Түркістан қаласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 17:58, творческая работа

Описание

Түркiстан – Шығыстыңкөне қалаларының бiрi. Қала оныншы ғасырларда-ақ "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болған. Ол кейiннен "Түркiстан" деп аталыпты. "Түрiк" сөзiнің мағынасы-"батылдық", "ержүректi", ал "стан"- ел, халық мағынасын беретін парсы тiлiнен келген қосымша. Тарихи деректерде сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар

Работа состоит из  1 файл

Түркістан қаласы.ppt

— 726.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 

Түркістан қаласы

 
 
 
 
  • ТҮРКІСТАН  – ҚАЗАҚСТАННЫҢ   ТАРИХИ ҚАЛАСЫ
 
  • Түркiстан –  Шығыстыңкөне қалаларының бiрi. Қала  оныншы ғасырларда-ақ "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болған. Ол кейiннен "Түркiстан" деп  аталыпты. "Түрiк" сөзiнің мағынасы-"батылдық", "ержүректi", ал "стан"- ел, халық  мағынасын беретін парсы тiлiнен  келген қосымша. Тарихи деректерде  сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және  Батыс Қағанатының, одан Түргеш  Қағанатының құрамына енген Шауғар  немесе Иасы жаугершiлiк заманда  бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде  орталығы (астанасы) болып келген. Есiм  хан (1598-1628жж) Түркiстан қаласын Қазақ  хандығының астанасы етiп бекiтiп, өз билiгiнiң тәуелсiз екендiгiн  көрсету үшiн ақша соқтырған. Мiне, сол уақыттан ХIХ ғасырға дейiн  Түркiстан Қазақ хандығының экономикалық  орталықтарының бiрi және ресми  әкiмшiлiк орыны ретiнде қызмет  еттi.
 
 
 
 
  • "Түркiстан"  десе елең етпейтiн мұсылман  қауымы жоқ. Түркiстан қаласы  Қожа Ахмет Ясауидiң есiмiн тығыз  байланысты. Қожа Ахмет Яссауи  мавзолейі. 1390 жылы салынған. 
  • Өлшемі: 46,5 – 65, 6 м., қабырғасының қалыңдығы – 2 м., биіктігі – 37,5 м., диаметрі – 18,2 м.
  • 1103 жылы дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи Түркiстанға тоқтап, сопылық идеяларын уағыздаған ислам дiнiнiң көрнекті өкiлi. Бүкiл Шығысқа әмiрiн жүргiзген қолбасшы Ақсақ Темiрдiң, ақынның қайтыс болғанына 200 жыл өткенде, қирап бiтуге таянған кiшкене ғана мазар орнына зәулiм ескерткiш орнатқан.
 
 
 
 

Қожа  Ахмет Иасауи 

Қожа Ахмет  Иасауи – түркістандық ғұлама. “Диуани  Хикмет”, “Ақыл кітабы”-  Қожа Ахмет Иасауидің  дидактикалық  мазмұндағы ақыл кітабы, “Диуани  Хикметтің”  тұпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта  кезінде араб әрпімен  көшірілген. “Диуани  Хикмет” – әрбір  адамды  имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке  бағыттайтын ,  тәрбиелік мәні  аса  зор еңбек.

 
 
 
 

             Диуани хикмет

 
 
 
 
  • "Диуани Хикметте"  негізінен төрт нәрсеге аса  көңіл бөлінеді. Олар: шариғат,  тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат"  ислам дінінің заңдары мен  әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат"  сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне  жеткізген жол, "хақихат"  құдаймен бірігу оған жақындау,  "мағрифат"— дін жолын танып,  оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше  "Шариғатсыз", "Тарихатсыз"  "Мағрифатсыз" "хақиқат"  болуы мүмкін емес. Ақын мүны  өз өлеңінде былай деп өрнектейді:
  • ... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
  • Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
  • Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
  • Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар
  • ... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
  • Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
  • Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
  • Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...
 
 
 
 
  • Қожа Ахмет  Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы  мәдениетінің тарихында айрықша  орыны бар ұлы ақын. Өз аты  Ахмет, есімінің алдындағы «қожа»  мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық  қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның  қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы  қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын  туыстарының қолына келіп, бала  кезнен өскен жері. Ақынның туған  жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан  облысының Сайрам ауданы. Әкесі  Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті  адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
 
 
 
 
  • Ахмет Бұхара  қаласында Юсуф Хамаданидан діни  білім алғаннан кейін, Түркістанға  келіп, сол кезде Орталық Азияда  кең тараған софылық, діни-тақуалық  идеялардың ірі насихатшысына  айналады.
  • Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
 
 
 
 
  • Алла тағала  адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына  шықты. Олардың ішінде ерекше  талантымен көзге түскендер хорезмдік  Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен  Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы  да басқа көптеген сопылық  өкілдер болды. Бұлардың арасында  асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті  өміріне арқау етіп, бүкіл түркі  жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа  Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи  еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел  арасында көптеген аңыз әңгімелер  тараған. Егерде,  тарихи деректерге  жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта  (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген  диханның әулетінде дүниеге келген.
 
 
 
 
  • Ахмет Ясауидің  ержете келе Түркістанға келуі  дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға  келгені жайында былайша баяңдайды:
  • ... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
  • Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
  • Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
  • Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
 
  •     Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие,  білім, бата  алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
 
 
 
 
  • Ахмет Ясауи  өмірінің ақырғы он жылын жер  астында жасалған мінәжатханада  өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп  өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте  тіршілік еткен ақын өмірдегі  жиған-терген, естіген, көрген, оқыған  білгендерін сарапқа салып, қияли  күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті  жаратылыстан тыс адам ретінде  көрсетіп, оны құдай қатарына  қосты және ол Мұхаммед заманына  оралуды уағыздады.
  • Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғүмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді. Оны растайтын "Хикметте" жазылғаню
 
 
 
 
  • Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
  • Ақиқатты таза сүйе біл.    
  • Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен      
  • Халық қана дүниеге ие 6ұл, —
  • -деп, Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
  • Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

Информация о работе Түркістан қаласы