Бағалау туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 14:47, реферат

Описание

Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

Работа состоит из  1 файл

багалау заны.docx

— 41.08 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасындағы  бағалау қызметi туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 Заңы

 

"Егемендi Қазақстан" 2000 жылғы 12 желтоқсан N 312-313

 

 

МАЗМҰНЫ

Осы Заң бағалау объектiлерiнiң  нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан  Республикасының бағалау қызметi туралы 
              заңдары

1. Қазақстан Республикасының  бағалау қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

2-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) тапсырыс берушi - бағалаушының қызметтерiн тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;

1-1) бағалау - бағалау объектiсiнiң  ықтимал рыноктық немесе өзге де құнын айқындау;

2) өзге құн - нарықтық  құннан басқа, бағалау объектiсiнiң  өзге құны;

3) бағалау әдiсi - бағалау  объектiсiнiң нарықтық және өзге  құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық сипаттағы iс-қимыл жиынтығы;V022070 V022069

3-1) бағалау амалы - бағалаудың бiр немесе бiрнеше әдiстерiн пайдалана отырып, бағалау объектiсiнiң ықтимал рыноктық немесе өзге құнын айқындау тәсiлi;

3-2) бағалау стандарттары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленетiн және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, бағалау қызметi саласындағы ережелер, принциптер және сипаттамалар жалпыға бiрдей және бiрнеше қайтара пайдалану үшiн белгiленетiн нормативтiк құжат;

4) бағалау қызметi - бағалаушылар  жүзеге асыратын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, бағалау объектiсiне қатысты белгiлi бiр күнге нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеуге бағытталған кәсiпкерлiк қызмет;

5) алынып таталды

6) бағалау туралы есеп - тапсырыс берушiге берiлетiн, бағалау жөнiндегi жұмыстардың нәтижесi туралы бағалаушының уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және осы Заңның талаптарына сай келетiн жазбаша хабарламасы;

7) бағалаушы - бағалау  қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

8) қайтадан бағалау - бағалау  қызметiнiң субъектiлерi арасында бағалау нәтижелерi бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектiнiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу;

9) бағалау қызметi саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлер - бағалау жүргiзуге, бағалау туралы есептердiң пайдаланылатын амалдары мен әдiстерiне, мазмұны мен нысанына талаптар белгiлейтiн актiлер;V022071 V022070

10) нарықтық құн - мәмiле  жасаушы тараптар бағалау объектiсi туралы мүмкiн болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, ал мәмiленiң бағасына қандай да болсын төтенше жағдайлар әсер етпейдi, яғни:

мәмiле жасаушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен шығаруға, ал екiншi бiр тарап сатып алуға мiндеттi болмайды;

мәмiле жасаушы тараптар мәмiле нысанасы туралы жақсы хабардар бола отырып, өз мүдделерiне сай әрекет жасайтын болады;

мәмiленiң бағасы бағалау  объектiсi үшiн берiлетiн ақшалай сыйақының эквивалентi болып табылады және мәмiле жасаушы тараптарға қандай да болсын тараптан мәжбүрлеу болмайды;

11) бағалау қызметiнiң мақсаты  - бағалау объектiсiнiң ықтимал  нарықтық немесе өзге құнын анықтау;

12) уәкiлеттi орган - бағалау  қызметiн лицензиялауды және бақылау функцияларын, сондай-ақ реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

13) бағалау күнi - бағалау  объектiсiнiң ықтимал рыноктық  немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңi. 
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 Заңдарымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

3-бап. Бағалау  қызметiнiң негiзгi принциптерi

Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады. 
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

4-бап. Бағалау  қызметiнiң субъектiлерi

Бағалаушылар, тапсырыс берушiлер және үшiншi тұлғалар бағалау қызметiнiң субъектiлерi болып табылады. 
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

5-бап. Бағалау  объектiлерi

Бағалау объектiлерiне:

1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз мүлiктер;

2) тұлғаның мүлкiн, оның  iшiнде мүлiктiң белгiлi бiр түрiн (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы;

3) меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар;

4) мiндеттеменi (борышты) талап ету құқығы;

5) жұмыстар, көрсетiлетiн  қызметтер, ақпарат;

6) интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi;

7) азаматтық құқықтардың  өзге де объектiлерi жатады. K941000 
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

6-бап. Бағалау  түрлерi

1. Мiндеттi және бастамашылық бағалау - бағалау түрлерi болып табылады.

2. Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес: 
      1) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау үшiн;

2) жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшiн;

3) ипотекалық кредит беру  үшiн;

4) меншiк иесiнен мүлiктi мемлекеттiк қажеттерге сатып алу және алып қою үшiн;

5) борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысы жүргiзген бағалауға қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын анықтау үшiн;

6) мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн;

7) өзге де жағдайларда  жүргiзiледi.

2-1. Республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган жүргiзедi.

2-2. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiкке билiк етуге уәкiлеттiгi бар орган жүзеге асырады.

3. Бастамашылық бағалау  тапсырыс берушiге тиесiлi кез-келген бағалау объектiсiне бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.  
      Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзу құқығы мiндеттi құқық болып табылады және мемлекеттiк статистикалық есеп пен бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен есептiлiктi жүзеге асырудың заңдармен белгiленген тәртiбiне тәуелдi емес. 
      Осы құқық бағалау объектiсiне қайтадан бағалау жүргiзуге де қолданылады. Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзудiң нәтижелерi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң деректерiн түзету үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

Ескерту. Жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмаған мүлкiн салық салу үшiн бағалау жөнiнде қызмет көрсетуге тапсырыс берушi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады. 
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276, 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-ТАРАУ. БАҒАЛАУ  ҚЫЗМЕТIН ЖYЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 
НЕГIЗДЕМЕЛЕРI МЕН ШАРТТАРЫ

7-бап. Бағалау  жүргiзудiң негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасының  азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы  мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.  
      Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi тиiс. 
      3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны таңдауда дербес болады. 
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Бағалау  жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi 
             талаптар

1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.

2. Бағалау жүргiзу шартында мыналар қамтылуға тиiс:

1) тапсырыс берушi мен бағалаушының деректемелерi: 
      жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұратын жерi; 
      заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (почталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi;

2) бағалау объектiсiнiң  (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi;

3) бағалау түрi;

4) бағалау объектiсiнiң  түрi;

5) бағалау жүргiзудiң мерзiмдерi;

6) көрсетiлетiн қызметтер  үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi;

7) тараптардың құқықтары,  мiндеттерi және жауапкершiлiгi;

8) тапсырыс берушiнiң бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжаттың деректемелерi не тапсырыс берушiге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер;

9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензия берген орган көрсетiлген оның нөмiрi мен берiлген күнi). 
      Бағалау жүргiзу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкiн. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388 Заңымен.

9-бап. Бағалау  туралы есептiң мазмұнына қойылатын 
             талаптар

1. Жүргiзiлген бағалаудың  нәтижелерi бойынша екi дана етiп бағалау туралы есеп жасалады, олардың бiрi - тапсырыс берушiде, екiншiсi - бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады. 
      Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-орындаушы қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам бекiтiп, мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн көрсетiп қол қояды.

4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда);

2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi;

3) айқындалатын құнның  түрi;

4) есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi;

5) бағалау объектiсiнiң  (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi мен сипаттамасы;

6) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi;

7) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары;

8) нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын нақты деректер;

9) есеп негiздемесi;

10) бағалау нәтижесi;

11) жүргiзiлген бағалаудың  нәтижесiн толық және айқын  түсiндiру үшiн қажет өзге де  мәлiметтер. 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.02.14. N 388, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-бап. Бағалаушының  тәуелсiздiгi

1. Бағалаушы, егер:  
      бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса;  
      бағалаушы заңды тұлғаның - тапсырыс берушiнiң акционерi, құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит берушiсi, дебиторы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы - жеке тұлға тапсырыс берушi - жеке тұлғаның жақын туысы немесе жекжаты болып табылса, бағалауды жүргiзе алмайды.

2. Егер бұл бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi.

3. Бағалау жүргiзгенi үшiн  бағалаушыға төленетiн ақының  мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын  құнына проценттiк қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келiсiмi бойынша жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi. 
      ЕСКЕРТУ. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.05.08. N 414 Заңымен.

Информация о работе Бағалау туралы заң