Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік орман  қорының жекелеген санаттағы  ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшеліктері

Басты мақсатта пайдалану  үшін ағаш кесу мемлекеттік орман қорының «егіс-топырақ қорғау ормандары» санатының толысқан және қураған сүрекдіңдерінде; мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, суқоймалары мен басқа да су обьектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулері» санатының су жайылған жерлердегі өскіндерінен жаңарып шығатын жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі.

Мемлекеттік орман қорының  басқа санаттарындағы сүрекдіңдерде  басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салынады.

Басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердің құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттік орман қорының ормандарында ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік орман қорының  «халықаралық және республикалық жалпы  маңызы бар ортақ пайдаланудағы  темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желілік құрылыстардың бөліп берілген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелері», «халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы меиір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулері» санаттарында, сондай-ақ мемлекеттік табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдіңдерде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге және олардың жүргізілу ережелеріне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол беріледі.

Мемлекеттік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттік  ұлттық табиғи саябақтардың және мемлекеттік қорық аймақтарының қорық режимі аймақтарында, мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттік орман табиғат ескерткіштерінде және орманның гендік резерваттарында орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажетті санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол беріледі.

Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкілетті  органның рұқсатымен жүргізіледі.

Мемлекеттік орман  қоры учаскелеріндегі таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушілік маңызы ескеріле отырып, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу тәсілдері қолданылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау есепті кеспеағаш шегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.02.2005ж. қаулысымен бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағындағы ағаш кесу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік ағаш қоры учаскелерінде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдіңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге арналады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  шайыр және ағаш шырындарын дайындау ережесін, сондай-ақ сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақтарды  уәкілетті орган бекітеді (26).

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өнеркәсіптік өңдеу және тұрғын қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтірілмей жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  ағаш кесу жұмыстарын жүргізу тәртібімен кесілген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады. 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттік орман қорының бүкіл аумағында жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа  да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзірлеу үшін бұтақтарды ағаш кесу ережелерімен айқындалған тәртіппен  өсіп тұрған ағаштардан дайындауға жол беріледі.

Мемлекеттік ағаш кесу учаскелерінде  жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат дайындау мен  жинау марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталарды орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын қсіру орманға зиян келтірілмей, Қазақстан Республикасында Орманды жанама пайдаланудың ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылықтары Комитетінің 10.11.2004ж. Бұйрығымен бекітілген Ережелерде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  ешкі жаюға тек мемлекеттік орман  қоры учаскелерінде шөп шабу мен  мал жаю Ережелеріне сәйкес қана жол беріледі.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану орманға зиян келтірілмей жүзеге асырылады.      Мемлекеттік орман қорының аңшылық шаруашылықтың қажеті үшін берілген учаскелерінде орман пайдалану және орман шаруашылығы іс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуіне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

Ормандағы жабайы жануарлар саны экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шекте  реттеледі.

Мемлекеттік орман қоры учаскелері аңшылық шаруашылығының қажеттері  үшін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға Орман Кодексінде көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты негізінде беріледі.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  жануарлар дүниесін, соның ішінде аңшылық шаруашылығының қажеттері  үшін пайдалану тәртібі Қазақстан  Республикасының Үкіметімен 23.12.2003ж. бекіткен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, соның ішінде аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін пайдалану Ережелерінде айқындалған.

Мемлекеттік орман қоры учаскелері мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін Орман Кодексінде көзделген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға – шарт талаптарымен, ал қысқа мерзімді орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негізінде беріледі. Орман пайдаланушылар өздеріне берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін  мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану  тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.12.2003ж. қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін  мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану Ережелерінде белгіленген, қатырылуына бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Басқа меншік иелерінің немесе жер  пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісінде көзделген тәртіппен бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.

Қазақстан Республикасының жер  туралы заң актісіне сәйкес, табиғи өсіп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшін басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың  жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерінің шекарасын бойлай ені жиырма метр болатын күзет аймақтары белгіленеді.

Күзет аймағы шегінде мемлекеттік  орман қоры учаскесінің жай-күйіне кері әсер ететін кез-келген қызметке тыйым салынады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өсірілген агроорман-мелиорациялық екпелер жерді қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендік факторлардың әсерінен қорғауға арналған.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өсірілген агроорман-мелиорациялық екпелерді күзетуді, қорғауды және пайдалануды меншік иелері немесе жер пайдаланущылар өздері орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өсірілген агроорман – мелиорациялық екпелер өсіп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға беріледі және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісіне сәйкес жекеше орман қоры жерлеріне ауыстурылуы мүмкін.

 

2.2   Орман   қорын   қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының  жүйесі  және олардың құзыреті

Орман қорын басқаратын мемлекеттік органдардың жүйесі үлкен де күрделі. Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары, орман қорын қорғау қатынастарын дамыту жөне одан әрі жетілдіру үшін құрылады және олар өз қызметінде бір-біріне тығыз әсер етіп отырады. Атқаратын қызметінін көлемі, мазмұнына қарай бір-бірінен ерекшелене отырып, олар құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты және бір орталықтан басқарылатын, белгілі бір жүйені құрайды.

 Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Органдардың ұтымды құрылымын жасау және іс-жүзіне асыру маңызы ерекше зор мәселелердің бірі.

Біздің республикамызда орман  қорын басқаруға Президент, Парламент  және жергілікті билік органдары, Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Орман, және аң шаруашылық комитеті, соттар, прокуратуралар қатысады. Олардың барлығы мемлекет атынан әрекет етеді, белгілі өкілеттіктерге ие және олардың қызметі мемлекетпен қорғалады. Сот органдары мен прокуратура органдары, орман қоры ресурстарын пайдалану және қорғау қатынастарымен байланысты істерді қарап-шешеді, орман заңдарын бұзушыларды құқықтық жауапкершілікке тартады.

Мемлекетіміздің ең жоғарғы қызмет иесі - Президент Ішкі және сыртқы саясат бағытын анықтайды, орман қоры ресурстарын пайдалану мен қорғау қатынастарын реттейтін нормативті актілерге қол қояды.

Орман қоры ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау ісіне Парламент, Үкімет, жергілікті атқарушы және өкілді органдары ерекше орын алады. Бұл органдар орман қорын мемлекеттік басқарудың жалпы органдары.

Парламент орман қорын қорғау және оны пайдалану заңдарын қабылдайды, орман қатынастарын реттеу саласында орманға меншік құқығын жүзеге асырады, орман заңдарын әзірлейді және жетілдіреді, мемлекеттік орман саясатын айқындайды жөне орман қорлары үшін ақы төлеу қағидаларын белгілейді, сондай-ақ республика облыстарының арасында орман қатынастарын реттейді, орман заңдарын сақтауды бақылайды, республикамыздың көлемінде орман қорын қорғау саласындағы, белгілі бір құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік, қылмыстық не азаматтық жауапкершіліктің негіздерін анықтайды.

 Мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі орман қорын басқаруда анағұрлым көп құқықтарға ие, ол орман қорын басқаратын органдардың жүйесін, министрліктердің, мемлекеттік комиттердің және басқа да орталық, жергілікті билік органдардың қызметін басқарады, өзі қабылдайтын актілердің күшін жоюға немесе оларды түгелдей не жартылай тоқтатуға құқылы.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне:

1)  мемлекеттік орман саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады;

3) мемлекеттік заңды   тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттік жер қоры учаскелерін береді;

4) орман   қорын күзету, қорғау  және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру мәселелері жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

5) мемлекеттік орман қорын санаттар  бойынша беледі;

6)  мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрікті түбірімен босату және ағаш кесу ережелерін бекітеді;

7) өзендер, көлдер, су қоймалары  және басқа су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулердің енін белгілеу тәртібін айқындайды;

8) орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік   орман   мониторингін  жүргізу, орман орналастыру тәртібін айқындайды;

9) түбірімен босатылатын сүрек  төлемақысының базалық ставкаларын бекітеді, мемлекттік орман қоры учаскелерінде орман  пайдалану, төлемақысын  есептеу тәртібі мен оны бюждетке енгізу мерзімін айқындайды;

10) Қазақстан   Республикасының   орман   заңдарын   бұзу   арқылы келтірілген зиянның мөлшерін есептеудің базалық ставкаларын бекітеді;

11) Қазақстан    Республикасының    Қызыл     кітабына     енгізілген өсімдіктерді жинау көлемін бекітеді;

12)   мемлекеттік   орман   қоры   учаскелерінде   ормандарды   күзету, қорғау, молықтыру мен орман  өсіру жөніндегі нормалар мен  нормативтерді бекітеді;

13)  ағаштардың   құрауы   мен   құрып   кету   қатері   төнген   кезде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды;

14) Қазақстан  Республикасының  заңдарымен және Қазақстан Республикасы   Президентінің актілерімен белгіленген өзгеде функцияларды орындайды.

Орман қорын басқару саласында  уәкілетті орган қүзыретін Орман  және аң шаруашылығы Комитеті болып  танылады. Оның құқықтық жағдайы ҚР Орман кодексінің 13 бабы мен 6 сәуір 2005 жылы 310 санды ҚР Үкіметінін қабылданған арнайы Ережесімен реттеледі. Аталған Комитет келесі қызметтерді жүзеге асырады.

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу