«СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Содержание

Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

тлеужан.doc

— 299.00 Кб (Скачать документ)

Өнімдер өндірісінің және үлестірімінің басқарылуын олардың өндірушілері жүзеге асырады, ал сатып өткізу нарықтарындағы тауарлар айырбасының басқарылуында басты рөлді сатушылар атқарады.

Бұдан кейін ұдайы өндірістік циклдың көрсетілген сатыларының соңғысы – тауардың тұтынылуы келеді. Ол толық (яғни қалдықсыз) немесе жартылай (бұнда тауардың бір бөлігі тұтынушының қоймаларында жинақталады) болуы мүмкін. Әдетте, тауар тұтынылуының басқарылуын оның тұтынушысы жүзеге асырады. Макроэкономикалық деңгейде тауарлардың тұтынылу көлемінің мемлекеттік реттелуі қолданылуы мүмкін.

Ұдайы өндіріс бір циклдан басқа циклға дейін өндірілетін немесе тұтынылатын тауардың мөлшері қалай өзгеретініне байланысты тарытылған (суженный), қарапайым және кеңейтілген болуы мүмкін. Тарытылған ұдайы өндіріс кезінде бұл мөлшер азаяды, қарапайым ұдайы өндіріс кезінде тұрақты болып қалады, ал кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде – ұлғая түседі.

Ұдайы өндірістің үрдістерінде үлкен рөлді сыртқы орта атқарады. Сыртқы ортадан экономикалық ресурстар алынады да, тауарларды өндіру мен тұтынудың қалдықтары шығарылады.

Экономиканы басқару жүйесі қоғамдағы тауарлардың өндіріс, үлестірім, айырбас және тұтыну үрдістерінің өзара келісуін қамтамасыз етеді.    

Экономиканы басқару механизмдеріне екі шектес көзқарас бар – нарықтық өзін-өзі басқару және орталықтандырылған басқару. Біріншісі А.Смит пен Д.Рикардоның экономикалық тепе-теңдік теориясына негізделген, оған сүйенсек, нарық ондағы болып жатқан үрдістерді өзі реттеп алуға қабілеті бар. Бұған еркін бағалар, сатушылардың еркін бәсекелесуі және сатып алушылардың еркін бәсекелесуі жәрдемдеседі. Нәтижесінде мемлекеттің қандай-да бір қатысуысыз-ақ нарықтың сұраныс пен ұсыныс бірін-бірі теңестіріп тұратын тепе-тең жағдайына қол жеткізіледі. Көзқарастың екіншісі К.Маркстың экономикалық теориясына негізделеді, оған сүйенетін болсақ, экономиканы басқару өндіріс құралдарына жаппай (тоталдық) мемлекеттік меншік жағдайларында және өнімді өндіру мен үлестірудің мемлекеттік жоспары негізінде бірыңғай орталықтан жүргізілуі тиіс. Дәл осындай басқару бұрынғы Кеңес Одағында қолданылған еді.

Шың өмірде кезкелген елдің экономикасы таза нарықтық немесе толығымен орталықтандырылған болып келмейді, сондықтан оны «аралас» экономика деп атайды. Кеңес экономикасының өзінде нарықтық қарым-қатынастардың элементтері кездесті – колхоздық нарықтар, тұтынушылық кооперативтер, құрылысшылардың бригадалары жұмыс істеді, «қара нарық» («черный рынок») қызмет етті.

Кезкелген түрдегі экономиканың негізгі буыны – бұл берілген өнімге бар қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен өнімді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын. Сондықтан, нарықтық ортада қызмет ететін, қазіргі заманғы кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмінің негізгі құрамдастарын тәпіштеп қарастырайық.

Кезкелген бұндай кәсіпорын үшін оның қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағдарланған стратегиясы аса маңызды болып табылады. Дұрыс таңдалған стратегия кәсіпорынға тез өзгеретін нарықтық ахуал кезіндегі қатаң бәсекелік күресте тірі қалуға мүмкіндік береді. Бизнес әлемінде қолданылатын стратегиялардың барлық түрлерін үш топқа бөлуге болады: шабуыл стратегиясы (алға түсу стратегиясы), қорғаныс стратегиясы (тірі қалу стратегиясы) және бизнесті қысқарту және түрін ауыстыру стратегиясы. Олардың әрқайсысында кәсіпорын қызметінің нақты бір жағдайларымен анықталатын бірқатар түрлендірулері бар.

Нақты стратегияның таңдалуын кәсіпорынның басшылығы осындай таңдауға ықпал еткен басты факторларды талдау негізінде  іске асырады. Бұл мақсатпен SWOT-талдау (келесідей ағылшын сөздердің басты әріптері бойынша: Strength – күш, Weakness – әлсіздік, Opportunities – мүмкіндіктер, Treatment – қатерлер) пайдаланылады. Бұнда кәсіпорын қызметінің ішкі факторлары (оның күшті және әлсіз ЖШСтары), сонымен қатар, сыртқы факторлары (мүмкіндіктер мен қатерлер) да талданылады.

Стратегияның таңдалуына кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері, оның жұмыскерлерінің біліктілігі, сыртқы ортадан тәуелділік дәрежесі, басшылықтың мұқтаждықтары, өнімнің портфелі, тәуекелдікке қатынасы және т.б. айтарлықтай ықпалын тигіздіреді. Таңдалған стратегияның тиімділігін бағалау үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, техникалық және жүйелік (синергетикалық) тиімділікті (эффектіні) бейнелейтін критерийлер мен көрсеткіштер пайдаланылады.

 

2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру

 

Әрбір кәсіпорын күрделі көп функционалдық жүйе болғандықтан, таңдалған бас (генералдық) стратегияны оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін функционалдық стратегиялары арқылы бөлшектеу керек. Функционалдық стратегиялардың негізгі түрлері: маркетинг стратегиясы, қаржылық стратегия, инновациялық стратегия, өндіріс стратегиясы, ұйымдастырушылық даму стратегиясы және т.б.

Бас және функционалдық стратегияларды жүзеге асыру үшін кәсіпорын менеджменті оның қызметінің жоспарлануын іске асырады. Оның барысында қойылған мақсаттарға қол жеткізудің жолдары анықталады, ал ресурстардың алуан түрлері осындай мақсаттармен уақыт бойынша, сонымен қатар, қол жеткізу тәсілдері бойынша да ұйқастырылады. Жоспарлау сыртқы ортаның жоғары анықсыздығының және тұрақсыздығының кәсіпорын қызметіне кері әсерін жоюға, осы қызметке қажетті тұрақтылық пен сенімділікті беруге көмектеседі. Жоспарлаудың тиімділігі оның келесідей талаптарға сәйкестігімен анықталады:

1.      Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: не? қашан? және қалай? болуы мүмкін.

2.      Бүгін қабылданатын шешімдер – кәсіпорынның болашақтағы дамуының таңдалған баламасының жүзеге асырылу нәтиежелерін анықтайды.

3.      Жоспарлау – бұл сыртқы және ішкі ортадағы тұрақты өзгерістері жағдайларында дамудың мақсаттары мен мәселелерін орнату мен нақтылу бойынша шешімдерді қабылдаудың және оған қол жеткізу үшін ресурстарды анықтаудың үзіліссіз үрдісі.

4.      Жоспарлау меншік иелерінің және мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті деңгейде кәсіпорын жұмысының пайдалылығын (рентабельділігін), ақша түсімдерін және пайданы қамтамасыз етуі тиіс.

5.      Жоспарлау мынадай түрлерге бөлінуі тиіс: стратегиялық, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдық және кәсіпорын жасап шығаратын жоспарлардың барлығы бір-бірімен ұйқасуы тиіс.

Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы сүйенетін негізгі принциптер: икемділік, үзіліссіздік, коммуникативтілік, қатысушылық (участие), тенбе-теңдік (адекватность), кешенділік, көп нұсқаулық, итеративтілік.

Жоспарлау барысында өнім тұтынушыларымен өнімді орнатылған мерзім ішінде, минималдық шығындармен және максималдық мүмкін болатын тиімділікпен жеткізу бойынша жасалған келісім-шарттар мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін өнім өндірісінің оңтайлы көлемі анықталуы тиіс.

Жоспарлаудың екінші сатысы – бұл өндірістің табиғи және құндық түрдегі жоспарланған көлемдері көрсетілетін жылдық өндірістік бағдарламаны қалыптастыру. Ол нарықтық сұраныс пен нарықтың конъюнктурасын зерттеу арқылы жасап шығарылған өнім шығарылымының болашақ (перспективалық) жоспарының негізінде жасалады. Өндірістік бағдарлама кәсіпорын бойынша және негізгі цехтар бойынша айларға және тоқсандарға (кварталдарға) бөліп жасалынады. Өндірістік бағдарлама орындалуына кепілдік өндірістік қуаттардың, материалдық ресурстардың, барлық деңгейлердегі білікті мамандардың және сырттағы ұйымдармен қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындауға келісім-шарттардың қолда бар болуын есепке алу арқылы негізделуімен беріледі.

Өндірістік бағдарлама кәсіпорынның өндірістік қуатын ескеру арқылы қалыптасады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты уақыт бірлігіндегі табиғи (немесе шартты-табиғи) түрдегі өндірістік бағдарламамен орнатылған номенклатура мен ассортиментте өндірістік жабдықты толық пайдалану, озат технологияны пайдалану, еңбек пен өндірістің қазіргі заманғы ұйымдастырылуы және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету кезінде өнім шығарылымының максималдық мүмкін көлемін анықтайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты оның жетекші өндірістік цехтарының, учаскілерінің және агрегаттарының қуатымен шектеледі. Жобалық, кірістік (жылдың басына), шығыстық (жылдың аяғына) және орташа жылдық өндірістік қуатты айырады. Өндірістік қуатты пайдалану деңгейі сәйкес көрсеткіштермен – өндірістік қуатты пайдалану коэффициентімен және жабдықтың жүктелу коэффициентімен сипатталады.

Басшылықпен жасап шығарылған және бекітілген жоспарлар сапалы және орнатылған мерзімдерде орындалуы үшін өндірістің жедел жоспарлануы жүзеге асырылады. Ол цехтарда және учаскілерде орындалатын жұмыстардың декадалар, апталар, тәуліктер, ауысымдар бойынша қатаң түрде үйлестірілуіне, өндірістің жүру барысы және ондағы бұзушылықтар жөнінде ақпаратты жинау мен өңдеудің анық ұйымдастырылуына, кәсіпорынның әрбір буынындағы өндірістік ахуалдың әрдайымғы талдануы мен меңгерілуіне негізделген.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика шығарылатын өнімнің сапасына жоғары талаптарды қояды. Сондықтан, шығарылатын өнімнің сапасын басқару жүйесі қазіргі заманғы кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмінің ең маңызды буыны болып табылады.

Өнімнің сапасы – бұл оның тағайындалуына сәйкес осындай өнімге белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы. Сапаның эталоны ретінде өнімнің ең ЖШСсы отандық және шетелдік үлгілері алынуы мүмкін. Дегенмен, қажеттіліктер тез өзгеретінін, ал эталондардың ескіретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан, кәсіпорындар өзгеретін нарықтық қажеттіліктерді әрдайым зерделеулері және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатулары тиіс.

Өнімнің сапасын анықтайтын қасиеттерді бағалау үшін сапаның келесідей көрсеткіштері қолданылады: тағайындалу, сенімділік, технологиялылық, стандартизация және унификация, эргономикалық, эстетикалық, тасымалдауға жарамдылық, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік.

Іс жүзінде мемлекеттік, салалық және халықаралық сапа стандарттары, яғни стандартизациялау объектісіне нормалардың, ережелердің, талаптардың кешенін құрайтын, құзыретті (компетентный) және жалпыға танытылған органмен бекітілген нормативті-техникалық құжаттар қолданылады. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен бірлестіктер өздерінің стандарттарын немесе техникалық жағдайларын шығарады.

Стандартизациялау объектісінің ерекшілігіне және тағайындалуына байланысты стнадарттар былай бөлінеді: а) негіз қалаушы стандарттар, ә) өнімге және қызметтерге стандарттар, б) үрдістерге стандарттар, в) бақылау, сынау, өлшеу және талдау әдістеріне стандарттар.

Халықаралық байланыстардың күшті дамуы мен кеңеюі «сапалы өнімді өндіру» анықтамасына бірыңғай қатынасты жасап шығару, сапа мен сертификациялаудың жаңа жүйелерін жасап шығару және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру үшін бірыңғай әдістемелік базасын жасау қажеттілігіне әкелді. Бұл мақсатпен Стандартизациялаудың халықаралық ұйымы (ИСО) (СХҰ) ИСО 9000 сериясының халықаралық сапа стандарттарын жасап шығарды. Бұл стандарттар сапа жүйелерін бағалауға көптеген елдермен мойындалған бірыңғай қатынасты орнатты және өнімнің тұтынушылары мен өндірушілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттады. Соңғы жылдары ИСО 1400 халықаралық сапа стандарттары кең қолданыс тапты. Бұл стандарттар қоршаған ортаны қорғау және өнімнің қауіпсіздігі тұрғысынан сапа жүйелеріне бірыңғай талаптарды орнатады. Осындай стандарттардың пайда болуы сапаның гуманистік құрамдасының күшеюін білдіреді.

Өнімнің сапасын басқару – бұл оңтайлы сапалы өнімнің жасалуын және оның дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторларға және жағдайларға тұрақты, жоспарлы түрде, мақсатқа сай ықпал ету үрдісі. Бұл жерде сапаның оңтайлылығы дегеніміз сапа көрсеткіштері мен бұйымды сатып алуға және пайдалануға кеткен шығындардың ең ЖШСсы ара қатысы.

Өнімнің сапасын басқару жүйесі дегеніміз басқарушылық органдардың және басқару объектілерінің, өнім сапасының оңтайлы деңгейін орнатуға, қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған шаралардың, әдістердің және қаражаттардың жиынтығы.

Сапа саласындағы кәсіпорынның саясаты шығарылатын өнім сапасының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу бойынша ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады да, осындай мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралар кешенінің жүзеге асырылуын көздейді. ИСО стандарттарына сәйкес бұл саясат өнімнің тіршілік ету циклінің нарықтың маркетингтік зерттеулерінен бастап, өнімнің пайдаланылуы аяқталғаннан кейін оның утилизациясымен аяқтағандағы барлық сатыларын (жалпы алғанда, бұндай сатылар 11) қамтиды.

Тұтынушылардың тауарлар мен қызметтердің сапасын ЖШСсартуға өсіп келе жатқан талабы Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Жапонияда кең қолданыс тапқан, сапаны жаппай (тоталдық) басқару жүйелерінің (TQS) құрылуына әкелді. Ал қазіргі заманғы менеджментте бір бағыт пайда болды – сапаның жаппай менеджменті (TQM).

Өнім сапасының стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптарына сәйкестігін растау үшін ол сертификациялау процедурасынан өтуі тиіс. Бұл процедурамен қамтылатын қатысушылардың санына байланысты ол ұлттық, халықаралық, аймақтық, көпЖШСтық, екіЖШСтық және бірЖШСтық (өзін-өзі сертификациялау, «сәйкестік туралы мәлімдеме») болуы мүмкін. Құқықтық белгі бойынша міндетті және ерікті сертификацияны айырады.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы – кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін басты факторларының бірі болып табылады. Ол осы кәсіпорынның ел ішіндегі немесе шетелдегі сәйкес саладағы басқа кәсіпорындарға қарағандағы артықшылығын сипаттайды. Бұл – кәсіпорынның салыстырмалы сипаттамасы, себебі ол ұқсас тауарлар немесе қызметтерді шығаратын кәсіпорындар тобының шеңберінде ғана бағаланады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік дәрежесін анықтау үшін және бәсекелік артықшылығын бағалау үшін жетекші-кәсіпорынды таңдап алу қажет. Бұндай бағалаудың сыпайылығы (корректность) осындай жетекші-кәсіпорынды таңдаған кезде: а) шығарылатын өнім сипаттамаларының, ә) шығарылатын өнім арналған нарық сегменттерінің, б) кәсіпорынның екеуі де қызмет ететін тіршілік ету циклы фазаларының өзара өлшемділігі (соизмеримость) ескеретінімен қамтамасыз етіледі.

Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі