өзінде өзінің алыптығымен таңдандырады. Римдіктер әлемдік сәулетшіліктің жаңа дәуірін ашты, онда көп адамдар санына есептелген қоғамдық құрылыстар негізгі орын алады. Барлық әлемде инженерлік өнер биіктігі, құрылыстар типтерінің алуандығы, композициялық формалар байлығы, құрылыс масштабы бойынша тең келетін сәулет жоқ. Римдіктер қала, ауыл ансамбліне және пейзажына сәулет объектілері ретінде инженерлік құрылыстар (акведуктер, көпірлер, жолдар, айлақтар, бекіністер) салды. Олар грек сәулетінің принциптерін, алдымен оның ордерлік жүйесін қайта өңдеді.

Алайда Римдегі грек өнерін құрайтын гуманистік бастаудың, айбындылық пен  үйлесімнің орнын императорлардың  билігін, империяның әскери қуатын дәріптеу басты. Осыдан асыра сілтеушілік, жалған пафос шықты, ал оның жанында кедейлердің  жыртық лашықтары, қисық көшелері мен қаладағы лас, қараңғы түпкірлер тұрды.

Монументті мүсін облысында  римдіктер гректерден қалып қойды  және гректер сияқты зор ескерткіштер жасаған жоқ. Бірақ олар пластиканы өмірдің жаңа жақтарын аша отырып байытты, сәулет декорының маңызды  бөлігін құрайтын тұрмыстық және тарихи бедер жасады.

Рим мүсін өнерінің ең үздік мұрасы – портрет. Шығармашылықтың дербес түрі ретінде ол б.з. дейінгі 1 ғ. басынан  байқалады. Римдіктер осы жанрды жаңаша түсінді. Олар грек мүсіншілерінен айырмашылығы нақты адамның бет-бейнесін мұқият және жіті зерттеді.

Б.з. дейінгі І ғ. соңында Рим  мемлекеті аристократиялық республикадан  империяға айналды. «Рим әлемі» деп  аталатын Август билік құрып тұрған кездегі таптық күрестің тыныш уақыты (б.з. дейінгі 27 ж. – б.з. дейінгі 24 ж.) өнердің жоғары гүлденуін ынталандырды. Антика тарихшылары осы кезеңді Рим мемлекетінің «алтын ғасыры» деп сипаттайды. Онымен сәулетші Витрувийдің, тарихшы Тита Ливийдің, ақындар Вергилийдің, Овидийдің, Горацияның есімдері байланысты.

Б.з. І ғ. соңы мен ІІ ғ. басы – үлкен кеңістікті құлаштағы керемет сәулет кешендерін салу уақыты. Ежелгі республикалық Форумның жанынан салтанатты рәсімдерге арналған императорлар форумдары салынды. Көп қабатты үйлер салынды, олар Рим мен империяның басқа қалаларының бейнесін айқындады. Императорлық Римнің қуаты мен тарихи мәнінің үлгісі әскери жеңісті дәріптейтін салтанатты құрылыстар болды.

Ежелгі Римнің ең зор көріністі  құрылысы – Колизей, бұл керемет  көріністер мен гладиаторлық ұрыстар  орны болды. Құрылысшылар оның үлкен тастан жасалған жеріне 50 мың көрерменді ыңғайлы орналастыру керек болды. Колизейдің қуатты қабырғалары тұтас аркадалармен 4 бөлікке бөлінген, төменгі бөлігі кіретін және шығатын орын болды. Төмен түсетін орындар көрермендердің қоғамдық рангысына байланысты бөлінді. Колизеймен жасалу шеберлігі және кеңістік шешіміне байланысты еркін үйлесімімен көз тартатын Пантеон ордасы ғана бәсекелесе алады.

Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим  империясы Батысқа және Шығысқа  бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.

 

Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

 


Информация о работе Антика мәдениеті