Бағалау туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 14:47, реферат

Описание

Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

Работа состоит из  1 файл

багалау заны.docx

— 41.08 Кб (Скачать документ)

10-1-бап. Бағалаушының  азаматтық-құқықтық 
                жауапкершiлiгiн сақтандыру

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру бағалаушы көрсететiн қызметтердiң тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн шарттарының бiрi болып табылады. 
      Бағалаушының бағалау жүргiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады 
      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

3-ТАРАУ. БАҒАЛАУШЫНЫҢ  ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

11-бап. Бағалаушының  құқықтары

1. Бағалаушының:

1) бағалау қызметi саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бағалау әдiстерiн дербес қолдануға;

2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық көлемiнде қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

3) тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктемелер мен қосымша мәлiметтердi алуға;

4) қажет болған жағдайда  бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға;

5) егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау объектiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етпеген жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға;

6) мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, бағалау жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты үшiншi тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар. 
      Егер аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны есепте көрсетедi.

2. Бағалаушылар бағалаушылар палатасына және басқа да коммерциялық емес ұйымдарға бiрiгуге құқылы. 
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

11-1-бап. Бағалаушылар  палатасы

1. Бағалаушылар палатасы нысанында құрылған заңды тұлға бағалаушылардың коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады. Бағалаушылар палатасы ерiктi негiзде, оның мүшелерiнiң құқықтарымен заңды мүдделерiн қорғау, сондай-ақ бағалаушылардың бағалау қызметi туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауына жәрдемдесу үшiн құрылады.

2. Бағалаушылар палатасының  қызметi Қазақстан Республикасының  заң актiлерiмен, құрылтай құжаттарымен және жарғымен реттеледi. Бағалаушылар палатасы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

3. Бағалаушы палатаның  құрылтай құжаттарын және жарғысын  мойындаған және бағалаушылар  палатасына мүшелiкке кiру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

4. Бағалаушылар палатасы қауымдастық (одақ) нысанындағы республикалық бағалаушылар палатасына бiрiгуге және халықаралық бағалаушылар бiрлестiктерiне кiруге құқылы. 
      Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

11-2-бап. Бағалаушылар  палатасының өкiлеттiктерi

Бағалаушылар палатасы:

1) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды;

2) бағалаушылар қызметi мен  оның даму үрдiсiн жан-жақты  және объективтi зерделеудi, қорыту мен талдауды жүзеге асырады;

3) бағалаушылардың бағалау  қызметiн жүзеге асыру негiздерi мен шарттарын сақтауына жәрдемдеседi;

4) ақпараттық-насихаттық  iс-шараларды жүзеге асырады;

5) бағалау қызметiн жүзеге  асыру мәселелерi бойынша консультация беру жұмысын жүргiзедi;

6) мемлекеттiк органдармен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;

7) басқа елдердiң бағалаушылар  ұйымдарымен және халықаралық  бағалаушылар ұйымдарымен байланыстар орнатады және олармен байланыста болады;

8) кәсiби бiлiктiлiгiн көтеру мақсатында өзiнiң мүшелерiн оқытуды ұйымдастырады;

9) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi  жүзеге асырады. 
      Ескерту. 11-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

12-бап. Бағалаушының  мiндеттерi

Бағалаушы:

1) бағалау қызметiн жүзеге  асыру кезiнде осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға;

2) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың туындауы салдарынан бағалауды жүргiзуге өзiнiң қатысу мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге хабарлауға;

3) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi бiр тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етуге;

4) уәкiлеттi орган өкiлiнiң  және тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны көрсетуге;

5) заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бiр тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;

6) объектiлердi тiкелей зерттеудi жүзеге асыруға және тапсырыс берушiге бағалау туралы есеп табыс етуге;

7) бағалау жүргiзу шарттарының  нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге;

8) бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;

9) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттiк органдардың заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi. 
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

13-бап. Бағалаушының  жауапкершiлiгi

Бағалаушы:

1) бағалау қызметi саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзғаны;

2) мемлекеттiк құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi;

3) бағалаудың бұрыстығы;

4) бағалау өткiзу үшiн  өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпараттың сақталуы мен тұтастығы;

5) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда мемлекеттiк органдарға бағалау туралы есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

4-ТАРАУ. ТАПСЫРЫС  БЕРУШIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
МIНДЕТТЕРI

14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары

Тапсырыс берушiнiң:

1) бағалаушыдан бағалау  жүргiзуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;

2) бағалаушының бағалау  туралы есебi мен тұжырымдары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;

3) бағалаушыдан бағалау  жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға;

4) бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар. 
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

15-бап. Тапсырыс берушiнiң мiндеттерi

Тапсырыс берушi:

1) бағалаушыға шартқа  сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн жағдай жасауға;

2) бағалаушыға бағалауды  жүргiзу үшiн қажет құжаттаманы,  толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ қажеттi түсiнiктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектiсiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

3) егер бағалаудың дұрыстығына терiс ықпал ететiн болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;

4) бағалаушының талабы бойынша бағалауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат алуға өз атынан үшiншi бiр тұлғалардың атына жазбаша сауал жiберуге мiндеттi. 
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

16-бап. Тапсырыс берушiнiң жауапкершiлiгi 
      Ескерту. 16-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

17-бап. Дауларды қарау

Бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында туындайтын даулар сот тәртiбiмен шешiледi. 
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

5-ТАРАУ. БАҒАЛАУ  ҚЫЗМЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

18-бап. Қазақстан  Республикасында бағалау қызметiн 
              жүзеге асыруды бақылау

Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруды бақылауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

19-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бағалау қызметi саласында мемлекеттiк реттеу және бақылау;

2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және бекiту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорыту;

3) өз құзыретi шегiнде бағалау стандарттарын әзiрлеуге, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн бағалау стандарттарын келiсуге қатысу;

4) бағалау қызметiнiң барлық  субъектiлерi үшiн бiрдей жағдай жасау арқылы мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет көрсету рыногындағы бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу;

5) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 
      6) алынып таталды

7) бағалау қызметiнiң субъектiлерiне бағалау қызметiне байланысты мәселелерде консультациялық көмек көрсету; 
      8) алынып таталды 
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388, өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

20-бап. Қазақстан  Республикасында бағалау қызметiн 
              лицензиялау

Бағалау қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. P070419

21-бап. Бағалаушыларды  кәсiби оқыту 
     Ескерту. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

22-бап. Бағалау  қызметi туралы заңдарды бұзғаны үшiн 
              жауаптылық

Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

Қазақстан Республикасының 
           Президентi


Информация о работе Бағалау туралы заң