Қаржы менеджментінің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 19:38, курс лекций

Описание

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет);
3) ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолдануы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдерін қалыптасуынсыз болмауы.

Содержание

Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі

Работа состоит из  1 файл

лекций менеджмент.doc

— 695.00 Кб (Скачать документ)

 

Тақырып 4. Активтер фортфелін басқару

 

Дәріс сұрақтары:

 

1. Қаржы нарығы  туралы ұғым.

2. Қаржы нарығының  құрылымы.

3. Нарықтық белсенділікті  сипаттайтын көрсеткіштер 

4. Инвестициялар  туралы ұғым, оның түрлері, олардың сипаттамалары

5. Портфельдік  инвестициялар түрлері

6. Бағалы қағаздар  портфелі және оны басқару

7. Бағалы қағаздар  түрлері

 

1. ҚР орталықтандырылған жоспарлы экономикадан жаңа мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық эономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық мекемелермен бірге қаржы нарығын құруын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес. Қаржы нарығы-бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатумен қайта сату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтық мекемелердің мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарының жиынтығы. Ол нарықтық қатынас жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен тығыз байланысты. Оны келесі кестеден көруге болады:

 

Экономикалық  жүйедегі нарықтың өзара байланысы

 

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы қаржы нарығы қаржы ресурстары үздіксіз қалыптастырып отыруда, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ қарыз нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрлі шаруашылық жүргізушінің реттейтін нарық қатынасының бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Қаржының жалпы ақшамен шеттелмей, қаржы нарығы ұғымы валюта несие капитал нарығымен қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.

 

2.Қаржы  нарығының құрылымы

Ақша нарығы дегеніміз-қолма-қол  ақша ғана емес қолма-қолсыз төлем қаражаттарда қосатын нарық.

Несие нарығы-қарыз  бойынша банктің нсие қызметтерін  атқарады. Ақша мен несие нарығы өдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қоғам өндіріс  қатысуының ортақ және ұзақ мерзім қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында  сатып алу сатудан айрықшылығы  тауарлар-ақша және бағалы қағаздар болып  табылады.Сондықтан бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының бағалы қағаздармен туындыбағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп атайды.

Қор нарығы атауы бастапқыда бағалы қағаздар мен мәмле жасалынатын және рәсімделетін мекеменің қор биржасының атымен байланысты. Функционалды тұрғыдан қаржы нарығы-бұл шаруашылық жүргізуші ұйымдардың, банктің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарық қатынасының жүйесі. Нарықтың барлық салаларының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын анықтайды. Оған мыналар жатады:

    1. реттелінген тауар нарығының болуы Яғни кез-келген түрлердегі және арналымдағы тауар мен қызмет көрсету бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі. (тепе-тең)
    2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналымы халықты реттеп отыру. Оған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша бақылау жасау жатады.
    3. Несие нарығының жандандырылуы, коммерциялық, яғни несие ресурстарының еркін нарыққа орналастыруы.

 Қаржы нарығының  жұмыс істеуінің негізгі алғы  шарттарына мыналар жатады:

  1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буынының меншікті барлық нысандары кәсіпорынның, соның шнде, мемлекет ұйымының тең дербестігі.
  2. Қаржы ресурстарының қайта бөлгендегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндіріс күрделі жұмсалымдарда орталықтанған қаржыландыру, қаражаттарды кәсіпорындар арасында қайта бөлудің азаюы.
  3. Шаруашылық жүргізуші ұйымдар мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа да активтерге ақшалай табыстың өсуі.
  4. Мемлекет қаржысының тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдасын шектеу.

Республика  сондай-ақ жергілікті қаржының тапшылықтары мемлекет қарыздарды шығыс арқылы жабылуы тиіс.

Нарықтық белсенділікті  сипаттайтын көрсеткіштер – қор  биржасына тіркелген компанияға талдау жүргізу үшін қолданылады. Нарықтық белсенділікті талдау үшін қаржылық есептілік бойынша ақпараттар жеткіліксіз, яғни қор биржасынан алынған қосымша мәліметтер қажет. Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерге мыналар жатады:

1. Инвестор акцияны сатып алу үшін одан дивиденд түрінде түсетін болашақ табысқа назар аударады. Кәсіпорынның табысы дивиденд төлеуге және акцияның болашақ құнын арттыруға әсер етеді. Бір акциядан түсетін табыс келесі формуламен анықталады:

К=(TT-D)/A,

ТТ – таза табыс, D – артықшылығы бар акция бойынша дивиденд, А – айналымдағы акция саны.

Мәні – айналымдағы  әрбір жай акция неше теңге  таза табыс әкелетінін көрсетеді. Айналымдағы акция сомасы былайша анықталады: A=Aс-MAқ, Ас – айналымдағы барлық акция саны, МАқ- қоржындағы меншікті акция.

Акциядан түсетін табыстың шамасы қаржылық стратегияға, бөлу нормасына  байланысты. Бөлу нормасы – дивиденд түрінде төленген табыс сомасының барлық таза табыс сомасына қатынасы арқылы анықталады.

2. Акция құндылығы нарықтық  құнның акция табысына қатынасы  арқылы анықталады:

К=P/AT,

Бұл көрсеткіш кәсіпорын  мен акционерлер арасындағы қатынасты  сипаттайды. Сондай-ақ акция сұранысын  инвесторлар бір теңге табыс үшін акцияға неше теңге төлейтінін анықтайды. Бұл көрсеткіштің мәні өссе, онда табыс жылдам өседі.

3. Бір акцияның баланстық  құны бір жай акцияға тиесілі  таза активтердің құнын көрсетеді.  Ол келесі формуламен анықталады:

К=(AK-AA)/ЖА, АК – акционерлік капитал құны, АА – артықшылығы бар акция құны, ЖА – айналымдағы жай акция саны.

Акцияның баланстық құны номиналдық құнан өзгеше. Нарықтық акция табыстылығына тікелей  пропорционалды, ал қарыз капиталының  пайыздық мөлшерлемесіне кері пропорционалды болады. Акция курсы келесі формуламен анықтады:

АК=дивиденд/пайыздық қарыз*100

Қарыз капиталының пайыздық мөлшерлемесі ретінде Ұлттық банктің  коммерциялық банктерге сатылған қаржылық ресурстардың есептік мөлшерлемесі қолданылады.

4. Акция табыстылығының екі түрі бар:

1) Ағымдық табыстылық  – акция ұстаушының дивиденд  түрінде алған табысын айтамыз.  Ағымдық табыстылықты дивидендтік  табыс немесе дивиденд нормасы  деп аталады. Ол келесі формуламен  анықталады:

Н=D/P, D – бір акция дивиденді, P – бір акцияның нарықтық құны.

Ұқсас компаниялардың дивидендтік  табыстылығын салыстыру үшін номиналдық дивиденд нормасы қолданылады. Яғни төленген дивиденд сомасының акцияның номиналдық құнына қатынасы арқылы анықталады. Акция табыстылығын курстық айырма бойынша анықтауға болады. Бұл үшін акция табыстылы келесі формуламен анықталады:

Т=(D+(CP1-CP0))/CP0, D- бір акция дивиденді, СР1 – акцияны сату бағасы, СР0 – акцияны сатып алу бағасы.

2) Жиынтық табыс – барлық  акциядан түсетін табыс.

5. Төленетін дивиденд  үлесі:

К=Dak/TTak, Dak – бір акцияға төленетін дивиденд, TTak – бюір акцияға тиесілі таза табыс. К<1 болса, онда кәсіпорын дивиденд төлеуге жеткілікті қаржы тапқанын көрсетеді. К>1 болса, онда дивидендтік саясатты тиімді жүргізілмегендікті көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні бірден аспау керек. Дивидиенд төлеу коэффициентінің мәні инвестициялық саясатқа байланысты. Ивестициялаудың екі мақсаты бар: ағымдық табысты алу; акция курсының өсуінен қаржы жинақтау.

6. Тұрақты өсу  коэффициенті кәсіпорынның өзін  іштей қаржыландыру арқылы болашақта активтерін ұлғайту мүмкіндігін көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

К=(TT-D)/MK, МК – меншікті капитал.

7. Капитализациялау  коэффициенті құнды қағаз түрлерінің  арасындағы пропорцияны сипаттайды. Облигация үлесінің өсуі акция  түрлеріне деген сұранысты азайтады, ал артықшылығы бар акция үлесінің өсуі жай акцияға деген сұранысты азайтады. Бұл көрсеткіштің динамикасы меншікті капитал мен қарыз капитал бойынша міндеттемелерге енген капитал құнының өзгеруін сипаттайды.

Жай акция бойынша  капиталдандыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:

К=АҚ/ҚҚ, АҚ –  жай акция құны, ҚҚ – қарыз  капиталының толық құны.

3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндіріс нәтижесін шығынмен немесе қолданылған ресурстармен салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді екі топқа бөлеміз:

- жинақтаушы;

- техникалық-экономикалық.

Жинақтаушы көрсеткішке  мыналар жатады: табыстылық; еңбек  өнімділігі мен сыйымдылығы; қорқайтарымы мен сыйымдылығы; материал қайтарымы  мен сыйымдылығы; капитал салымының қайтарымы мен сыйымдылығы.

Техникалық-экономикалық көрсеткішке  мыналар жатады: жеке өнімділік, еңбек  құралдарын қолдану коэффициенттері; ақтау мерзімі; шығындардың үлесі; капитал салымының үлесі.

Өнімдер мен ресурстар  динамикасының ара қатынасы арқылы экономикалық өсудің сипаты анықталады. Экстенсивтік және интенсивтік жолмен экономикалық өсуге қол жеткізуге болады.

Интенсивті экономикалық өсу – ресурстардың өсу қарқынымен өнімдердің өсу қарқынының артуын айтамыз. Ресурстарды тиімді қолдану нәтижесінде өндірістің өсу қарқынын интенсивті-экономикалық өсу деп атайды.

Экстенсивті экономикалық өсу  – ҒТП дамуы нәтижесінде қол  жеткізген экономикалық өсуді айтамыз.

4. Инвестиция - меншік объектілері қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесі екендігін көрсетеді. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иелерінің қоғамдық өндірісте әртүрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары арқылы анықталады.

 Инвестиция құқығы - белгілі бір тұлғаларға маиериалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Не, қалай және кім үшін өндіру-экономиканың іргелі сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан субъектілердің өндіріс құралдарына меншік құқығына тәуелді.

Қазіргі Қазақстандық заңнамаға  сәйкес меншік иесі меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік  етеді.

Иелену- мүлікті іс жүзінде  иелену мүмкіндігінің заң жүзінде  қамтамасыз етілуі.

Пайдалану- мүліктен оның пайдалы  қасиеттерін алуды, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету- мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Инвестиция жеке меншік және мемлекеттік меншік болып бөлінеді.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігн туындатты. Бұл мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекетсіздендіру- мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және өкілеттіктерді беру арқылы түрлендіру.

Жекешелендіру-  Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Жекешелендіру мүддесі: жеке меншік топтарын құру, бәсекелес ортаны құру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, экономиканың монополиясыздандырылуына жәрдемдесу, шетел инвесторларын тарту.

Жекешелендіру тәсілдері: аукцион немесе конкурс  бойынша сату, сатып алу, кәсіпорын  капиталындағы үлестерді сату, жалға  берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Аукцион немесе конкурс бойынша сату, сатып алу: конкурс (коммерциялық) максималды баға ұсынылғанда, сатып алушы қойылған шартты орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.

Қазіргі Қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік етеді.

Иелену- мүлікті  іс жүзінде иелену мүмкіндігінің  заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

 

5. Портфельдік инвестициялар түрлері пайдалану- мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алуды, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету- мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Мемлекетсіздендіру- мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және өкілеттіктерді беру арқылы түрлендіру.

Жекешелендіру-  Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Жекешелендіру мүддесі: жеке меншік топтарын құру, бәсекелес ортаны құру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, экономиканың монополиясыздандырылуына жәрдемдесу, шетел инвесторларын тарту.

Информация о работе Қаржы менеджментінің мазмұны