"Бобровка + " ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 16:04, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі...........................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау.................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі...............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар...............................................................................................................61

Работа состоит из  1 файл

басқару дипломная(1).doc

— 643.00 Кб (Скачать документ)
 

     Нақты шығындарға - кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.

     Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы  есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.

     Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды.  
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады.  
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген  
төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті  шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады.  Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.

     Қайтарылмайтын  шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.  
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.

     Шығындардың мұндай түрлері экономикалық тұрғыдағы  басқару шешімдерін қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер мен бухгалтерлердің атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық анықталады. Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.  
Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты талқылап, содан кейін экономикалық табыс табу жолдарын қарастырады.

     Экономикалық  пайда дегеніміз түсім мен  барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты  жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)  
шығындарды және  бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.

     Кәсіпорынның  оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу  және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

     Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне  қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.  Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,  
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.  
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.

     Өз  кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар  болып екі  топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.

     Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.

     Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.

     Кейбір  жағдайда шығындар аралас шығындар болып  келеді.  
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар  компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.

     Қабылданатын  басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді. 
Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.

     Тиімді  шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай  шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

     Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді. 
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.  
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған  
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

     Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау  үрдісімен тікелей байланысты болуы  тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.

     Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне  туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі  жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.

     Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың  түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады. 

     Шығындарды  басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.

     Жоғарыда  келтірілген жіктемеде кәсіпорын  қызметінің функциясы мен сферасына  байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау  технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.

     Мұндай  жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға  мүмкіндік береді. Соның әсеріне  шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары  және сфера шеңберінде, содан кейін  калькуляция объектісі бойынша жинақталады.  Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.

     Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі қарастырылды, енді келесі бөлімшеде шығындарды басқару мен талдауды қарстырамыз. 
 

     1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау 

     Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары  арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.

     Шығындарды  басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.  
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.

     Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.

     Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны  белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.  
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі - пайда.  

     Шығындарды  басқарудың маңызды міндеттері:

  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
  • шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
  • шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
  • өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
  • шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
  • бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
  • кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
  • шығындарды нормалау әдісін таңдау;
  • өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды  жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.

     Шығындарды  басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.

     Шығындарды  басқарудың функциялары:

  • өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;
  • шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша  бақылау және талдау;
  • белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;
  • кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

     Шығындарды  басқарудың негізгі функциялары  болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.  Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,  
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік  
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде  шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.
 

Информация о работе "Бобровка + " ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру