Бағалы қағаздар құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 18:59, реферат

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның факторларын толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 инфляцияның мәні мен пайда болу себептері қарастыру;
 инфляцияның даму факторларын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері 6
1.2 Инфляцияның түрлері 7
1.3 Инфляцияға әсер ететін факторлар 8
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 11
2.1 Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляция 11
2.2 Азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі 13
2.3 Қызмет көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері 17
3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25
ҚОСЫМШАЛАР 26

Работа состоит из  1 файл

Курсовая по каржы.doc

— 533.00 Кб (Скачать документ)

     Инфляцияға  қарсы саясат варианттары елдегі жағдайда және уақыттың сол немесе басқа кезеніңде орын алған басымдықтарға  байланысты таңдап алынады. Егер экономикалық өсуді тоқтату мақсаты қойылса, онда дефляция саясаты жүргізілді, егер мақсат экономикалық өсуді ынталандыру болса, онда табыс саясатына басымдылық берілді.

     Ақша  реформасы ақша айналысын, валюталардың тұрақтануын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесін (толық немесе ішінара) түрлендіру болып табылады. Дүниежүзілік саясаттағы ақша реформасы жарамсыз деп тануды, бағамды көтеруді, ақшаның кұнсыздануын және ақша өлшемін ірілендіруді өзіне қосады.

     Нуллификация (жарамсыз деп тану) латынның «nullification» деген сөзінен шыққан және «жою» дегенді білдіреді. Жарамсыз деп танылған кезде бұрын күшті құнсызданған ақша белгілерінің күші жойылады және орнына жаңалары енгізіледі. Тұтас алғанда тек есеп жүргізуді жеңілдетеді және тәргілеу сипатында болады, яғни материалдық құндылыққа іске аспаған барлық ақша қаражатты мен жинақ ақшалар, іс жүзінде жойылады.

     Девальвация (ақшаның құнсыздануы) латынның «de»-төмендеу, «valko»-тұру сөздерінен шыққан. Шетел  валютасына қатысты ақша өлшемі құрамындағы  алтынның немесе ұлттық ақша бірлігі бағамының төмендеуін білдіреді.

     Ревальвация (бағамды көтеру) латынның «re»-жаңғырту және «valko»-тұру сөздерінен шыққан. Ақша өлшемі құрамындағы бұрынғы алтынды қалпына келтіруді немесе шетел валютасына қатысты ұлттық валюта бағамының көтерілуін, яғни ақшаның құнсыздануына қарама-қарсылығын білдіреді.

     Деноминация «denominatio» латын сөзінен аударғанда «атын өзгертуді» білдіреді және ақша белгілерінің көрсетулі құнын  арақатынасы бойынша жаңа ақша бірлігіне  оларды айырбастау арқылы ірілендіруді, яғни ескісімен салыстырғанда жаңа аттас ақша бірлігінің атаулы сатып алу қабілетін арттыру арқылы бағалардың ауқымын ірілендіруді көрсетеді. Деноминацияның негізгі міндеті айналыстағы атаулы ақша көлемін азайту болып табылады, оның  нәтижесінде  есеп жүргізу жеңілденеді, ақша айналысы шығыны қысқарады және ақша айналысы жүйесі тәртіпке келеді.

     Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі  экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Бұл дилемма әр әлде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі.  Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және т.б.)

     Инфляцияға  қарсы саясатты талдауда оны екі бағытта көрсеткен жөн. Бірінше бағыт белсенді бөджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды киемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

     Экономиканың  құлдырауы кезінде сұранысты  ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз  топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70-жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

     Екінші  бағыттың авторлары экономикада  пайда болған кемшіліктерді ақша-несие  саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің  бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан  тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің мөлшерлемесін өзгертеді. Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады,басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету ифляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша  инфляцияны 1%-ға төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарылады, ал нақты ЖҰӨ-ні  4%-ға кемітеді.

     Инфляцияның өрiстеп, күшеюi экономикалық және әлеуметтiк  қарама-қайшылықтарды асқындырып жiберетiндiктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тура қиындыруға шешу жолдарды  қолдана бастайды.

     Инфляция  кезiнде мемлекет iс-қимылының екi нұсқасы болады:

      1) бейiмделу саясатын жүргiзу немесе  инфляцияға бейiмделу; бұл кезде  табыстарды, жалақыны, процент ставкасына, инвестицияларды индекстеу жөнiнде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзiмде жобаларды өткiзедi, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерiн iздестiредi және т.с.с.

      2) инфляцияны төмендету немесе  басу жөнiнде инфляцияға қарсы шаралардың кешенiн жүргiзу.

     Инфляцияны  жою жөнiндегi шаралардың кешенi қоғамын iс-әрекет етуiнiң өндiрiстiк-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершiлiк  өрісінің әр түрлi жақтарына әрекет етудi қамтиды десек те олардың шешушiсi базалық, өндiрiстiк-экономикалық өрісі болып табылады.

     Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық  саясат пайдаланудың бiршама қатардағы  макроэкономикалық әдiстермен жетуге болады.

     Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске  бағытталған экономиканы мемлекеттiк реттеу жөнiндегi шаралар кешенi. Мұндай саясаттың екi негiзгi жолы белгiленген: дефляциялық саясат және кiрiстер саясаты.

     Дефляциялық саясат – мемлекеттiң шығындарың азайту, несие үшiн процент ставкасын арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмi арқылы ақша сұранымын реттеудi қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуiн тежейдi.

     Кiрiстер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың  өсу шегiн белгiлеу жолымен  параллелдi бақылау жүргiзудi қажет етедi. Оны жүзеге асыру әлеуметтiк қайшылықтарды қоздыруы мүмкiн.

     Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудiң  әр түрлi әдiстерiн қамтиды:

      1) Орталық банктiң нақты ақша  эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы  ақша массасының ауқымын азайту.

      2) Барлық кредит ресурстарын қымбаттату  және оларға қол жететiндiгiн  азайту мақсатында орталықтандырылған  кредиттер үшiн қайта қаржыландырудың есептiк ставкасын арттыру.

      3) Кредит мультипликаторын қысу  және коммерциялық банктердiң несие экспансиясын шектеуге жету үшiн Орталық банктiң коммерциялық банктерге резервтiк талаптарын арттыру.

      4)  Сондай мақсаттарда Орталық банктiң  кредиттерiн тiкелей қысқарту.

      Инфляцияға  қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттiң шығыстарын қысқарту және осының негiзiнде мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын төмендету арқылы жүргiзiледi.

     Салық саясаты инфляция жағдайында екi өзара  байланысты, бiрақ қайшылықты мiндеттердi шешуi тиiс:

     бiрiншiден, мемлекеттiк бюджеттiң тендестiгiне жету және тапшылығын жою үшiн оның кiрiстерiнiң деңгейiн көтеру керек;

     екiншiден, экономиканың бастапқы буындарында - өндiрiс  пен айырбас өрісінде экономикалық белсендiлiктi жандандыру қажет.

     Инфляцияға  қарсы салық саясатты жанама салық  салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтарды инфляциялық сипаты болады, өйткенi олар бағаны өсiредi, сұранысты қысқартады. Жоғары салықтардың iс-әрекетiнiң екiншi аспектiсi өндiрiске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейдi. Үшiншiден, едәуiр салық ауыртпалығы, әдеттегiдей, салық жүйесiн күрделiлендiретiн күптеген салықтардың iс-әрекетiмен байланыстырылады, мұның өзi салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

     Сондықтан инфляция кезiнде тұтынуға салық  салуға акцентпен жеңiлдiктеудiң  шарттарымен ауыртпалық түсiретiн  қарапайым және сенiмдi салық жүйесi тәуiрiрек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлiк құнына қарай ставканы жiктеудi жоғары дәрежесi бар мүлiк салығы сай келедi.

     Мемлекеттiң  шығыстарын қысқарту бұл процестi бюджет өрісінді да, мемлекеттiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне қатысты материалдық өндiрiс өрісіне да таратуды қажет етедi. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екiншi құрамдас бөлiгiне – шығындар немесе өндiрушiлер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнiнде инфляцияның екi түрi мен қарсы әрекеттiң кешендi әдiстерi себептерiнiң өзара байланысты байқалады.

     Жалпы мемлекеттiк және жергiлiкте деңгейлердiң  бюджет шығыстары жайында басты  бағыт барлық мүмкiн болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлердi, оқушыларды, тiркелген кiрiстерi бар қызметкерлердi қорғау жөнiндегi өмiршендiк маңызды әлеуметтiк қажеттiлiктер қамтамасыз етiлуi тиiс.

     Бюджет  шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

  1.   тура әдiстермен – барлық шығыстарды әр түрлi факторлармен анықталатын төмендетудiң берiлген жалпы ставкасына сәйкес пропорционалды төмендетумен;
  2.   секвестрлеу әдiсiмен – барлық шығыстарды әр түрлi факторлармен анықталатын төмендетудiң берiлген жалпы ставкасына сәйкес пропорционалды төмендетумен;
  3.   қолда бар кiрiстердiң деңгейiн бақылаумен;
  4.   мемлекеттiк бюджет тапшылығының деңгейiн шектеумен.

     Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың күптеген ұлттық бағдарламаларының iс-қимылын, тез қайтарым бермейтiн әр түрлi лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

     Мыналардың  нәтижесiнде инфляцияның екiншi тұрпатын – шығындардың (өндiрушiлер инфляциясының) өсуiнен туатын инфляцияны жою мәселелерін шешу неғұрлым қиынырақ болып келедi:

     1) жалақаны көбейту;

     2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмiнң бұзылуына байланысты еңбек өнiмiнң төмендеуi;

     3) шикiзат және энергетикалық ресурстар иелерiнiң инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндiрiстiң бастапқы өнiмдерiне бағаны көтередi.

     Өндiрiс  шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты мәселелерін бiрнеше күрделi блоктарын шешудi қажет етедi.

     Инфляцияны  төмендету проблемаларының бiрiншi блогi экономикалық тұрақтандырудың бүкiл жүйесiнiң орталық буыны ретiндегi өндiрiстiң құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегiнде ол мына өзара тәуелдi мәселелерді ыдырайды.

     Бiрiншiден, еңбек өнiмдiлiгiнiң уәждемелiк  ынталандырмаларын, оның тиiмдi нәтижелерiне ынталылықты күшейту мәселелерiн шешу, басымдық ретiндегi өндiрiстiк еңбек қызметiн қалпына келтiру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерiнiң арасында тiкелей байланыс болатын жекеше өндiрiстiк секторды дамыту негiзiнде қол жетедi.

     Сауда-делдалдық өрісіне қарағанда өндiрiстiк өрісіне басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндiрiстiк өрісінің дамуын көтермелеуге салықтардың жеңiлдiк жүйесiмен, несиені кедергiсiз алумен және кредиттер бойынша төмендетiлген процент ставкамен, ұдайы өндiрiс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшiн қолайлы экономикалық нормативтердi, аударымдарды белгiлеумен және т.с.с. жетуге болады, қажеттi жағдайда өндiрiстiк сектор қызметiнiң басым түрлерiн қаржыландыру жолымен тiкелей қолдану жүзеге асырылды.

     Инфляцияны  жеңiп шығу жөнiндегi шаралар жүйесiндегi қажеттi элемент нарықтық бәсеке механизмi мен меншiктiң барлық нысандарының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң экономикалық жауапкершiлiгi механизмi жасау болып табылады; аталған механизмдердiң iс-қимылы мына сызбаға сияды: шығындардың төмендеуi – бағалардың төмендеуi - өндiрiстiң өсуi есебiнен таза табыс көлемiнiң сақталуы – ұсыныстың көбеюi – сұраныстың қанағаттандырылуы.

     Бәсеке  механизмiн жасау монополияға  қарсы шараларды жүргiзумен, меншiктiң  түрлi нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы  қызметiндегi олардың теңдiгiн заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Информация о работе Бағалы қағаздар құқығы