Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа
Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53
“Нұр Отан” партиясы азаматтық қоғамның бақылау қызметін жоғары деңгейге көтеруге арналған іс-шараларды қолға алуда. Әсіресе, экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты бақылау, оның тиімділігін қадағалау аса маңызды шара.Әлеуметтік жауапкершілік саласында үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше. Бұл бизнес пен мемлекет қатарында үшінші тепе-тең серіктес ретінде түрлі әлеуметтік топтардың көкейлеріндегі мәселелерін шешудегі көпір десек те артық болмас. Азаматтық қоғам өкілдері еңбек саласындағы қарым-қатынастарды қадағалауда, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын іздестіруде, түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуде мәселе көтеріп, мемлекет пен бизнестің назарын аударумен қатар, олармен мәселелерді қоян-қолтық араласып шешуге ұмтылып отыр.
Бұл үшін, әрине, азаматтық қоғамда жоғары деңгейдегі сараптау институттары мен жетілген коммуникация жүйесі болу қажет. Қазақстанда қазіргі таңда қоғам атынан жұмыс жасайтын мекемелер жоқтың қасы. Мемлекет пен бизнеске тепе-тең қоятын ақпараттық ықпал да, белсенді күш те нақты қалыптаспағандықтан, азаматтық қоғам мемлекеттік жүйеге тәуелді болуда. Мысалы, ҮЕҰ мен фискалдық органдардың, сондай-ақ фискалдық органдардың меценаттармен өзара қатынастары үлкен мәселе туғызып отыр. Елімізде қайырымдылыққа жұмсалған қаржыға салықты реттеудің жай-күйі отандық бизнестің азаматтық қоғам институтына қаражат салуын ынталандырмайтыны бұл іске қолбайлау болуда.
Ресейлік авторлар А.Галкин және Ю.Красин азаматтық қоғам – «жеке мүдделер саласындағы индивидтердің қоғамдық қатынастарының мемлекеттік емес әлемі» деп қарастырады [59]. Олардың пікірі бойынша, азаматтық қоғамды дамыту саяси жүйенің демократиялануын және азаматтың құқығы мен бостандығын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Және, керісінше, азаматтық қоғамның тоқырауы, депрессиялық жағдайы саяси жүйені бюрократияландырады, авторитаризмнің қалыптасуына жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам аясында саяси партияның болуының өзі азаматтық қоғам шегінде оның саяси мақсаттары (басқа да мақсаттарымен қатар) бар екендігін куәландырады. Оның үстіне, азаматтық қоғам ол - биліктің онсыз өз қызметтерін атқара алмай қалатын формальды емес, бейресми тәжірибелерінің жиынтығы. Сондықтан азаматтық қоғамға берілетін көптеген анықтамаларда оның саяси емес деген дефинициялары, азаматтық қоғам мемлекет емес және өзіне бір де бір мемлекеттік институт пен оның құрылымын қамтымайтындығын көрсетеді.
Бір зерттеушілер оны әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуға белгілі дәрежеде қол жеткізген және өркениеттің барлық белгілерін (нарықтық экономика, демократия, адам құқығын қадағалау және т.б.) тұтастай қоғамдық жүйе немесе социеталды қауымдастық ретінде сипаттайды. Мысалы, А.Одинцова азаматтық қоғамды жеке адамдар мен олардың топтарының қол жеткізілген қоғамдық дамуға пара-пар көп қырлы қажеттіліктері мен мүдделерінің жүзеге асуы орын алатын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, саяси және т.б.), формалды және формалды емес құрылымдардың жиынтығы деп қарастырады. Оның үстіне ол қазіргі заманғы азаматтық қоғам өзінің ажырағысыз элементі ретінде құқықтық мемлекетті де қамтитындығын айтады [60].
Зерттеушілердің келесі бір тобы, «тар» әдістің жақтаушылары азаматтық қоғамды мемлекетке және басқада формалданған құрылымдарға қарсы тұратын социумнің ерекше саласы ретінде қарастырады. Қазіргі кезде кең тарау алған бұл екінші көзқарас, азаматтық қоғамды мемлекетке қатысы бойынша кең автономияға иеленетін (екі құрамдас бөлік ретінде зерттеледі: «мемлекеттік емес қоғамдастық» және «мемлекеттік емес жеке өмір») және қоғамның мемлекеттік емес өмірі ретінде, немесе оның жеке саласы ретінде, не болмаса жария саласы ретінде түсіндіреді.
Үшінші бағытқа осы
заманғы азаматтық қоғамды нақт
Қазақстан жағдайында азаматтық қатынастардың мәнін тар және шектеулі түрде түсіну қоғамның әлеуметтік негізінің бұзылуына, индивидуализацияға, ұзақ жылдарда қазақ даласында қалыптасқан адамдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың ыдырауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, азаматтық қатынастарды дамытуға жан-жақты, кешенді тұрғыдан қарау қажет. Оның үстіне ресми түрде қоғамға енгізіліп отырған индивидуализм реттеуші әлеуметтік институттарға сәйкес келмейді, яғни жүз жылдар бойына қалыптасқан мінез-құлықтың стандарттарына қайшы келеді. Басқаша айтқанда, қазақ қоғамындағы құндылықтар жүйесін еуропалық құндылықтар жүйесімен салыстырғанда екеуінің арасында айтарлық айырмашылықтар бар екендігін көреміз.
Бұл пікірімізді отандық саясаттанушы С.Ш. Мұсатаевта дәлелдей түседі: «азаматтық қоғам мемлекеттік органдардың қызметінен тәуелсіз жүретін әлеуметтің өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін сипаттап, тұрғылықты халықтың түрлі формадағы саяси-әлеуметтік белсенділігінің жиынтығын білдіреді» [62].
Қалай болғанда да Қазақстандағы
азаматтық қоғамның дамуы ең алдымен
дәстүрлі мәдениетке, тарихи қалыптасқан
мінез-құлық ерекшеліктеріне
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам және партиялық сектордың қатынасында саяси партия – азаматтық қоғамның институционалдық негізі болып табылады
Азаматтық қоғам - мемлекеттегі барлық дерлік салалардың қарқынды дамып өсуіне және олардың ішкі және сыртқы саясатта өз негізін белсенді түрде танытуға бірден-бір ықпал етуші күш болып табылады. Осы орайда, соңғы жылдары біздің елде, жалпы бүкіл әлемде, азаматтық қоғам және ондағы саяси партиялардың маңызы мәселесіне деген қызығушылық айтарлықтай көріне бастады. Демек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның алғышарттары мен келешегіне қатысты мәселелер оңды шешілуі отандық партиялық жүйенің дамуына байланысты.
Бүкіл әлемдік ғылымда азаматтық қоғамды мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен тығыз байланыстағы, қоғамдық қарым-қатынастардың кешені ретінде қарастыру көзқарасы кеңінен тараған. Оған келесілер кіреді:
Қазақстандағы азаматтық қоғамның ерекшелігі оның қалыптасуының әлі де жалғасып келе жатқан трансформация жағдайында жүзеге асып жатқанында. Себебі, саяси және экономикалық элиталар азаматтық қоғамды қалыптастыруды ынталандыруға дайын екендігін еш байқатпайды, ал орта тап саны жағынан аз болғандықтан бұл шаруаны жасай алмайды, осы тұрғыда негізгі ауыртпалық анағұрлым көп мөлшердегі әлеуметтік қабаттың иығына түседі. Олардың белсенділігінің айқын дәлелі, Қазақстанда қазіргі кезде он мыңдаған қоғамдық ұйымдардың белсенді қызмет етуі, (көпшілігі – кішігірім сипатта) айта кететін жайт, бұл ұйымдар биліктің айтуымен емес, қайта кәдуілгі қатардағы азаматтар бастамасымен құрылған.
Көп партиялық жүйенің қалыптасуы елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуының ең маңызды белгілерінің бірі. Саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы айтарлықтай мөлшерде қоғамның саяси жүйелерінің тиімділігін куәландырады, мемлекеттің демократиялық табиғатын нығайтудың, оның азаматтарының саяси құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады [63].
Егер үйлестікке экономика тұрғысынан жүгінер болсақ, онда өндіріс жүйесінде нарық қандай рөл атқарса, көп партиялық саяси жүйеде сондай рөл атқарады. Нарық тұтынушылар мен өндірушілер арасында кері байланыс механизмін қалай құрса, соған ұқсас көп партиялық жүйе азамат пен мемлекеттік билік арасында делдалдық қызмет атқарады.
Біріншіден, мемлекеттік билік жүйесінде партия тікелей бір құрамға қосылмайды және көздеген мақсаты ортақ өз мүшелерін ерікті негізде біріктіреді. Осы мақсатта жария мәлімдемелерді және оларға қол жеткізу үшін ерекше саяси құралдарды пайдаланады. Осылайша, «саяси партия» түсінігі шегінен саяси шешімдер қабылдау процесінде билікке ықпал етуге әрекеттенетін қысым топтары шығарылады.
Екіншіден, партия белгілі бір әлеуметтік топтың саяси мүддесін көрсетеді немесе солай болуға ұмтылады. Басқаша айтқанда саяси партия өз мүшелері және солармен байланысты адамдардан бөлек басқа біреулердің де мүдделерін ойлауы тиіс. Бұл түсінік «партия» ұғымы шеңберінен клубтық-сектанттық типтегі ұйымдарды шығарады.
Үшіншіден, партия білдіретін мүдделер тар корпоративтік сипатта емес, жалпы ұлттық сипатта болуы тиіс. Бұл қоғамды дамыту бойынша белгілі бір жобаны ұсынатын партияның айқын қалыптасқан мақсаты болуы тиіс дегенді білдіреді. Әрине, басты міндет ретінде жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделері қойылуы мүмкін екені түсінікті, дегенмен ол жоба жалпы қоғам мүддесін (немесе жоқ дегенде соған ұмтылуы) ескеруі тиіс. Олай болмаған жағдайда, біз тек қана қолдаушылық топпен, тіпті корпоративтік ұйымдармен іс-әрекет жасайтын боламыз.
Төртіншіден, толыққанды
партия (өзінің дамыған жағдайында)
өкілеттік пен міндеттерді
Аталған барлық шарттар
қоғам мен мемлекеттің
Қазақстанда құрылымданған және жүйелендірілген мемлекеттік емес сектордың кескіндері айқындала берді. Міне, елдегі алғашқы саяси партияларға осы сектор шеңберінде дамуға тура келді.
Жалпы, Қазақстандағы демократияландыру үрдісі негізінде азаматтық қоғам құру кеңістігінде көппартиялық пен плюрализм маңызды роль атқарады. Себебі, еліміздің тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтудің басты белгісі - қөппартиялық екенін ескерсек, саяси партиялардың басты мақсатына айналған пікір-алуандылықты кең өрістету азаматтардың белсенділігін көтеру, қоғамның дамуы мен идеологиялық демократияның өрістеуіне зор ықпал ету ашық әрі еркін қоғамды қалыптастырудың басты жолдары деп қарастыруға болады. Бұл процесс елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
2002 жылы қабылданған
Саяси партиялар туралы заңның
аясында қызметі мен өз
Қазіргі таңда, Қазақстандағы
саяси партиялардың мақсат міндеттері
мен құндылықтары өте ұқсас. Мәселен,
кезіндегі Отан, Ақжол, Асар, Руханият
партиялары өздерінің мақсаты ретінде
демократиялық мемлекеттің
Сонымен, 2003-2004 жылдардағы Қазақстандағы партиялардың бағдарламаларын салыстыруда барлық партиялардың мақсаттары бір-біріне өте ұқсас, бірақ ортақ мақсатқа партиялардың әр түрлі жолдармен жететінін ескерсек, мұны демократиялық жүйеге негізделген еркін және ашық қоғамды қалыптастырудың мүмкіндіктері деп қарастыруға болады.
Осыдан келіп туындайтын ойды қортындылар болсақ: Қазақстан көппартиялық жүйені дамыту арқылы еркін әрі ашық қоғамды қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындай алады.
Жалпы, азаматтық қоғамды қалыптастыруда саяси партиялармен қатар, қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтардың да маңызы зор.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстанда азаматтық қоғам және көппартиялық жүйе орнату ісінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Осы орайда мыналарды айтсақ та жеткілікті:
- Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізіліп келеді; еркін демократиялық сайлаулар үнемі өткізіледі; тежемелік әрі тепе-теңдік негізінде билік тармақтарының ара-жігін ажырату қағидаты жүзеге асырылып жатыр;
- Қазақстанда саяси саналуандық және көппартиялық жүйе орныққан; әрбір азамат кез-келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады;
- бес мыңнан аса
үкіметтік емес ұйымдарды қоса
алғанда, азаматтық қоғам
- Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланып, заңның үстемдігі дәйекті қамтамасыз етіліп келеді;
- Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етіліп, цензураға тыйым салынған; біршама мемлкеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс істеуде;
- Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, елеулі нәтижелерге қол жетті; адам құқықтары жөнінде Уәкіл институты құрылды; Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылды; құрамы жөнінен көрнекті әрі беделді Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді;
- кез-келген қазақстандық
өзінің қалауына қарай
- әркімнің өз балаларын тиімді деп тапқан жерлерде оқытуға құқығы бар;
- әрбір қазақстандықтың билік орнына сайлауға және сайлануға құқығы бар;
Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы