«СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Содержание

Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

тлеужан.doc

— 299.00 Кб (Скачать документ)

Басқарудың жалпы заңдарына басқарудың мамандандырылу заңы, басқарудың интеграциялану заңы және уақытты үнемдеу заңы жатады.

Басқарудың мамандандырылу заңы. Әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жүйелерді тиімді басқару үшін ғылымның, техниканың және технологияның әртүрлі салаларында терең арнайы білімдерді және дағдыларды меңгеру керек. Қазіргі заманғы менеджерлерден басқарудың экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық салаларында жоғары кәсіптілік, қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасына жауапкершілік талап етіледі. Нақты бір жағдайларда, басқарудың әртүрлі объекттерінде және деңгейлерінде басқарудың жалпы функциялары мүшелерге бөлінеді, бөлшектенеді, ерекше сипатқа ие болады. Бір-біріне абсолютті ұқсас басқару объекттері жоқ секілді, басқарудың жүйелері, үрдістері және тәсілдері де аса ерекше, жеке сипатқа ие. Бұндай ерекшелікте басқарудың мамандандырылу заңы көрініс табады.

Басқарудың интеграциялану заңы. Интеграцияның, яғни басқаратын және басқарылатын жүйелердщің бірігу қажеттілігі басқарылатын жүйенің басқаруға қажеттілігінен туады. Сөйтіп, мысалы, кәсіпорынның өндірістік және қосалқы бөлімшелері бірыңғай өндірістік құрылымға біріктіріледі, ал басқарушылық буындар мен қызметтер – өндірісті басқарудың бірыңғай жүйесіне біріктіріледі. Бұл жүйелердің бір-бірімен бірігуі бірыңғай жүйе – кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындар болса, нарықтық экономиканың әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына бірігуі мүмкін. Бұндай интеграция ақталғанына дейін, яғни күшті бәсекелестік күрес жағдайында жедел дамуға, инновацияларды енгізуге, жұмыспен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жәрдемдесетініне дейін жүзеге асады. Интеграцияға қажеттілікті анықтайтын факторлардың ретінде мақсаттар, мәселелер, мұқтаждықтар, жүйенің тіршілік етуін немесе дамуын қолдау қажеттілігі, нарықтың талаптары және т.с.с. алынуы мүмкін. Интеграциялық үрдістер басқару мен ақпараттық қамтамасыз етілудің барлық деңгейлерінде уақытша және тұрақты байланыстарды орнату арқылы жүзеге асырылады.

Уақытты үнемдеу заңы. Барлық үнемдеу аяғында уақыттың үнемделуіне әкеледі. Сондықтан уақытты үнемдеу заңы адамның барлық қызмет ету салаларына әділетті болып табылады. Өндірісті басқарудың тиімділігі және қойылған мақсаттарға қол жеткізу мерзімдері басқарушы жүйенің нарық қажеттіліктерінің және осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажет болатын ішкі және сыртқы резервтерді мобилизациялауға кететін уақыт шығындарының өзгерістеріне реакциясының жылдамдығына тәуелді болады. Менеджердің кезкелген мәселені бәсекелестеріне қарағанда жылдамырақ шешуі фирма қызметінің соңғы нәтижелеріне оң әсерін тигіздіреді және оның бәсекелестік потенциалын күшейтеді. Глобалды ауқымда алғанда уақытты үнемдеу заңы аймақтың, елдің және бүкіл әлемдік экономиканың экономикалық дамуының деңгейіне және қарқындарына ықпал ете алады.         

Басқарудың барлық заңдылықтарын екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне басқарылатын жүйеге мақсатқа сай ықпалы ретіндегі басқаруға тән заңдылықтар жатса, екіншісіне – менеджмент саласында айқындалатын заңдылықтар жатады.

Егер, мысалы, өндірістің басқарылуы туралы айтатын болсақ, ол екі ЖШСты сипатқа ие. Бір жағынан, бұл – тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісімен айналысатын жұмыскерлердің бірлескен қызметіне басшылық ету үрдісі. Сондықтан, өндірісті ұйымдастыру керек, яғни жұмыскерлердің еңбегін еңбектің заттары мен құралдарымен ұйқастыру керек, олардың арасында белгілі бір пропорцияларды және байланыстарды орнату керек, оларды қалыпты қызмет ету режимінде ұстап тұру керек. Дәл осында басқарудың ұйымдастырушылық-техникалық аспектісі айқындалады. Басқа жағынан алатын болсақ, басқару барысында жұмыс беруші (меншік иесі) мен жұмыскерлер арасындағы экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарды ескерген жөн. Олардың әрқайсысы өзінің мұқтаждықтары үшін қызмет етеді және, сонымен қатар, жалпы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бірлескен қызметтің мүшесі болып табылады. Міне, басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектісі дәл осында.

Экономиканың дамуы да белгілі бір заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Бұл үрдісті әртүрлі тарихи дәуірлер мен цивилизациялар жағдайындағы экономикалық жүйелердің дамуы ретінде келтіруге болады. Олар бір-бірінен идеология, меншікке қатынастары, шаруашылық қызметтіңң мүшелерін басқару мен үйлестіру тәсілдері бойынша ерекшеленеді.

Қазіргі заманғы экономикалық теорияда оның зерделену затының анықтамасына екі қатынас бар – әлеуметтік және ресурстық. Біріншісі өндіріс барысында адамдар арасында пайда болатын өндірістік қарым-қатынастарды зерделеуге негізделсе, екіншісі – адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға негізделеді. Экономиканы зерделеудің әлеуметтік қатынасы кезінде ерекше экономикалық заңдарға, ал ресурстық қатынас кезінде – жалпы заңдарға көңіл бөлінеді. Бұл қатынастың екеуі де олардың зерттеушілерінің экономикалық жүйелерді ұйғаруының тұтастығын қамтамасыз ете отырып, бірін-бірі толықтырады.

Экономиканың жалпы заңдары қоғамның экономикалық дамуындағы ізбасарлықты бейнелейді де, бұл дамуды бірыңғай әлемдік үрдіс ретінде қарастырады. Бұған қарағанда, ерекше (тек өзіне тән) экономикалық заңдар экономикалық жүйелердің дамуындағы үзілістілікті және әртүрлі тарихи дәуірлер мен әртүрлі цивилизациялардағы адамдардың шаруашылық өмірлеріндегі айырмашылықтарды ескереді.

Жалпы экономикалық заңдарға мыналар жатады: қажеттіліктердің көбею заңы; прогрессивті экономикалық даму заңы; өсетін еңбек бөлінісінің заңы; баламалық шығындардың өсу заңы. Ал, мәселен, ерекше заңның мысалы ретінде сұраныс заңын келтіруге болады, себебі ол тек нарықтық экономикада ғана іске асырылады және ежелгі қоғамда жүзеге асуы мүмкін емес.

Ұйым тіршілік етуінің заңдары мен заңдылықтары жеке алынған ұйымның деңгейінде іске асады. 

Ұйым – бұл алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған құрылым. Басқарушылық мәселелерді зерттеу нәтижесінде ұйымдар тіршілік етуінің мынадай заңдары ышылып, негізделген: пропорционалдылық пен жоспарлылық заңы, синергия заңы, өзін-өзі сақтау заңы, әкімшілдік сиымдылықтың заңы, жұмыстар ырғағының заңы және т.б.

Пропорционалдылық заңының іске асырылуы ұйымның жеке бөліктері арасындағы сандық және сапалық пропорционалдылықты орнатумен айқындалады. Мысалы, менеджерлердің саны ұйым мүшелерінің санымен белгілі бір пропорцияда болуы керек. Ұйымдағы бөлімшелердің саны оның тағайындалуына, қойылған мақсаттарға және мәселелерге сәйкес болуы тиіс. Пропорционалдылық заңы бойынша ұйымдағы қажетті пропорциялардың белгілі бір деңгейде ұстауға бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы ретіндегі жоспарлылықтың қажеттілігі туралы қорытынды шығады. Берілген заңның бұзылуы ұйымның қирауына және құлдырауына әкеледі.

Синергия заңы (лат. sinergos – бірге іске асырылатын) біртұтас ретіндегі ұйымның мүмкіндіктері оның жеке бөліктері потенциалдарының қосындысынан асатынында айқындалады. Неғұрлым ұйым ірі болса, соғұрлым ондағы синергия заңының әсері көбірек дәрежеде айқындалады, соғұрлым ол тұрақты жұмыс істейді, соғұрлым ол күрделі мәселелерді шешеді.

Өзін-өзі сақтау заңы ұйым қызметкерлерінің оның тұрақтылығына, ұзақ мерзімді және өнімді қызметіне, өзінің жұмыс орнын, ұжымдағы әлеуметтік беделін, рөлін және мәнін сақтауға ұмтылысымен айқындалады. Дегенмен тұрақтылық – арқашанда игілік емес. Белгілі бір ахуалдарда ол ұйым үшін қауіпті болуы мүмкін, стагнацияға өтуі мүмкін, оның құлдырауының себебі де болуы мүмкін. Сондықтан, бұндай жағдайларда ұйымның өзін-өзі сақтауы үшін оны даму арқылы нығайтуға бағытталған шараларды уақытында қабылдау қажет.

Өзін-өзі сақтау заңы табиғат пен қоғамда іске асырылатын жалпы заңы – онтогенез заңынан (гректің ontos – маңыздысы, genesis – туу, пайда болу) пайда болады. Онтогенез дегеніміз – тірі ағзамен оның тууынан бастап өліміне дейін болатын түрлендірулердің жиынтығы. Кезкелген ұйым құрылу, өсу, жетілу, құлдырау және қирау сатыларынан тұратын белгілі бір тіршілік ету циклінің барысында қызмет етеді. Сондықтан, ұйымның өзін-өзі сақтауы үшін оның құрылу және қалыптасуына кететін уақытты қысқартуға, жетілу кезеңінің ұзаруына және оның тіршілік етуінің соңғы сатысында теріс беталыстардың пайда болуын бәсеңдетуге тырысу керек.

Кезкелген ұйым үшін заңды құбылыстар – бұл: еңбектің бөлінісі, жеке мақсаттардың жалпы мақсаттарға бағынуы, басқару стилдерінің персонал дамуының жалпы деңгейіне, оның кәсіби шеберлігіне, біліктілігіне және қабілеттеріне сәйкес болуы.

Соңғы жылдары ғалымдардың қоғамды басқару заңдары мен заңдылықтарына мұқтаждықтары өсті деуге болады. Бұл – қазіргі заманғы қоғам өзінің дамуының өте күрделі сатысында тұрғанымен түсіндіріледі. КСРО-ның ыдыруынан кейін әлемдегі күштердің стратегиялық балансы өзгерді, көптеген елдер ішкі және халықаралық терроризм тарапынан шабуылдарға ұрынып жатыр, коррупция одан да үлкен ауқымдарға ие болып жатыр, жұмыссыздық, кедейлік өсіп келе жатыр, қоғамның қабаттарға бөлінуі тереңдетіліп жатыр, табиғи ресурстардың жетіспеушілігі күшейтіліп жатыр, экологиялық мәселелер – адамзаттың басты мәселелеріне айналуда. Сондықтан, адамзатты алдағы және алшақ болашақта не күтіп отырғаны және осы болашақ жарқын және гармониялық болып келуі үшін қандай шараларды іске асыру керек екені аса маңызды мәселелерге айналды.

Бүгінгі күні әлемде Ғаламдық Ақпараттық Қоғам (ҒАҚ) жылдам қарқындармен құрылып келе жатыр. ҒАҚ адамдарға өздерінің потенциалын кеңірек пайдалануға және өздерінің ұмтылыстары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі. Теледәрігерліктің, дистанциондық білім берудің, электрондық сауданың, виртуалдық жұмыспен қамтамасыз етілудің, БАҚ (Бұқара Ақпарат Көздерінің) Интернеттің, «электрондық үкіметтердің» пайда болуы бүкіл әлемдік экономиканың бейнесін күрт өзгертеді. Бұл үрдістер адамдардың санасына және мінез-құлықтарына, әлеуметтік жүйелерге және оларда өтіп жатқан үрдістерге белсеңді түрде әсерін тигізеді. Бір-бірінен алыс қашықтарда болса да, «барлықтардың барлықтармен» қарым-қатынас жасаудың нақты мүмкіндігі пайда болды.

Еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың тораптық нысандарын дамыту фирма ішіндегі менеджмент тиімділігінің өсуіне әкеледі, ұйымдар арасындағы өзара әсерлесулер ЖШСсарады, бизнес-үрдістер күрт жылдамдатылады, халыққа қызмет көрсетудің сапасы жоғарылайды, адамдық қызметтің барлық салаларындағы инновациялық үрдістер дамиды.

Интернеттің мүмкіндіктеріне негізделген «әлеуметтік жобалау» атты болашағы бар бағыт пайда болды. Бұның арқасында кезкелген ауқымды және кезкелген бағыттағы – білім беру, саяси, ғылыми, кәсіби, коммерциялық және коммерциялық емес, бос уақттық және т.с.с. орталықсыздандырылған ұйымдарды құру үрдісі айтарлықтай қарапайымдандырылады. Әлеуметтік жобалаудың құралдары – бұл Интернет-сайттар мен Интернет-форумдар, ал оларды құруға ықылас көрсеткендер – неше түрлі қоғамдастықтардың мүшелері.

Яғни, қазіргі замаңғы дәуірдің басты ерекшелігі – қоғамның өмірінде ақпараттың рөлі мен мәнінің күрт өсуі. Армяндық ғалым Б.Б.Мелик-Шахназаровтың [2 нег.] пікірінше «біздің планетамыздағы тіршілік дамуының негізі – бұл оның объекттері мен субъекттерінің құрылымы мен функцияларында жүзеге асырылған ақпарат мөлшерінің өсуі». Қоршаған ортадан алынған ақпарат «әрбір ұяшықты, субъектті, объектті, олардың функцияларын және қоғамдағы әрбір қарым-қатынасты құнарландырады». Ол «біз қоғамның мәдениеті, менталитеті, ұйымдастырылуы деп атайтын мінез-құлықты интегралды, органикалық ауқымды түрде анықтайды».

Қазіргі заманғы қоғамды тиімді басқару үшін қазіргі заманңы халықтармен халықаралық форумдарда қабылданған және БҰҰ-ның Жарғысында, адам құқықтарының Жалпыға Ортақ Декларациясында, Хельсинкилік келесімде және басқа да маңызды халықаралық құжаттарда берілген заңдық актілер жеткіліксіз. Сондықтан, бүгінгі күн мен болашақты ойлай отырып, ғалым бүкіл цивилизацияланған қоғамды және халықаралық ұйымдарды қоғамдық жүйелерді басқарудың келесідей заңдырының танылу мен тәжірибе түрінде жузеге асырылу қажеттілігінің мойындалуын талап етеді:

1.      Ақпараттың өсу заңы, тірі табиғат пен қоғамның эволюция үрдісін нақты бейнелейді және термодинамиканың екінші заңының, яғни табиғат пен қоғамдағы энтропия (хаос, бей-берекеттік) өсуінің заңының әсеріне жанЖШСты қарсы тұрады.

2.      Ақпараттың минимизациялану заңы. Ол басқарылатын жүйелер дамуының барлық деңгейлеріндегі мамандандырылу және құзыреттілік (компетентность) үрдістерінің негізінде жатады да, ақпаратты өңдеу мүмкіндіктерінің бар шектеулерімен айқындалады.

3.      Ақпарат пен байланыстардың тұрақтылық заңы ғылым мен дамудың әдістемелік принципі болып табылады. Оның мәні іске асырылып көрілген және тұрақты ақпаратты басқарылатын жүйелерді кейінгі жетілдіру мақсатымен жинақтау мен сақтауға негізделген.

4.      Пайдалы тиімділікке бағдарланған функционалдық жүйелерді қалыптастыру заңы

5.      Оңтайлы басқару заңы табиғаттың және қоғамның дамуы мен басқарылуының барлық деңгейлері мен сатыларында айқындалатын термодинамиканың екінші заңының ауқымды, үзіліссіз және қиратушы әсеріне белсеңді түрде қарсы тұрады.

6.      Тікелей байланыстардың заңы қоғамның объекттері мен субъекттерін жеке тұлғаның және ұйымның өзімшілдігіне қарсы тұру үшін және оны жүйелік өзімшілдікке, яғни жүйенің, адамдар қауымдастығының және жалпы қоғамның игілігіне бағытталған өзімшілдікке айналдыру мақсатымен жүйелік қарым-қатынастарға ие қылдыруды талап етеді.

Бұндай заңларға міндетті түрде бағынуды ғалым цивилизацияның үшінші сатысының (жер игерушілік пен машиналықтан кейінгі) – ақпараттық толқынның келуімен түсіндіреді. Оның ұлғаюы барысында адамзат «басқарылуы қиын дисперстік көпшілікке» айналады, бұл болса «басшылар мен билік институттары беделінің девальвациясымен» күрделене түседі.

Қазіргі заманғы қоғамдық жүйелері басқарудың заңдары мен заңдылықтарын қалыптастыру үрдісі аяқталмаған және әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл маңызды жұмыста көптеген ғалымдар мен мамандар, соның ішінде қазақстандықтар да, қатысып жатыр. Мәселен, Телемтаев М. [17 қос.] адамдық қызмет жүйелілігінің заңын қалыптастырды. Бұл заң бойынша «бүгінгі күнгі адамзат (жүйе-субъект), оның қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерінің ғаламдық кешені (жүйе-объект) және болашақтың адамзаты (жүйе-нәтиже) бір ортақ жүйенің шеңберінде орналасқан». Бұл заңға сүйене отырып, оның авторы адамдық қызмет жүйелілігінің экологиялық принципін қалыптастырады: бүгінгі күннің адамзаты (жүйе-субъект), оның қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерінің ғаламдық кешені (жүйе-объект) және болашақтың адамзаты (жүйе-нәтиже) адамзаттың кешендік потенциалының тіршілікке қабілетті болуы және дамуының глобалдық супержобасы түріндегі ортақ жүйенің бір үлгісімен сипатталуы тиіс.

Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі