Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

-       Өкiлдi органдардың қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне əлеуметтiк-экономикалық жағдайға толық дəрежеде сай емес.

-       Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.

-       Биліктің өзара iс-қимылының тетiктерiн пысықтау жəне жетiлдiру қажеттiгi.

-       Сот жүйесiнiң жекелеген буындарының атқарушы билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.

-       Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi [41].

Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық  реформаларды жалғастыру, демократиялық  институттарды тұрақты түрде  дамыту мен нығайту қажеттiгiн  түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл  қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы.

Қатерлер:Шет елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз. елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс.

Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп  отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр  бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы  қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау  қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi.

Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық проблемаларды демократиялық  емес əдiстермен шешу орын алған  жерде көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi [42].

ХХ ғасырдың соңы демократиялық  процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру  жолына түстi жəне демократиялық дамудың қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң саяси дəстүрі өзiнiң саяси мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк бередi.Демократиялық жетiстiктердiң барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде ғана тұрғаны анық жəне алда саяси жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған түрде жалғастыру мiндетi тұр.

Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:

- елдiң саяси өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының рөлiн кеңейту;

- соттардың iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгiн қамтамасыз ету;

- басқару функцияларының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;

- көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау;

- сайлау процесiн жетiлдiру;

- үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту, олар азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс.

Қазақстанның Конституциясы  қуатты президенттiк республиканың қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы арасында өкілеттiктердi бөлудi заң жүзiнде ресiмдедi. Конституция бойынша Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап бередi. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.

Елдiң саяси өмiрiнде өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:

- Саяси жүйенi жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының бiрi елдiң саяси өмiрiнде Парламенттiң функциясы мен рөлiн кеңейту болады.

- Өкiлдi органдардың саяси жүйедегi рөлiн күшейту, реформалар процесiн толыққанды заңдық қамтамасыз ету үшiн олардың өкiлеттiгiн кеңейту олардың атқарушы органдардан тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.

- Парламенттiң рөлiн, оның функцияларын тиiмдi пайдалана отырып күшейту қажет. Парламент республикалық бюджеттiң орындалуын бақылауда неғұрлым белсендi рөл атқаруға тиiс.

- Жергiлiктi мəслихаттар жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын нақты бақылауға тиiс.

- Қоғамда орын алып  отырған əлеуметтiк-саяси мүдделерге орай тиiмдi үйлестiру мақсатында Парламенттiң жанынан əр түрлi партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың, кəсiподақтардың, соның iшiнде Парламентте өкiлдiгi жоқтардың арасында жүйелi түрде саяси консультациялар өткiзудi ұйымдастыру қажет [43].

Соттардың тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:Сот жүйесiнiң нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Тəуелсiз сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз келiп отырған құқықтық мемлекеттiң аса маңызды институттарының бiрi болып табылады. Сот қызметiн неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда мамандандырылған соттар енгiзудiң қажеттiгi барған сайын өзектi болып отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды бағыттарының бiрi болды.

Соттарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы жəне тиiсiнше судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге жəрдемдесетiн органдар туралы мəселе айрықша өзектi. Озық шетелдiк тəжiрибенi ескере отырып, Əдiлет бiлiктiлiк алқасы мен Жоғары Сот Кеңесiнiң рөлiн күшейту жəне судьялыққа кандидаттарға талапты қатайту қажет. Қазақстанда алқа заседательдерi институтын енгiзу мүмкiндiгi Конституция жүзiнде танылған. Бұл институтты енгiзудiң мəнi сотталушының iсiн алқа заседательдерiнiң не судьялар алқасының қатысуымен қарау құқығы туындайтындығына келiп салды, мұның өзi сот процесiнде адам құқығын қорғаудың қосымша кепiлi болып табылады. Осыған байланысты алда сот заңнамасына тиiстi толықтырулар енгiзу күтiп отыр.

Сот жүйесiнiң тəуелсiздiгiне қол жеткiзу жəне оны нығайту мақсатында судьялардың еңбегiне ақы төлеу  жүйесiн одан əрi жетiлдiру, сондай-ақ соттардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мəселелерiн шешу қажет. Заңды күшiне енген сот қаулыларының орындалуын бақылауды қатайту қажет. Бұл сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң маңызды талаптарының бiрi болып табылады [44].

Басқару функциясының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру. Демократиялық өзгерiстердi табысты жүргiзу орталық пен аймақтар арасында өзара қарым-қатынасты уақтылы реттеудi жəне өкiлеттiктердi бөлудi талап етедi. Негiзгi аймақтық проблемалар жергiлiктi билiк органдары деңгейiнде шешiлуге тиiс.Көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау.

Саяси партиялар нақты  беделге, халықтың қолдауына ие болуға тиiс, саяси стратегияларды тұжырымдауға қабiлеттi болуға тиiс. Қазiргi таңда жұмыс жүргiзушi партиялар мен олардың парламенттегi фракцияларының қызметi қоғамның кең жiктерiнiң мүдделерiне саяси өкiлдiк етудiң болашақ құрылымын қалыптастыру үшiн бастапқы шарттар жасауға тиiс. Партиялар дауыс беру жолымен қоғамдық пiкiр бiлдiруге ықпал етуге, қоғамның жəне мемлекеттiк органдардың арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруға тиiс. Партиялық. қызмет арқылы саяси элитаны, басқару аппаратының кадрларын iрiктеу жəне əзiрлеу жүзеге асырылуға тиiс.

Мемлекетт екөппартиялықтың болуы азаматтардың саясатқа қатысуына кеңiнен қол жеткiзуiнқамтамасыз етудiң қажеттi шарттарының бiрi ретiнде көрiнедi.Парламенттегi партиялық фракциялардың рөлін арттыру үшiн Парламенттегi партиялық фракциялардың жұмыс iстеу тетiгін нақты айқындайтын заңнаманы қабылдау қажет.

Сайлау заңнамасын, сайлау жүйесiн жетiлдiрудi, сайлау процесiн  ұйымдастыруды, кандидаттар туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткiзудегi жəне iс-шараларының басқа да кезеңдерiн жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлiн нығайтуды жалғастыру қажет. Сайлау комиссияларының құрамына кəсiби мамандар ұсынылуға тиiс, əрбiр комиссияда тым болмаса бiр заңгер болуға тиiс. Төмен тұрған сайлау комиссияларын саяси партиялардың, басқа қоғамдық бiрлестiктердiң, азаматтардың пiкiрлерiн ескере отырып өкiлдi органдар (мəслихаттар) құруға тиiс. Дауыс беру жəне дауыстарды есептеу рəсiмi барынша "ашық" болуға тиiс. Дауыстарды есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу сайлау процесiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету бағыттарының бiрi болады [45].

Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың азаматтардың мүдделерiн iске  асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс рөлiн күшейту үшін халықтың əр түрлi топтары мен жiктерiнiң  мүдделерiн талап ететiн үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) дамыту жəне нығайту қажет. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдардың одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн арнаулы заңнамалық актiлер қабылдаған орынды.

Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002)

Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор»  елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары  қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi.

Мемлекеттiң демократиялық  жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады. «Бейүкіметтік ұйымдарды» мемлекеттік емес ұйымдар деп те аудаҚазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрiнiсі Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерiн iске асыру: адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды; азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшiн қолайлы құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершiлiгiмен үйлестiрудi; қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыруды. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серiктестiк принциптерi негiзiнде ынтымақтастық мәдениетiн қалыптастыруды; әлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесiн құруды; қоғам мен билiк мүдделерiн келiсiмi жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн азаматтық қоғам моделiн өмiрге енгiзудi көздейдi.

Қабылданған шаралар  нәтижесiнде елде демократиялық  мемлекеттiң басты принципi - азаматтық  қоғамның басты құндылығы ретiнде  адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылады. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, ал ортаңғы сынып оның әлеуметтiк базасын құрайды. Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етедi [46].

Мемлекеттiк билiк басты  басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып, азаматтық қоғам институттарымен  бiрлесiп, сөз, дiни ұстаным, жиылыстар  бостандығын, азаматтардың бiрiгуге, әдiл сотқа, таза да ашық сайлауға құқығын мүлтiксiз қамтамасыз ететiн болады. Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлi қызметiн құру және дамыту үшiн жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етедi. Кәсiби-бейiндi негiзде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау билiк үшiн мiндеттi шарт болады. Мемлекеттiк бағдарламаларды, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру жеке адам мен қоғам қажеттiлiктерi негiзiнде және оларды ескере отырып жүргiзiледi.  Елдегi еңбек қатынастары әлемдiк стандарттар деңгейiне жетедi. Экономикалық өсу қызметкерлердiң еңбекақысын арттыруға ықпал етедi.

Елде мемлекеттiң, жұмыс  берушiлер мен кәсiподақтардың  әлеуметтiк серiктестiгi еңбек және әлеуметтiк-экономикалық салалардағы мүдделердi келiсудiң тиiмдi тетiгiне айналады. Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлiгiндегi шағын және орта бизнесiнiң үлесi айтарлықтай өседi. Азаматтық қоғам институттары мемлекеттiк органдардың тапсырысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргiзiп, түрлi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пiкiрдi зерделейдi [47].

Қоғамдағы саяси партиялардың ролi нығаяды, бұған заңнаманы демократияландыру, саяси партияларды мемлекеттiк  қолдауды ұлғайту, Қазақстан Республикасының Парламентiндегi және мәслихаттардағы партиялық фракциялардың рөлiн күшейту ықпал ететiн болады. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмiр сүру сапасының қазiргi заманғы стандарттарына қол жеткiзу және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетулер сапасын арттыруға ұмтылады. Мүмкiндiгi шектеулi адамдар әлеуметтiк қорғаудың жаңғыртылған мемлекеттiк жүйесi мен тиiстi заңнамалық база жасау негiзiнде өздерiнiң азаматтық құқықтарын iске асыруы үшiн жағдаймен қамтамасыз етiледi. Мемлекет саяси ағартудың және тиiмдi келiссөздер жүргiзу мен жанжалдардың алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесiн құрады.

Сот практикасымен қатар  қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар  мен дауларды шешудiң баламалы тәсiлдерi қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи тәжiрибенi ескере отырып құрылған мүдделердi келiсудiң (үйлестiрудiң) тұтас жүйесi әрекет етедi. Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмiрiн объективтi бейнелейдi және қоғамдық мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланадырады.

 

2.2 Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі

Демократия қазіргі  қоғамның тиімді өмір сүруінің тәсілі. Сондықтан тереңірек зерттеу  әдісін қолдану қажет. Әсіресе демократия принциптерін және оның тарихи даму барысындағы ерекшеліктерін ашып көрсетпей болмайды. Сонымен қатар азаматтарды демократиялық көзқарасқа тәрбиелеу жолдарын да қарастырған жөн [48].

Қазақстанда осы кезге  дейін, ең бастысы, демократия дефицит  дегендерге жауап ретінде Президент  Н.Ә.Назарбаев 2007 жылы 16 мамырда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның демократиялық даму жолын саралап, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді көрсетіп берді[1]. Бұл реттегі Конституциялық реформаның нақты  тақырыпқа қатысты жаңалықтары не дегенде айтарым: Президенттік басқару нысаны сақтала отырып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі парламентаризм күшейтіледі. Басқаша айтқанда, президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көштік. Сөйтіп классикалық либералдық және неолибералдық демократия түрлерін Қазақстан өзінің соңғы 20 жылдық тәуелсіздігі тұсында жүзеге асырды деуге болады.

Соның өзінде шынайы толыққанды демократияға қол жеткіздік деу, біздіңше, ертерек. Себебі либералдық демократияның осы екі түрінің  де кемшіліктерінің барын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ал жетілген демократиялық республика теориясы бойынша астам байлыққа негізделген жеке мүдде белең алатын елде демократия патологияға ұшырайды. Себебі: халық еркінің және ортақ мүдделердің алғы шарты-мүліктік теңдік әділеттілігі. Ол бойынша байлар мен кедейлердің ара қашықығының тым алшақтауына, өмірдің барлық саласының бизнеске айналуына жол берілмеуі тиіс.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы