әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:50, курсовая работа

Описание

Әлеуметтік саясаттың саяси мүмкіндіктері субсидиарлы жауапкершілік қағидаларымен тығыз байланысты. Негізгі жауапкершілік ретінде, адамның өзіне және отбасына деген жауапкершіліктері танылады. Қосымша қоғамдық жауапкершілік әрдайым мақсатқа лайықты және оны өзі жеке алып жүру мүмкіндігі жоқ болғанда кез келген адам және отбасы оны өз жауапкершілігіне алады. Сонда ғана салық пен өзге де жиналымдар түріндегі ресурстар әртүрлі қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдарға жетеді.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

                 ҚР әлеуметтік  саясатыың ерекшеліктері.

      «Мемлекеттің  әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары: теориялық мәселелері» атты үшінші тараушада әлеуметтік саясат пен  әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талдауға арналған.

      Теориялық тұрғыдан еліміздің әлеуметтік мемлекет деп жариялануы, әлеуметтік-экономикалық даму мақсатына басымдық берілуі тұрғындарымыздың жоғары өмірлік стандарттармен қамтылуына баса мән берілгендігін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықтың өмір сүру деңгейіне бағытталуы, негізінен әрбір азаматтың өзін-өзі көрсетуімен жүргізіледі деген пікірлер де аз емес еді. Яғни, әлеуметтік мемлекет (патернализмнің) пен әлеуметтік қызметтерді жекешелендірудің (радикалдық либерализмнің) орнына, қоғамның өзі жасалмайтын деңгейдегі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ете алатын «жәрдемдік» мемлекеттер құрылады. Әлбетте, әлеуметтік реформалар бағдарламасы тежегіш ретінде емес, экономикалық өсім катализаторы ретінде болуы керек. «Жәрдемдік мемлекет» үлгісіне ауысу, яғни аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік трансферттердің азаюымен қатар, халықтың әлсіз топтарының үлесіне ресурстарды үлестіріп беруді қарастырады. Жалпы «жәрдемдік мемлекет», мемлекет пен қоғамдық (коммерциялық емес) сектордың және бизнестің арасында әлеуметтік міндеттемелерді бөлуді көздейді. Әлеуметтік қорғау саласында кедейшілік деңгейін төмендету мен жоқшылықты жоятын, халықты тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасақталуы қажет. Ол үшін өзін-өзі қамтамасыз ету кезінде пайда болатын қауіп-қатерлердің әлеуметтік сақтандыру түрлерінің қолайлы механизмдері қарастырылуы керек. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басым бөлігінен, жеке азаматтардың өзіндік қамсыздандыру іс-әрекеттеріне көшуді жоспарлау қажет.

      Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мемлекеттік даму тәжірибесін жинақтаған Қазақстан Республикасының 1995 жылы жаңа Конституциясы  қабылданғаннан кейін әлеуметтік саясатта құрылып жатқан нарықтық үлгіге сәйкестендірілген, әлеуметтенуді күшейтуге бағытталған заңдық актілерді дайындау үрдісі басталды. Дәл осы уақытта Үкімет республика халқының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік механизмін құруды көздейтін елдің әлеуметтік құрылымын жасауды қолға алды. Бұл концептуалды құжатта әлеуметтік саясаттың мынадай басымдықтары анықталды:

      - жаңа Конституцияда бекітілгендей  Президенттік басқару жүйесі  кепілдік беретін елдегі әлеуметтік  тұрақтылықты сақтау және нығайту;

      - әлеуметтік саланы нарықтық қатынастың  белсенді субъектісіне айналдыру;

      - аталған құрылымды жүзеге асыруда экономикалық механизмдерді пайдалану және саяси құралдарды анықтау;

      - психологиялық, рухани салада  құқықтық қамтамасыз етуді қадағалау.

      Әлеуметтік  реформалардың бағытталған тұжырымдамасы  әлеуметтік саясаттың нақты басымдықтарын  айқындап береді. Бұл басымдықтардың алға қойған міндеті:

      - тұрғындардың радикалды әлеуметтік  өзгерістерге бейімділігін арттыру,  халықтың экономикалық белсенді  бөлігін ынталандыру;

      - халықтың экономикалық белсенділігін  арттыру;

      - нарықтық механизмдер мен құралдардың  рөлін күшейту, халықтың сақталған ақша қоры мен шетелдік қорлардың инвестициясын әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз етуге тарту;

      - білім беру, медициналық, әлеуметтік  қамтамасыз етуде мемлекеттік  стандарттар негізінде әртүрлі  деңгейдегі бюджетті қалыптастыру;

      - қоршаған ортаның бұдан арғы  құлдырауын, кері кетуін тоқтату.

      Әлеуметтік  саясаттың саяси мүмкіндіктері  субсидиарлы жауапкершілік қағидаларымен  тығыз байланысты. Негізгі жауапкершілік  ретінде, адамның өзіне және отбасына деген жауапкершіліктері танылады. Қосымша қоғамдық жауапкершілік  әрдайым мақсатқа лайықты және оны өзі жеке алып жүру мүмкіндігі жоқ болғанда кез келген адам және отбасы оны өз жауапкершілігіне алады. Сонда ғана салық пен өзге де жиналымдар түріндегі ресурстар әртүрлі қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдарға жетеді. Жалпы азаматтық қоғам дегеніміз – бұл адамдар, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынас пен әлеуметтік байланыстың көптүрлілігі, оның ішінде адамдардың өмір сүру құқығы, жеке қауіпсіздігі, меншік құқығын тануға негізделген экономикалық, әлеуметтік, мәдени және сол сияқты өмірлік байланыстар. Табиғи құқықтар тұжырымдамасына сәйкес кез келген адам дүниеге келген сәттен бастап осы құқықтарға ие болады, ал қалған бөлігін мемлекет реттейді. Азаматтар мен мемлекет арасындағы құқықтарды бөлу Конституцияға негізделеді және ол өз кезегінде әлеуметтік келісім рөліне ие болады.

      Қазіргі таңда әлеуметтік саясатты іскерлік менеджменттің құралы ретінде қарастыру  заманауи талаптардың сұранысына сәйкес бағытқа айналып отыр. Қоғам дамуының бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. Нарықтық қатынастардың дамуы - бостандық пен қызмет еркіндігіне, әлеуметтік әділеттілікке жол ашып берді. Осының барлығы индустриалды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Жалпы алғанда нарықтық экономиканың осы күнгі үлгісі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарықтануы қатысушылардың өзара келісімге келу деңгейін ұғынуды көрсетеді. Екіншіден, пісіп-жетілген нарық пен бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайы тауар мен қызмет көрсету өнімдеріне тұтынушылардың табыстары жоғары деңгейде жауап беруіне мүдделі болуда. Демек, осы күнгі дамыған нарықтық қатынастар салыстырмалы түрде әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір қағидалар тұтастығына негізделген  мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.

      Әлеуметтік  бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылаудың рөлі - институционалдық күштердің тепе-теңдігін қадағалап, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясатта жүргізген тәжірибелерінен бірнеше бағыттар қалыптасқан болатын. Олар әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар, тұрғын үй саясаты. Қазақстан жағдайында болсын немесе басқа да өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған мемлекеттерде де болсын еңбек қатынастарын таза нарық қағидалары негізінде анықтау дұрыс емес.

      Қазіргі кезеңде Қазақстан экономиканың өсу жағдайына байланысты кешенді  әлеуметтік саясаттың негіздерін орнықтыру  үшін алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, инфрақұрылымдарды, әлеуметтік салаларды қажет құрылымдармен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаржы бөлінуі керек. Бұл мақсаттарға қажетті қаражаттарды мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу арқылы қатысуы - реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады. Мемлекет қысым жасап, табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады. Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс процесіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықты жою үшін, мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр. Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етулермен, өндірістік жарақат алған науқастарды ескере отырып реттейді. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынастар жоғары дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі негізінде қарастырылуда.

      Сол себепті біздің ойымызша  әлеуметтік саясаттың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы әлеуметтік экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады. Бастапқы микроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың даму қарқынын болжауды, қоғамдық өндірістің, мемлекет пен кәсіпорындардың құрылымын, халықтың қаржы қорларын анықтайды. Ол ұлттық бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық стратегиялар арқылы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдықтарды тиімді орындаудың бастапқы құралдары болып табылады.

       Әлеуметтік саясатты әлемдік  тәжірибеге сүйеніп жасау жеткіліксіз.  Оны еліміздің ұлттық-тарихи даму  ерекшеліктерін ескере отырып, теориялық  әдіснамалық тұрғыда негіздеу  талап етіледі. Соңғы жылдардың саяси тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін тек қана қарқынды экономикалық даму жеткіліксіз. Мемлекеттік әлеуметтік саясат конституциялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы үшін біріншіден, әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі жасалуы керек. Екіншіден, экономикалық дамудың гуманистік бағдары болуы қажет. Қазақстан жағдайында бұл маңызды саяси-әлеуметтік факторлар әлі де болса қалыптасу үстінде келеді. Сондықтан да осындай саяси-әлеуметтік дамудағы императивпен (міндетті талаппен) санаспай ешбір мемлекет өркениетті даму жолына түсе алмайды. Ал, Қазақстан әлемдік тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік саясат үлгілерін есепке ала отырып мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытында саяси ізденістер үстінде келеді.

Информация о работе әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару