Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

2.мемлекет пен құқық бұзушы  арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асатын, ол әрекет қолайсыз құқықтық санкцияларға ұшырауына алып келетін құқықтық қатынастың туындауы;

3.мемлекет пен оның органдарының  құқық бұзушыға ықпал етудің  мәжбүрлеу шараларын қолданудың  түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік белгілі  бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі:

1.құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық  нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын;

2.қоршаған ортадағы ысырапты  өтеуге өтемдік және адам денсаулығын  қалпына келтіру;

3.жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың  алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

4.экологиялық құқық бұзушылықты  жасаған адамға жаза қолдануда  орын алатын жазалау міндеттерін  орындайды.

Сонымен, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік институты  – кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік туындауының негізгі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына не қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі.

Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады экологиялық құқық бұзушылық  бұл табиғат қорғау мен табиғи  ресурстарды пайдалану ережелерін бұзатын құқыққа қарсы әрекет.

Қазақстан Республикасының Экологиялық  кодексінің 319-бабында экологиялық  құқық бұзушылықтардың тізбесі  берілген. Осы нормаға сәйкес экологиялық құқық бұзушылықтардың түрлеріне:

1.Қазақстан Республикасының экологиялық  заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық; 
2.қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;

3.экологиялық қылмыстар жатады.

Алайда, аталмыш нормативтік құқықтық актіде экологиялық құқық бұзушылықтың өінің ұғымының сипаттамасы берілмеген. Соған қарамастан, экологиялық құқық бұзушылықтың өзінің құрамы мен түрлері болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар және заңды тұлғалар болып табылады. Бұл  орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамадар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.

Табиғат қорғау мен ресурстарды  ұтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Заңды тұлғаларға, экологиялық құқық қатынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен кәсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауаптылықта болуы мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі  қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын  сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топыраққа, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бөлінеді. Құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құқыққа қарсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективті  жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен  сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы құқық бұзушының кінәсі болып табылады. Мұнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі                      нысанын – жанама ниет және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей ниетті қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салдардың басталуына жол беретін болса, оның құқыққа қарсы әрекеттерін тергеуінде жанама ниет көрініс береді.

Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын  алдын-ала білуге тиіс болған, бірақ  бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Айталық, отқа немесе аса қауіптің шығу көзіне ұқыпсыз қараудың нәтижесінде орман алқаптарын абайсызда жою немесе зақымдау.

Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әрқайсысына жер, су, орман және тағы басқа заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғатың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекешеліктері болады.

Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай  экологиялық құқық теріс қылық  және экологиялық қылмыстарға бөлінеді, соған сәйкес қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Басқа құқық бұзушылықтардан өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылқтың сипаттамасына мұндай көзқарасты көптеген ғылым экологтар қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатқа зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушылықтардан табиғат қорғау және табиғат ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңды бұзуды бөліп қараған кезде қате қорытынды жасайды.

Біздің ойымызша, зиян ұғымын түсініп  алу керек. Табиғатқа келтірілетін зиян бірнеше мағынада түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, С.Д.Бекішеваның пікірі бойынша, экологиялық зиянды  объектілер бойынша қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтыры мен заңды мүдделеріне келтірілген зиян деп топтастыруға болады.

Қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян мына жағдайларда:

- табиғат ортасының қоршаған  ортасының ластануы кезінде;

- қоршаған табиғат ортасының  былғанып қалуы кезінді;

- табиғи ресурстардың таусылуы  кезінде;

- табиғат объектілерінің жойылуы,  бұзылуы, зақымдануы кезінде;

- экологиялық байланыстардың бұзылуы,  табиғи ортадағы экологиялық        тепе-теңдіктің бұзылуы кезінде пайда болады.

Сондықтан да, табиғи ресурстар санының  азаюы әкеп соқтырған нақты зиян олардың жүдеуіне немесе өзге жағымсыз экологиялық салдарға әкеледі деуге болмайды. Мұндайда мемлекетке немесе табиғат пайдаланушыға келтірілген мүліктік зиян туралы айтқан жөн. Бұл көзқарасты Д.Л.Байдельнинов те қолдайды. Ол табиғатқа келтірілген екі дербес экономикалық және экологиялық зиянға бөлуді ұсынады.

Қылмыстылықтың қай түрі болмасын, соның ішінде  экологиялық қылмыстылықтың алдын алу, оны жасайтын қылмыскер  тұлғасының ерекшеліктеріне тікелей  байланысты.

Қылмыскер тұлғасы -  ол оның әлеуметтік келбеті, әлеуметтік даму мен қоғамдағы  қалыптасу кезеңінде кім болып шыққанын айқындайтын. Криминалогия ғылымында қылмыскерді, оның тұлғасын зерттеу қылмыстық мінез-құлықтың, белгілі бір бағыттағы криминогендік ұстанымның қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін қажет. Бұл жерде әңгіме өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қол сұғатын экономикалық қылмыскердің тұлғасы төңірегінде болмақ. Экологиялық қылмыстарды атап айтқанда, қарастырылып отырған қылмыстарды жасаушы тұлғаларды зерттеген арнайы еңбек жоқтың қасы, тіпті, жоқ десе де болады. Бірақ та бұл мәселені бұған дейінгі қарастырылған қылмыскер тұлғасы туралы ақпараттар арқылы шешуге толық болады деп ойлау дұрыс емес, өйткені өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қол сұғатын қылмыстарды жасайтын тұлғалар өзге санаттағы қылмыстарды жасаушылардан мүлде өзгеше. Прфессор Е.Қайыржанов қылмыскер тұлғасын 3 деңгейде зерттеуді ұсынады:

1.қылмыскер тұлғасы жөніндегі  жалпы ұғым тұрғысынан;

2.қылмыскердің түрлері мен әр  түрлі санатына тән болып табылатын  белгілерді анықтау тұрғысынан;

3.жеке деңгейде.

Экологиялық қылмыскерлер әлеуметтік жағымсыз тұрғыдан алғанда үш деңгейде жіктеледі:

1.Аталған проблемаға селқос  қарайтын импульсивті деңгей. Бұл  деңгейдегілер абайсызда жасалатын  экологиялық қылмыстарды жасауға  бейім.

2.Табиғи байлықтарға теріс көзқарастағы  деңгей.

3.Табиғат пайдаланудың ережелерін ескермей-ақ материалдық және өзге де табыс табуды көздейтін деңгей [30].

Аталып отырған қылмыстарды  жасаушыларды ғана емес, барлық экологиялық  қылмыстарды ғана емес, барлық экологиялық  қылмыстарды жасаушы тұлғаларды зерттеп, алынған нәтижелерді қылмыстылықтың алдын алуға пайдалану қоғамның табиғи жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қоса қоғамның моральдық-адамгершілік қөзқарастарын түзетуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Егеменді және тәуелсіз Қазақстан  құқықтық, зиялы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып орнығуды өзіне мақсат тұта отырып, адамды оның өмірін, құқықтары мен оның бостандықтарын қоғамның ең құнды қазынасы деп жариялады. Мұндай жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, аса актуалды мәселелердің бірі. Адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау, Ата заңымыздың   31 бабында мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі ретінде бекітілген. Бірақ, өкінішке орай, казіргі кезде Қазақстанда қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасып отыр, ал кейбір аудандарда ол адамның өмірі мен денсаулығы үшін едәуір қауіпті десек те болады. Қазақстан Респуликасының Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030» деп аталатын жодауында: «бүгінгі экологиялық жағдай 20 % өлімге себеп болып отыр, ал кейбір аумақтарда жағдай одан да жаман» , - деп атап өтті.   Бразилияда болып өткен экологиялық форумда, Қазақстанның қоршаған орта сапасы анағұрлым төмен елдердің қатарына жатқызылды.

2030 жылы 3 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикамыздың экологиялық қауыпсіздік тұжырымдамасы қабылданды, онда экологиялық қауыпсіздік ұлттық қауыпсіздіктің стратегиялық бөлігі ретінде қарастырылды.

Бүгін дуниежүзінің мемлекеттері экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғат ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің  өкімі  қабылдануына байланысты, елімізде мынандай ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр: орман және орман қоры жерлеріне мемлекеттік меншік институтын күшейту, орман қорын пайдаланудың экономикалық механизмдерін жетілдіру арқылы орман қорын басқаруды жақсарту; орман қорын сақтау және қалпына келтіру; орман қоры ресурстарын тиімді пайдалану; орман шаруашылық ғылымын дамыту; осы салада халықаралық байланысты күшейту. Орман қорын тұрақты дамыту жөніндегі стратегияны жүзеге асырудың төрт кезеңі көрсетілген:       1998-2000 жж., 2001-2010 жж., 2011-2020 жж., 2020-2030 жж.. Мамандардың пікірінше бұл стратегияны жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартып, халық үшін анағұрлым қолайлы қоршаған ортаны калыптастыруы керек. Осындай шаралар арқылы таулы қыраттардан 25 млн. тонна топырақтың, егістік жерлерден минералды заттардың ағып кетуін тоқтатып, ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру көзделіп отыр. Орман қоры алқаптарын белгіленген көлемде арттыру атмосфералық ауаға 20 млн. тоннаға дейін кислород бөлуді қамтамсыз ететін көрінеді. Алайда, ұзақ мерзімге арналған стратегияның бірінші кезеңі аяқталу сатысында тұрғанымен, орман шаруашылығы саласындағы жағдайдың жақсы жаққа қарай өзгеріп отырғаны байқалмайды және жоғарыда келтірілген мысалдар орман шаруашылығы саласында көптеген заңсыз әрекеттерге жол беріліп отырғанына дәлел.

Мемлекетімізде орман қорының  үлесі республиканың барлық аумағының 4,2 пайызын, яғни Қазақстан Республикасының 26,5 млн. гектар жерін алып жатыр. Орманның ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени маңыздылығын ескере отырып, орманды ерекше қорғауға алынуын қамтамасыз етуіміз қажет.  Сонымен бірге Елбасының 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес , орманның биологиялық алуан түрліліктің табиғи резерваты ретінде маңыздылығы ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына қосу қажет. әрине ол үшін, 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттар жүйесін қалыптастыру бағдарламасын дайындау қажеттігі туындап отыр деп айтқан болатын.

Аталған мақсаттарға жету үшін ең алдымен орман қорының ұтымды және тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін нормативтік базасын қалыптастыруымыз қажет. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен қабылданған  Орман кодексі жеткілікті деңгейде бұл мәселені шешкен жоқ болатын. Ал енді 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған Орман кодексінің мүмкіндігіне саралау жасағанымыз дұрыс болар.

Сонымен бірге бәрімізге белгілі  кез келген құқық қатынастарын реттеу үшін басшылыққа алынатын негізгі бастамалар, идеялар болуы қажет. Оларды біз құқық қағидалары деп атаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының жаңа Орман кодексінде күшін жойған заңда көрініс таппаған Қазақстан Республикасы орман заңдарының қағидалары өте орынды бекітілген. Онда Қазақстан Республикасының орман заңдары төмендегі қағидаларға негізделеді делінген:

1. ормандардың климатты реттейтін,  орта түзетін, егіс – топырақ  қорғау, су сақтау және санитарлық  – гигиеналық функцияларды орындайтын  жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;

2. ормандарды тұрақты дамыту;

3. ормандардың, табиғи – қорық қоры обьектілерінің, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әр алуандығын сақтау;

4. орманды көп мақсатта пайдалану;

5. орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындай етіп пайдалану;

6. орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,  ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

7. басты мақсатта пайдалану үшін  ағаш кесу мен алған сүректі  қайта өңдеуді жүзеге асыру  функцияларын орман пайдалануды  реттеу функцияларының       ара – жігін ажырату;

8. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдардың орнын толықтыру;

9. орман ресурстарын ақылы пайдалану;

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу