Халықаралық валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 16:01, реферат

Описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.doc

— 215.50 Кб (Скачать документ)
    • Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
    • Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.
    • ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.
    • Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;
    • ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;
    • Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.
  • Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайка валюталық  жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық  жүйе қағидалары мынадай болды:

  • ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.
  • ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.[1]

[өңдеу] Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

  • нарықтық реттеу;
  • мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам  динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты  мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді  қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың  басты бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде  валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық  реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен  іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық  валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық  Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына  байланысты екіге бөлінеді:

  1. құрылымдық валюталық саясат;
  2. ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валюталык  саясат—дүниежүзілік валюталық  жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.

Ол валюталық  саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың  келесідей нысандары колданылады:

  1. Дисконттық валюталық саясат;
  2. Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары болады:

  • валюталық интервенция;
  • валюталық резервтерді диверсификациялау;
  • валюталық шектеу;
  • валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
  • валюталық бағам режииі;
  • девальвация;
  • ревальвация;

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік  төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар  елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс  әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем  балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.

Девиздік  саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық  бағамын көтеру мақсатында орталық  банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында  жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)

Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым  түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

Валюталық жүйе және валюта бағамының  қалыптасуы

 

Валюталық жүйе — ұлттық зандылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру  және реттеу формасын білдіреді. 
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді: 
1. ұлттық валюталық жүйе 
2. дүниежүзілік валюталық жүйе 
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе Валюта бағымының қалыптасуы — көп факторларды процесс. 
Валютаға сұраныс мен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар: инфляция қарқыны; процент мөлшерінің деңгейі; бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі; төлем балансының жағдайы. 
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның бағамы солғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта операциясының құлдырау тенденциясын тудырады. 
II. Валюталық операциялар есебі 
2.1. Валюталық шотты ашудың, жүргізудің және жабудың тәртіптері 
Өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы шетел валютасын сатып алу-сатуды екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылар теңгені валюталарға айырбастау құнын дербес белгілеуге құқылы. 
Заңды тұлғалар — резиденттер шетел валютасын ішкі валюта рыногында сатып және шетел валютасымен несиелерді алып, резиденттер еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және шетел валютасында алынған банк несиелері жөніндегі мәмілелерін орындау үшін ғана ала алады. 
Шетел валютасындағы несиелер нақты ақшасыз төлеу тәртібінде беріледі. 
Ішкі валюта рыногында шетел валютасын сатып алу меншікті қаражаттар есебінен де, сондай-ақ заем қаражаттары есебінен де теңге есебімен жүргізіледі. 
Заем қаражаттары есебінен шетел валютасын сатып алған кезде шетел валютасын мақсатты пайдалану көрсетіледі. 
Қазақстан Республикасына резиденттер мен резидент еместердің валюта құндылықтарын әкелу кеден заңдары талаптарын сақтай отырып шектеусіз жүзеге асырылады. 
Заңды тұлғалар — резиденттер өкілетті банкте валюта шотын ашу үшін мына төмендегі құжаттарды ұсынады: нотариалдық жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін; валюта шотын ашу туралы өтінішін; өкілетті адамдардың қойылатын қолдары мен мөр таңбасының үлгілері; салық органының салық төлеушісі ретінде есепке қою туралы анықтамасын; Қазақстан Республикасының өкілетті органында тіркелу туралы куәлігін ұсынады. 
Валюталың операцияларды құжаттап рәсімдеу 
 
Валюта шоты бойынша операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді: 
Нақты валюта түсімі (табыс, пайдаланылған есебіндегі қалдықтар сомалары, т.б.) Валюта кіріс ордерімен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі тіркемеде келтіріліп отыр. 
Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, оырндаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктің валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады. 
Нақты валюта беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордері) рәсімделеді; Банк куәландырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады. 
Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару "Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді: 
Валюта шоттары бойынша операциялар есебі 431 — "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы нақты ақша" және 432 - "Шет елдердегі валюталық шоттағы нақты ақша" шоттарында жүргізіледі. 
Банкте аталған және басқа да құжаттардың негізінде валюталық шоттың дербес шотына жазу жазылады оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі. 
Осы көшірмелер валюталық шот бойынша жинақтау тізімдемесін немесе машинограммаға жасауға негіз болады. 
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады. Шот иесі өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жібереді. Шот қабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немес шоттың нөмері өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті. 
Валюталық шот бойынша талдамалық (аналитикалық) есеп жүргізілмейді. Оны банк көшірмесі алмастырады. 
Валюталық бақылау. Барлық резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады. 
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резиденттер еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады. 
Валюталық бақылау Қазақсатан Республикасында валюталық бақылау органдары мен агенттері арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады. 
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндетті жүктелген өкілеттік берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттік берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады. 
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тарту және оларға орындалуы тиісті жекелеген тапсырмалар беру құқығын пайдалана алады. 
Заңды тұлғаларға: Валюталық заңның ережелерін бұзатын операциялар жасағаны үшін келісім сомасының 10 проценті көлемінде, бірақ 1 млн. теңгеден аспайтын айыппұл салынады, бухгалтерлік есепте тиісті нәтижелері көрсетілген валюталық операциялар жасағаны үшін — есепке алынбаған соманың көлемінде айыппұл салынады; валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін, есеп беру мен есепке алудың белгілеген нысандарын және тәртібін сақтамай жүргізгені үшін — тиісті емес түрде есепке алынған соманың 5 проценті көлемінде айыппұл салынады. 
Көрсетілген айыппұл сомаларын өндіріп алу валюталық бақылау органдары арықлы жүзеге асырылады, сонымен қатар валюталық бақылау агенттерінің ұсынысы бойынша сот тәртібімен орындалады. 
Валюталық заңның бұзылуына жазықты лауазымды тұлғалар, Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жауапқа тартылады. 
Бағам айырмашылығын есепке алу Валютамен операция жасаушы субъектілерде осы валютаға қатысты теңгенің курсы өзгерген жағдайда бағам айырмашылығы 725 "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шотында немесе 844 "Бағам айырмашылығы бойынша шығыс" шотында есепке алынуы керек. 
Келісімге сай өтеу мерзімі әлі келмеген шетелдік валютадағы дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қатысты бағам айырмашылығын есептеп шығару, осы қарыздардың өтелуіне қарай немесе міндеттерін төлеу мерзімі өткен соң жүзеге асырылады. 
Салық салу мақсатында жылдық табыс субъектінің валюталық шотына валюталық қаржы келіп түскен күні (немес соңғы есеп беру күні) күшінде болатын Ұлттық банк белгілеген шетелдік валютаға қатысты бағамның өзгеруі нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына азайтылады және теріс бағам айырмашылығының сомасына көбейтіледі. 
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда: 
а) Ұлттық; 
б)еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын); 
в)айырбасталмайтын тұйық валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің Ұлттық валюталары); 
г)клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды. 
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне сәйкес валюталык операцияларды жасау үшін занды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталықшот ашады. 
Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны: 
1. Валюталық шотты ашу туралы өтініш; 
2. Құрылтай құжаттарының нотариалды растаған көшірмесі; 
3. Өкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері; 
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 
5. Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы. 
Резидент занды тұлғалардың валюталық шотты ашуы, жүргізуі және жабуы "Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 Нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі. 
9 "Шетелдік валютадағы операциялардың есебі" БЕС-ына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы операцияларболып табылады. Мұндай кезде субъект: 
1. Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құраддарды және т.б. актілерді) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады. 
2.Төленуге немеес алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді. 
3.Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютаменөзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі. 
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиісті. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуі тиіс. 
Шетелдік валютамен есеп айырысу әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі: 
1. Банктік аударым — бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке поште немесе телеграф бойынша салып жіберумен жүргізілетін есеп айырысу операциясы; 
2.Құжаттамалық инкассо — бұл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы;  
3.Құжаттамалық аккредитив — бұл импортшы — клиенттің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктің ақшалай міндеттеме. Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен рәсімделеді: 
а)қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен рәсімделеді; 
б) қолма-қол валютаның (шығысы) берілуі — валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен); 
в) шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен рәсімделеді.

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар