Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:25, курсовая работа

Описание

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім

1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.

2. Негізгі құралдардың типтік жіктелінуі.

3. Болашақ экономикалық тиімділік.

4. Негізгі құралдардың бағалануы.

5. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.

6. Негізгі құралдарды алу.

7. Негізгі құралдардың амортизациясы, олар бойынша есебі.

8. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы, олар бойынша есебі.

9. Негізгі құралдардың талдамалық және топтамалық есебі.

Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Түгендеу карточкалар мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттың нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы да баска шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметгер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарьлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметгер жазылып, бухгалтерлік есептің акпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы калдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

Кәсіпорындарда түтендеу карточкалар және түгендеу кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Мұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы тиіс.

 

 

 Негізгі құралдарды алу.

 

Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері  негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады.

Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтандырылып төлеуінде франт офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді, және бұйрықты бэк офис бөлімшесіне береді.

Бэк офис келісімшарттың дұрыс рәсімделуін және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшарттарымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға салықтарды төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС  олардың құнына кіретін негізгі құралдардың төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.

Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар ашады.

Банк бөлімшелерінің франт офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап өткізу актісін толтырады. Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк офисі бөлімшесі көп затты қолма қол негізгі құралдардың әрбір заттарының құнын типтік  тізімдемеде көрсетеді. Банктің бэк офисі бөлімшелеріне жекелей төлемдер құжаттары бағытталады.

Негізгі құралдарды қабылдағанда негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады.

Түскен негізгі құралдарды және сонымен қатар жөндеуді талап етпейтін құрал жабдықтарды балансқа алу келісімдегі төлемдер жүргізілгеннен кейін қолма қол жасалынады. Келісімшарт сомасына  банк бөлімшесінің атауы көрсетілген төлем ордері жазылады. Жабдықтарды орнату бойынша құрастыру жұмыстарының құны, олардың құндарының көбеюі орындалған жұмыстардың үш және екі актісін алғаннан кейін ғана жатқызылады.

Банктің бэк офисі ақысыз алған негізгі құралдарды балансқа есепке алу банктің бағалау комиссиясы орнатқан негізгі құралдардың құнына сәйкес жасалады.

Негізгі құралдарды кірістегенде және сатып алған кезде қойма басшысы, тауар тасымалдау үстемесі салыстыру шоттар жиынтығы  және негізгі  құралдардың нақтылығын растайтын басқа да құжаттар негізінде кіріс түбіртегін жазады. Кіріс квитанциялары бэк офис бөлімшелеріне беріледі, оларды өз кезегінде кірістеу үшін банктің бэк офисіне береді.

Есепке алынатын негізгі құралдардың әрбір объектісіне түгендеу нөмірі жазылады. Ол объектінің барлық пайдалану және ондағы жазылған бояуларды және т. б. білдіреді. Тізбекті  қатар жүйесі  бойынша негізгі құрал жабдық объектілері нөмірленіп, бухгалтерлік нөмірі есептің бастапқы  құжаттарында көрсетіледі. Көлік құралдарының түгендеу нөмірлеріне оларға мемлекеттік автоинспекцияда енгізілген нөмірлер жатады. Шыққан объектілерге түскен негізгі құралдар сияқты түгендеу  нөмірін беруге болмайды, бұл қателікке және шатасуға әкелуі мүмкін. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі әрбір зат үшін жасалған түгендеу карточкасында, сонымен қатар негізгі құралдардың есебі журналында да жүргізіледі.Карточкаға құралда қойылған нөмір қойылады. Карточкалар бір тектес құралдардың топталған картотекасына салынады. Жалға алынған ағымдық заттардағы  негізгі құралдарға түгендеу карточкалары ашылмайды. Олардың аналитикалық есебінде жалға берушісінің актісінде ұсынылған карточкалары пайдаланылады. Объектілерді қайта өндеу, аяқтау не толық жабдықтау кезінде жаңа карточка ашылады. Негізгі құралдар істен шығарылған кезде картотекадан түгендеу карточкалары алынып тасталынады.

Негізгі құралдарды алу және құрылыс, жер учаскесінің барлық жұмыстардың аяқталуымен жобалы сметалық құжаттар кассаға сақталуға беріледі және бір теңгеге бағаланып шот меморандумға кірістеледі. Алынған негізгі құралдардың 6 «негізгі құралдардың бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарының әдістемелік ұсыныстың бесінші тармағына сәйкес баланста көрсетілуі тиіс, ал атаулы негізгі құралдардың әкелуге немесе негізгі құралдарды алуға кеткен барлық нақты өндірілген шығындарды қоса отырып, бастапқы құнының кірістелу кезі бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Сонымен қатар сатып алу кезінде өтелмеген салықтар және жинақтар жеткізу шығындары, құрастыру,  орнату , пайдалагуға қосу, құрылыс кезінде алынған несиелер бойынша пайыздар, және кез келген белгісі бойынша оларды пайдалануды жұмыс жағдайына активтерді тартумен байланысты басқа да шығындар жоғарыда аталғандарда көрсетіледі.

Шұғыл қажет деп таныдмайтын шығындар бастапқы құнды қоспай ағымдық мерзімнің шығындары болып ескеріледі.

Ешқандай алдын ала төлеусіз негізгі құралдарды алу:

      Құрастыруды қажет етпейтін негізгі құралдарды алу

Дебит

1652 «жер, үйлер, ғимараттар»

1653 « компьютер жабдықтары»

1654 « өзге негізгі құрал жабдықтар»

 

Кредит

2856 « күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

      Құрастыру жұмыстарын талап ететін негізгі құралдарды алу

Дебит

1651 « салынып жатқан негізгі құрал жабдықтар»

Кредит

2856 «күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

 

      Құрастыруды талап ететін алынған негізгі құралдар үшін төлемдер

Дебит

2856 « күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кредит

1050 « банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Құрастыру жұмыстары үшін төлемдер

Дебит

2856 « күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кредит

1050 « банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үшінші және екінші нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады:

Дебит

1652 «жер, үйлер, ғимараттар»

1653 «компьютер жабдықтары»

1655 « өзге негізгі құрал жабдықтар»

 

Кредит

1856 « күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

 

 

Негізгі құралдарды алдын ала төлем арқылы сатып алу:

      Сатып алынатын негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу кезінде

Дебит

1856  «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кредит

1050 «банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Соңғы есеп айырысу сомасына

Дебит

1856  «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кредит

1050 «банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Негізгі құралдарды кірістеу

Дебит

1652 «жер, үйлер, ғимараттар»

1653 «компьютер жабдықтары»

1656 «өзге негізгі құралдар»

 

Кредит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

 

      Құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша

Дебит

1651 «салынып жатқан негізгі құралдар»

Кредит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

 

      Жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер

Дебит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кредит

1050 « банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үшінші және екінші нысан бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады

Дебит

1652 «жер, үйлер, ғимараттар»

1653 «компьютер жабдықтары»

1656 «өзге негізгі құралдар»

Кредит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

 

 

Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу

      ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына

Дебит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Кредит

1050 « банктердің корреспонденттік есеп шоттары»

 

      Негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомаларына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде

Дебит

1851 «салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит

1856 «күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

 

      Салық заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының үлес салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу сомасына

Дебит

2851 «салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит

1851 « салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

 


 

Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
Негізгі құралдардың тозуына түсінік

Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық                            мінездемелерінен                            айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
          Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
          Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

Амортизацияның                            әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
•құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
•өндірістік;
•кумулятивтік;
•кемімелі-қалдық.


Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:
1800000*20%=360000
Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады. Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.
Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.
Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысал: «Каzжиһаз» ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:

Информация о работе Негізгі құралдар