Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 10:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы
Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19
ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері
1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30
ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ ......................................................52
ҚОСЫМША ..........................................................................................................56

Работа состоит из  1 файл

Болатов.doc

— 520.50 Кб (Скачать документ)

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, археология және этнология ФАКУЛЬТЕТІ

 

ҚАЗАҚСТан ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

                          

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

 

 

Орындаған                            __________________                     А.Болатов

(қолы, айы-күні)

 

 

Ғылыми  жетекшісі                    __________________            Х. М.Әбжанов

т.ғ.д.,профессор          (қолы, айы-күні)

 

 

Қорғауға  жіберілді:                     __________________          

                  (қолы, айы-күні)

Кафедрасының  меңгерушісі                                                    Т.О.Омарбеков

т.ғ.д., профессор

 

                      

Алматы

2012

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3

І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық  техникалық базасы

    1. Ғылыми мекемелер саны және орналасуы .....................................................7
    2. Ғылымның материалдық-техникалық базасы .............................................19

ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері

    1. 1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы .................................28
    2. 2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары .........................30

ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері

    1. Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы ........................38
    2. Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері ..............................................................................................44

 

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................49

ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ  ......................................................52 

ҚОСЫМША ..........................................................................................................56 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Өзектілігі.  Осыдан  жүз  жыл  бұрын  айтылған  ғұлама  Абайдың  сөзі  бүгін  де  шындыққа  ұласуда.  Бүгінде  әлемнің  дамыған  елдерімен  иық  тірестіре,  тізе  бүктіре  теңестіретін    жалғыз  саясат  бар.  Оған  апарар  жол  жалғыз.  Ол  -  ғылымның  кең  өрістеуі,  қарқынды  дамуы.  Сонда  ғана  біздің    экономикамыз,  әлеуметтік-саяси  және  қоғамдық-мәдени  өміріміздің  әлемдегі  дамыған  50  елдің  қатарына  енуіне  бейімделуі,  бой  түзеуі  және  қатарласуына  жол  ашық.

Тәуелсіздігіміздің  20  жылы  ішінде  еліміз  дамыған  50  елдің  қатарына  жету  мақсатында  білім  және  ғылым  саласына  мән  бере  отырып  бірқатар    табыстар  мен  көптеген  ғылыми  жаңалықтарға  қол  жеткізді.  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  білім  және  ғылым  саласын  дамыту  бойынша  негізгі  мәселелерге  айрықша  тоқталуда.  Елбасы  биылғы  Жолдауында «Біз  университеттік  білім  беру  мен  ғылымды  дамытудың  жаңа  деңгейін  қамтамасыз  етуге  міндеттіміз.  Сапалы  білім  беру  Қазақстанның  индустрияландырылуының  және  инновациялық  дамуының  негізіне  айналуы  тиіс.  Білім  берудің  сапасын  арттыру  және  қолжетімділігін  кеңейту  үшін  білім  беруге  қолдау  көрсетудің  жаңа  қаржылық-экономикалық  құралдарын  енгізу  мен  инновациялық  қызметті  жүзеге  асыратын  және  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерін  өндіріске  енгізетін  жобалардың  үлесі  5  пайызға  дейін  артады.  Кемінде  2  жоғары  оқу  орны  үздік  әлемдік  университеттер  рейтингінде  аталатын  болады.  «Білім  туралы»  заң  мен  «Ғылым  туралы»  заңның  арасында  өзара  тығыз  байланыс  бар.  Шетелде  тағылымдамадан  өтуді  ұйымдастыруда  және  үміткерлерді  іріктеуде  айтарлықтай  мәселелер  бар»,  –  деді.  Елбасымыздың  халыққа  Жолдауында  атап  көрсеткендей,  Қазақстан  әлемдегі  алып  мемлекеттермен  терезесі  тең,  экономикасы  қуатты, технологиясы  озық  ел  болып  өркендеуі  үшін  ғылым  мен  білімді  өркендетуге  ерекше  мән  берілуі  тиіс [1.35].

Ғылымның  ақпараттық  технология,  биоинженерия,  биотехнология,  нанотехнология,  қоғамдық-гуманитарлық  және  тағы  басқа  да  салаларында  зерттеулердің  жүргізілуі,  олардың  нәтижелерінің  өндіріске  енгізілуі  мен  тұтынушының  пайдалануы  арасындағы  мехнизмді  жетілдіру  қажеттігі  бүгінгі  күнде  өз  зерттеуін  қажетт  ететін  өзекті  тақырыптардың  бірі  болып  отыр.

Қазақстан ғылымы    бүгінде  жоғары  технологияларды  енгізуге  бағытталған  және  инновацияларды  қолдау  мақсатында    ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  приоритеттерін  айқындауда.    Қазіргі  заманғы  барлық  табысты  мемлекеттер  жаһандық  ғылыми  интеграциялық  үрдістерде  өздерінің  бағыттарын  айқындап,  өз  орындарын  тапты  деуге  болады.    Міне,  осындай  жағдайда  қазақстандық  ғылымның  даму  тенденциялары,  ғылыми  мектептердің  бағыттары,  маңызды  ғылыми  жетістіктер  жайлы  сараптамалық  зерттеулер  мен  ақпараттық,  көпшілік  басылымдарды  жариялау  өте  өзекті  болып  саналады.  Бұндай  зерттеулер  Қазақстан  ғылымының  жаңа  ғасырдағы  приоритетін  айқындаумен  қатар,  халықаралық  қауымдастықтағы  позитивті  де  бәсекеге  қабілетті  имиджін  арттыру үшін  де  маңызды  саналмақ.  Бүгінде  Қазақстан  ғылымының  жетістіктері  қажетті  деңгейде  БАҚ  арқылы  жарияланып,  насихатталмаған.    Еліміздегі  жетекші  ғылыми  мектептер,  олардың  тамаша  дәстүрлері  мен  рухани-танымдық  құндылықтары  жайлы  қоғамдық  пікірді  қалыптастыру  өзекті  де  қажет  зерттеу  болып  саналады [2.52].

Қазақстанның  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің  қатарына  ену  стратегиясының  бірінші  бағыты  Қазақстанның  әлемдік  экономикаға  табысты  интеграциялануы  табысты  жаңарудың  негізі  ретінде  атап  көрсетілуі  тектен  тек  болмаса  керек.  Әлемдік  экономикалық  интеграцияға  жетудің  жолы  ғылыми  инновациялық  қолданбалы  зерттеулер  мен  озық  технологияларды  өндіру  және  тәжірибеге  енгізу  болып  отыр.  Бұл –  Қазақстан  ғылымының  басты  приоритеті.  Ең  жоғары  халықаралық  стандартқа  сәйкес  келетін  академиялық  орталықтар  мен  оқу  орындарын,  халықаралық  деңгейдегі  үрдістерге  қатыса  алатын  технологиялық  парктерді    ашу    және  дамыту,  жаңа  технологияларды  игеру  үрдісін  заман  тудырып  отыр  [2.22].

Ғылыми  әлеуеттің  дамуы  қолданбалы  ғылымға,  өндіріске  және  бизнеске  жақындауы  тиіс  екендігін  уақыт  күн  тәртібіне  қойып  отыр.  Осындай  талаптарды  Қазақстан  ғылымы  каншалықты  меңгерді  және  қандай  жетістіктерге  жетті,  таяу  болашақтағы  приоритеттері  қандай  болмақ  деген  сауалдарға  жуап  іздеуді  мемлекет  ұлттық  идеяның  тірегі,  ұлттық  саясаттың  көкжиегі  ретінде  ұсынып  отыр.

Диплом  жұмысының  мақсаты  деректер  мен  зерттеулерге  сүйене  отырып  тәуелсіз  Қазақстан  ғылымын  жан  жақты  зерттеу  арқылы  тарихи  талдау  жасау.

Мақсатқа  жету  үшін  зерттеу  жұмысының  алдына  мынадай  міндеттер  қойылды:

    • Ғылыми  мекемелер  саны  және  орналасуын  анықтау;
    • Ғылымның  материалдық-техникалық  базасына  талдау  жасау;
    • Ғылымның  заңнамалық  негіздерін  сараптау  және  тәуелсіз  Қазақстан  кезеңінде  орын  алған  өзгерістер;
    • Алғашқы  құқықтық-нормативтік  құжаттарды  зерттеу;
    • 1997  ж.  ғылым  туралы  заңы  және  оның  жүзеге  асуын  саралау; 
    • 2011  жылғы  Ғылым  туралы  заң:  мазмұны  мен  талаптарын  анықтау;
    • Қазақстан  ғылымының  нәтижелері  мен  мәселелерін  зерттеу;
    • Академиялық  іргелі  ғылымның  табыстары  мен  болашағына  шолу  жасау;
    • Жоғарғы  ғылыми  оқу  орындардың  ғылыми  әлеуті:  нығаюы  және  мүмкіншіліктерін  қарастыру  және  т.б.

Диплом  жұмысының  теориялық  және  методологиялық  негіздері.  Диплом  жұмысының  теориялық  негізі  етіп  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттерін  дұрыс  шешуге  бағдар  беретін,  ғылыми  көзқарастар  алынды.  Таным  процесіндегі  ең  бір  кең  қолданылатын  жүйелілік  тұрғы  біздің  зерттеуіміздің  негізін  құрайды.  Жүйелілік  тұрғы  тарихи  процесті  оның  құрамдас  бөліктерімен  тығыз  байланыста,  бір-біріне  өзара  әсер  етуші  факторлар  ретінде  қарастырады. 

Методологиялық  негізге  сондай-ақ  ғылыми  зерттеулер  үшін  өте  қажетті  жан-жақтылық,  нақтылық,  объективтілік  принциптер  басшылыққа  алынып  отырылды.  Жұмысты  орындау  барысында  тарихи-салыстыру  мен  хронологиялық-проблемалық,  абстрактылық  пен  нақтылық  секілді  ғылыми  танымның  әдістері  мен  тәсілдері  қолданылды.

Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Қазіргі  таңда  тәуелсіз  Қазақстан  ғылымы  тарихына  қалам  тартып,  зерттеу  жүргізіп  жүрген  ғалымдар  аз емес.  Дегенмен,  жүйелі  түрде  жазылған  ғылыми  жұмыс  жоқтың  қасы.  Зерттеушілердің  көпшілігі  ғылымның  жеке  саласына  тоқталып,  оларды  бөліп  қарастырады.  Сондықтан  диплом  жұмысы  барысында  негізінен  сүйенген  ақпарат  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлерінің  сөйлеген  сөздері  мен  Елбасының  Жолдаулары  болды.  Елбасысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Ғасырлар  тоғысында»,  «Тәуелсіздігіміздің  бес  жылы»,  «Тарих  тағылымдары  және  қазіргі  заман»,    «Тарих  толқынында»  атты  еңбектерінде  тәуелсіз  Қазақстан  ғылымы  жөнінде,  атқарылған  істер  мен  жеткен  жетістіктер  жайлы  ақпараттар  берілген [3.52]. 

Қазақстан  ғылымының  іргелі  мәселелеріне  тоқталып  өткен  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы    тарих  және  этнология  институтының  аға  ғылыми  қызметкері,  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Гүлнәр  Өскенбаеваның  «Президент  және  Қазақстан  ғылымы»  атты  мақаласын  айта  кетсек  болады.  Автор  қазіргі  кездегі  ғылым  саласындағы  орын  алып  жатқан  өзгерістер  мен  жетістіктерді  жаза  отырып,  тәуелсіздік  алғаннан  бастап  қазіргі  кезге  дейінгі  ғылыми-техникалық  база  мен  мекемелердің  санын,  ғылымға  байланысты  қабылданған  заңдардың  нәтижелеріне  қатысты  айтып  өткен [4].

«Қазақстан  ғылымы»  энцикопедиясында  Қазақстандағы  ғылымның  қалыптасуы,  дамуы  жөнінде  нақты  статистикалық  ақпараттар  берілген.  Энциклопедияда  ғылымға  үлес  қосқан  қайраткерлер,  ғылыми  мекемелер  және  олардың  тарихы  келтірілген [5.92]. 

Ғ.Мұтанов  «Инновации:  создание  и  развитие», «Образование. Наука. Инновации»  атты  монографияларында  ғылымдағы  соңғы  инновациялар  мен  оны  дамытудың  жолдары  туралы  жазған.  Білім  және  ғылымға  байлансыты  заңдар  және  олардың  орындалуы  жөнінде  нақты  ақпарат  беріп  өткен[6,7].

Смайлов  К.  «Қазақстан  ғылымы.  XXI  ғасыр»  атты  мақаласында  автор  стратегиялық  жоспарлар  негізінде  ғылым  дамуының  конструкциясын  жасайды[8.52].    Тангян  С.А.,  Хейнеман  С.П.  «Образование  на  пороге  XXI  века;  образование  в  странах  восточной  Европы  и  Средней  Азии»  атты  мақаласында  білім  берудің  ел  экономикасына  әсері  мен  маңызын  айтады.  Сонымен  қатар    білім  мен  ғылымды  жетілдірудің  жолдарын  атап  өтеді [9.106].  Сарбасова  Т.С.  «Білім  беру  модернизациясының  әлемдік  тәжірибесі  және  оқытудың  интерактивті  әдістері»  атты  монографиясында  білім  мен  ғылым  мәселесіне  қатысты  соңғы  жетістіктер  мен  өзгерістер  айтылған [10.52].  Сондай  ақ  Жумадилова  А.С.  «Международное  сотрудничество  Республики  Казахстан  в  сфере  образования»  атты  кандидаттық  диссертациясының  қазіргі  Қазақстанның  ғылым саласына  арналған  тараулары  бар [11.44]. 

Диплом  жұмысының  деректік  негіздері  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің  қабылдаған  заңдары  мен  заңнамалары,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ұзақ  және  қысқа  мерзімді  стратегиялық  жолдаулары [3,5],  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы [13],  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты [14],    Қазақстан  Республикасының  «Ғылым  туралы»  2011  жылғы  18  ақпандағы  заңы [15],  Қазақстан  Республикасының  «Ғылым  туралы»  1997  ж.  заңы [16],  Қазақстанның  статистикалық  анықтамалығы [17],  1997  жылы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасында  ғылымды  басқарудың  мемлекеттік  жүйесін  жетілдіру  шаралары  туралы»  Жарлығы,  ҚР  Президентінің  1996  жылғы  23-мамырдағы    №2996  Жарлығы [18,19],  Ғылымды  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында  ғылым  саласын  одан  әрі  жаңартудың  2007—2012  жылдарға  арналған  стратегиясы және т.б [19].

Диплом  жұмысының  хронологиялық  шеңбері  Қазақстанның  тәуелсіздік  алғаннан  бастап,  қазіргі  кезге  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Сонымен  қатар,  тәуелсіз  Қазақстан  ғылымындағы  ғылыми  мекемелердің  қалыптасу  тарихына  да  тоқталып  өттік.   

Диплом  жұмысының  құрылымы:  Диплом  жұмысы  кіріспеден,  3    тараудан,  қорытындыдан  және  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен  қосымша  материалдардан  тұрады.

 

 

 

 

 

 

І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы

    1. Ғылыми мекемелер саны мен орналасуы

 

Қоғамның дамуын білімсіз, ғылымсыз елестетудің өзі  мүмкін емес. Сондықтан болар, алысты болжаған мемлекет басшысы Н.Назарбаев  білім мен ғылымға ерекше көңіл  бөліп отыр[3.52].

1991 жыл елiмiздiң  ұлттық жетiстiгi есебiндегi отандық  ғылым дамуының жаңа кезеңi  басталғандығымен ерекшелендi. Қазақстанның  құқықтық меншiгiне 100-ден астам  жалпы одақтық мемлекет ғылылми-техникалық мекемелер өткендiктен ғылымды мемлекет қолдаудың маңыздылығы күрт өстi. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзiм iшiнде мемлекеттік ғылылми-техникалық саясатты айқындау қажеттiлiгi туындады, елдiң ғылылми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрi дамыту үшiн ғылылми-техникалық саланы мемлекет басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру мәселесi туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесiнiң 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентiнiң “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекет басқару органдарының iс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетiлдiру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі құрылды. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктелiндi: республиканың ғылылми-техникалық саласының дамуы жолында мемлекет саясат жүргiзу; ғылылми және ғылылми-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестiру; ғылылми-технологиялық салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру[8.44].

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау