Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:25, курсовая работа

Описание

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім

1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.

2. Негізгі құралдардың типтік жіктелінуі.

3. Болашақ экономикалық тиімділік.

4. Негізгі құралдардың бағалануы.

5. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.

6. Негізгі құралдарды алу.

7. Негізгі құралдардың амортизациясы, олар бойынша есебі.

8. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы, олар бойынша есебі.

9. Негізгі құралдардың талдамалық және топтамалық есебі.

Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

      -   объектінің аты;

      -   объектіні алушы мен тапсырушы ұйымдардың аты;

      -   салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

      -   құрылыстың салынып біткен уақыты;

      -   амортизациялық аударым мөлшері;

      -   бастапқы құны;

      -   басқа да шартты белгілері.

          Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне шаруашылық ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырылады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығару себебі) тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.

          Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау – тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық құжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың  негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар шаруашылық ұйымның тиісті бөлімшелеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық ұйымның басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өндіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі кұралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады.

          Жоғарыда айтылғандай, негізгі кұралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындар да кіреді. Негізгі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық ұйымның бухгалтериясында мынандай бухгалтерлік жазулар жазылады:

          Негізгі құралдар деп аталатын 2410 – ші  шоттың тиісті бөлімше шоттары 2411; 2412; 2413; 2414; 2415; 2930 дебеттелініп, оған сәйкес 1030; 1010; 3310; 5020; 4120; 4130; 4131; 4110; 4170; 6230; 6280 – ші тағыда басқа шоттардың тиістілері кредиттеледі.

          Дебет 2412 - ші; 2413 - ші; 2414 – ші және 2415 – ші шоттардың тиістісі.

          Кредит 2412 - ші; 2422 – ші; 2415 – ші және 2424 – ші шоттарының тиістісі.

          Шаруашылық ұйымның өздерінің пайдаланудағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есептен басқа ұйымға, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарылады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық ұйым өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

          Негізгі құралдарды есептен шығару 2 ҰҚЕС 16 бөлімі  «Негізгі құралдар» атты стандартында қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі.

          Шаруашылық ұйымдарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, олардың бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиіссіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай - ақ негізгі құралдарды есептен шығару үшін қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынандай қызметкерлер болуы керек:

      - шаруашылық ұйымдның басшысы немесе оның орынбасары комиссияның төрағасы ретінде;

      -  бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;

      -   негізгі құралдардың сақталуына жауапты адам;

      -  негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;

      - мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);

      -   тағыда басқа жұмысшы қызметкерлер болуы мүмкін.

          Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия шаруашылық ұйымына мынадай жұмыстар мен міндеттерді атқарады:

      -  Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төл құжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектінің қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды;

      - Объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайының, т.б.);

      - Негізгі құралдардың белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен шығарылу себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаның заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды;

      - Есептен шығарылған негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектері, детаьдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді;

      - Осы яғни есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының және де сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.

          Шаруашылық ұйымдардың негізгі құралдарын есептен шығару үшін №3-НҚ үлгілі "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" және №4-НҚ үлгілі "Көлік құралдарын есептен шығару актісі" толтырады.

          Аталған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

      -  объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (айы, жылы, күні);

      -  шаруашылық ұйымға келіп түскен кіріске алынған уақыты;

      -   пайдалануға берілген уақыты;

      -  объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны)

      -  бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;

      -   жөндеулердің жүргізілген уақыты;

      -  көлік құралын есептен шығарады, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;

      - негізгі құралдардың істен шығаруы себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсеріледі;

      - аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;

      -  сондай – ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

          Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін ұйымның басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін шаруашылық ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағыда басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. 

          Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектерге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, кейін есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комссияның бағалағаны бойынша бухгалтерлік есепке алынады.      

          Ұйымның техникалық жағдайын сақтау мен ұстау мақсатымен жасалатын негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға жұмсалатын шығындар бастапқы құнды ұлғайтады, олардың пайда болу сәтіндегі ағымдағы шығындар ретінде танылады.

          Салық кодексінің 113 – бабының 2 – тармағына сәйкес қызмет етудің нормативтік мерзімін ұлғайтпайтын және негізгі құралдардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негізгі құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың бөлшектерін ауыстыруға байланысты осы Кодекстің 92 – бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негізгі құралдарды жөндеуге арналған іс жүзіндегі шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансынан осы тармақта белгіленген шекте әрбір топ бойынша шегеріледі.

          Сөйтіп, негізгі құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін негізгі құралдардың бөлшектерін ауыстыруға байланысты жөндеу шығыстары, егер олар негізгі құралдарға техникалық құжаттамаларда көзделсе және жоғарыда аталған шарттарға сай келсе ғана Салық кодексінің 92 – бабының нормаларына сәйкес шегерімге жатқызылады. Өйтпеген жағдайда аталған шығыстар Салық кодексінің 113 – бабының 2 – тармағында белгіленген шектерде шегерімге жатқызылады.

          Шаруашылық ұйым негізгі құралдарды бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Шаруашылық ұйымдарында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410 – ші "Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар" шотының дебетіне, 2410 – ші "Негізгі құралдар" шотының тиісті бөлімшелерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420 – ші "Негізгі құралдардың амортизациясы"  шотының тиісті бөлімшелері дебеттелініп, 2410 – ші " Негізгі құралдар " шотының тиісті бөлімшелері шоттары кредиттелінеді. Есептен шығарылған негізгі құралдарын алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны 1300 – шы "Қорлар" шотының тиісті бөлімшелерінің дебетіне, 6210 – ші " Активтерді істен шығарылуынан түскен кіріс " шотының кредитіне жазылады.

          Шаруашылық ұйымында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" деп аталатын 1200 кіші бөлім және "Ақша қаражаттар" деп аталатын 1000 кіші бөлім шоттарының тиістілерінің дебетіне, 6210 – ші "Активтерді істен шығарылуынан түскен кіріс " шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынатын табыстар мен шыққан шығындар 5610 – "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" шотына апарылады.

          Басқа шаруашылық ұйымдарына, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға №1 – НҚ үлгілі "Қабылдау тыс ету актісі" екі дана етіп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіге қалдырылып, ал екіншісі данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық ұйымына  немесе тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарл негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның инвентарлық карточкасының басқа ұйымға немесе заңды тұлғаға беріл инвентарлық карточкасының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады. Негізгі құралдарды беруші шаруашылық ұйымда оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп , 4(төрт) дана етіп хат (авизо) жолдауы керек.

          Негізгі құралдарды алған ұйым немесе заңды білдіріп, авизонның екі данасына қол қойып және олар, мөр басып, негізгі құралдарды берушіге қайтарып береді. Сонымен басқа шаруашылық ұйымдарда заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау – табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.

          Шаруашылық ұйымдарында негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.

          Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінбейді. Тозуды есептегенде 8410 "Үстеме шығындар" бөлімшесіне өндірістік шоттары, 8415 "Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы" қолданылады.

          Тозуды есептегенде:

          8415 "Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы" дебеті, 2412-2424 кредиті.

          Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы "Әкімшілік шығыстар" 7210 шотында ескеріледі.

          Тозуды есептегенде:

          7210 дебеті, 2412-2424 кредиті.

          Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110"Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар" шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.

          Тозуды есептегенде:

7110 дебеті, 2412-2424 кредиті.

 

1

 



Информация о работе Негізгі құралдар